UF

Саудалық операциялар есебі

1. Тауарларды кірістеу. Жеткізушіге ТМЗ қайтару.

2. Тауарларды сату. Сатып алушыдан ТМЗ қайтару.

3. Басқа ұйымдардың қызметі. Қызметті сату.

1. Қоймалық есеп. Қоймалар арасындағы ТМЗ орын ауыстыруы.

2. Қоймадағы ТМЗ түгендеу. ТМЗ комплектациялау.

3. Сауда қызметіндегі типтік жағдайлар.

4. Шот бойынша алдын ала төлеу арқылы материалдық құндылықтарды сатып алу.

5. Алдын ала төлеу арқылы сату. Нақты ақшаға сату.

 

Тауар түсімі

Тауарлық-материалдық қорлар мен қызметтердің жеткізушілерден және құрылымдық бөліктерден «1С:бухгалтерияға» түсуі «ТМҚ және қызметкер түсімі» (мәзір «Сатып алу»-«ТМҚ және қызметтер түсімі») әралуан операция түрлері бар құжаттармен бейнеленеді. Операциялардың мұндай түрлері құжатта 4 түрде пайдаланылады: «Сатып алу», «Қайта өңдеуге», «Импорт», «құрылымдық бөліктерден түсім».

ТМҚ және қызметтердің түсуін рәсімдеу үшін «сатып алу» операциясының түрін таңдау қажет. «Қайта өңдеуге» операциясының түрі кәсіпорын контрагенттен ары қарайғы қайта өңдеу үшін ТМҚ қабылдаған жағдайларда анықталады. Операцияның бұл түрімен барынша егжей-тегжейлі жұмыс «Давальдық шикізатты қайта өңдеу» бөлімінде ары қарай құрастырылатын болады. Шет елдерден ТМҚ түсуі құжаттармен жүзеге асырылады, бұл құжаттарда «импорт» операциясының түрі анықталады. Ұрылымдық бөліктерден ТМҚ түсуі болған жағдайда операция түрі «Құрылымдық бөліктерден түсу» ретінде анықталады.

«ТМҚ және қызметтер түсуі» құжаты әмбебап құжат болып табылады, өйткені оның көмегімен ТМҚ, қызметтер мен негізгі қаржылардың түсуі рәсімделеді. Осы мақсатта құжат бірнеше кестелік бөліктерден тұрады.

«ТМҚ» жапсырмасында  игерілген ТМҚ көрсетіледі, «негізгі қаржылар» жапсырмасында негізгі қаржылар, «қызметтер» жапсырмасында тікелей кәсіпорын шығындарына кеткен қызметтер ғана көрсетіледі. Мәселен кеңсені жалға алу бойынша қызметтерді осыған жатқызуға болады.

Бұл құжатта кіріс жапсырмасынан, жеткізіп берушіден алынған мәліметтер енгізіледі. «ТМҚ» құжат жапсырмасында түскен тауарларды – «Номенклатура» анықтамалығын элементтерін көрсетуі қажет.

Ескерту. Тауарлар жөніндегі мәліметтерді сақтау үшін «номенклатура» анықтамалығында жеке топты, мәселен «Тауарларды», немесе бірнеше топтарды пайдаланған дұрыс.

«ТМҚ және қызметтер түсуі»

Құжаты формасынан ТМҚ ары қарай орналастырылуы мен басқа да байланысты оқиғаларды сипаттайтын басқа да құжаттарды қалыптастыруға болады: «Шығыс төлемдік тапсырма», «Талап жапсырма», «ТМҚ орналастырылуы», «ТМҚ-ны жеткізіп берушіге қайтару», «Номенклатура бағасын орнату», «Импорт бойынша ГТД» және т.б. («Іс-әрекет» құжаттың командалық панеліндегі тетігі-«Негіздеме» пункті-құжат түрінің атауы).

Құжат формасынан НДС дұрыс есептеу үшін қажетті «Алынған шот-фактура» құжатын тіркеуге болады. Сәйкес қағаз құжатты екі нұсқасында басып шығаруға болады (кіріс жапсырмасы, ТМҚ жиынтық формасы-3(кіріс ордері)).

Ескерту. «Қосымша» жапсырмасында жауапты тұлға мен негіздемелік құжат көрсетіледі, ол «Пайдаланушылар» анықтамалығынан және «Сенімхат» журналынан сәйкесінше таңдалып алынады.

Жеткізіп беруші көрсеткен жеткізіп беру бойынша қызметтер мен басқа да шығындарды түскен тауарлар құнына енгізу қажет, олар «қосымша шығындардың түсуі» құжатымен жеке рәсімделеді (мәзір-«Сатып алу»-«қосымша шығындардың түсуі»). «Қосымша шығындардың түсуі» құжаты тауардың өзіндік құнына ықпал көрсететін бөгде ұйымдардың қызметтерін есепке алу үшін арналған.

Бұл құжаттың кестелік бөлігінде «ТМҚ» жапсырмасында тауарлық материалдық құндылықтар көрсетіледі, оларға қосымша шығындарды, сондай-ақ олардың мөлшері мен құнын жатқызу қажет («ТМҚ жиынтығы» бағанасы). «Шығындар жиынтығы» аумағында «Әрбір ТМҚ бойынша қосымша шығындар (жиынтығы)» бағанасындағы көрсетілген тауарлық-материалдық құндылықтарға бөлістірілетін қосымша шығындардың жалпы жиынтығы көрсетіледі.

«Қосымша шығындардың түсуі» құжатын «ТМҚ және қызметтер түсуі» құжаты негізінде енгізген қолайлы («іс-әрекет тетігі»-«Негіздемесінде»-«қосымша шығындардың түсуі»).

Тауарлар импорты.

Шет елдік жеткізіп берушілерден тауарлар түсуі де «ТМҚ және қызметтер түсуі» құжатымен рәсімделеді. Бұл құжатқа қосымша ретінде кедендік жүк декларациясында белгіленген алымдар мен кеден салықтары жөніндегі ақпаратты бейнелеу үшін «Импорт бойынша ГТД» құжаты рәсімделеді (мәзір «Сатып алу» импорт бойынша ГТД).

«Импорт  бойынша ГТД құжаты», «ТМҚ және қызметтер түсуі» құжаты негізінде құрастырылуы мүмкін.

«Контрагент» аумағында «Контрагенттер» анықтамалығының сәйкес элементі – кеден төлемдері, алымдары мен салықтары төленуі тиіс мемлекеттік ұйым атауы көрсетіледі, әрине бұл сәйкес салық комитеті. «Өзара есептесу келісімшарты» аумағында көрсетілген кедені бар есептерді аналитикалық ескеру нысаны жөніндегі ақпарат – «Контрагенттермен келісімшарт» анықтамалығының элементтері көрсетіледі, ол бойынша валюталық және теңгелік кеден төлемдері бойынша сәйкесінше есептер жүргізіледі.

«Импорт бойынша ГТД» құжаты кез-келген валютада рәсімделуі мүмкн. Құжат валютасы «бағалар мен валюта» тетігін басу кезінде өзгереді.

«Негізгі» жапсырмасында жүк кеден дикларациясының номері мен кеден салықтарының жиынтығын көрсетеді.

«ЖКД бөлімдері» жапсырмасында тауарлар тізімі мен түскен құжаттар мен  кедендік төлемдерді есепке алу жөніндегі мәліметтер көрсетіледі. Жүк кеден дикларациясы бірнеше бөлімдерден тұрады, оларда кеден төлемдерін есептеудің бірдей тәртібіндегі тауарлар топтастырылатындықтан «ЖКД бөлімдері» жапсырмасына қосымша кестелік бөліктерді үстемелеуге болады (кестелік бөлік үстінен «ЖКД бөлімдері тетігінің көмегімен»). Әрбір ЖКД бөлімі бойынша кедендік алымдардың және НДС өзіндік жиынтығын енгізуге болады.

Құжатты жүргізу кезінде есептелген кеден алымдарының құны алдын-ала «ТМҚ және қызметтер түсуі құжатымен тіркелген түскен тауарлар құнына үстемеленеді». 14-20 «Үстемеленген құнға салық» есебінде есептелген НДС жиынтығы көрсетіледі.

 

Жеке тұлғаларда архивтер мен қызметтерді иелену.

Жеке тұлғалардан активтер мен қызметтерді иелену «Активтер мен қызметтердің түсуі кезінде салықты есептеу» құжатымен рәсімделеді (мәзір «сатып алу»- «активтер мен қызметтердің түсуі кезінде салықты есептеу»). Бұл құжат жеке тұлғалардан активтер мен қызметтерді иелену кезінде пайдаланылады және ол төмендегілер үшін арналған:

  • Жеке кіріс салығының жиынтығын есептеу және тіркеу;
  • Әлеуметтік салық жиынтығын есептеу және тіркеу.

Құжат келесі құжаттар негізінде толтырылуы мүмкін: «ТМҚ және қызметтер түсуі», «НМА түсуі» және «Қосымша шығындар түсуі».

Салықтарды дұрыс есептеу үшін мәліметтерді құжаттың кестелік бөлігі жапсырмасына енгізуге болады.

 

ТМҚ жеткізіп берушіге қайтару

Бұрын түскен тауарларды жеткізіп берушіге «1С: бухгалтерияда» қайтару «ТМҚ жеткізіп берушіге қайтару» құжатында бейнеленеді (мәзір «сатып алу»-«ТМҚ-ны жеткізіп берушіге қайтару»), онда «сатып алу» және «қайта өңдеуден» операция түрлері бар.

Тауарларды қайтару жеткізіп беруші үшін рәсімделуі мүмкін. Жүргізілген операция түрі- сатып алынған тауарды немесе қайта өңдеуге қабылданған тауарды қайтару, «сатып алу» және «қайта өңдеуден» құжатында көрсетілген операция түрімен анықталады. Егер де «сатып алу» операциясы таңдалған болса, онда тауарды жеткізіп берушіге қайтару опреациясы рәсімделеді.Егер де «қайта өңдеуден» операциясы таңдалып алынған болса, онда тауарды тапсырыс берушіге қайтару рәсімделеді.

Тауарды жеткізіп берушіге қайтаруды нақты түсу құжаты бойынша рәсімдеуге болады. Түсу құжаты негізінде «ТМҚ-ны жеткізіп берушіге қайтару» құжатын енгізу кезінде құжаттың құрамы мөлшері көшірмеленеді, қоймада қалғандарына және құжат- негіз қатарында көрсетілгендерінен тауардың минимальды мәнімен толтырылады.

Құжаттың кестелік бөлігін автоматты түрде толтыруды құжаттағы «толтыру» құжатын басу кезінде жүргізуге болады.

Егер де құжаттан «сатып алу» операциясы таңдалып алынған болса, «қызметтер» жапсырмасында қайтарылатын қызметтер тізімін көрсетуге болады.

«Есептерді ескеру шоты» жапсырмасында «қайтаруды есепке алу есебін» көрсетпеуге де болады, бұл жағдайда құжатты қайтаруды есепке алу есебі ретінде көрсетілген аралық есепті пайдаланусыз-ақ қалыптастыруға болады. (мәселен 12-81 «ТМҚ-ны жеткізіп берушілерге қайтару бойынша қарыздар» есебі). Тауарларды жеткізіп берушіге қайтару кезінде көп жағдайда кестелік бөліктегі тауарлардың өзіндік құны ұйымның есептік мәліметтері бойынша осы тауардың өзіндік құны мен сәйкес келмейтін жағдайлар туындайды. Бұл жағдайда мұндай айырмашылықтардан кіріс немесе шығын өзіндік құнды шығарып тастау есебіне жатқызылады.

«Қосымша» жапсырмасында жүкті алушы көрсетіледі, ол жөніндегі ақпарат баспалық формада шығарылады.

Тауарды қайтаруға шот фактура жазылуы мүмкін, ол жеткізіп берушіге беріледі. «ТМҚ-ны жеткізіп берушіге қайтару» құжаты формасынан «Берілген шот-фактура» құжатын «Шот-фактура» гиперсілтемесін екі рет басу арқылы тіркеуге болады.

 

Тауарларды сату

Тауарлар мен даяр өнімдерді сату кәсіпорында «Сату» және «Құрылымдық бөліктерге беру» сияты операция түрлерімен бірге «ТМҚ және қызметтерді сату» құжатымен рәсімделеді (мәзір «Сату»-«ТМҚ мен қызметтерді сату»).

Тауарларды тіркеу мәліметтері бойынша түсіру үшін жеткіліксіз болса, онда «1С: бухгалтерия» бұл құжатты өткізбейді және пайдаланушыға бұл жөнінде хабарлайды.

«ТМҚ және қызметтерді сату» құжаты негізінде байланысты шаруашылық операцияларын сипаттайтын құжаттарды қалыптастыруға болады: «Кірісті төлемдік тапсырма». «Кіріс кассалық ордері», «ТМҚ-ны сатып алушыдан қайтару» (құжаттың командалық панелінен «іс-әрекет» тетігі-«Негіздемесінде» - құжат түрінің атауы).

Құжаттың ашық формасынан НДС дұрыс есептеу үшін қажетті «берілген шот-фактура» құжатын тіркеуге болады.

«Баспа» тетігінің көмегімен сәйкес қағаз құжатты бірнеше нұсқасында басып шығаруға болады.

 

ТМҚ-ны сатып алушыдан қайтару

Бұрын сатып алушыға тиелген тауарларды қайтару «1С: бухгалтерияда» «ТМҚ-ны сатып алушыдан қайтару» құжатымен бейнеленеді (мәзір «сату»-«ТМҚ-ны сатып алушыдан қайтару»).

Тауарларды қайтару сатып алушы үшін рәсімделуі мүмкін.

Сатып алушыдан қайтаруды тауар сатып алушыға тиелген құжат негізінде рәсімдеуге болады. Толтыру кезінде құжат құрамы көшірмеленеді. Сатып алушыдан қайтаруды негіздемелік құжатсыз рәсімдеуге болады. Онда «толтыру» тетігі бойынша құжаттың кестелік бөлігін жүкті түсіру құжаты бойынша сатылған тауарлармен толтыруды жүргізуге болады.

Егер де құжаттан «Сатып алу» операциясы таңдалған болса, «Қызметтер» жапсырмасында қайтарылатын қызметтер тізімін көрсетуге болады.

«Есептерді ескеру шоты» жапсырмасында «қайтаруды есепке алу есебін» көрсетпеуге де болады, бұл жағдайда құжатты қайтаруды есепке алу есебі ретінде көрсетілген аралық есепті пайдаланусыз-ақ қалыптастыруға болады. (мәселен 33-91 «Сатылған даяр өнімді, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді қайтару бойынша қарыз» есебі). Тауарларды жеткізіп берушіге қайтару кезінде көп жағдайда кестелік бөліктегі тауарлардың өзіндік құны ұйымның есептік мәліметтері бойынша осы тауардың өзіндік құны мен сәйкес келмейтін жағдайлар туындайды. Бұл жағдайда мұндай айырмашылықтардан кіріс немесе шығын өзіндік құнды шығарып тастау есебіне жатқызылады.

Құжат формасынан тауарды қайтаруға шот фактура жазылуы мүмкін, ол жеткізіп берушіге беріледі. «ТМҚ-ны жеткізіп берушіге қайтару» құжаты формасынан «Берілген шот-фактура» құжатын «Шот-фактура» гиперсілтемесін екі рет басу арқылы тіркеуге болады.

 

Бөгде ұйым қызметтері

Кәсіпорынға көрсетілген қызметтерді тіркеу үшін бірнеше құжат арналған:

  • «Сатып алу» операциясы бар «ТМҚ және қызметтер түсуі» құжаты. Бұл кезде құжатта «қызметтер» жапсырмасы толтырылады. Құжатты жүргізу кезінде бухгалтерлік есеп қалыптастырылады, дебетте «қызметтер» жапсырмасында көрсетілген шығын есебі, ал кредитте жеткізіп берушімен есептесу есебі қойылатын болады.
  • «Қосымша шығындар түсуі» құжаты. Бұл құжатпен. Құны алдын-ала түскен ТМҚ құнына қосылуы тиіс қызметтердің түсуі рәсімделеді. Құжатты жүргізу кезінде бухгалтерлік есеп қалыптастырылады, онда дебет бойынша түскен ТМҚ есепке алу есебі көрсетіледі, ал кредит бойынша жеткізіп берушілермен өзара есептесу есебі көрсетілетін болады.
  • «Аванстық есеп» құжаты. Бұл құжатта «Басқалары» жапсырмасын толтыру қажет болады. Бухгалтерлік есепте есеп қалыптастырылады, онда кредит бойынша есеп беруші тұлғалармен есептесу есебі болады, ал дебет бойынша – пайдаланушы осы жапсырмада есепті көрсетеді. Онда шығындарды қабылдау мен шығындарды ТМҚ құнына енгізу көрінуі де мүмкін.

«ТМҚ және қызметтер түсуі» және «Қосымша шығындар түсуі» құжаттарымен қызметтерді тіркеу кезінде қызметтерге төлем жасау төлемдік құжаттармен рәсімделеді. Сәйкес төлемдік құжат қызметтерді тіркеудің көрсетілген құжаттары негізінде жазылуы мүмкін.

«Аванстық есеп» құжаты алынған қызмет үшін есеп беруші тұлғаның төлемін тіркейді, әрі құжатта «төлем» жапсырмасы толтырылуы тиіс.

 

Қызметтерді сату

81-10 «Негізгі өндіріс» немесе 83-10 «қосалқы өндіріс» есептерінде бейнеленетін шығындар, өндірістік сипаттағы қызметтерді көрсету дәйегін тіркеу үшін «Өндірістік қызметтерді көрсету жөніндегі акт» құжаты пайдаланылады. (мәзір «Сату»-«Өндірістік қызметтерді көрсету бойынша акт»).

Басқа да қызметтерді, мәселен сауда ұйымдары қызметтерін сату «ТМҚ және қызметтерді сату» құжатымен рәсімделеді (мәзір «сату», «ТМҚ және қызметтерді сату»). Мұнда құжатқа «Қызметтер» жапсырмасының кестелік бөлігі толтырылады.

 

Қоймалық есеп

Қоймалық қорды басқару қойманың орналасуы және оның номенклатуралық толтырылуы тұрғысынан кәсіпорын құрамына енетін белгілі бір ұйымның тауарларының формальды меншіктілігін ескерусіз-ақ жүргізіледі. Яғни қоймалар барлық сауда кәсіпорындары үшін ортақ блдып табылады.

Сақтау орындары тізімін сақтау үшін «Қоймалар (сақтау орындары)» анықтамалығы арналған.

Әрбір қойма үшін префиксті көрсету мүмкіндігі бар. Егер де қойма үшін префикс толтырылған болса, онда қойма көрсетілген құжатты рәсімдеу кезінде номер қойманың берілген префиксін ескере отырып берілетін болады. Мәселен, «АА» ұйымының префиксі, «ЦС» қоймасының префиксі, онда құжатты рәсімдеу кезінде қойма бойынша номер «ААЦС» ------- (реттік номер, осы префикс шегінде «ААЦС»).

Сондай-ақ әрбір қойма үшін осы қойманың яғни сақталу орнының жұмысы үшін жауап беретін бірнеше материалдық-жауаптық тұлға берілуі мүмкін.

Матери алдық жауапты тұлғалар жөніндегі (қоймашы, секция меңгерушісі) ақпарат мәліметтер регистрінде сақталады. Қойма жөніндегі ақпаратты енгізу кезінде онда ағымдағы жауапты тұлға жөніндегі ақпарат  толтырылады. Материалдық жауапты тұлға жөніндегі ақпарат  «жеке тұлғалар» анықтамалығынан толтырылады.

«Тарих» тетігінің көмегімен қойма жұмысы үшін барлық материалдық жауапты тұлғалардың тізімін қарастыруға болады.

«Қоймалар (сақтау орындары)» анықтамалығы элементтері тауар қозғалысын тіркейтін барлық құжаттарда іс жүзінде пайдаланылады және белгілі бір қозғалыс дәйекті жүзеге асырылатын сақтау орындарын анықтайды.

 

Қоймалар арасында ТМҚ тасымалдануы

Әралуан қоймалар арасында ТМҚ және басқа да номенклатуралық бағыттарды тасымалдау «1С: бухгалтерияда» «ТМҚ-ны тасымалдау құжатымен рәсімделеді (мәзір «Қойма»-«ТМҚ тасымалдау»).

«Жіберуші» қоймасы ретінде тауарды тиеу жүргізілетін қойма, ал «алушы» қоймасы ретінде тауар түсетін қойма көрсетіледі.

Құжаттың кестелік бөлігі бір қоймадан екіншісіне жүктемеленетін тауар санымен және атауларымен толтырылады.

Кестелік бөлікті жылдам толтыру үшін «Номенклатура» анықтамалығынан таңдай отырып пайдалануға болады («Таңдап алу» тетігі).

Анықтамалықтан таңдап алу кезінде таңдап алу нұсқасын көрсетуге болады, мұнда «Жіберуші» қоймасында бар болған тауарларды ғана көрсетуге болады («Номенклатура қалдықтары бойынша»).

«ТМҚ тасымалдау» құжаты «ТМҚ және қызметтер түсуі» құжаты негізінде енгізілетін болады.

 

Қоймадағы ТМҚ инвентаризациялау

Қоймалардағы инвентаризациялау егер де қойма бөлігіндегі, тұтастай кәсіпорын бойынша ТМҚ-ны есепке алу жүргізілмеген жағдайда жасалады, ол «қоймадағы ТМҚ инвентаризациялануы» құжатының көмегімен рәсімделеді (мәзір «Қойма»-«Қоймадағы ТМҚ-ны инвентаризациялау»), онда операцияның 2 түрі бар: «қойма», «ұйым».

Құжат көмегімен тек қойма бойынша ғана емес сонымен қатар ұйым бойынша тұтастай инвентаризациялауды жүргізуге болады. Бұл кезеңде қойма көрсетілмесе құжаттың кестелік бөлігі осы ұйым иелігіндегі барлық тауарларды ескере отырып толтырылатын болады.

«Қоймадағы ТМҚ инвентаризациялануы» құжаты негізінде есептен шығару акті жасалуы мүмкін («ТМҚ есептен шығару» құжаты) және дәйекті және құжаттамалық бекітілген номенклатуралық бағыт қалыптары арасында айырмашылықтар болған жағдайда артық тауарлардың кірістірілуі жүргізіледі («ТМҚ кірістірілуі» құжаты).

Инвентаризациялық тізімдегі мәліметтерді «Толтыру» тетігінің көмегімен көрсетілген құжаттағы қоймадағы тауар қалдықтары жөніндегі аппараттармен автоматты түрде толтыруға болады. Сондай-ақ кестелік бөлікті жылдам түрде толтыру үшін «Номенклатура» анықтамалығынан таңдауды пайдалануға болады («Таңдау» тетігі).

«Есепке алу шоты» бағанасында номенклатура қалдықтарын есепке алу шоты толтырылады. Тауар қалдықтары жөніндегі немесе басқа да номенклатуралық бағыт қалдықтары жөніндегі мәліметтер «есептік мөлшер» бағанасында бейнеленеді және редакцияланбайды. «Мөлшер бағанасына» жүргізілген инвентаризация нәтижесінде алынған қоймадағы шынайы қалдықтар енгізіледі. «Ауытқу» бағанасында инвентаризацияны жүргізу нәтижесінде белгіленген шынайы қалдықтар мен есепке алу мәліметтері бойынша қалдықтар арасындағы ауытқу белгіленеді.

«Жиынтық» бағанасына қоймадағы номенклатуралық бағыт есепке алынатын шынайы жиынтық өзіндік құн енгізіледі. Осы параметр және дәйекті мөлшер негізінде «баға» қатары есептеледі. Дәйекті баға енгізілетін және оның негізінде, сондай-ақ енгізілген дәйекті мөлшер негізінде жиынтық дәйекті өзіндік құн есептелетін толдтыру тәсілі де бар. Жиынтық дәйекті өзіндік құн жөніндегі мәліметтер «Іс жүзіндегі дәйекті бар болу» бағанасындағы инвентаризациялық тізімнің баспалық түрінде бейнеленеді.

«Қоймадағы ТМҚ-ны инвентаризациялау» құжаты бухгалтерлік және салықтық есепке алу жұмыстарын қалыптастырмайды және регистр бойынша қозғалыстар жасамайды.

Құжат «ИНВ-12» айырмалаушы тізімін және ұйым қоймаларындағы инвентаризациялауды жүргізу кезінде «ИНВ-3» тауарлардың инвентаризациялық тізбелерін жасап, басып шығаруға мүмкіндік береді («Баспа» тетігі).

 

ТМҚ-ны жинақтау.

Қоймаға жекелеген жинақтардан тұратын тауарлық-материалдық құндылықтарды кірістіру немесе шығарып тастау үшін «1С: бухгалтерияда «ТМҚ-ны жинатау құжаты арналған» (мәзір «Қойма»-«ТМҚ-ны жинақтау»).

«ТМҚ-ны жинақтау» құжатының көмегімен тауарлық-материалдық құндылықтарды жинақтауды немесе бөлшектеуді жүргізуге болады.

 

Анықтама.  Жинақтау операциясы дегенде «1С:бухгалтерияда» жиынтық бағаны сақтау жағдайында, яғни жинақ құны оның құрамдас бөліктерінің құнына тең болған кездегі ТМҚ-ның өлшемдік номенклатуралық құрамының өзгеруі ұғынылады. Қосымша шығындар, жинақты жинау бойынша қызметтер және басқалары жинақ құнына қосылмайды.

Жүргізілген операция құны (жинақтау немесе бөлшектеу) құжатта «операция» тетігінің көмегімен таңдалады.

«Номенклатура» аумағында номенклатура анықтамалығында жинақталуы немесе бөлшектендірілуі тиіс жинақ атауы таңдап алынады. Төменгі жағында жинақ көлемі және өлшем бірлігі көрсетіледі.

«Жинақтаушылар» жапсырмасында жинақтаушылар тізімі толтырылады.

Жинақтау операциясы екі кезеңнен тұрады, ол бір құжатта рәсімделеді, атап айтқанда жинақтаушыларды есептен шығару және даяр жинақтың қоймаға түсуі. Бұл кезеңде жинақтаушыларды есептен шығару олардың өзіндік құны бойынша жүргізіледі, ал жинақ барлық жинақтаушылардың жиынтық өзіндік құнына тең өзіндік құн бойынша қоймаға түседі.

Бөлшектеу операциясы да екі кезеңнен тұрады, атап айтқанда қоймадан жинақтауыларды есептен шығару және қоймаға жинақтаушылардың түсуі. Қоймаға түсуі бойынша жинақтаушылардың өзіндік құны жинақтың өзіндік құнымен сәйкестікте және жинақтаушы үшін көрсетілген үлес бойынша есептеледі.

Мысал.  Жинақтың өзіндік құны 1000 теңгеге тең. Жинақ үш детальдан тұрады. Бірінші деталь үшін «Үлес» бағанасында 1 көрсетілген, екінші үшін -5, ал үшінші үшін -4 көрсетілген. Онда алғашқы деталь қоймаға 100 теңге өзіндік құн бойынша, екіншісі-500 теңге өзіндік құн бойынша, үшіншісі -400 теңге өзіндік құн бойынша қоймаға түседі.

«ТМҚ-ны жинақтау» құжаты бухгалтерлік есеп бойынша жүргізілуі мүмкін.

«Жинақтаушылардың» кестелік бөлігінде автоматты түрде бухгалтерлік есеп шоты регистрде берілген «Номенклатура есебінің шоты» мәліметтерімен сәйкестікте толтырылады. Қажет болған жағдайда жинақ пен жинақтаушылар үшін  басқа да есепр шоттарын көрсете отырып шоттарды корреспонденциялауды өзгертуге болады.

Номенклатураны жинақтау кезінде «Жинақтаушылар» кестесінің әрбір қатары үшін жинақ есебі шотының дебеті мен жинақтаушылар есебі шотының кредиті бойынша жеке қатарлар қалыптастырылады.

Номенклатураны бөлшектеу кезінде  «Жинақтаушылар» кестесінің әрбір қатары үшін  жинақ есебі шотының дебеті мен жинақтаушылар есебі шотының кредиті бойынша жеке қатарлар қалыптастырылады.

 

Сауда әрекетіндегі жиынтық жағдайлар

Шот бойынша алдын-ала төлем жасау арқылы материалдық құндылықтарды иелену

Контрагент жөніндегі мәліметтерді енгізу.

Егер де жеткізіп беруші жаңа болатын болса, онда ол жөніндегі мәліметтерді «Контрагенттер» анықтамалығына енгізуден бастаған қолайлы.

«Контрагенттер» анықтамалығы тізімінің формасын ашамыз (мәзір «Сатып алу» немесе «Сату»-«Контрагенттер»).

Тізім формасынан «Жеткізіп берушілер» тобын ашамыз. Егер де мұндай топ «Контрагенттер» анықтамалығында жоқ болса онда мұндай кодты «Жаңа топты құру» тетігінің көмегімен тізім формасының командалық панельінен ашамыз.

«Контрагенттер» анықтамалығының жаңа элементін «Қосымшалау» тетігін басу арқылы құрамыз, нәтижесінде компьютер экранында «Контрагенттер» анықтамалығының элементінің бос формасы ашылады. Бұл форманы жаңа жеткізіп беруші жөніндегі мәліметтермен толтыру қажет болады.

Элемент формасының жоғарғы бөлігінде «Атаулары» аумағын толтырамыз-бұл жерге тынрақшасыз контрагенттің қысқаша атауын енгіземіз.

«Жалпы» жапсырмасында жеткізіп беруші жазған есептен мәліметтер аумағын толтырамыз: контрагенттің толық атауы (бұл түрде ол кейін біздің құжаттарымыздан көрініс табатын болады), СТН коды, Кбе, ОКПО бойынша код, НДС бойынша есепке алуды қою жөніндегі куәліктен алынған мәліметтер.

«Контакт» жапсырмасына өтеміз. Бұл жерде заңды мекен-жай және жеткізіп берушілердің қатысымдық тұлғалары жөніндегі мәліметтерді енгіземіз.

«Шоттар мен келісімшарттар» жапсырмасына өтеміз. Бұл жапсырма екі кестелік бөліктен тұрады: «Банктык шоттар» және «Контрагенттердің келісім шарттары».

«Банк шоттары» кестелік бөлігіне банк жөніндегі және жеткізіп беруші шотында көрсетілген есептік шот жөніндегі мәліметтерді енгіземіз.

«Контрагенттердің келісім шарттары» кестелік бөлігіне қажеттілігі бойынша контрагентпен негізгі келісімшарт жөніндегі жазба қойылатын болады- келісімшарт жөніндегі мәліметтер егер де контрагентпен шынайы түрдегі келісімшарт бекітілмесе де құжаттарды дұрыс толтыру және есептеу үшін жүйеде қажет болады. Келісімшарт жөніндегі жазбаны тышқанмен екі рет шерту арқылы контрагентпен келісімшарт формасын ашамыз. Бұл формада «Шот бойынша жеткізіп беру» үшін келісімшарт атауын өзгертеміз. «Сатып алу» бағасының типінің атауын көрсетеміз (бұл атауды алдын-ала «кәсіпорын»-«тауарлар (материалдар, өнімдер, қызметтер)»-«номенклатура бағаларының типтері» мәзіріне алдын-ала енгізу талап етілуі мүмкін). Келісімшарттың қалған реквизиттерін қажеттілігі бойынша анықталған күйінде қалдырамыз.

Енгізілген ақпаратты сақтай отырып барлық ашылған формаларды жабамыз. «Осындай тетік» бар формаларға «ОК» тетігін басамыз.

 

Төлемдік тапсырысты даярлау

  1. Шығыс төлемдік тапсырыстар журналын ашамыз) «Банк және касса» және «шығыс төлемдік тапсырыстар» мәзірі) және журналдың командалық панеліндегі «қосу» тетігін баса отырып жаңа құжат құрамыз.
  2. «Шығыс төлемдік тапсырыстар» құжатының ашылған формасында аумақ бөлігі қажеттілігі бойынша аппаратпен толтырылатын болады: біздің негізгі ұйым, ұйымның банктік шоты (негізгі ретінде орнатылған), құжаттың кезекті номерімен ағымдағы дата қойылатын болады. Қажеттілігі жағдайында бұл ақпаратты өзгертуге болады.
  3. Жеткізіп берушілер мен төлем жасау жағдайлары жөніндегі мәліметтерді енгіземіз: «алушы» аумағында жеткізіп берушіні көрсетеміз; «банк есебі» аумағында «алушы» аумағына қарама-қарсы жерде жеткізіп берушіні банктік шотын көрсетеміз. «Жиынтық» аумағына төлемнің жалпы жиынтығын енгіземіз, «келесімшарт» аумағында жеткізіп берушілермен келісімшарт жөніндегі мәліметтерді көрсетеміз, НДС құны аумағында НДС құнын таңдап аламыз.
  4. Егер де банк төлемдік тапсырыстарды қағаз түрінде қабылдайтын болса, онда көлемдік тапсырысты «төлемдік тапсырыс» немесе құжаттың формасының төменгі бөлігіндегі «басып шығару» тетігінің көмегімен  қажетті дана көлемінде басып шығарамыз. Егер де банк «Банк клиенті» типіндегі бағдарлама көмегімен электронды каналдар бойынша өзара әрекеттестікті реттестірген болса, онда төлемдік тапсырысты банкке элеткронды түрінде беруді ұйымдастырамыз («Банк және касса»- «1С: кәсіпорын-банк клиенті» мәзірі, одан кейін банк бағдарламасымен жұмыс істейміз).

Жеткізіп берушіге нақты емес төлемді тіркеу

Біздің ұйымға есептік шоттан ақша бөлінуін дәлелдейтін банк көшірмесін алғаннан кейін ақпараттық базада жетькізіп берушіге төлемді тіркеу қажет.

  1. «Банк көшірмесі» өңдеуін ашамыз («Банк және касса»-«Банк көшірмесі» мәзірі), ұйымның есептік шоты мен көшірме датасын көрсетеміз.
  2. Банк көшірмесінің кестелік бөлігін толтыру үшін  төленіп қойылған банктік құжаттармен көрсетілген датаға дейін және сәйкес таңдалған ұйым мен есептік шот бойынша «тек төленгендерін шығару» белгісін орнату және «толтыру» тетігін басу қажет. Егер де бұл белгі орнатылмаған болса онда «толтыру» тетігін басу кезінде көшірменің кестелік бөлігі таңдалған ұйым мен есептік шотқа сәйкес келетін құжаттармен  толтырылатын болады және өңдеу құрылымында көрсетілген датаға дейін төленбейді.

 

Материалдық құндылықтардың түсуін тіркеу

ТМҚ түсуін дұрыс тіркеу үшін жеткізіп берушіден дәлелдеуші құжатты әдетте жапсырманы алу талап етіледі. Түскен ТМҚ бойынша НДС есептен шығаруға қабылдауға болатындай болуы үшін жеткізіп берушіден шот фактураны алу қажет.

  1. «ТМҚ және қызметтер түсуі» құжатының журналын ашамыз («Сатып алу»-«ТМҚ және қызметтер түсуі» мәзірі) және журналдың командалық панелінде «Қосу» тетігін басу арқылы жаңа құжат құрамыз.
  2. ҚҰжат операциясының түрін анықтаймыз (құжаттың формасының командалық панелінен «Операция тетігі»). Егер де тауарлар немесе материалдар негізгі іс-әрекетті қамтамасыз ету үшін тсетін болса, онда «Сатып алу» операциясының түрін көрсетеміз. Егер де түскен құндылықтарды ары қарай негізгі қаржылар нысандары ретінде есепке алу жорамалданса, онда «негізгі қаржылар жапсырмасы толтырылады».
  3. Құжат формасының бас жағында түсу датасын, біздің ұйымды, қойманы, контрагент пен онымен келісімшартты көрсетеміз. Форманың төменгі жағындағы «түсініктеме» аумағына «түсім...№.... жеткізіп беруші құжаты бойынша...» мәтінін енгіземіз.
  4. «ТМҚ» жапсырмасы бойынша «номенклатура» анықтамалығынан түскен ТМҚ тізімін енгіземіз- мұнда анықтамалық тізімінің формасы қосымша түрде ашылатын болады. Жаңа элементтерді енгізу кезінде оларды бірден-ақ ТМҚ-ны болжанған пайдалануға сәйкес келетін анықтамалық топтарына енгізу қажет, сонымен сатуға арналған тауарлар «тауарлар» тобына жазылады, ал негізгі іс-әрекеттер пайдалануға арналған материалдар «материалдар» тобына жазылады. Әрбір бағыт үшін номенклатурада НДС мөлшерін, бағасы мен құнын көрсетеміз. ТМҚ есебі шотын қажеттілігі бойынша қойылған түрде қалдырамыз.
  5. «ТМҚ және қызметтер түсуі» құжатын құжаттың формасын командалық панелінде «Келтіру» тетігін баса отырып жүргіземіз.
  6. Жеткізіп берушіден алған шот –фактураны тіркеу үшін «ТМҚ және қызметтер түсуі» құжатының формасында «Шот –фактураны енгізу » гиперсілтемесін басамыз. Ашылған жаңа формаға шот –фактура номерін және датаны енгіземіз (қалған қажетті ақпарат автоматты түрде енгізілетін болады), бұл үшін «ОК» тетігін басамыз.

 

Алдын –ала төлем жасау бойынша сату. Сатып алушы шотын рәсімдеу.

  1. Егер де сатып алушы жаңа болатын болса, онда шотты рәсімдеуге дейін ол жөніндегі мәліметті енгізу қажет. «Контрагенттер» анықтамалығында сатып алушы жөніндегі мәліметті «Сатып алушылар» тобына енгізген дұрыс.
  2. «Сатып алушының төлем жасауына шот» құжатының журналын ашамыз («Сату»-«Сатып алушының төлеміне шот» мәзірі) және журналдың командалық панелінен «қосу» тетігін басу арқылы жаңа құжат құрамыз.
  3. Құжаттың ашылған формасы жартылай толтырылатын болады: оған біздің ұйым, банк шоты, номері мен шот датасы жөніндегі мәліметтер енгізілетін болады. Қажет болған жағдайда бұл мәліметтерді өзгертуге болады. Одан кейін «контрагент» аумағында сатып алушы жөніндегі мәліметтерді көрсетеміз, «келісімшарт» аумағында – контрагентпен келісімшарт жөніндегі мәліметтерді енгіземіз. Егер де біздің ұйым тауарды жеткізіп беруді қамтамасыз ететін болса «жеткізіп беру мекен-жайы» аумағын толтырамыз.
  4. «Тауарлар» жапсырмасының кестелік бөлігін «номенклатура» анықтамалығындағы мәліметтермен толтырамыз. Әрбір номенклатура бағыты үшін НДС мөлшерін, бағасы мен құнын көрсетеміз.
  5. Баспалық формасын «баспаға шығару» немесе құжат формасының төменгі бөлігіндегі «төлем жасауға шот» тетігін басу арқылы жасаймыз.

 

Сатып алушыдан нақты емес төлемді тіркеу

Банк шоты мен төлемді дәлелдегеннен кейән бұл дәйекті ақпараттық базаға тіркеу қажет.

  1. Сатып алушыға шот журналында таяу арада рәсімделген құжат жазбасын бөлектейміз, журналдың командалық панеліндегі «осы негізде енгізу» тетігін басамыз және ашылған мәзірге «кіріс төлемдік тапсырыстар» пунктін таңдап аламыз.
  2. «Кіріс төлемдік тапсырыстар» құжатының ашылған формасы алдын-ала біздің ұйым мен сатып алушы жөніндегі мәліметтермен толтырылған болады. Жеткіліксіз аппараттарды енгіземіз: контрагенттің төлемдік тапсырысы мен төлемі, документ датасы, «Төленді» жалаушасы орнатылғандығын және төлем датасы көрсетілгенін тексереміз. «ОК» тетігін баса отырып құжатты жабамыз және өткіземіз.
  3. Сатып алушыдан нақты емес төлемді тіркеу үшін «Банк көшірмесі» өңдеуін пайдалануға болады («Банк және касса»-«Банк көшірмесі» мәзірі). Бұл үшін «банктың есептік құжаттары» формасынан жаңа көшірмені қосу және «Қосу» тетігінің көмегімен «Кіріс төлемдік тапсырыстар» жаңа құжатын құру қажет. Құжатты өткізу кезінде ұйымның есептік шотына ақшалай қаржылардың түсуін жүргізу қалыптастырылатын болады.

 Сатып алушыға тиеуді тіркеу

Сатып алушыға тиеу құжатын алдын-ала рәсімдейміз. ТМҚ тиеу мен қабылдауды аяқтағаннан кейін  сатып алушы өкілі тиеу құжатын жүргізуі тиіс.

  1. Сатып алушыға шот журналын қайтадан ашамыз, таяу арада рәсімделген құжат жазбасын бөлектейміз және журналдың командалық панелінен «осы негізде енгізу» тетігін басамыз. Дегенмен бұл ретте ашылған мәзірден «ТМҚ және қызметтерді сату» пунктін таңдап аламыз.
  2. Біздің ұйым, сатып алушы мен «Сатып алушыға төлем шоты» құжаты мәліметтері негізінде тиелген ТМҚ жөніндегі мәліметтермен алдын ала толтырылатын «ТМҚ және қызметтердің сатылуы» құжатының формасы ашылады. Құжатта «Сату» операциясының түрі анықталатын болады. Құжат датасын көрсетеміз және құжатты «жазу» тетігін басумен өткізусіз-ақ ақпараттық базаға жазамыз (бұл кезде құжат формасы ашық күйде қалады).
  3. Тиеу құжатын «басып шығару» тетігін басу арқылы басып шығарамыз- бұл тетік мәзірінде құжаттың баспалық формасының екі нұсқасын таңдауға болады: шығыс жапсырма және қызметтерді көрсету бойынша акт. Құжатты «Жабу» тетігін жүргізусіз-ақ жабамыз.
  4. ТМҚ сатып алушы қабылдауын рәсімдегеннен кейін бұл дәйекті ақпараттық базада документті жүргізу жолымен тіркеу қажет. Бұл үшін «ТМҚ және қызметтерді сату» құжатының журналынан («Сату»-«ТМҚ және ызметтерді сату» мәзірі) рәсімделген, дегенмен жүргізілмеген құжатты оның жазбасы үстінен тышқанды екі рет басу арқылы ашамыз. Одан кейін «ОК» тетігін баса отырып  құжатты өткіземіз және жабамыз.

 

Нақты есеп үшін сату

Жеке кәсіпкерге нақты есептесу үшін тауарды сату ситуациясын қарастырайық. Айталық кәсіпорында «1С:бухгалтерия желілік версиясы» пайдаланылады делік. Біртұтас компьютерлік желі бухгалтерияны, сату бөлімін, касса мен тауарлар қоймасын қамтиды.

 

Тауарлар мен қызметтерді сатуды рәсімдеу.

Бұл құжатты жеке кәсіпкер тапсырысы бойынша сату бөлімінің менеджері рәсімдейді.

  1. Егер де жеке кәсіпкер сіз үшін  жаңа болатын болса, онда құжатты рәсімдегенге дейін кәсіпкер жөніндегі мәліметтерді «Контрагенттер» анықтамалығына енгізу қажет. «Контрагенттер» анықтамалығында жеке кәсіпкер жөніндегі мәліметті «Сатып алушылар» тобына енгізген дұрыс.
  2. «ТМҚ және қызметтерді сату» құжатының журналын ашамыз («Сату»-«шот» мәзірі) және журналдың командалық панелінен «Қосу» тетігін баса отырып жаңа құжат құрамыз. Құжаттың операция түрін «Сату» қажеттілігі бойынша анықталғанын қалдырамыз (құжат формасының командалық панелінен «операция тетігі»).
  3. «ТМҚ және қызметтерді сату» құжатының формасында контрагент аумағында жеке кәсіпкерді көрсетеді, келісімшарт аумағында кәсіпкермен келісімшартты көрсетеді (тіпті егер де кәсіпкермен келісімшарт шынайы түрде бекітілмесе де, келісімшарт жөніндегі жазба жүйеде бәрібір құрылады). «Тауарлар» жапсырмасының кестелік бөлігін «номенклатура» анықтамалығынан тауарлар жөніндегі мәліметтермен толтырады. Номенклатураның әрбір бағыты үшін НДС мөлшерін, бағасы мен құнын көрсетеді. 

Форманың төменгі бөлігіндегі «Жазу» тетігін баса отырып өткізусіз-ақ құжатты жабамыз. Кәсіпкерге қажетті жапсырма нұсқасын құжат формасының төменгі бөлігіндегі «Басып шығару» тетігін басу арқылы басып шығарамыз (бұл жерде шығыс жапсырманы, қызмет көрсету жөніндегі актіні басып шығаруға да болады).

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-07-09 20:53:40     Қаралды-4407

ИСЛАНДИЯ – АТЫ ДҰРЫС ЕМЕС ЕЛ

...

Исландия ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «мұз елі» деп аталады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »