UF

 «Қилы заманның» жазылу тарихы, тағдыры.

Қамтылатын мәселелер:

1. "Қилы  заман" романының  жанрлық сипаты.

2. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің романда реалистік тұрғыдан бейнеленуі.

3. Романдағы патшаның отаршылдық саясатының әшкереленуі.

4. Ақ патшаның ұлықтары: пристав, урядник тергеушілердің бейнесі.

5. Ұлықтардың жандайшаптары - тілмәштер, болыстар бейнесінің  сатқындығы мен екіжүзділігі.

6. Халық өкілдерінің бейнелері. Жәмеңке қария ,Ұ зақ батыр, Әубәкір, Серікбай, Тұрлықожа бейнелерінің жиынтық, әрі даралық сипаттары.

7. Романдағы  Көкбай,Баймахан, Жансейіт, Қартбайлардың типтік бейне деңгейінде суреттелуі.

8. Романның 1972 жылы қайта жариялану тарихы.

«Қилы заман» – М.Әуезов шығармашылығының басында жазылса да, аса талантты жазылған шығарма. Роман саяси ахуалдың кернеуі шегіне келген шиеленіскен шақтағы қазақ елінің ар намысы үшін күрескен ерлер туралы қаламгер ой-сезімдерін жеткізе алған. Отарлаушы үкіметтің қазаққа ғана емес, өз отарына айналған халықтарға, тіпті адамзатқа жат саясатын осыншалық деңгейде бейнелей алған шығарма кейінгі совет әдебиетінде тіпті болған емес. «Қилы заман» романында М.Әуезов сол тұстағы ресми идеологияның өнер атаулыға таңа бастаған догмаларының тас-талқанын шығарды. Сол кездегі қағидалар бойынша байлар мен болыстар ешқашан халық мүддесін көздемейді деп ойлады. М.Әуезов романында ел ағалары би, болыс, батырлар халық басына күн туғанда қасынан табылып, отаршы үкіметке қарсы күреске шығады. Алайда қазақ қоғамы басындағы қайраткерлердің бәрі бірдей емес, олардың  арасында қара басынан басқаны ойлай алмайтындары да кездеседі. Шығармада осындай типтердің де психологиясы да жан-жақты ашылады. Олардың арасында майдан жұмысы тізіміне іліккен баласын алып қалуды мақсат қылғандар да, ауыл-аймағы, ағайын-тумасын ойлаушылар да, тіпті парамен пайда иісін сезініп, көмейі бүлкілдеушілер де бар. Мысалы, Рахымбай, Дәулетбек, Түнқатарлар.

Романның оқиғасы патша жарлығын оқу, елдің дүрлігуі, жәрмеңкені қоршау, қозғалыс басшыларының қамалуы, Қарақол түрмесінің жаны, соғыс т.б. оқиғалар уақыт, кеңістік өлшемдерінде көлемді бейнеленеді. Көтерілістің мақсаты қозғалыстың даму барысында өзгеріп тұрады. Алғашында ел әскерге адам бермейміз деп көтерілсе, келе-келе қамалған ел басшыларын тұтқыннан босат, кейін Жәмеңкенің сүйегін бер деген талаптарға ойысады. М.Әуезов мақсаты анық отаршылға қарсы тұрған күштердің аңқаулығы, үкімет саясатынан хабары жоқтығын байқатуға шебер пайдаланды. Шығармада ер-азамат бейнелері көркемдік, шындықтан табылған. Жәмеңке, Ұзақ, Серікбай, Ыбырайлармен бірге Ақжелке, Оспан, Жебірбаевтан бастап бәрі де 1916 жыл оқиғасы тұсында болған нақты тарихи кейіпкерлер. Жазушы ереуілге белсене қатысушылардың ішінен бірнеше ұмытылмас бейнелер жасайды. Мысалы, Жәмеңке ақсақал, Ұзақ батыр, Әубәкір болыс, жас жігіттер: Көкбай, Айтбай, Жансейіт т.б.

Көпті көрген Жәмеңке қарт бар ынта тілегімен халық жағында. Қолынан күші кетіп кәрілік мезет жетсе де ошақ басында отырмай көппен бірге болып, өлімді тайсалмай қарсы алды. Ұзақ батыр – ауыр тағдырдың адамы. Бұл да патша шабармандарының ылауына, жауыздығына үнемі қарсы шығады. Бірде ішінен тынса, жастау кезінде оязға қамшы жұмсауға дейін барады. Әділетсіздікті көргенде ол төзіп тұра алмайды. Туған ағасы Түнқатар байдың арамдығын, опасыздығын білгеннен кейін одан безіп, мүлде қол үзеді. Өлім алдында Ұзақтың бар өкініші – халқының мүшкіл халі, өз басының дәрменсіздігі. Бұл екеуінен де сәл оқшауырақ тұрған кейіпкер Әубәкір болыс. Патша әкімдерінің алдында құрдай жорғалаған басқа болыстардан Әубәкірдің бір өзгешелігі, ол шамасы келгенше, халыққа адал қызмет етуге ұмтылады, осы жолда қаза табады. Ақжелке «июнь жарлығын» жариялаған жиылыстан бастап оқырман біртіндеп Әубәкірді біле бастайды. Өйткені «июнь жарлығы» туралы хабарды үрейленбей тыңдайтын, алғаш болыс-билер атынан сөйлесетін сол еді.

Романда тосын хабардың қазақ атқамінерлеріне әсерін суреткер тілмаш көзімен береді. Астарлы тәсіл. Оны Ақжелке болмаса Серікбай т.б. көзімен де беруге болар еді. Алайда мына әдіс арқылы қаламгер әлденеше жайларды жан-жақты ашуға мүмкіндік алады. Оқиға, эпизод, бірден әлденеше мәнге ие болады. «Июнь жарлығын» сұмдық халге жеткізіп отырған – қазақ баласы, отаршыл үкімет қызметіндегі оқыған сауатты жігіт. Алайда елдік ой түгіл, еліне жаны ашымайтын мәңгүрт. Сондықтан да оның көзі телекамераның объективі тәрізді жансыз, суық нәрсе. Обыр ұлықтың маңайын төңіректеп халықты жеуді кәсіп еткен Жебірбаев пен Оспанның сырт көріністерінде айырмашылық болғанымен, олардың түп негізі бір, екеуі де ар-намыс, ұят-ожданнан жып-жылмағай құнсыз жандар. Сол кездегі қазақ арасындағы болыс-байлар ішіндегі жексұрын бейнелер ретінде Рахымбай болыс, Түнқатар қажы, Дәулетбек байдың ұсқынсыз кейіпкері берілген.

«Қилы заман» романында бас қаһармандарды бейнелеудің тәсілі де өзге. Мысалы, көтерме басындағылардың ешқайсысы да негізгі шайқасқа шыға алмайды, соның қарсаңында қолға түседі. М.Әуезов олардың рухтарының биіктігін, күрес жолына беріктігін, түрмедегі тұтқын мен тергеуші арасындағы жауаптасулар арқылы көрсетеді. Түрмеде қанша азап көрсе де адамдық қасиет пен ірілігін сақтайды. Қапаста қамалып отырған дала ұлдарының ажал сәтінің таянғанын ғаламат сезімталдықпен аңғаруын М.Әуезов асқан шеберлікпен суреттейді. Осы тұста суреткер психоанализге барады, әрі оны шеберлікпен пайдаланады. Ол авторлық баяндауда емес, Әубәкір бастан кешкен беймәлім бір таныс күнді суреттеу арқылы іске асырады. М.Әуезов романда нағыз шайқастар қарсаңын емес, ұлттық санадағы бостандық рухының мықтылығын көрсетеді. Ту ұстап шайқастарға шыға алатын Ұзақ, Жәмеңке ізбасарларының барлығын дәлелдеу де қаламгердің идеялық шешімдерінің бірі.

М.Әуезовтің «Қилы заман» романындағы кейіпкерлер тілінен «Абай жолы» романындағы Құнанбай, Абай қасынан табылып, парасатты, кесек мінезді жандар сөзін, диалогын, монологтарын естисің. Кейіпкер мінез-құлқын бейнелеуде суреткер ішкі сөзді, монологты, диалогты сөйлеуші адам қимыл-қозғалысын шебер пайдаланады. Сөзге құлақ қоя, диалогқа көңіл бөле жазады. Олардың дербестігін сақтайды. Сол арқылы даралайды. Тартыстың ішкі сыртқы түрлерін бейнелеуде диалогтарды қолдану – ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті үшін ірі табыс. Сонымен 1927 жылы жазылып, 1928 жылы жарық көрген «Қилы заман» романы қазақ әдебиеті тарихындағы профессионалдық деңгейде жазылған жаңа романдардың алғашқыларының бірі болса, тақырыптық, идеялық, мазмұны, көркемдігі бағытында үлкен орны бар ірі туынды. Роман М.Әуезов талантының ірілігін ғана емес, оның азаматтық, перзенттілік ерлігін көрсететін туынды.

М.Әуезовтің бұл уақытта жазылған шығармаларынан «Көксерек» (1929) хикаясын ерекше алған жөн. Бұл ұзақ әңгіменің тақырыбы басқа әңгімелерінен оқшау көрінеді. Онда қолда өскен, асыранды Көксерек атты бөлітіріктің тарихы. Құрмаш деген жас бала қасқырдың күшігін асырайды. Бөлтірік осы қасқырдың табиғаты жеңіп, күндер күнінде тағы тектестерінің үйіріне қосылып кетеді. Енді өзін өсірген ауылға маза бермей, малға тиіседі. Көксеректің жыртқыштық мінезі қатал беріледі. Автор мұны ұтымды шағын деталь көмегімен ұтымды жеткізеді: «Ін ішінен жат иіс сезіп, Көксерек басы мен кеудесін сұғып «ырр» етіп кішкене күнгі күшікті тістеп суырып шықты. Бұны істегенде ақ қасқыр арсылдап тап-тап берген еді, Көксерек сонда да тоқталмай көк күшікті жерге жұлқып-жұлқып соғып, қабырғаларын кірт-кірт сындырып өлтіріп тастайды».  Өз күшігін аямаған Көксеректен адамға қайырым қайдан болсын. Ақыры Көксерек өзін асырап өсірген Құрмашты ат үстінен жұлып ап, өлтіріп кетеді. Әуезовтің «Көксерегі» атақты жазушы Джек Лондонның шығармаларымен тақырып жағынан үндес. Бұл кездейсоқтық емес. М.Әуезов жер жүзі классикасынан үйренуді ғана мақсат етпеген. Ол мұсылмандық Шығыс поэзиясының нәзира дәстүрін еске салып, жаһанның ең керемет деген жазушыларымен өнер сынасып, қалам жарыстырып көрген. Бірақ тақырып болмаса өзге жағынан қазақ жазушысының шығармасы Дж.Лондонның «Ақ азуына» тіптен ұқсамайды. Көксерек сюжетінің желісі өзгеше. Аттары да басқа. Әуезов қасқырдың сүлдесінен мейірімсіз қарақшының тағылық мінезін таниды. Әуезов Дж.Лондонның «Ақ азуын» 1936 жылы қазақ тіліне аударғаны белгілі. Ал «Көксерек» 1929 жылы жазылған. Лондон шығармасын аудара отырып, өзінің атақты классиктен артық түспесе кем түспейтін шығарма жазғанын мақтаныш еткен болу керек деп ойлайсың. Олай етуге қазақ әдебиетінің даңқын әлемге жайған суреткер толық құқылы еді.

«Көксерек» кезінде дау тудырған шығармалардың бірі. Мұнда теріс сарындар басым деген пікірлер айтылды. Ол – эстетикалық қате тұжырымнан туған жаңсақ ой еді. Біле білсек, кемпірдің қасқырды басқа тебуі – жай тебу емес. Бұл шығарманың ширыққан, шешім тапқан тұсы. Көксерек көп ізденістердің жемісі, автор талантының айқын айғағы. Оны әлем әдебиетіндегі үздік классикалық шығармаларымен салыстыруға болады. Канада жазушысы Эрнест Сетон Томпсонның Виннипинг қасқырына ұқсас. Зоология саласындағы үздік еңбектері үшін алтын медаль алған Э.Сетон Томпсон оқырман сүйіспеншілігіне бөленіп әлем әдебиетіне «Қуғындағылар», «Қаһармандар», «Жорға» атты кітаптарында қасқыр, аю, ит, бұғы арқау еткен бір объектіге бару алында оның зерттеуші көзімен тексеріп байыптап алатын М.Әуезовтің белгілі жазушы Э.Сетон Томпсонның шығармашылығымен таныстығы ешқандай шек келтірмейді. Кейінгі жылдары қазақ әдебиетінде жануарлар тірлігін қаузаған шығарманың көбеюі - өнердің даму процесінен туған заңды құбылыс.

«Көксерек» тұтас философиялық шығарма. Әуезов «Көксерегі» – реалистік әдебиет дәстүрі тудырған мотивтерді шеберлік политрасында сан алуан бояулар мүмкіндігін өз мұратына орай өнерпаздықпен жаңғырту арқылы жазылған жаңа тынысты шығарма. Повесть шағын сегіз тармаққа бөлінген. Бұлар дөңгеленіп аяқталған, өз алдына жеке картина іспетті, әрқайсысында әртүрлі баяндау тәсілдері бар тармақтар. Адам – бөлтірік, орта. Бұл үшеуін автор диалектикалық байланыста бейнелеу үшін қажетіне қарай баяндау әдісін құбылтып өзгертіп те отырады. Кісі қолында өскен қасқыр күшігінің қалыптасуында қоршаған орта ықпалы бірінші қатарға шығарылады. Бұл хайуанаттар туралы шығармаларды әжептеуір тиянақталған мотивті Әуезов қазақ топырағына көшпелі сахара шындығына сәйкестендіреді. Бөлтіріктің өсуін бейнелегенде автор натуралистік өзгерістерді тізіп жатпай, мінез ерекшеліктеріне сыртқы ықпалы әсерінен болған жәйттерге назар аударады. Көксеректің үлкен иттерден, қатын-қалаштан көрген жәбір жапасы ішіне шемен болып қатып, жалғыз Құрмаш қамқорлығы жүректегі мұзды жібіте алмаған. Төртінші тармақтың жартысы, бесінші, алтыншы тармақтар түгелдей Көксеректің кемеліне келген шағын, қанды жортуылдарын белгілейді. Дауылды қара суықта ауылдан кеткен Көксеректің түйсігін жазушы кішкентай деталь – табанынан  өткен аяз, тұмсық ұшын қарыған ызғар арқылы сездіреді. Көп суреттер Көксеректің көзімен берілген. Ал Көксеректің түйелі адам оғынан жараланып, жападан жалғыз ашығып, бір сұмдыққа әзірленген тұсын жазушы сөйлем ырғақтарын осы сарынға лайық әуенмен жазады. Бұл психологиялық тұрғыдан нанымды. Көзін ашар-ашпастан иттерден көрген қорлығы, еріксіз Аққасқырдай серігінен айрылу қатігез даладағы кезбе тірлік жанын көзіне көрсеткен у қорғасын осының бәрі жиылып келіп, бұған ата-бабалар қанымен берілген қаніпезерлік қосылғанда Көксеректің Құрмашқа шаппауы қолдан жасалған қадам болар еді. Повесть сюжеті Құрмаштың өлімімен тиянақталды. Шығарманы жазушы осымен бітіруге болатын еді, бірақ өйткен күнде жазушы позициясы авторлық мұрат көмескі тартары сөзсіз еді. Зұлымдыққа, озбырлыққа қарсы тұрар, оны жеңер күш бар деген сарынды Әуезов әріптей түседі. «Қуарған-ай, неңді алып ем, не жазып ем, баурына салып өсіргеннен басқа не қып еді менің құлыным» деп тегіс еңіретіп, Көксеректі басқа тепті. Шығарманың соңғы сөйлемі. Ана кесімі, Көксеректі басқа тебуі жазушының гуманистік идеялы осы орайда көрінеді. Адам қолында өскен, бірақ адамға қиянат еткен, оның ет-бауырын езіп жара салған көкжал сол адам қолынан өлім тапты. Образды ой - символдық ойға әуенді сарын үлкен идеяға ұласып, сахара топырағындағы қанық бояу, айқын колоритпен бейнеленген «Көксерек» бір әдебиет шеңберінен биіктеп көтеріліп, әлемдік әдебиет қатарына қосылған туынды.

М.Әуезов 20 жылдардағы әңгімелерінде кейіпкерлердің тартысы жалпы адамгершілік мәселелерін қозғауға арналған болатын. 1930 жылдар табалдырығын аттағанда қазақ прозасы көбіне көп әлеуметтік саясат мәселелеріне ойысты. Социалистік реализм әдісі жазушылар назарын тап күресіне тереңірек бөлуге бұрғызды. Бай мен кедейді  қырқыстыру әдебиеттің ауа райын да бұзды. Саясат, солақай тұрпайылық белең алды. Осының алдында ғана түрмеден босаған Әуезов, большевиктердің  дегеніне көнуге мәжбүр болды. Кеңес тақырыбына арнап «Үш күн» (1934), «Іздер» (1932), «Құм мен асқар биік» (1934), «Білекке білек» (1933), )Шатқалаң» (1935), «Қасеннің құбылыстары» (1933), «Бүркітші» (1937) т.б. әңгімелерін жазады. 1929-1939 жылдардың арасындағы кеңес үкіметінің жүргізген қуғындау, жазалау идеологиялық қысымда ұстау саясаты суреткерді шығармашылық еркіндіктен айырып, көкейкесті тақырыбынан бас тартуға мәжбүр етті. Сондықтан да М.Әуезовтің отызыншы жылдардағы әңгімелерінде сезімді тербеп, емірентерлік қасиеттің солғын болуына шығармаларының жүрек түбінен шын пейілінен тумауы себеп болса керек. Бұл туындылар М.Әуезовтің көркемдік әлемінде пәлендей маңызға ие бола алмайтын, тек қана жеке басы кіріптар жасаған орташа ғана дүниелер еді. Бұл шығармаларының ішіндегі М.Әуезовтің құдіретті талантының мүмкіндігін танытқан туындысы «Қасеннің құбылыстары» атты әңгімесі.

Жалпы алғанда М.Әуезовтің алғашқы кезде жазған шығармаларының қай-қайсысы болса да көркемдік деңгейі жоғары, уақыт рухына жауап ғажайып шығармалар, ол шығармалардың бәрі де әлі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ, қайта керісінше уақыт өткен сайын ұлттық өнеріміздің асыл жауһарлары болып туған еліне қалтқысыз қызмет етіп келеді.

Пайдалынылатын   әдебиеттер.

1. Әуезов М.   Жиырма томдық шығармалар жинағы. ІІ-том ,-А,1979 ж.

2. Бердібай Р. Қилы  заман ескерткіші // Мұхтар  шыңы. -А,Ғылым 1997 ж.

3. Дәдебаев  Ж. Мұхтар Әуезов .-А, 1991ж.

4. Қазақ әдебиетінің тарихы  -  8  -том -А,2004ж.

5. М.Әуезов ХХ ғасырдың ұлы жазушысы және гуманисі.-А,1997 ж.

6. Нұрғали  Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры -Астана 2002 ж.

7. Нұрғали Р.Әуезов және алаш .-А,1985ж.

8. Ысқақұлы Д. Әдебиет алыптары. -Астана ,2004 ж.

9. 20-30 жылдардағы ақ әдебиеті-А,1997 ж.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-04-28 21:27:20     Қаралды-16451

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »