UF

Жасөпірімнің психологилық  даму ерекшеліктері мен таным процестерінің дамуы.

                                                     Жоспар:

Жасөпірімдік шақтың психологиялық  даму ерекшеліктері.

Жасөпірімнің шақтың моральдік қалыптасуы мен    даму.

Жасөспірімнің өзiн-өзi тәрбиелеудегі психологиялық мәсілелері.

            Баланы оқыту-тәрби процесінде  жетілдірудің психологиялық  жолдары.

            Бағалаудың  психологиялық –педагогикалық талапқа сай келуі.

 

Баланың жас өспірімдік (14,5-17 жас) бұл күрделі кезеңнің басталуы ғана. Ал, оның негізгі ерекшеліктері қандай? Адамның дене дамуының аяқталатын кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың бойының толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады (ауытқу плюс-минус 13 ай), жігіттерде 18 мен 19-дің арасы (ауытқу плюс-минус 10 ай). Салмағы артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады. Бұлшық ет күші өте тез өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан екі есе асып түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін адам қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине, көп нәрсе дұрыс тамақтану режимі мен дене шынықтырумен шұғылдануға байланысты. Спорттың кейбір түрлерінде балаң жастық – ең көп жетістіктерге жететін кезең.

Жыныстық даму жөнінен жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста постпубертаттық кезеңде болады. Көп тараған түсініктерге қарамастан, жыныстық толысудың мерзімі нәсілдік және ұлттық ерекшеліктерге, климатқа байланысты емес. Өзіндік сана күрделі психологиялық   құрылым,   ол   ерекше компонеттер ретінде өзіне. В.С. Мерлиннің осылай деп санайтынындай, біріншіден, өзінің теңдестігін ұғынуды, екіншіден, белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз менің ұғынуды, үшіншіден, өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды, төртіншіден, өзін-өзі әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды. Бұл элементтердің бәрі бір-бірімен функциялық және генетикалық тұрғыдан байланысты. Бірақ олар бір мезгілде   қалыптаспайды.   «Адам тұлғасының даму үрдісі бүкіл өмір бойы тоқталмайды. Осыған сәйкес өзін-өзі бағалау дағдылары бүкіл өмір бойы қалыптасады және дамиды. Адамның басқа адамдармен қарым-қатынас тәжірибесі неғұрлым көп болса, ол тұлға ретінде өзі туралы соғүрлым көбірек ақпарат алады, практикада өзі туралы өз пікірлерін басқалардың пікірлерімен байланыстыруына тура келеді. Оның өз әрекетін, қылығын дұрыс қабылдау және бағалау қабілеті тезірек және белсендірек дами түседі. Сондай-ақ басқа да адамдардың түлғалық саналары дамиды».

Ерте жасөспiрiмдiлiкке өту жолында жоғары сынып оқушыларын оқытуда оларды» адамгершiлiк қабiлетi, сана сезiмдерi, анықтаулары қалыптаса бастайды. Яғни, бұл кезең адамгершiлiктi» жаңа деңгейiне өтудi бiлдiредi.

Егер төменгi сыныптағы шақта адамгершiлiк мәселелерiн шешуде – мұғалiмдер мен ата-ана болса, ал жасөспiрiмдер бұл сұрақтарды шешуде өзiнiң жора-жолдастары ұжымында және де ғылыми көркем публицистi әдебиеттi, өнер туындыларын, теледидар  т.б. жүгiнедi.

Т.В.Снегировты» зерттеуi бойынша өткен қазiргi және болашақ “мен”-мен қатынас жасауда жасөспiрiмдердi» жекелiк анықтауларының өзiндiк ерекшелiктерi кјрiнiс беретiн  “мен”-«менi» құнды-уақытша құрылымының 6 типiн көрсетедi.

Барлық үш “мен” бiр-бiрiмен байланысты тең дәрежеде идеал “менге” сәйкес келедi. Бұл адамның өзiне деген субъективтi гармониялық көзқарасы.

Нақты “мен” өткенге қарағанда жоғары деңгейде болашаққа тартып тұрады. Өткен “мен” жат болып көрiнедi және оған деген көзқарас өте сыншылдық болады. Ал нақты “мен” өзiн-өзi жеке тұлға ретiнде анықтауда жаңа басқыш болып саналады.

Болашақ “мен” қазiргiнiң үзiндiсi. Барлық “мен”-» өмiр сүру уақыты әртүрлi секiлдi. Бiрақ идеал “мен”-мен тек болашаққа  сай келедi.

Идеал “мен” болашаққа да, қазiргiге де қосылмаған, ол олардан бөлек және жеке тұлғаны» дамуына қатыспайды.

Ал, өткен және қазiргi “мен” бiр-бiрiмен байланысты болады. Олардан болашақ және идеал “мен” байланыстыратын жол қалыптасады. Ондай болмаған жағдайда кейбiр адамның өзiн-өзi бағалаулары төмен болып, өткен және қазiргi “мен”-дi идеал және болашақ “мен”-дi байланыстарға  болмайды.

Қазiргi “мен” даму процесiне тiптен қатыспайды. Ол өткеннен қол үзiп, болашақпен байланысы жоқ, ал идеал “мен”-ге сай келмейдi.

Жасөспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму кезеңі.Бұл шақтың көптеген теориялары бар.Биологиялық теориялар нақ өсудің биологиялық процестері басқаларының бәрінен басым болады деген оймен жасөспірімдікті алдымен организм эвалюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды.Психологиялық теориялар психикалық эвалюцияның заңдылықтарына ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады.Жасөспірімнің социологиялық теориялары оны алдымен әлеуметтіктің белгілі бір кезеңіне  тәуелді балалықтан ересектіктің дербес те жауапты іс-әрекетіне көшуі деп қарайды.

Бірақ бұлар белгілі бір мезгілде қалыптаспайды.Өзінің психикалық қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңде неғұрлым көп маңыз алады.Бұл жас кезеңінде ол өзінің қандай екенін ,қаншалықты құнды,қабілетті екенін барынша толығырақ түсініп білгісі келеді.Өзін-өзі бағалаудың екі тәсілі бар.Оның біріншісі,өз талаптарының деңгейін жеткен нәтижелерімен салыстырып бағалау,ал екіншісі -әлеуметтік жарыс,өзі туралы төңірегіндегілердің  пікірлерін салыстыру.

      Өзін анықтаудың күрделі проблемаларын жасөспірім жалғыз өзі шешпейді, әке-шешелерімен,құрбы-құрдастарымен,мұғалімдермен бірге ,олардың қолдауы жағдайында шешеді.

Жасөспiрiмдiк кезеңмен байланысты едәуiр аңғарылған құрылыстардың бiрi – бұл өзiн-өзi тәрбиелеуге өте күштi құштарлық. Өзiн-өзi тәрбиелеудiң белсендi процесi дәл осы жаста басталады және әдетте адамның кейiнгi өмiрiнiң iшiнде қандай да бiр формада жалғаса бередi. Жеткiншектiк кезеңдегi өзiн-өзi тәрбиелеудiң бастамасы деп, бiз баланың 12-13 жасқа келгенде ең алғаш рет интеллектуалды мүмкiншiлiктер мен жеке даралық өздiгiнен жетiле (самосовершенствование) туралы ойларының, пайда болу фактiсiн айтамыз. Яғни баланың осы мақсатқа жету үшiн саналы, және мақсатты бағытталған әрекет жасауын айтамыз.                                      

 

 

         Балаларды  оқыту,  тәрбиелеу  жетістіктері  және  білімді  нақты  меңгеруі,  жеке  бастық  белгілі–бір  әдіс–тәсілдерін  саналы  меңгеруіне  байланысты.  Баланың  жеке  басы  белсенді  болғанымен  оған  белгілі – бір  бағыт  бағдар  беріп  отырмаса,  өздігінен  оқу  ісінде  де,  қоғамдық  істе  де,  белсенді  араласып  кете  алмайды.  Мотивация  жетіспегендіктен  қабілеттілігі  артпайды,  жеке  интеллектуалдығы  жай  дамиды.  Мұндай  жағдайларда  баланың  жеке  басының  оқуға,  жаңа  білімге  талпынысын,  әсіресе  дұрыс  меңгеруге  деген  талпынысын  қамтамасыз  ету  тиіс.

          Баланы  оқыту  мен  тәрбиелеуде  көптеген  тәсілдер  бар,  бірақ  іс  жүзінде  мотивациялардың  жетіспеуінен  толық пайдаланылмау  себептері:

   1–шіден  әр  түрлі  жастағы  балалардың  ерекшеліктері,  жаңа  білімді,  дағдыны  саналы  меңгерудегі  қызығушылығы  ескерілмейді.

   2–шіден  біз  педагогикалық  қызметпен  айналысқаннан  кейін  ғана  балаларды  оқыту  әдісіне  көңіл  бөліп  ойлана  бастаймыз.  Бұл  кезде  өзіміз  балалық  шақтан  асып  өтіп  кеткендіктен,  сондықтан  балалардың  тәртібін,  мінез – құлқын  тұспалдап  қана  елестетеміз.  Біздің  тұспалдығымыздың  дұрыстығына  да  көзіміз  жетпейді.  Мүмкін  біз  оларға  жоқ  нәрселерді  жорамалдайтын.

   3–шіден,  балалардың  арасында  басқа  балаларды  қызықтырмайтындай  жеке  ерекшеліктері  бар.

   4–шіден  қолданылып  жүрген  мотивациялардың  өзі  де  өзгермелі  болып  келеді.  Тұрақты  емес,  сондықтан  бұл  мотивация  түрлері  оқу – тәрбие  жұмыстарында  біріне  тиімді  болса,  екіншісіне  тиімсіз  болып  жатады.  Балаларды  оқытумен  тәрбиелеудің  негізгі  басты  міндеттерінің  бірі–осы  мотивацияның  4 түрін  іс–жүзінде  тиімді  етіп  пайдалануға  мүмкіншілік  жасау  керек.

Оқу–тәрбие  жұмыстарындағы  балалардың  қызығушылығын  арттыруға  әдістердің  қаншама  түрлерін  қарастырғанымызбен  соңында  мадақтау  және  жазалау  жүйесіне  келіп  тіреледі.

         Сондықтан  балалардың  дұрыс  реакциясы  болуы  үшін  жақсы– жаман  түрткіні  ауыстырып  отырған  жөн.  Оқу–тәрбие  жұмыстарын  кешенді  комплект  түрде  жүргізіп  отырған  дұрыс.  Оқушыларды  қызықтырып,  олардың  қажеттілігін,  шығармашылығын  дамыту  жолында  әртүрлі  қозғаушы,  бағыттаушы  әдіс–тәсілдердің  комплекті  түрін  пайдаланып  отыру  керек.  Кешенді  комплексті  жүргізу  деген  сөз–бір  мезгілде  органикалық,  материалдық,  рухани,  жеке  және  әлеуметтік  сияқты  түрлі  жағдайларға  байланысты  пайдаланып,  балаларды  дұрыс  жолға  тәрбиелеп  отыруға  болады.  Органикалық  баланың  органикалық  қажетін  (ұнамды,  физикалық,  тәтті–дәмді  т. б.)  қанағаттандыру.

         Материалдық  жағдайы–баланың  өзіне  қажетті,  ұнайтын  заттарын  алуын,  оларды  пайдалануын  қамтамасыз  ету.

         Моральдық  жағдайы–баланың  рухани  қажетін,  өзінің  істеген  ісіне  деген  сүйіспеншілігін,  айналасына  деген  адамгершілік  тұрғыдағы  көзқарасын  қалыптастыру  мақсатын  жетілдіру.

         Әлеуметтік  жағдайы–балада  адамгершілік  қарым–қатынасты  қалыптастыру  адам  баласына  жоғары  дәрежеде  силастықпен  көңіл– аудару,  өмірде  өз  орнын  табуға  көмектесу  т. б. Жеке  жағдайы–адамның  жеке  басының  қалыптасуына,  яғни  оның  адам  үшін  не  қажет,  өзін  қызықтыратын  қажетті  жағдайдың  болуы.

         Оқу  тәрбие  ісінде  жеке  және  адамгершілік  қажеттіліктің  дамуына  педагогикалық  бағалау  үлкен  орын  алады.  Басқа  түрлі  қызметтерге  қолданылатын  әдістермен  салыстырғанда.  Бұдан,  жоғарыда  келтірілген  түсініктер  мен  пікірлердің  педагогикалық  бағалауға  жататынын  айтамыз.  Оқу – тәрбие  қызметінде  оның  жетісмтігін  анықтайтын  бірден – бір  спецификалық  жағдай  педагогикалық  бағалау  болып  табылады.  Баға  баланың  жоғары  дамуына  мына    жағдайды  ескере  отырып  әсер  етеді:

          1. Оқу  тәрбие  жұмыстарында  бааланың  жоғары  нәтижеге,  жетістікке  жетуіне  көптеген  әр  түрлі  жағдайлардың  қажеттілігінің  қолданылуы.

         2. Әр  түрлі  жастағы  балаларға  олардың  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  білімін  бағалау.  Жеке  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  жаңалықтарды  меңгеруге  балалардың  іскерлігін  жеке  басының  саналылығын  ескере  отырып,  ситуациялық  жағдайларда  білім  беруді  бағалау.

         Баланың  сөзін  мақұлдау  арқылы  қоғамдағы  рөлін  анықтайды.

          Мақұлдау.  Бұл  баланың  жасаған  немесе  жасайтын  ойы  бар  әрекетін  айтады.  Мақұлдау  жайлы  айтқанда  негізінен  вербальды  және  вербальды  емес  позитивті  баға  беру  әрекетін  айтамыз.

   1.  Вербальды  баға  беру – баланың  сөз  арқылы  жеткізуін  және  де  сәйкес  баға  бере  алуымен  талқыланады.

   2.  Вербальды  емес – ол  баланың  мимикасы,  пантамимикасы  және  де  аналогиялық  баға  беру  рөлін  айтамыз.  Адамның  мақұлдауы  көп  жағдайда  вербальды  және  вербальды  емес  әрекет  арқылы  көрінеді. 

         Эффективтік  педагогикалық  баға  ол  баламен  қарым – қатынастағы,  тәрбиеленудегі  стимулдық  рөлі.  Жеке  адамның  тәрбиесі,  интеллекті  түпкісі  балада  ішкі  және  сыртқы  болып  көрінеді.  Сыртықы  түрткі  балада  дамымаса  ол  баланың  қоғамдық  қарым – қатынастарымен  беделді  әрекетін,  қызығушылығын  төмендетеді.

         Ішкі   түрткі – баланы  оқыту  мен  тәрбиелеуде  негізінен  сыртқы  түрткіге  қарағанда  эффективтік  педагогикада  ішкі  түрткі  зор  бағаланады.  Балада  сыртқы  түрткіні  жетелейді,  және  көрсетеді ,  ішкі  түрткімен  сыртқы  түрткі  бір – бірімен  өте  тығыз  байланысты  екендігін  көруге  болады.

         Индивидуалдық  мінез  педагогикалық  баға  беруде  эффективтік  негізінен  баланың  жеке  индивидуалдық  ерекшеліктеріне  және  де  актуалды  қажеттіліктеріне  байланысты.  Педагогикалық  баға  берудің  бір  түрі  балада  қызығушылығын  оятса,  соған  қарай  зейін  аударылады.  Педагогикалық  бағалауда  баланың  жағымды  өз  талдауы  болады.  Оның  жасына  байланысты,  баланың  ерекше  қылықтары  оның  стимулдық  әрекетімен  нәтижесінде  оның  дамуы  ерекшеленеді,  қызығушылығы  сапасы  артады.   

  

Пайдаланатын әдебиеттер:

Вайсман   Р.С.,   Развитие   мотивадионной   сферы      человека   в   старшем   возрасте: М.,1976

Головей Л.А. Психология становления субъекта деятельности в периоды юности и взрослости.СП.,1996

     Калмыкова З.И., Продуктивное мышление как основа обучаемости.- М.,1986.

     Франкл В. Человек поисках смысла.-М.,1990.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-04-14 20:20:03     Қаралды-24472

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »