UF

Мухтар Әуезовтің 30 жылдардағы әңгіме повестеріндегі тарихи шындықтар.

 

- ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ оқыған азаматтарының  қоғам  өмірінде алатын  орны  және ол туралы М.Әуезовтің  позициясы.

- "Оқыған  азамат", "Үйлену"," Кім  кінәлі", "Сөніп-жану" әңгімелеріндегі  қазақ  оқығандарының  азаматтық  және  олардың  ел  өмірімен  ара  қатынасының  суреттелуі.

- "Оқыған  азамат "әңгімесіндегі  Жұмағұл, Мейірхан  бейнелері. Мақсұт бойындағы халықтық, қоғамдық, гуманистік сезім мен Жұмағұл бойындағы дүниеқоңыздық, сараңдықтардың  кереғар қарама-қайшылықтары.

 

М. Әуезовтің әңгімелерін сөз еткенде оның бұл жанрдағы адымдарын кезең-кезеңге бөліп, 20 жылдарда төңкеріске дейінгі өмірді бейнелеп, 30 жылдары кеңес дәуірінің тұрмыс тіршілігін суреттейтін социалистік реализм әдісіндегі шығармалар жазғаны белгілі. Ол осы адымдардың әр тұсында творчестволық эволюциядан өтіп, қаламгер ретінде сатыдан сатыға көшіп, суреткерлік сапарының әр адымында соны сыр ашып, тың түр тауып отырды.

М.Әуезов әңгіме өрісін барған сайын кеңейте түседі. Әңгіме көлемі ұзарып, көлемді прозаға ауыса бастайды. Жазушы «Қараш-қараш оқиғасы» (1927), «Көксерек» (1929), «Қилы заман» (1927) шығармаларын жазады.

Жазушының 20 жылдардағы шығармаларының ішінен «Қараш-қараш» повесі өзгеше мәнді орын алады. Мұның ерекшелігі шығармада кемел көркемдік пен ілгерішіл, күресшіл дүниетанымның табиғи қабысқандығы. М.Әуезовтің суреткерлік сапарындағы тың өріс осы повестен айқын көрінеді. Сондықтан «Қараш-қараш» оқиғасын жазушының белес, этаптық туындысы деп қарауға болады. Автордың бұған дейінгі шығармаларында зәбір көргендер жапа шеккендер қанаушылар қиянатына қанша ашынғанмен, оларға қарсы бел шешіп күресе алмайды. Бас кейіпкерлердің бәрі өз қарсыластарымен тіктесе алмай көбіне құлап түседі, өздерін құрбандыққа береді.

Бұларға қарағанда бір адым ілгері басып, қаналған адамның қанаушыға қарсы ашық айқасын көрсететін шығармасы – «Қараш-қараш оқиғасы». Бұл повесть идеялық-көркемдігі жағынан 20 жылдардағы Әуезов прозасының биік шоқтығы болып табылады. М.Әуезовтің бұл шығармасындағы өмір шындығының көркем шындыққа айналуы жөнінде ф.ғ.д., профессор Ж.Дәдебаев: «М.Әуезовтің «Қилы заман», «Қараш-қараш оқиғасы», «Өскен өркен», «Абай жолы», «Еңлік-Кебек» және басқа да шығармалары өмірлік материалдарды, шындық болмыстағы нақты құбылыстарды творчестволықпен игерудің айрықша суреткерлік парасатпен пайымдаудың сан алуан озық үлгілерін көрсетеді» деп бағалады.

«Қараш-қараш оқиғасы» да төңкеріс қарсаңындағы қазақ қоғамының шындығынан туған, ескі ауылдағы әлеуметтік теңсіздік тәрізді өткір тартысқа құрылған. Мұнда да 20 жылдардағы әңгімелеріндей дала билеушілерінің заңсыз жуандығы суреттеледі. Бірақ, повестің бас кейіпкері Бақтығұлдың ісі мен мінезі өзіне дейінгі өзі секілділерден өзгеше. Бұл олар секілді өз тағдырының құлы емес, иесі болуға ұмтылған адам. Бақтығұл – күрделі тип, бір өзінің басында бірнеше қайшылықтар, кереғар қарама-қарсылықтар тоғысып жатыр. Бақтығұлдың мінезі осы шытырманнан шығар жол табу әрекетінде, қимыл үстінде қалыптасады. Басында да онша орғып, қарғып тұрған асаулықтың белгісі жоқ інісі Тектіғұл екеуі Сәт, Сәлмен байлардың есігінде жалшылықта жүргенде бұл да «бетегеден биік, жусаннан аласа» болатын. Бірақ зорлықшылдар опа бермей, бастарынан таяқ айырмайды. Ақырында Тектіғұлды соққыға жығып, ол төсек тартып ұзақ жатып, азаппен өледі. Інісінің өлімі Бақтығұлдың жан дүниесін қатты сілкіп, кеудесі шер мен бірге кекке толады. Енді дұшпанын бұл сілкілегісі келеді, онысы үш есе ауырлыққа түседі. Күнкөріс қамымен басқа байға Жарасбайға жалданады. Ол Бақтығұлды ұрлыққа салып, барымтаға жұмсайды. Ақыр аяғында бар қылмысты Бақтығұлдың өзіне аударып, сатып кетеді. Енді әбден ызаланған, ашынған Бақтығұлдың көкірегін өшпенділік оты жайлайды. Сөйтіп Жарасбай болысты атып өлтіріп, абақтыға түседі.

Ең алдымен бұл жазушының реалистік шеберлігі өсіп, кемелдене түскенін, кейбір көріністерді сырттай сипаттаудан гөрі, өмірдегі құбылыстарды жан-жақты өте терең бейнелеуге көшкенін анық аңғарамыз. Сондай-ақ «Қараш-қараш оқиғасы» ілгеріректе жазылып, бірнеше рет жарияланса да, автор бұл туындысына отыз жылдан астам уақыт өткеннен кейін қайта оралып, өңдеп шықты. Шығарманың сюжетін кеңейтіп, мазмұнын тереңдете отырып, ондағы әлеуметтік сарындарды күшейте және айқындай түсті.

Шығарманың өзіне келсек, ол көлемі шамалас сегіз тармақтан тұрады. Ең біріншісі – шағын бөлігінде тұжырымды түрде әңгіменің бар түйіні берілген. Осыған сәйкес басты кейіпкер Бақтығұлдың да келешектегі іс-әрекеттерінің түп-төркіні осында желіленіп тартылған. Сөйтіп, бірден-ақ негізгі кейіпкерлермен танысамыз. Олар – Бақтығұл, оның әйелі Қатша және көптен бері төсек тартып, хал үстінде жатқан Тектіғұл. Оның мұндай халге қалайша жеткенін түсіндіргенде, әке-шешеден тым ерте айрылған екі жастың азапты өмірін, бай жуандар мен би-болыстардың оларға көрсеткен жәбір-жапасын, зорлық-зомбылығын жазушы сорақы баяндаса да, өте қонымды бере білген.

Бақтығұл мен Тектіғұлдарға қарсы тұрған қара күш, бір жағы, жауыздықтың жиынтығы іспетті «соқтыққыш сотқар ауыл» Қозыбақ болса, екіншіден, сол Қозыбақтың жүгенсіз жуандары Сәт пен Сәлмен елінен ауып, нағашыларынан пана іздеп келген екі  жетімді сан жылдар бойына мал соңына салып, олардың адал еңбегін жейді, онысы аздай-ақ, басқа да малайларымен бірге барымтаға аттандырып, байыған үстіне байи түседі. Сондықтан да Тектіғұдың өлер алдындағы соңғы айтары: «Кегім... кетті…» деген күйініш сөз. Бүкіл шығармаға түйін болып Бақтығұлды «жұрттан бөлек бір сыңайға мінгізген де» осы бір зілді сөз.

Кек қуып, атқа мінсе де жалғыз өзі қалың жауға төтеп беріп, қарымта қайыра алмайтынын Бақтығұл жақсы түсінеді. Сәт, Сәлменмен, иесі Қазыбақпен тіресе айқасу үшін қайтсе де күшті біреудің панасын іздеу керек деп іштей түйеді ол. Бақтығұл санасындағы зұлымдыққа қарсы күресте оның дұрыс жол таба алмай адасуын жазушы өте дәлелді және нанымды етіп суреттеген. Билер алдында алғаш рет терлегеннен кейін Бақтығұл барлық мән-жайды танумен бірге Жарасбайға сенемін деп қатты қателескенін сезінеді. Енді оған қалған бір-ақ жол бар. Ол – қашқын жолы, ел жұртынан безген бейбақ жанның қатал тағдыры. Сөйтіп қашқынға айналған Бақтығұлдың санасын бір ғана ой, бір ғана тілек билеп алады. Ол қайтсе де Жарасбайдан кек алу, Жарасбайдың көзін жою, оған жарық дүниеде жер басқызып жүргізбеу. Осы арманның іске асырып Жарасбайды өлтіргеннен кейін Бақтығұлдың хал-күйін жазушы былай суреттейді: «Денесін талай заманнан тұқыртып басып жүрген дерт пен жыннан бір сәттің ішінде құлантаза сауығып айыққандай болды». Композициялық құрылысына тоқталсақ, негізгі тақырып біреу ғана: Бақтығұлдың ауыр тағдыры. Сол бас қаһарманның іс-қимылдарына байланысты бар оқиға дамып, өркендеп немесе бәсеңдеп, сөніп, қалайда өз шешімін тауып жатады. Сәт, Сәлмендер мен Жарасбай, Сәрсендердің айла әрекеттерін де Бақтығұлдың пайымдауы арқылы бағалап, танып отырамыз.

М.Әуезов 20 жылдардағы әңгімелерінде кейіпкерлердің тартысы жалпы адамгершілік мәселелерін қозғауға арналған болатын. 1930 жылдар табалдырығын аттағанда қазақ прозасы көбіне көп әлеуметтік саясат мәселелеріне ойысты. Социалистік реализм әдісі жазушылар назарын тап күресіне тереңірек бөлуге бұрғызды. Бай мен кедейді  қырқыстыру әдебиеттің ауа райын да бұзды. Саясат, солақай тұрпайылық белең алды. Осының алдында ғана түрмеден босаған Әуезов, большевиктердің  дегеніне көнуге мәжбүр болды. Кеңес тақырыбына арнап «Үш күн» (1934), «Іздер» (1932), «Құм мен асқар биік» (1934), «Білекке білек» (1933), )Шатқалаң» (1935), «Қасеннің құбылыстары» (1933), «Бүркітші» (1937) т.б. әңгімелерін жазады. 1929-1939 жылдардың арасындағы кеңес үкіметінің жүргізген қуғындау, жазалау идеологиялық қысымда ұстау саясаты суреткерді шығармашылық еркіндіктен айырып, көкейкесті тақырыбынан бас тартуға мәжбүр етті. Жалпы алғанда М.Әуезовтің алғашқы кезде жазған шығармаларының қай-қайсысы болса да көркемдік деңгейі жоғары, уақыт рухына жауап ғажайып шығармалар, ол шығармалардың бәрі де әлі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ, қайта керісінше уақыт өткен сайын ұлттық өнеріміздің асыл жауһарлары болып туған еліне қалтқысыз қызмет етіп келеді.

 

 Пайдаланылатын   әдебиеттер.

1. ІІ - Әуезов  оқулары.// Жас ғалымдардың ІІ халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары.  - А: Академия,  2004 ж

2. Бердібай  Р. Мұхтар  шыңы.-А,  Ғылым.  1997ж

3. Дәдебаев  Ж. Мұхтар  Әуезов   -А,  1991ж

4. Исмакова  А.   Казахская  художественная   проза   -А,  1998ж 

5. Кенжебаев  Б. Шындық  және  шеберлік.  -А,  Жазушы  1965ж

6. Қазақ  әдебиетінің  тарихы.8-том,- А, 2004ж 130-169 бет

7. Қабдол  З.  Әуезовтің  әсемдік  әлемі //Әуезов. -А, Санат.  1997ж

8. Мұхтар  Әуезов  тағылымы. Әдеби  сын  мақалалар мен  зерттеулер.  -А, Жазушы.  1987ж.

9. Майтанов  Б  . М.Әуезов - суреткер .  -А,  1991ж

10. М.Әуезов-ХХ  ғасырдың  Ұлы  жазушысы  және  гуманисі   Мерекелік  сессия  және  конференсия  материалдарының  жинағы  -А,1997ж.

11. Нұрқатов  А. Мұхтар Әуезов  творчествосы. -А, Жазушы  1965ж

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-04-23 20:12:49     Қаралды-9852

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »