UF

Алгоритмдік тілдің операторларын класқа бөлу. Меншіктеу операторлары. Басқару операторлары. Мәліметтерді енгізу-шығаруды ұйымдастыру. Программаның құрылымы. Алгоритмдердің сызықтық құрылымын программалау.

 

жоспары:

1. Алгоритмдік тілдің операторларын класқа бөлу

2. Меншіктеу операторлары.

3. Енгізу және шығару операторы.

4. Құрама оператор

5. Программаның құрылымы.

6. Алгоритмдердің сызықтық құрылымын программалау.

 

 

4.1. Алгоритмдік тілдің операторларын класқа бөлу

 

Қай тіл болмасын, әрбір іс-қимылды білдіретін тілдің қызмет сөздері болады және осы қызмет сөздер белгілі бір өзіне ғана тиісті іс-қимылды атқарады. Бағдарламада оларды операторлар деп атайды. Паскаль тілінде мынадай негізгі операторлар бар:

- Меншіктеу (Тағайындалу) операторы

- Шартсыз өту операторы

- Құрама оператор

- Таңдау(Варианттық) операторы

- Алдын-ала шартталған циклдык оператор

- Кейін шартталған циклдық оператор

- Жазулар операторы.

 

4.2. Меншіктеу оператолары.

 

         Меншіктеу (:=) операторы ең көп қолданылатын оператор. Оның басты міндеті, кез-келген айнымалыға белгілі бір өрнекті тағайындап мәндестіріп отыру болады.

Жалпы жазылуы былай: V:=A

Мұндағы V-айнымалы, А-өрнек немесе шама, := меншіктеу операторы. Осы жазылуда оператордың оң жағы есептелінеді де , сол жағы осы мәнді қабылдайды.

Мысалы:

X:=0.5;

X:=X+0.2; A:=10+X*COS(X);

 

4.3. Енгізу және шығару операторы.

 

Енгізу және шығару операторлары ең басты операторлардың бірі болып табылады. Өйткені кез-келген бағдарлама белгілі бір деректерді енгізіп, нәтижесінде бір мән алады. Осы қызметті атқаратын операторлар бар. Енгізу операторын READ, ал шығару операторын WRITE деп белгілейді.

 Жалпы түрі:

                   READ (V1, V2,….,VN);

мұндағы V1,V2,…,VN - енгізілуші айнымалыларды белгілеулері және бұл айнымалылар үш түрдің біреуі болуын мүмкін:  

(INTEGER, REAL, CHAR); 

Программа орындалу командасы  (CTRL+F9) берілген соң, компилятор  READ операторын оқып шығады да,  программаның орындалуын кідіртіп, клавиатурадан мәндер енгізілуін күтеді. Ал мәндер бос орын арқылы ажыратылып, енгізіледі.Егер енгізу операторына Ln- жалғауы жалғанса, мәндер енгізіліп, біткен соң, курсор келесі қатардың басына өтеді. Мысалы, Readln(a,b,c); Readln(d); Егер тек Readln;- деп жазылса, онда Enter пернесі басылған соң курсор келесі қатар басына өтеді.

 

Қорытындылау, шығару операторы бар нәтижені баспаға шығарып көрсету үшін, қорытынды нәтижені алу үшін қолданылады. WRITE- айнымалы мәндерін, текстерді, тұрақтыларды, арифметикалық өрнектің орындалу нәтижесін экран бетіне шығару операторы.

Жалпы түрі:

 WRITE(P1,P2,…PN); немесе

                             WRITELN (P1, P2,…PN);

мұндағы P1, P2,…PN - шығарылушы нәтижелердің тізімі. Өрнектердің тиісті мәндерін шығарумен қатар, символдық (белгілік) жазуларды да баспаға шығаруға болады.

Мысалы: WRITELN (‘P=’P); жазылуы егер P=15.6-ға тең болса, баспаға дәл солай басылып шығады.

Атап кететін жағдай, негізгі барлдық бағдарламаның міндеттерінің бірі, сондай бір кез-келген деректерді бір іс-әрекетке енгізіп, содан соң нәтижесін алу қызметін READ, WRITE операторлары атқарады.

 

Writeln түріндегі жазылуын қолдану арқылы біз жаңа жолға өте аламыз, бұл бізге алған нәтижемізді көрнекті әрі ыңғайлы түрге келтіруге көмектеседі.

  1. (Е:М) түріндегі жазылуды Е - түріндегі мәніміздің М –ге тең етіп, алатын орнын білдіреді.

Мысалы: A:=50; B:=260; Write(‘A+B=’, A+B: 1, ’A’, A+1);

деп жазылған болса, онда экранда мына түрді аламыз:

A+B=310  A=50

 

  1. (Е:М:N) түріндегі жазылуда мәніміз тек Real түрінде болғанда ғана қолдануға болады.

Мысалы: Write (3.141592:8:2)  жазылуы экранда - - - - 3.14 түрінде беріледі. Сонда 3.141592  санының бүтін бөлігінің орны 8-ге тең болып, ал бөлшек бөлігіне 2 орын белгіленген болды. Егер Write(3.141592:8:6) деп жазсақ экранда 3.141592 санын аламыз. Сонымен М- бүкіл санның алатын орны, ал N-бөлшек бөлігінің орны болды.

 

4.4. Құрама оператор

Егер белгілі бір шартпен  оператордың бір нақты тізбегін орындау керек болса, онда оларды құрама операторларға біріктіреді. Құрама оператор Begin негізгі жазылуымен басталып, End сөзінің аяқталады. Осы екі оператордың аралығында орналасу тәртібімен орындалатын операторлар тізбегі жазылады. End сөзінен соң нүктелі үтір қойылады, ол Begin сөзінен соң бос орын қалдырады.

Мысалы:

                   Begin                                                (

                            Pi:=3.14;                       -a;

                            S1:=Pi*R*R;                 -b;

                            S2:=Pi*(R*R-R1*R1);            -c;

                   End;                                       )       

 

4.5. Программаның құрылымы

                                              

Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.  Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипатталу бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы  айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктерден тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін. Сипаттау бөлімдерінің басы келесі кілттік сөздерден басталуы мүмкін:

Label (белгілер)

Const (тұрақтылар)

Type (типтер)

Var (айнымалылар)

Function, Procedure (функция,процедура)

 

Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі болып табылады. Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады.  Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке-жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады.

Айнымалылар келесі схемалар түрінде сипатталады:

Var <айнымалылар аттары тізімі>: <тип>

<тип>- стандартты тип атауы не сипатталған тип арқылы берілуі мүмкін.

Сипатталған типтер  Type бөлімінде анықталады:

Type <тип аты> = <типтің сипаты>;

Тұрақтылар сипатталынуы: Const <тұрақты аты>=<мәні>

Белгілер сипатталынуы: Label <белгілер тізімі>;

Белгі ең көбі 4 цифрдан тұратын және программада оператор алдында қос нүкте арқылы жазылатын әріптер не цифрлар комбинациясы. Белгіге өту Goto <белгі>;- операторы арқылы орындалады.

PROGRAM BASTAU;

СИПАТТАУ БӨЛІМІ

BEGIN

ОПЕРАТОРЛАР БӨЛІМІ

END.

Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады.

 

4.6. Алгоритмдердің сызықтық құрылымын программалау.

Біз алдыңғы сабақта (2-дәріс) алгоритмдердің түрлерін, олардың анықтамаларын, мысалдарын қарастырдық. Ал енді сол алгоритмдер бойынша біз программа құрамыз. Қане, еске түсірейік. Сызықты құрылымды алгоритм дегеніміз не?

Cызықты құрылым программасының операторлары алгоритмдегі көрсетілген кезегіне сәйкес бірінен кейін бірі жазылады. Мұндай құрылым программасының құрамына меншіктеу операторы, мәліметтерді енгізу және нәтижелерді шығару операторы кіреді.

 

Жаттығу есептері

 

1. Мысал: радиусы 5,78-ге тең шеңбердің ұзындығын анықтау керек.

Бағдарламасы:

 Program T1 ;

                    Const R=5.78;

                            Var L:Real;

                   Begin

                            L:=2*3.1416*R;

                   Writeln (‘L=’,L);

End.

Немесе басқаша жазуға болады:

 Program T2 ;

                   Var R:Real;

                   Begin R:=5.78;

                   Writeln (‘L=’,2*3.1416*R);

                   End.

 

  1. Мысал: Х=15.3 Болғанда Y=(Cos(X)+ex) / x3 функциясын есептеу.

 Бағдарламасы:

            Program T3;

                            Var X,Y: Real;

                    Begin Read(x);

                            Y:=(cos(x)+EXP(x))/(EXP(3*Ln(x));

                   Write(Y);

                   End.

 

 

  1. Мысал. Нақты а саны берілген. Тек көбейту амалын пайдаланып, үш амал арқылы -н есепте.

PROGRAM Esep;

VAR a: integer; b, c, d : REAL;

BEGIN

READLN (a);

b : = a*a; c:=b*b; d:=b*c;

WRITELN (a, ‘^6=’, d:12:2);

END.

 

Есепті шығару үшін:

  • Программа денесін құрып, айнымалылар сипатталынады;
  • а айнымалысы енгізіледі;
  • a2, a2*a2,a4*a2 а- дәрежелерін есептеп, нәтижесі экранға шығарылады.

 

Программа орындаалу нәтижесі:

13^6= 4826809.00

 

Әдебиеттер

1. Н.С. Заурбеков, Б.Ж.Жумажанов. Алгоритмдеу және программалау тілдері. Экономика баспасы. Алматы-2008.

2. Ж.Қ. Масанов, Б.А.Белгибаев, А.С.Бижанова, Қ.Қ.Мақұлов «Turbo Pascal». Алматы 2004.

3. Фаронов В.В.  Тurbo Pascal 7.0. Практика программирования.  Оку құралы.- М.: Нолидж, 2000ж. 416 бет.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-05-21 20:45:25     Қаралды-5105

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »