Модульдік программалау. Программалық тілдерді таңдау.Программалау тәсілі. Программалаудың сапалық көрсеткіші.
жоспары:
1. Стандартты модульдер
2. SYSTEM-модулінің процедуралары мен функциялары
3. DOS модулінің процедуралары
4. CRT модулі.
5. Модуль трансляциясы
Негізгі ұғымдардың сөздігі: модуль, процедура, функция, трансляция, компиляция
1. Стандартты модульдер.
Модуль құрылымы программа құрылымына ұқсас. Модульдің ішіндегі барлық сипаттамалар бір-бірімен байланысты. Мысалығы, Strings модулі нөлдік белгімен аяқталатын жолдарды өңдейтін ішкі программаларға қажетті сипаттамалардан тұрады. Сонымен қатар ішкі программалар сияқты, модульдер де стандартты және стандартты емес немесе қолданушының модулі, яғни, програмалаушылар өздері құрастыратын бола алады. Стандартты және стандартты емес модульдер құрылымы бірдей болғандықтан, олардың сипатталуы бірдей ережеде құрылған.
Модульдер программаға оның атын uses компилятор нұсқауында сипаттаудың көмегімен қосылады. Мысалы, былай сипатталғанда:
Uses Dos, Crt;
Аталған модульдердің құрамындағы барлық ішкі программалар, айнымалылар, типтер және тұрақтыларды программада қолдануға болады.
Ескерту. Модульдердің аттары оларды хабарлағанда үтірмен бөлінеді, ал соңғы модульден кейін үтірлі нүкте қойылады!
Турбо Паскальда қолдануға дайын процедуралар мен функциялар жинақталған стандартты модульдер бар. Олар:
SYSTEM – барлық программаларда автоматты түрде қолданыла беретін стандартты процедуралар мен функциялардан құрылған модуль.
MS DOS- операциялық жүйе мүмкіндіктерін қолдануға арналған процедуралар мен функциялар DOS модулін құрайды.
CRT- экранның клавиатураның және динамиктің жұмысын басқаруға пайдаланылатын процедуралар мен функциялардан тұратын модуль.
GRAPH- әр түрлі графикалық адаптерлерді қолдайтын компьютердің графикалық мүмкіндіктерін көрсететін көптеген программалардан тұратын модуль.
PRINTER- принтермен жұмысты жеңілдететін модуль.
OVERLAY- оверлей программалар құру кезінде қолданылатын модуль.
WINDOS- модулінің процедуралары DOS модулінің процедураларына ұқсас.
STRINGS- модулі Pchar – типті қатарлармен жұмыста пайдаланылады.
Бұл модульдердің программада қолданылуы:
Program <программанаң аты>;
Uses <модуль аты>
{Егер бірнеше модульдер қолданылатын болса}
Uses <1-модуль аты>,<2-модуль аты>...< N –модуль аты>;
2. SYSTEM-модулінің процедуралары мен функциялары
SYSTEM модуліндегі Random(i) функциясы 0-ден i-ге дейінгі кездейсоқ санды анықтайды.
Математикалық (Abs,ArcTan,cos,sin,exp,ln,sqr,sqrt,Frac,int,Pi), түрлендіруші
(chr,ord,trunk,round,pred,succ,odd,т.б.) жолдық қатарларды өңдеуге арналған
(Concat,Copy,Length,Pos,Delete,Insert,Str,Val) процедуралар мен функциялар да осы SYSTEM модулі құрамына кіреді.
3. DOS модулінің процедуралары
Программа жұмысын басқару үшін процедуралары: Exit, Halt.
Exit- процедурасы программаның орындалу барысында блоктан тез шығуға мүмкіндік береді.
Halt- процедурасы программаның орындалуын тоқтатып, басқаруды операциялық жүйеге қайтарады.
Exec(a,b)- a-программаны b-қатардың мәні бойынша тауып, орындайды.
FindFirst- көрсетілген каталогтан атрибуты бойынша файлды іздеу.
FindNext – сол каталогтан дәл сондай атрибутпен келесі файлды іздеу.
4. CRT модулі.
Дербес компьютердің экраны әдетте (текстік режимде) 25 жолдық қатардан тұрады, ал әр қатарға 80 таңба сияды. Бірақ кейбір типтегі дисплейлер басқа да режимде болады. Түрлі түстің жалпы саны 16. Бірақ ақ-қара экранды компьютерлер де бар. Экран жұмысын басқару үшін бізге қандай мүмкіндіктер қажет? Керекті таңбаны J-қатардың I-позициясына шығаруға болады. Түсін өзгерту толық экранды игере алу деген сөз. Аталған мүмкіндіктердің барлығы CRT модулінде қарастырылған.
GoToXY(I,J)- процедурасы курсорды экран бетінде J-қатардың I-бағанына жылжытады.
TextColor(Color)- текстің түсін орнатады.
TextBackground(Color)- экран бетінің түсін (фон) орнатады.
ClrScr процедурасы экрандағы жазуларды фон түсімен бояп, тазартып курсорды жоғарғы сол жақтағы бұрышқа апарады.
Window(x1,y1,x2,y2)- экран бетінде тік төртбұрышты терезе сызады. Мұндағы
(x1,y1) және (x2,y2) нүктелері тік төртбұрыштың диагоналының сол жақ жоғарғы және оң жақ төменгі төбелері.
Window процедурасы іске қосылған болса, онда барлық процедура тек таңдалған терезеде ғана жүреді. Курсор әрі қарай өтпейді.
5. Модуль трансляциясы
Модуль трансляциясының нәтижесі ретінде сол атымен берілген және кеңейтілуі-ТРU файлды алуға болады, яғни ұзақ қолдану кезінде дискіде сақтауға болады.
Модуль-файлының кеңейтілуі ТРU ету тәсілі:
- компиляциялау (Соmpile) мәзірін ашу; (Compile менюі жүйесі үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде компиляция әр-түрлі режимде жүзеге асырылады. Екінші бөлімде компиляциялауға дайындау командалары орналасқан. Үшінші бөлімдегі команда компиляциялау қорытындысының ақпараттарын бейнелейді.)
- опциялар тізімінен жадта адрестеу (Destination Memory) көрінсе, оны дискіде адрестеу (Destination Disk) етіп өзгерту (қатарды таңдау);
- модуль-программаны компиляциялау.
- Дәл осы тәсілмен программа файлын өңдесек, кеңейтілуі – ЕХЕ, яғни орындалуға дайын программаны аламыз.
DelLine- процедурасы курсор тұрған қатарды алып тастайды.
HighVideo- процедурасы терілуші таңба анықтығын арттырады.
LowVideo- терілген таңбалардың анықтығын төмендетеді.
InsLine – процедурасы курсор орналасқан жерге бос қатар қояды.
ReadKey- клавиатурадан басылған клавиша коды арқылы символды анықтайды.
Тамшылардың үнін келтіретін программаны жазу үшін CRT модулінің келесі процедуралары мен функциялары пайдаланылады:
Sound(i)- динамикті i- жиілікпен дыбысын шығарып іске қосады.
Delay(i)- программаның орындалуын I миллисекундқа кідіртеді.
Nosound- динамикті өшіру.
KeyPressed- клавиатурадан перне басылуын күтеді. Егер клавиатурадан перне басылса мәні True, әйтпесе False болады.
Жаттығу есептері:
Мысал 1. Экран бетін тазартып, әр түрлі түске боялған терезелер салу бағдарламасы:
Uses CRT;
Var I:integer;
Begin
TextBackground(White); ClrScr;
For I:=3 to 10 do
Begin
TextBackground(I); Window(3*I,I,80+3*I,22-I);
ClrScr;
End;
End.
Uses CRT;
Var Сh:Char;
Begin ClrScr;
{“Esc” клавишы басылғанға дейін қайталанып отырады}
Repeat
ch:= ReadKey;
Write(Ord(ch),’-‘);
Until ch=#27;
End.
Мысал 2. Тамшы үнін шығару программасы.
Program Spring;
Uses CRT;
Begin
Repeat
Sound(1400+Random (500)); {динамикті 1400+Random (500) жиілікпен дыбыстатады}
Delay(Random (1300);
Until keypressed; {Егер қандай да бір клавиша басылса keypressed мәні True әйтпесе False-ге тең}
Nosound;
End.
Мысал 3. Кез-келген перне басылғанша экранда тіктөртбұрыш жыпылықтап тұрады.
Program PRO;
Uses CRT;
Begin
repeat
TextBackground (Random (8));
Window(30,8,50,16);
Clrscr;
Delay(300); Until keypressed;
End.
Мысал 4. Экранда дыбыспен сүйемелдей отырып төртбұрыш кескінін қозғалтатын программа:
Program PRO;
Uses CRT;
Var X,Y,L:integer;
Begin
TextBackground (2); Clrscr;
X:=30; Y:=2; Delay(1000);
For I:= 1 to 15 do
Begin
Y:=Y+1; TextBackground(9);
Window(X,Y,X+18,Y+7); Clrscr;
Sound(300);
Delay(500);
Nosound;
TextBackground(2); Clrscr; Delay(300);
End;
Readln; Clrscr; End.
Айнымалылар
X,Y- терезенің жоғарғы сол жақ бұрышының координатасы;
I- цикл параметрі.
6. Әдебиеттер
- Ғ.Ш. Тойкенов “Паскаль тілінде программалау” Дәнекер. Алматы 2001жыл
- Г.К. Нұрмұханбетова, А.Әшірбекұлы “Паскаль тілінен лабораториялық практикум” Шымкент 2000 жыл
- Культин Н.Б. Turbo Pascal в задачах и примерах. СПБ.: БХВ-Петербург, 2003ж,
Жарияланған-2014-06-09 20:11:54 Қаралды-7679
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина