UF

Компьютердің программалық құралдары. Программалауды автоматтандырудың әдістері. Компьютерді программалық қамтамасыз етудің жалпы түсінігі. Программалаудың интеграцияланған жүйелері.

 

 жоспары:

1. Компьютердің программалық құралдары                     

2. Бағдарламалау жүйелері                         

 

Негізгі ұғымдардың сөздігі: программа, алгоритм, тізбек, техникалық жабдықтау, ақпараттық жабдықтау,  математикалық және бағдарламалық жабдықтау, ұжымдық жабдықтау.

Студенттерде қалыптасу керек білім мен дағды: Компьютердің программалық құралдары мен жабдықтарын меңгеру.                     

 

1.1.  Компьютердің программалық құралдары                     

XX - шы ғасырдың 30-шы жылдарында алгоритм түciнігi математикалық зерттеу oбъектісіне айналды, ал ЭЕМ пайда болған соң кеңінен танымал болды. Электронды есептеу техникасы мен программалау      әдістерінің      дамуы алгоритм      құрастыруды -автоматтандырудың маңызды кезеңі болып табылатындығын түсінуге ықпал етті.

Электронды есептеуіш машина - «екі санды қосу» , «екі санды кебейту» , «екі санды салыстыру» және т.б.с.с. карапайым арифметикалық және логикалық операциялардың белгілі жинағын орындай алатын құрылғы. Бip операцияны орындаған соң ЭЕМ автоматты түрде келесісін орындауға көшеді және осылайша , операциялардың ұзын тізбегін адамның қатысуынсыз орындауы тиіс. ЭЕМ - ға түсінікті формада жазылған операциялар қатары программа деп аталады. Есептеу машинасының бағдарлама бойынша жұмыс icтey жағдайы, ЭЕМ жұмысын басқарудың бағдармалық принципінің  негізін құрайды.

Қазіргі күні көптеген есептерді шешуді адам техникалық құрылғыларға жүктейді. Техникалық құрылғыларды қолдану ережелерінің сипатталу дәлдігі мен амалдардың орындалуы ретіне өте қатал талаптар койылады. Сондықтан әр түрлі ережелерді анық және дәл сипаттау үшін арнайы тілдер жасалады.

Арнайы бағдарламалық өнімдер мен жабдықталған компьютерлер техникалық база және ақпараттық жүйелер үшін құрал болып табылады. Ақпараттық жүйе компьютерлер және телекоммуникациямен жұмыс атқарушы қызметкерлер арқылы ғана жұмыс жасайды.

  Ақпараттық  жабдықтау  - ақпаратты кодтау және классификациялаудың біртекті жүйесінің, құжаттардың реттелген жүйесінің, ақпараттық ағындар  схемасының жиынтығы  және мәліметтер қорын тұрғызу әдістемесі.

Техникалық жабдықтау - ақпараттық жүйенің жұмысына арналған техникалық құралдардың комплексі, сонымен қатар осы технологиялық процесстер мен құралдарға сәйкес құжаттар.

Техникалық құралдар комплексі келесі құрамнан тұрады:

  • Кез келген модельдегі компьютерлер;
  • Ақпаратты шығару, өңдеу, жинақтау  және беру құралдары;
  • Мәліметтерді алмастыру құралдары және байланыс желілері;
  • Ақпаратты автоматты алу қондырғылары және оргтехника;
  • Эксплуатациялық материалдар  және т.б.;

Математикалық және бағдарламалық жабдықтау – техникалық құралдар комплексінің жақсы жұмыс атқаруы үшін, ақпараттық жүйенің мақсаты  мен мәселесін  орындаушы математикалық модельдер, алгоритмдер және бағдарламалар жиынтығы.

Математикалық жабдықтау құрамына:

  • Басқару процесстерін модельдеу құралдары;
  • Басқарудың типтік мәселелері;
  • Математикалық бағдарламалау, математикалық статистика, т. б. әдістері.

Бағдарламалық жабдықтау құрамына жалпы жүйелік және арнайы бағдарламалық өнімдер, сонымен қатар техникалық құжаттама кіреді.

Ұжымдық  жабдықтау – ақпараттық жүйе жасау және қолдану барысында жұмысшылардың техникалық құралдармен және өзара қарым-қатынасын реттеуші әдістер мен құралдар.

Құқықтық жабдықтау – ақпараттық жүйелердің заңды статусын және функциясын анықтаушы құқықтық нормалар жиынтығы.

Дербес компьютер бағдарламалық жабдықтаусыз жұмыс істей алмайды. Ол жақсы жұмыс істеуі үшін  әртүрлі бағдарламалар комплексі қажет. Дербес компьютер үшін көптеген бағдарламалар жасалған. Қолданылу мақсатына қарай  дербес компьютердегі бағдарламалық жабдықтауды үш топқа бөлуге болады:

1. Жүйелік жабдықтау.

2. Бағдарламалау жүйелері.

3. Қолданбалы жабдықтау.

 

 

Дербес компьютерді бағдарламалық жабдықтау құрылымы.


  Жүйелік жабдықтау операциялық жүйелерден және бақылау, диагностика жасау құралдарынан тұрады.

 Операциялық жүйе  дербес компьютерді бағдарламалық жабдықтау негізін құрайды. Операциялық жүйе дегеніміз- ақпаратты өңдеу процесін басқаруды және қолданушы мен ақпараттық құралдар арасында  байланыс орнатуды қамтамасыз ететін бағдарламалар жиынтығы. Операциялық жүйе құрамына жүйелік бағдарламалар, бағдарламалық қабықшалар, драйверлер және утилиттер кіреді.

 Бағдарламалық қабықшалар- қолданушының дербес компьютермен  байланыс жасауын жақсы және қолайлы түрде қамтамасыз ететін бағдарламалар. MS-DOS-үшін әдетте  Norton Commander бағдарламасының қабықшасы қолданылады, ал Windows 3.1.-үшін  Norton Desktop  және  Windows 95-ке Norton Navigator.

Драйверлер- операциялық жүйелердің сыртқы құрылғыларымен (принтер, CD-ROM дискілер, клавиатура, тышқан және т.б.) қарым –қатынасын қамтамасыз етуші бағдарламалар.

 Утилиттер- операциялық жүйе мүмкіндіктерін қамтамасыз етуші көмекші бағдарламалар (антивирустік бағдарламалар, дисктерді оптимизация жасау және т.б.) Бақылау және диагностика жүйелері  дербес компьютер құрылғыларын тексеру үшін  арналған. Олар қателерді  автоматты түрде  тауып қолданушыға хабар береді.

 

1.2.  Бағдарламалау жүйелері

  Бағдарламалау жүйелеріне- бағдарламалау тілдері  және трансляторлар кіреді. Бағдарламалау тілдері – мәліметтерді өңдеу алгоритмдерін  сипаттау мақсатында жасалған тілдер. Қазіргі кезде бірнеше  жүздеген тілдер бар, бірақ тек олардың ондағаны  ғана  кең қолданылады. Олар Фортран, Кобол, Паскаль, Бейсик, СИ, СИ++, Турбо Паскаль, Турбо Си, Пролог, т.б. Бағдарламалау тілдері көмегімен дербес компьютер үшін  бағдарламалар жасалады.

  Бағдарлама қолданылған – синтаксистермен сәйкес  жазылған командалар жиынтығы. Әдетте бағдарлама ағылшын тіліне жақын символдық тілде жазылады. Бұл тіл компьютерге түсінікті болуы үшін  аудару қажет болады. Аудармашылардың ролін трансляторлар атқарады.

  Транслятор - бағдарламалу тілінен  ЭЕМ-тіліне аудармашы, яғни ЭЕМ-кодтарынан тұратын командалар. Транслятордың негізгі түрлері: интерпретаторлар және компиляторлар.

   Интерпретаторлар - машиналық кодтарға командалық аударма және дәл сол уақытта  әр команданың орындалуын қамтамасыз етуші  транслятор. Интерпретатордың  ерекшелігі  дербес компьютерді қолданушы  сұхбаттық режимде  жұмысты ұйымдастыратын мүмкіндігі бар. Ал, кемшілігі  бағдарламаның орындалу жылдамдығы баяу жүреді.

 Компилятор -  барлық бағдарламаны машиналық  командаға   оның орындалуынсыз аударатын транслятор. Компилятор жұмысының нәтижесінде  жұмыс жасауға дайын емес жеке  модуль пайда болады.

    Қолданбалы бағдарламалық жабдықтау - әртүрлі ақпаратты өңдеуді  автоматтандыру үшін және ғылым  мен техникадағы есептеулерді  орындау үшін  әр түрлі негіздегі бағдарламалар жиынтығы.

    Қолданбалы бағдарламалар – арнайы бір қолданушыға арналып жасалынған немесе қолданушылардың өз қажеттері үшін жасаған бағдарламалар.

  Қолданбалы бағдарламалардың арнайы пакеті - нақты бір мәселеге, есептердің анықталған класына арналған бағдарламалар. Қолданушылар  программалаушылардың көмегінсіз пайдалана алатын бағдарламалар. Мұндай пакеттерге: редакторлар (лексикон,Word), электрондық кестелер (Super Calc), мәліметтер қоры (dBase), механизмдерді проектілеу пакеті (AutoCad), математикалық есептеулер пакеті (NortonUtilite) және  басқалар жатады.

  Интегралданған қолданбалы жүйелер - ақпаратты өңдеудің әмбебап мүмкіндіктеріне ие қолданбалы бағдарламалардың  комплексті пакеті. Оның құрамына: текстік редакторлар, текстік процессорлар, МҚБЖ,  электрондық кестелер және  іскер графика құралдары кіреді. Мұндай жүйелердің өкілдері: QuartPro, Works, Русский офис, Microsoft Officе.

 

6. Әдебиеттер

  1. Фаронов В.В.  Тurbo Pascal 7.0. Практика программирования.  Оку құралы.- М.: Нолидж, 2000ж. 416 бет.
  2. Марченко А.И. , Марченко Л.А. Программирование в Turbo Pascal 7.0.-5-басылым. –К.: ВЕК+, 1999ж, -464 бет.
  3. Культин Н.Б. Turbo Pascal в задачах и примерах. СПБ.: БХВ-Петербург, 2003ж,
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-05-20 19:53:07     Қаралды-16405

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »