UF

ҚАЗАҚ ССР ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ

Партия халықтың әл-ауқатын өсіру бағытын коммунистік құрылыстын барлық кезеңінде жүзеге асырып отырды. Совет өкіметі жылдары еңбекшілердің материалдық және мәдени тұрмысында орасан зор сандық және сапалық өзгерістер болды.

Халықтың әл-ауқат дәрежесін арттыру - бұл, ең алдымен, халық ш-ның барлық саласында еңбекшілердің жұмыспен толық қамтамасыз етілуі және еңбек өнімділігі негізінде қоғамдық байлықтың өсуін тездету.

Экономика дамуының және халықтың әл-ауқаты дәрежесінің мейлінше қорытынды көрсеткіштері ұлттық табыс болып табылады.

Бүкіл еліміздегі сияқты Қазақстанда да өндіргіш күштерді дамыту, лениндік ұлт саясатын дәйекті түрде жүзеге асыру негізінде жұмысшы табының, шаруалардың, интеллигенцияның тұрмыс дәрежесі үздіксіз өсіп келеді. Елімізде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік программа совет халқының материалдық және рухани тұрмысының барлық жағын қамтып, халықтың барлық тобы мен еңбекшілер категорияларының қажетін неғұрлым толық қанағаттандыруға бағыттталған.

Республикада ұлттық табыстың өсуі халықтың әл-ауқатының өсуін айқын сипаттайды. Тек 1965-1975 ж. ұлттық табыс көлемі екі есеге өсті.

Соц. экономиканы жасаудың барлық кезеңінде қоғамдық өндірістің дамуы ұлттық табыстың өсуін қамтамасыз етіп отырды. 10-бесжылдықта Қазақ ССР-інің ұлттық табысы 38%-ке, өнеркәсіп өнімі 40%-ке көбейеді. А. ш. өнімінің орташа жылдық көлемі 15%-ке өседі. Ұлттық табыс көлемі еңбекшілердің материалдық және мәдени қажетін неғұрлым толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Халықтың жан басына шаққандағы нақты табысы 15%-ке көбейеді.

Халықтың нақты табысы - халықтың тұрмыс дәрежесінің жинақтауыш көрсеткіші.

Халык табысының жалпы сомасын- ла еңбекке ақы төлеу қорының үлес салмағы 70%-ке жуық. Осыған орай халык табысының жалпы өсімінің негізгі бөлігі де еңбекке ақы төлеу қорының үлесіне тиеді, оның үлесі табыстың жалпы өсімінің 3/4-іне жуық.

Жалаңыны реттеу формалары мен әдістеріне, оның мөлшеріне мемлекеттің ықпал ету дәрежесіне қарай жалақы негізгі (біршама тұрақты) және қосымша (ауыспалы) жалақыға бөлінеді. Негізгі жалақыны ұйымдастыру тарифтік жүйе арқылы жүзеге асырылып, жұмысшылардың тарифі және инженер-техник қызметкерлер мен қызметшілердің айлығы түрінде болады. Қосымша жалақы қызметкерлер мен жұмысшылар (кәсіпорынның, бірлестіктің) бүкіл коллективінің арасындағы қатынасты бейнелейді.

Республика халық ш-ндағы жұмысшылар мен қызметшілердің орташа айлық жалақысы 1970 жылғы 123,7 сомнан 1975 ж. 147,6 сомға, яғни 19,3%-ке көбейді.

Колхозшылардың орташа айлық еңбек ақысы 9-бесжылдықта 13%-ке өсіп, 1975 ж. 113 сом болды.

Халық табысы шаруашылықты жүргізудің жаңа жағдайына көшкен кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдасынан құралатын қорлар есебінен көбейіп отырады. Көтермелеу қорлары 1978 ж. материалдық көтермелеу қоры бойынша 379,3 млн. сом, әлеуметтік мәдени шаралар мен тұрғын үй құрылысы қоры бойынша 142,0 млн. сом болды.

Материалдық көтермелеу корынан 1 қызметкерге төленетін орташа ақы 22,6%-ке өсіп, 1976 ж. 174,6 сом болды, ал 1 жұмысшыға төленетін орташа ақы 40%-ке өсіп, 126,3 сомға жетті, яғни жалақы қорынан төлейтін акының 10%-іне өсті. 9-бесжылдықта жалақыны көбейту және жетілдіру, салықтарды қысқарту және азайту жөніндегі шаралардың нәтижесінде республикада 3 млн. адамның материалдық әл-ауқаты жақсарды. 1979 ж. жұмысшылар мен қызметшілердің орта­ша айлык, жалақысы 163 сомға дейін көбейді.

Республикада қалыптасқан халық ш. салалық құрылымына орай өнеркәсіптегі, совхоздағы және кұрылыстағы жалақы жалпы одақтық дәрежеден асып түседі, ал қызмет көрсету саласында он біршама төмен болып отыр, мұның өзі бұл саладағы кадрлар мамандығының әлі де төмендігіне байланысты.

Өндірістік емес салаларда еңбенке ақы төлеудің жаңа жағдайына көшу жөніндегі шаралардың аяқталуына сәйкес республиканың кейбір аудандарында құрылысшылар мен қызметшілердің жалақысына аудандық коэффициенттер енгізілетін болды. Кейбір салаларда түнде жұмыс істегені үшін қосымша ақы төлеу енгізіледі.

Республикада 1977 жылдан жаңа айлықтар мен ставкалар енгізілді, ол шамамен 1,5 млн. адамды, яғни халық ш-нда жұмыс істейтін адамдардың 1/3-ін қамтиды, бұл үшін жылына 300 млн. сомнан астам қаржы бөлінді. Ставкалар мен айлықтар орта есеппен 18%-ке, яғни айына 20 сомға, ал жы­лына 240 сомға көбейді. Егер бесжылдық басында айлық табысы жан басына шаққанда 100 сомнан асатын семьялар халықтың шамамен алғанда 1/3-і болса, 1980 ж. халықтың жартысына жетеді.

Бұл ретте өндіріс пен өндірістік емес сфера қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудегі арасалмақ жақсартылады, мұның өзі қызметкерлердің, әсіресе қызметтін түрлі салалары мен сфераларындағы осыған ұқсас мамандықтағы қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудегі бірлікті нығайтады; жалақының әлеуметтік-мәдени салаларды, кызмет көрсету сферасын, халық үшін өмірлік мәні зор ғылымды дамытудағы ынталандырушылық ықпалы күшейе түседі; салалар мен қызметкерлер категориясы бойынша жалақыны өсіруде дифференциация жасау көзделді, муныц өзі коғамның әр түрлі топтарының, қала мен ауыл тұрғындарының әл-ауқат дәрежесін, еңбек жағдайы мен тұрмысын жақындастыруға байланысты бірқатар әлеуметтік проблемаларды шешуге көмектесетін болады.

Жаңа конституцияда совет адамдарының талап-тілегін неғұрлым толық қанағаттандыру мақсатымен тегін немесе жеңілдік беру, еңбегі үшін ақшалай үстеме сыйлық түрінде соц. қоғам мүшелеріне түсетін тұрмыстық игіліктің бір бөлігі болып табылатын қоғамдық тұтыну қорлары жасалып жатқандығы атап көрсетілген. Республика халқының қоғамдық тұтыну қорынан алатын төлемдері мен жеңілдіктері 1975 ж. 4,7 млрд. сом болып, 1965 жылмен салыстырғанда 2,3 есе өсті. Бұл төлемдердің ұлттық табыстың жалпы көлеміндегі үлес салм. 31%. Мемлекет қоғамдық ұйымдар мен еңбек коллективтерін кеңінен қатыстыра отырып, бұл қорларды әділ бөлуді қамтамасыз етеді.

1975 ж. республикада қоғамдық тұтыну қорынан халыққа төленген 4728 млн. сом төлемдер мен жеңілдіктердің жалпы сомасынан ағарту жұмысына (тегін білім беру, мәдени-ағарту жұмыстары) 1537 млн. сом, яки 32,5%, денсаулық сақтау мен дене шынықтыруға (тегін мед. көмек, санаторий-курорттық қызмет көрсетулер, дене тәрбиесі) 676 млн. сом, яки 14,4%, әлеуметтік қамсыздандыру мен сақтандыруға 1538 млн. сом, яки 32,5% жұмсалды; мемлекеттің өтелмейтін төмен пәтер ақы жөніндегі тұрғын үй қорына жұмсалған шығыны 356 млн. сом, яки 7,5%, жұмысшылардың, қызметкерлер мен колхозшылардың кезекті демалысына төленетін ақысы 535 млн. сом, яки 11% және жалақы қорына жатқызылмайтын бір жолғы сыйлық 86 млн. сом, яки 2%. Қорыта айтқанда тегін қызмет көрсетудің жалпы сомасы 2502 млн. сом, яки 53 % және ақшалай төлем 2226 млн. сом, яки 47% болды.

Халықтың жан басына шаққандағы қоғамдық тұтыну қоры 1965 ж. 173 сом, 1975 ж. 332 сом болды, ал 1980 ж. оны 387 сомға жеткізу, яки бесжылдықта 28%-ке осіру көзделіп отыр. Қоғамдық тұтыну қоры сан жағынан ғана өсіп қоймай, оның ролі әлеуметтік-экономик. міндеттерді шешуде де едәуір арта түсуде.

Халықтың ал-ауқатын көтеруде қоғамдық өндірістің сапасы мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Сондықтан қоғамдық тұтыну қорларының осы аса маңызды әлеуметтік-экономик. міндеттерді шешуге көмектесетін бағытына елеулі түрде көңіл бөлініп отырады. Бұл ретте маман кадрларға білім беру мен даярлау саласын дамытудың ролі үлкен. Қазір еңбекшілердің 3/4-тен астамының жоғары және орта білімі бар. Республика 60 жылда сауатсыздықтан жалпыға бірдей орта білім алуға көшуге дейінгі үлкен жолдан өтті.

Республикада жастардың жалпыға бірдей орта білім алуына көшу негізінен аяқталды. Әрбір совхоз бен колхозда оқушылар үшін интернаты бар орта мектеп салу міндеті алға қойылды. Қазіргі кезде 503 мың орындық мектептер салынып жатыр, олардың ішінде 312 мың орындық мектептер ауылдық жерлерде салынады. 1 оқушыға жұмсалатын мемлекет шығыны жалпы білім беру мекгептерінде жылына 160 сом болды.

1979 жылдың басында республикада 432 кәсіптік-тех уч-ще жұмыс істеді, оларда 226 мыңнан астам оқушы оқыды. Олардың республика халық ш. үшін жұмысшылар даярлаудағы үлес салмағы 1978 ж. 30% болды. 798,9 мың жұмысшы даярлау белгіленді. Орта білімді жұмысшылар даярлау 2,5 есе өседі.

Республикада 1978-1979 ж. 53 жоғары оқу орнында 241,4 мың студент, 224 арнаулы орта оқу орнында 254 мың оқушы оқиды. Бесжылдықта 177 мың жоғары білімді, 311 мың арнаулы орта білімді маман даярлау көзделіп отыр.

Студенттер мен оқушылардың материалдық жағдайын одан әрі жақсарту шаралары жүзеге асырылуда. 1977 ж. 125,0 млн. сом (республика мемл. бюджеті бойынша) стипендия төленді, яки 1970 жылмен салыстырғанда 2 есе өсті. Техникумда оқитын 1 оқушыға 1978 ж. 677 сом, ал жоғары оқу орнында оқитын 1 студентке 925 сом жұмсалды.

Қоғамдық тұтыну қорының үздіксіз өсуі халық денсаулығын сақтау ісін дамытудың материалдық базасы болып табылады. Окт. революциясына дейін республикада жөні түзу мед. мекеме болған жоқ. 9-бесжылдықтың аяғында республикада дәрігерлердің саны 39,2 мың болып, орта есеппен 10 мың адамға 27,3 дәрігерден келді. Арнаулы орта білімді мед. қызметкерлерінің саны 1975 жылдың аяғында 130,7 мың болып, 10 мың адамға 91,2 қызметкерден келді, 178,7 мың ауруға арналған төсек, 5 мед. ин-ты және 28 орта оқу орны болды. 1980 жылға қарай республикада 50,6 мың дәрігер бар, яки 10 мың адамға 32,6 дәрігерден келеді.

Қоғамдық тұтыну қорының еңбекке жарамсыз адамдарды қамтамасыз етудегі маңызы барған сайын артып келеді. Балалар мен бөбектер бакшаларында 807,2 мың бала бар. Бөбектер бақшасында 1978 ж. 1 балаға 538 сомға жуық, ал балалар бақшасында 413,3 сомға жуық қаржы жұмсалды. Бұл шығынның 80%-ін мемлекет төледі.

Жан басына шаққанда табысы 50 сомнан аспайтын семьялардың балаларына жәрдем белгіленді. Көп балалы және жалғызілікті аналарға берілетін бұрыннан бар көмек түрлерімен бірге жәрдемнің бұл түрі табысы аз семьялардың табысын едәуір көбейтуге мүмкіндік берді. Мұндай жәрдемдердің сомасы республика бойынша 1978 ж. 129,6 млн. сом болды. Республикада еңбекшілерді пенсиялық және әлеуметтік қамсыздандыру ісі үздіксіз жетілдіріліп келеді. Тек соңғы жылдары еңбекшілердің барлық категориясы үшін қартайғанда берілетін пенсияның ең жоғары мөлшері, ал колхозшыларға, сонымен бірге, мүгедектігі үшін және асыраушысынан айрылғанда берілетін пенсия мөлшері көбейтілді. 1977 ж. металлургтер мен көміршілердің пенсиясы арттырылды.

Қазір 1,8 млн. адам мемл. пенсия мен жәрдем алады. 1977 ж. 1,6 млрд. сом пенсия мен жәрдем төленді, мұның өзі халықтың жалпы ақшалай табысының 11%-і болады. 1970 жылмен салыстырғанда пенсия мен жәрдем төлеу сомасы 1,8 есе өсті.

Халықтың әл-ауқатын өсірудің манызды көрсеткіші қолайлы тұрғын үй-коммуналдық қорларын ұлғайту болып табылады. Республикада соңғы 15-20 жылда тұрғын үй құрылысында елеулі сандық және сапалық әрлеуге қол жетті. Тек 9-бесжылдықта жалпы көл. 30,5 млн. м2 тұрғын үй іске қосылды, мұның өзі 3,5 млн-нан астам адамның тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. Тұрғын үй кұрылысының қарқыны 10-бесжылдықта да өсіп келеді, 1976 ж. 6 млн. м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, яғни 722 мың адам пәтер алды. Халықтың тұрғын үймен орташа қамтамасыз етілуі 1975 ж. бір адамға 9,76 м2-ден келсе, 1980 жылы 10,3 м2-ге жеткізу көзделіп отыр. Мұнда кейбір аудандардың, әсіресе ауылдық жерлердегі тұрғын үй жағдайын біркелкі етуге зор көңіл бөлінеді. 1976-1980 ж. қалалық жерлердің 88%-і, ал ауылдық жерлердің 90%-і газбен қамтамасыз етіледі.

Совет өкіметі тұсында біздің елімізде жұмыс аптасы 19 сағ-тан астам уақытқа азайтылды, қазір СССР Конституциясында баяндалғандай (41-ст.), апталық жұмыс уақыты 41 сағ-тан аспайды.

Халықтың әл-ауқатын өсіруде, әсіресе әйелдер үшін бос уақытты пайдалануды жақсартуда халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, қоғамдық тамақтандыруды және сауда түрлерін жетілдіру ісін одан әрі дамытудың мәні орасан зор.

Тұрмыстық қызметті жедел дамыту ісі аса маңызды әлеуметтік міндеттердің бірі болып табылады. Республикада тұрмыстық қызметті халық ш-ның жоғары дәрежеде механикаландырылған ірі салаларының біріне айналдыру жөнінде елеулі шаралар жүзеге асырылды. 1965 жылмен салыстырғанда халыққа тұрмыстық қызмет көрсету көл. 4,4 есе өсіп, 1978 ж. 327 млн. сомнан асып түсті.

Қазіргі кезде халыққа 650-ден астам тұрмыстық қызмет түрі көрсетіледі, 15,6 мыңнан астам ателье мен шеберхана бар, олардың 9,4 мыңы ауылдық жерлерде.

Үстіміздегі бесжылдықта тұрмыстық қызмет көрсетудің алдында әлі де күрделі міндеттер тұр. Бесжылдықта халыққа көрсетілетін қызмет көлемі кем дегенде 1,56 есе, оның ішінде ауылдық жерлерде 1,73 есе өсуі керек. Барлық облыс орталықтарында ірі тұрмыстық қызмет көрсету үйлерін салу, барлық аудан орталықтарында тұрмыстық қызмет керсету комбинаттарын және аудан орталықтарында жаңа моншалар салу міндеттері алға қойылды. Колхоздар мен совхоздар орталығында ауылдық тұрмыстық қызмет көрсету үйлері немесе комплексті қабылдау пункттері ашылуда.

Күрделі тұрмыстық машиналар мен приборларды жөндеу, киім-кешекті хим. әдіспен тазалау және бояу, транспорт құралдарын жөндеу, өзіне-өзі қызмет ететін кір жуу орындары, прокат пункттері сияқты қызмет көрсетудің жаңа түрлері басым қарқынмен дамытылып келеді.

Республикада қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының кең дамытылған жүйесі жасалды, олар 3 млн-нан астам адамға қызмет көрсетеді. Фабрика-кухня алдын-ала заказ қабылдау, үйге товар жеткізіп беру жүйесі ұлғайтылып келеді. Өткен бесжылдықта пайдалануға берілген 159 мың орындық асхана, кафе, ресторандарға қосымша 200 мың орындық асхана, кафе, ресторан салынып жатыр. Оның үстіне барлық кәсіпорынды, мекемені, оқу орындарын, мектепті асханамен қамтамасыз ету міндеті алға қойылды.

Халықтық тұтынудың өсуі бөлшек товар айналымының өсуі сияқты экономик. процесте өз көрінісін табады. 1975 ж. ол республика бойынша 1970 жылғы дәрежеден 40%-ке асып түсті. Халықтың жан басына шаққанда 700 сомның товары сатылды.

Әл-ауқаттың өсуі көрінісіне товар айналымының көлемі ғана емес, сонымен бірге оның құрылымындағы прогресті өзгерістер де жатады. Олар халықтың жан басына шаққандағы тұтынуының өсуінен көрінеді: 1965 ж. жан басына шаққанда 42 кг май, 226 кг сүт, 81 дана жұмыртқа, 10 кг жеміс, жидек және жүзім, 53 кг көкөніс және бақша дақылдары, 27,2 м2 мата, 3,4 дана трикотаж, 2,6 пар былғары аяқ киім тұтынылса, 1975 ж. тиісінше 56 кг май, 270 кг сүт, 178 дана жұмыртқа, 21,2 кг жеміс, жидек пен жүзім, 80 кг кекөніс, бақша дақылдары, 31,5 м2 мата, 7,1 дана трикотаж, 3,6 пар былғары аяқ киім тұтынылды.

Халықтың мәдени-тұрмыстық товарларға, ұзақ мерзімге пайдаланылатын заттарға деген сұранымы жедел өсіп келеді. Мыс., 1977 ж. республикада әрбір 100 семьяға 99 радио қабылдағыш пен радиола, 90 телевизор, 72 тоңазытқыш, 96 кір жуғыш машина, 27 фотоаппарат, 4 мопед, мотовелосипед, 15 мотоцикл мен мотороллер, 19 электр шаң сорғышы және 82 тігін машинадан келді.

10-бесжылдық кезінде товар айналымының көл. 27%-ке өсіп, 1980 ж. 12,6 млрд. сомға жетеді. 1970 ж. 1 адамға 546 сомның товары сатылса, қазіргі кезде 809 сомның товары сатылады.

Товар айналымын товармен қамтамасыз етуде респ. өнеркасібінде өндірілген товарлардың үлесі басым. Барлық мин-ліктер мен ведомстволардың дерлік кәсіпорындары халық тұтынатын товарлар шығарады. «Б» группасының (тұтыну заттарының) өнеркәсіп өнімі көлеміндегі үлес салмағы 1975 ж. 25,7% болды. 10-бесжылдықта «Б» группасы өнімінің көл. 34%-ке, оның ішінде жеңіл өнеркәсіптікі 35%-ке, тамақ өнеркәсібінікі 41%-ке, ет-сүт өнеркәсібінікі 29%-ке және жергілікті өнеркәсіптікі 41%-ке өседі.

Республика ауыр өнеркәсібі де халық тұтынатын товарлар өндіру ісімен шұғылданады, оның өндірілген мәдени-тұрмыстық мақсаттағы және шаруашылықта күнделікті колданылатын товарлар көлеміндегі улес салмағы 21%. Өткен бесжылдықта халық сұранымына сай 150 жаңа бұйым түрлері игерілді. 10-бесжылдықта бұл товарларды өндіру көлемі екі есе артады.

Халық тұтынатын товарлардың сапасын жақсартуға зор көңіл бөлініп отыр. Қазіргі кезде республикада халық тұтынатын товарлардың көптеген түрі мемл. сапа белгісімен шығарылады. 1978-1979 ж. халық тұтынатын товарлар өндіретін кәсіпорындарда өнім сапасын басқарудың комплекстік жүйесін әзірлеп енгізу ісі аяқталады.

Еңбекшілер өздерінің қосалқы шаруашылықтарынан да табыс табады. 1978 ж. халықтың өзіндік меншігінде 1,9 млн. ірі қара мал, 3,2 млн. қой мен ешкі болды. 1978 ж. дайындалған еттің 8,6%-і, сүттің 1,5%-і, картоптың 17,6%-і, көкөністің 15%-і еңбекшілердің өз шаруашылығынан түсті.

Халықтың а. ш. өнімін сатудан түскен табысы соңғы он жылда 4,2 есе өсті. Мұнда мемлекетке мал, басқа да а. ш. өнімдерін сату есебінен түскен табыстың үлесі басым.

Халық табысы өсуінің қосымша көзі 1948 ж. шығарылған 2%-тік ұтыс заемы мен 1947 жылғы СССР халық ш-н қалпына келтірудің және еркендетудың 2-мемл. заемы болды. Республикада бұл заемдар бойынша халыққа 87,2 млн. сом төленді.

Халықтың ақшалай табысының үздіксіз өсуі жинақ кассаларының ісін кеңінен дамытуға жағдай жасайды. Жинақ кассаларына аманат ақша салушылардың счет саны 1970 ж. 3,08 млн. болса, 1975 ж. 4,3 млн-ға, яки 38%-ке өсті, ал аманат ақшаның орташа мөлшері 1970 ж. 589 сом болса, 1975 ж. 858 сомға, яки 1,5 есе артты.

1978 ж. қаланың әрбір екінші тұрғыны, ауылдың әрбір төртінші тұрғыны жинақ кассасына аманат ақша салушы. Жинақ қассалары халыққа есеп айыру - кассалық қызмет көрсету жөнінде толып жатқан алыс-беріс жұмыстарын атқарады. 1978 ж. 2,9 мыңнан астам жинақ кассасы азаматтардан коммуналдық, басқа да қызметтер үшін төлем қабылдады, коммуналдық т. б. төлемдердің 79,5%-і жинақ кассалары арқылы түседі. Жинақ кассалары сонымен бірге шаруашылық іспен айналыспайтын 22 мыңнан астам қоғамдық ұйымға есеп айыру-кассалық қызмет көрсетеді. Халықтың сауда ұйымдарымен қолма-қол ақшасыз есеп айыруы ұлғайтылып отырды: 1978 ж. олар 1975 жылмен салыстырғанда 1,7 есе өсті. Жинақ кассаларының чегімен товар үшін есеп айырудың жалпы сомасы 1978 ж. 240,1 млн. сом болды.

Жинақ кассалары жүргізген түрлі операциялардың жалпы саны екі бесжылдықта 2,8 есе, оның ішінде жергілікті жерлерде 2,9 есе өсті. 1977 жылдың басында республика бойынша жинақ кассаларының саны 4,5 мың, оның ішінде жергілікті жерлерде 3,18 мың болды. Үстіміздегі бесжылдықтың 3 жылында жинақ кассаларының саны 91-ге, оның ішінде қалаларда 49-ға, ауылдық жерлерде 42-ге көбейді.

Тұрғын үй шаруашылығы. Қазақстан территориясында 1913 ж. 5597 мың адам (қалада 541 мың, селода 5056 мың адам) тұрды. Барлық қалалық тұрғын үй қоры жалпы тұрғын үй мен жатақхана бойынша 2860 млн. м2 болды, ал әрбір тұрғын адамға есептегенде шамамен 5 м2 келді.

Қазақстанда өнеркәсіптің дамуына байланысты жаңа қалалар мен қ. т. поселкелер көбейді, тұрғын үй құрылысы жоғары қарқынмен жүргізілді. 1940 жылдың өзінде қалалық жердегі тұрғын үй қоры 4,8 есе көбейіп, 13,6 млн. м2 жетті.

Соғыстан кейінгі бесжылдықтарда Қаз. ССР-індегі тұрғын үй құрылысының қаржыландырылуы мынадай деректермен сипстталады (кестені қара):

 

Барлық салынғаны

Соның ішінде

Мемлекеттік және ко- оперативтік кәсіпорын- дар мен үй коопера- циясы ұйымдары

Колхоздарда (колхоз бен колхозшылар)

Жұмысшылар мен қыз- метшілер өз есебінен және мемлекеттік кре- дит көмегімен

1946-1950

8768

2757

2509

3502

1951-1955

13725

5556

3092

5070

1956-1960

29313

15223

5196

8897

1961-1965

33785

24021

2966

6798

1966-1970

30238

23811

2273

4154

1971-1975

30546

25308

2039

3199

 

Әсіресе КПСС ОК мен СССР Мин. Советінің 1957 ж. 31 июльдегі және Қазақстан Компартиясы ОК мен Қаз. ССР Мин. Советінің 1957 ж. 24 сентябрьдегі қабылдаған қаулыларынан кейін тұрғын үй құрылысы тез қарқынмен өрістей бастады. Бұл қаулыларда республика бойынша да, оның жеке аудандары бойынша да тұрғын үй құрылысының көлемі белгіленді.

Тек 1960 жылдың өзінде ғана күллі қаржыландыру көзі есебінен Қазақстанда жалпы аумағы 7,4 млн. м2 тұрғын үй салынды, мұның өзі 1946-1950 ж. салынған тұрғын үйдің 85%-іне және 1951-1955 ж. салынған тұрғын үйдің 54%-іне тең.

Қазақстанда тың жерлердің игерілуі нәтижесінде селолық мекендерде тұрғын үйлер шын мәнінде кең қанат жая бастады. КПСС ОК мен СССР Мин. Советінің 1962 ж. 12 ноябрьдегі «Совхоздарда құрылысты дамыту жөніндегі» қаулысына сай Қазақстан Коммунистік партиясы мен Қазақ ССР Мин. Советі 1963 ж. 29 январьда совхоздарда салынатын тұрғын үйлердің нақтылы көлемін белгіледі. Мемл. күрделі қаржы есебінен 1961-1975 жылдары жұмысшыларға жалпы аум. 25,6 млн. м2 тұрғын үй құрылысы пайдалануға берілді, соның ішінде:

1961-1965 ж. 9,1 млн.м2

1966-1970 ж. 8,1 млн.м2

1971-1975 ж. 8,4 млн.м2

Алтыншы және одан кейінгі бесжылдықтарда республиканың көпшілік тұрғындары тұрғын үй жағдайын жақсартты (кестені қара):

 

 

Барлығы

Мемлекеттің, колхоздың және жеке адамдардың салған жаңа үйінен алған тұрғын үй

Ескі үйлерде | тұрған үйін жақсартқаны немесе кеңіткені

1956-1960

3708

2832

876

1961-1965

4120

3112

1008

1966-1970

3567

2680

887

1971-1975

3553

2649

994

 

Тұрғын үй құрылысының кең қанат жаюы, оны индустриялық әдіспен салуды қажет етті. 1960 жылы Алматыда 48 пәтерлі ірі панельді екі үй, ал 1961 жылы жалпы аум. 105 мың.м2 осындай үйлер салынды. 1977 жылдың басында республика қалаларында ірі панельді үй салатын 21 кәсіпорын жұмыс істеп, олардың жалпы өнімд. жылына 2372 мың м2-ге жетті. 10-бесжылдықта Целиноград пен Арқалық қ-ларында үй құрылысы комбинаты пайдалануға берілді. Қалалық мекендерде жыл сайын салынатын ірі панельді үйлер 50%-тен асты. Жылма-жыл көп қабатты тұрғын үйлер салу көбейіп келеді, мұның озі қаланы инженерлік тұрғыда жабдықтауға жұмсалатын шығынды үнемдеуге, сондай-ақ кейбір қалалық аудандардың архитектуралық ансамблін жасауға мүмкіндік береді. Тұрғын үй құрылысының көлемі артуымен қоса, оның тех. жарақтануы да жақсара түсті. Қалаларда жақсы жабдықталған тұрмысқа қолайлы көп қабатты үйлер салынды. Республика бойынша тұрғын үйлердің жабдықталу шамасы мынадай көрсеткіштермен сипатталады (беттегі кестені қараңыз).

 

Барлық тұрғын үйден жабдықталғаны, %

1960

1965

1970

1978

Су құбыры

28,9

35,6

46,8

56,5

Канализация

25,0

32,0

43,3

52,4

Орталық жылыту жүйесі

21,2

36,3

49,4

58,0

Газ

4,9

23,2

58,5

78,6

33,3

Ыстық су

-

11,3

21,1

Ванна, душ қондырғысы

-

-

37,2

49,0

 

Селолық жердегі тұрғын үй құрылысының құрылымы да өзгерді. 1960 жылға дөйін селода тұрғын үй негізінен саман, сазбалшық, құйма, каркас және аздаған кірпіш, тастан салынатын. Олар тұрмысқа қолайлы емес-ті. 9-бесжылдықта кірпіш пен панельден салынған тұрғын үйлер құрылысының көлемі күрт көбейді. 1978 ж. ағаштан және басқа да жөргілікті құрылыс материалдарынан салынған үйдің үлес салмағы 13% болды. Жалпы аум. 3,5 млн. м2-ден астам тұрғын үй кірпіштен, каркасты панельден және ірі блоктан салынып пайдалануға берілді.

Селолық жерлерде тұрғын үйлердің тұрмысқа қолайлы етіліп жабдықталуы да жақсара түсті. Өткен бесжылдықтарда республика халқы едәуір кебейді. Тұрғын үй салу біршама арта тұрса да пәтер әлі жеткіліксіз. Сол себепті де Қазақстанда халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі еліміздің орташа көрсеткішінен төмен. Бұл көрсеткішті теңестіру мақсатында бесжылдық және перспективалық халық ш. жоспарларында республикадағы әрбір тұрғын адамға бөлінген күрделі қаржы еліміз бойынша белгіленген шамадан жоғары болуы көзделген.

1978 жылдың аяғында Қазақстандағы жалпы тұрғын үй қоры 154 млн. м2 болды, оның 103,2 млн. м2 немесе 67%-і мемлекеттікі, соның ішінде жергілікті Советтің балансында тұрғаны 21 млн. м2. 1961 жылдан бастап республикада тұрғын үй құрылыс кооперативі ұйымдастырыла бастады. Қалаларда тұрғын үй салуды халық қаржысының есебінен мердігерлік ұйымдар атқарады. 8-бесжылдыққа қарағанда 9-бесжылдықта кооперат. тұрғын үй құрылысының көл. 2.5 еседей артты. 10-бесжылдықта 9-бесжылдыққа қарағанда кооперат. тұрғын үй салуды 1,3 есе арттыру көзделіп отыр. Қазақстан аудандары үшін кооперат. тұрғын үй құрылысына белгіленген несие мөлшерінің жеңілдігі еліміздің басқа аудандарындағы 60% орнына 70% болып белгіленген және несие өтеу мерзімі 15 жылдың орнына 20 жылға ұзартылған. Жеке үй салушыларға учаске беріледі. Тұрғын үйдің мұндай түрі негізінен селолық жерлерде және қ. т. поселкелерде жүзеге асырылады.

Тұрғын үй құрылысының кең қанат жаюы және индустриялық әдістің жаппай қолданылуы нәтижесінде тұрғын үйді типтік жобамен салуды кеңінен өрістетуге мүмкіндік туды. 1978 ж. республикада шамамен 96% тұрғын үй типтік жобамен салынды. Мұндай жобаны республикадағы мемл. азаматтық құрылыс және мемлекеттік құрылыс ұйымдары, құрылыс салудың табиғи-климат, геол. т. б. жағдайларын ескере отырып жасады. Тұрғын үй құрылысын негізінен Ауыр индустрия кәсіпорындары құрылысы мин-лігі мен селолық құрылыс мин-лігі жүргізеді.

КПСС Программасында таяудағы жылдары әрбір семьяны пәтермен қамтамасыз ету көзделген. Қазақстан еңбеккерлерінің алдында да осындай міндеттер тұр. Соңғы 3 бесжылдықта тұрғын үй құрылысының қарқыны халық санының өсуінен артып отыр, соның нәтижесінде 15 жылдың ішінде (1961-1975) әр адамға келетін жалпы тұрғын үй 3,16 м2, қалалы жерлерде 2,49 м2, селода - 3,5 м2 көбейді.

Мемлекет жыл сайын қыруар қаржыны қоғамдық тұрғын үй қорын күтуге, оны қайта құруға және жабдықтауға жұмсайды.

Коммуналдық құрылыс. Революцияға дейін Қазақстан жерінде коммуналдық шаруашылық мүлде дерлік болмады. 1918 ж. Семей мен Петропавлда қарапайым су құбыры жасалды, оның тәуліктік өнімд. 2,5 мың м3 су және торабының ұз. 38 км еді. Коммуналдық объектілер мен құрылыстар негізінен жаңа поселкелер мен қалаларда тұрғызылған, өнеркәсібі дамыған республика аудандарында салына бастады. 1940 ж. тәуліктік жалпы өнімд. 16 мың л3 су болатын құбыр құрылысы 6 қалада болды. Бұл су құбыры тораптарының жалпы ұз. 139 км. Алматыда канализация құрылысы алғаш рет 1935 ж. салынды. Сонан соң ол Семей мен Қарағандыда тартылды. 1937 жылдан бастап Алматыда жалпы желісінің ұз. 11 км трамвай, ал 1944 жылдан троллейбус жұмыс істей бастады.

Азаматтық тұрғын үй құрылысының ауқымы ұлғаюына байланысты қаладағы коммуналдық шаруашылықты одан әрі дамыту қажет болды. 1965 жылы 64 қаланың 54-іне су құбыры тартылды, олардың тәуліктік өнімд. 1204 мың және торабының жалпы ұз. 5 мың км-ден асты. Канализация құрылысы 35 қалада болды, олардың жалпы торабының ұз. 2,1 мың км-ге жетті. 1958 ж. Алматы пәтерлеріне сұйытылған газ жүргізілді. Қазақстанға Орта Азиядан магистралдық газ құбырының тартылуына байлапысты қалалар мен поселкелерге табиғи газ беріле бастады. Табиғи газ Шымкентке, Алматыға, Ақтөбеге, Қостанайға, Рудныйға т. б. елді пункттерге тартылды.

8- және 9-бесжылдықтарда (1965-1975) қалалар мен поселкелер көбейді, сыған орай коммуналдық құрылыстар да жоғары қарқынмен дами түсті. Осы кезендегі Қазақстанның коммуналдық құрылыстарының көлемін мынадай деректерден аңғаруға болады (кестені қара).

 

 

Өлшем бірлігі

1965

1975

Қалалар

Қала типтес поселкелер

Селолық аудан орталықтары

Қалалар

Қала типтес поселкелер

Селолық аудан орталықтары

Елді пункттердің саны

бірлік

64

163

92

85

189

111

Су құбырлары

бірлік

52

117

29

80

157

87

Өнімділігі

мың м3

1204

дерек жоқ

 

2545

917

167

Су құбыры мен тораптардың ұзындығы

км

5137

-

 

8920

2455

2529

Елді мекендер мен коммуналдық тұрмыстық мақсатқа берілген су

жылына бірлік

229 млн.м3

-

-

575

57

25

Канализация

 

18

31

1

58

74

15

Торабының ұзындығы

км

2099

дерек жоқ

-

4145

528

220

Берілген ағын су

тәулігіне

мың м3

107

-

-

427

дерек жоқ

-

Газ тарату

 

 

 

 

 

 

 

Газ таратылған елді пункттердің саны

бірлік

50

-

-

83

109

3404

Соның ішінде табиғи газ

 

1

-

-

9

2

4

Торабының ұзындығы

бірлік км

55,2

40,2

15,6

799

 

73,9

191

Барлық пәтер саны

мың пәтер

1110

-

972

1800

 

1260

Соның ішінде газ таратылғаны

 

281

198

198

 

1202

 

143

 

1018

 

Газ тарату дәрежесі, %

 

-

-

198

1202

143

1018

Барлық пәтерден табиғи газ таратылғаны

мың пәтер

10,2

3,0

0,2

163

4,1

4,6

Қонақ үйлер

бірлік

57

25

82

79

33

93

оның бір мезеттегі сыйымдылығы

орын бірлік

7517

861

2293

12140

 

 

1363

3713

Трамвай

бірлік

5

-

-

5

-

-

Біржақты  пайдалану ұзындығы

км

216

 

 

242

 

 

Вагон саны

бірлік

1

-

-

4

-

-

Троллейбус

бірлік

1

-

-

4

-

-

Біржақты линиясының ұзындығы

км

бірлік

94

-

-

345

-

-

Машина саны

 

160

-

-

505

-

-

Қала жолдары

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жол мен өткелдің узындығы

км

10536

3678

-

І2929

3909

-

Соның ішінде төселгендері

км

4300

621

-

7137

1272

-

Жарық берілген көшелердің ұзындығы

км

4212

дерек жоқ

-

6023

1424

-

 

10-бесжылдықтың басында тазартқыш құрылысы бар су құбырлары 80 қалада болды. Целиноградга, Орал мен Өскеменде жасанды түрде биол. жолмен тазартатын құрылыстар салынды. Кейбір қалаларда суды негізінен механикалық және табиғи биол. жолмен тазарту әдісі игерілуде. Жанадан салынып жатқан тұрғын үйлерде газ плиталарының орнына электр плитасы орнатылуда. Мұндай үйлерде электр энергиясын пайдалану жеңілдетілген тарифпеп төленеді. Жылумен қамтамасыз ететін негізгі орындар - ЖЭО (жылу электр орталығы), аудандық ірі қазандар, кварталдық, топтық және басқа да қондырғылар.

Газды жалпы пайдаланудың үлес салмағы мынадай (%):

 

 

1970

1975

Республика бойынша барлығы

Соның ішінде

100

100

Аудандық қазандар

4,1

41,8

Ұсақ қазандар

17,8

11,9

Басқа да қондырғылар

47,6

37,9

 

1976 жылдың басында барлық қоғамдасқан тұрғын үй қорының 56%-тейі ЖЭО-мен және ірі қазандармен қамтамасыз етілді. Алматыда, Қарағандыда, Талдықорганда, Көкшетауда, Шымкентте аудандық қазандар пайдалануға берілді, республика аудандарының орталықтарында қазан құрылыстары салынып жатыр.

Республика қалаларындағы және көпшілік аудан орталықтарындағы коммуналдық шаруашылықтар жергілікті Советтердің қарауында. Мұның өзі тұрғын халықты күллі коммуналдық шаруашылық түрлерімен толык қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Республикада коммуналдық құрылыс салуға жұмсалатын күрделі қаржының мөлшері мынадай:

1961-1965 ж. 406 млн. сом

1966-1970 ж. 649 млн. сом

1971-1975 ж. 762 млн. сом

1976-1980 ж. 907 млн. сом

Қалаларды, поселкелерді және селолық елді пункттерді сумен қамтамасыз етуді жақсарту, сондай-ақ айналадағы ортаның ластануын болдырмау шараларын жүргізу үшін су құбыры мен канализация және басқа коммуналдық құрылыстар салуға бөлінетін қаржыны жыл сайын арттыруға тура келеді.

Халыққа тұрмыстық қызмет көрсету. Соңғы жылдар ішінде республикада халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді дамытып, оны халық ш-ның ірі механикаландырылған сапасына айналдыру жөнінде едәуір шаралар жүзеге асырылды.

Бұл жөніндегі ең бір маңызды шара 1963 ж. Қаз. ССР Халық тұрмыс қажетін өтеу мин-лігінің құрылуы болып табылды. Бұл министрлік халықтың тұрмыс қажетін өтеуге арналған кәсіпорындарының шегін ұлғайтып, оларды қазіргі заманның құрал-жабдықтарымен, озат технологиясымен жарақтандыру, өтелетін қызметтердің түрлері мен сапасын арттыруды қамтамасыз ету жөнінде үлкен мемл. шаралар жүргізді. Осы уақыттың ішінде көрсетілген қызметтердің көлемі бес еседен астам өсті және қазіргі уақытта халықтың тұрмыс қажетін өтеудің 80%-тен астамын атқарады. Бұл министрліктің жүйесінде де 155 ірі мамандандырылған кәсіпорындар жұмыс істейді және олар корсетілетін қызметтердің жалпы көлемінің 65 %-ін алады. Оның үстіне, республика халқының тұрмыс қажетін өтеумен 30 министрліктер мен ведомстволар айналысады, соның ішінде тұрмыс қажетінің ең басым көлемін тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық, Ауыл шаруашылық, Автомобиль транспорты министрліктері орындайды.

1978 ж. республиканың халқына тұрмыс қызметін өтеудің 650 түрі, соның ішінде 400-ден астамы селолық жерлерде атқарылды. Тұрмыс қызметінің жүйесінде 15 мыңнан астам ателье мен шеберханалар, олардың ішінде 9 мыңға жуығы селолық жерлерде, 3 мың 900 қабылдау пункттері жұмыс істеді.

Тек 9-бесжылдықтың тұсында бұл саланы өркендетуте 93 млн. сом мемл. күрделі қаржы жұмсалды. 52 киім-кешектерді хим. тазарту комбинаты, кір жуатын 12 комплексті кәсіпорындар, 48 монша-кір жуатын комбинат және 9 күрделі тұрмыс техникасын жөндеу кәсіпорындары салынды.

Жүзеге асырылған шаралар тұрмыс қызметін өтеудің құрылымын едәуір жақсартуға көмектесті. 1965 ж. тұрмыс қызметінің дәстүрлі түрлерінің көлемі (аяқкиім мен киім тігу және жөндеу, шаштараз, фотография, монша) 73,4%, ал прогресшіл түрлерінің (күрделі тұрмыс қызметінің техникасын және транспорт құралдарын жөндеу, киім-кешекті хим. тазарту, кір жуу, тұрғын үйлерді жөндеу) жалпы тұрмыс қызмет қажетінен алған үлесі небәрі 11% болған еді. Қазіргі уақытта бұл арақатынас қызмет көрсетудің прогресшіл түрлерінің пайдасына өзгертілді.

Тұрмыстық қызмет көрсетудің тех. дәрежесін жоғарылата түсудің өзі - өндірістің процесін шоғырландырып мамандандыруды, сала ішіндегі кооперативтендіруді дамытып, басқарудың формалары мен әдістерін неғұрлым тереңдете берудің есебінен жүзеге асырылады.

Барлық облыстардың орталықтары мен ірі қалаларда 37 мамандандырылған кәсіпорындар құрылды. Олардың бәрі де күрделі тұрмыстық техниканы жөндеуге қажетті қазіргі заманғы машиналармен және құрал-жабдықтармен жарақтандырылды. Бұлардың қарауында 1 мың 600 шеберханалар мен 1000 қабылдау пункттері жұмыс істейді және тең жарымы селолық жерлерде орналасқан.

Республикада киім-кешектерді бояп, хим. тазарту жүргізетін мамандандырылған 106 кәсіпорындары мен цехтар жұмыс істейді. Бұлардың бір сменадағы өндірістік қуаты 16,9 т-ға жуық. Халықтан хим. тазартудан түсетін заказды 538 қабылдау пункттері жинайды және бұлардың 235-і селолық жерлерде орналасқан.

Коммуналдық кір жуатын үйлердің санын кобейту үй шаруашылығына қажет уақытты едәуір азайтуға мүмкіншілік береді. 1978 ж. Қаз. ССР Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мин-лігінің жүйесінде 223 қабылдау пункттері бар және бір сменалық қуаты 63 т құрғақ киім беретін 143 кір жуатын үйлер жұмыс істеді. Оның үстіне бір сменада 3 мың 500 т кірді өздері жуатын 24 үй болды.

Республикамызда жұрттың қолындағы транспорттық құралдарын жөндеу жөніндегі қызметін дамытуға қажетті ірі шаралар жүзеге асырылды. 1978 ж. 380 жұмыс орны бар 24 автосервис кәсіпорындары жұмыс істеді.

Бұл саланың өрістеп дамуындағы бір ерекшелік - халықтың тұрмыс қажетін өтеудің селолық жерлердегі көлемінің жоғары қарқынмен дамып, село мен қала халқына көрсетілетін қызметтің дәрежесін жақындатуда болды. Селоның бір адамына шаққанда тұрмыс қызметінің көлемі 1965 жылғы 3 сомнан қазіргі уақытта 14 сом 53 тиынға дейін жетті.

10-бесжылдықта тұрмыс қызметінің алдына қойылған үлкен міндеттерді ескере отырып, Қазақстан Компартиясының ОК мен Қаз. ССР Мин. Советі 1977 жылғы 6 апрельде «Республикада тұрмыс қызметін одан әрі өркендетіп, заказдарды орындаудың сапасын жақсарту және еңбекшілерге қызмет етудің мәдениетін жоғарылату туралы» қаулы қабылдады. Бұл қаулыда республика халқына көрсетілетін тұрмыс қызметінің көлемің ең кем дегенде 1,5 есе, соның ішінде селолық жерлерде - 1,7 есе арттыруды қамтамасыз ету міндеті қойылды. Қызмет етудің деңгейін теңестіру мақсатымен Торғай мен Гурьев, Қызылорда мен Жезқазған және Шымкент обл-тарында турмыс қызметін неғұрлым жоғары қарқынмен өсіру көзделінді. Сондай-ақ тұрмыстық қызмет кәсіпорындарын барынша ұтымды орналастыру проблемаларын шешу де жобалануда. Мұның үшін тұрмыс үйлері мен комплексті қабылдау пункттерін ұйымдастырып, еңбекшілерге өздерінің тұрған жерлерінде, кәсіпорындары мен құрылыстарда, жұмысшылар мен студенттердің жатақханаларында және демалыс аймағында қызмет көрсету қамтамасыз етіледі. 10-бесжылдықтың аяғында обл. қалалардың бәрінде де қазіргі заманның талабына сай тұрмыс үйлері мен аудан орталықтарында типтік тұрмыс комбинаттары салынып, колхоз, совхоздарда тұрмыс кәсінорындары мен қабылдау пункттерінің тарам-тарам жүйесі құрылады.

10-бесжылдықтың 3 жылында мебель жасау және жөндеудің 585 мың сомдық, халық заказы бойынша тұрғын үй салатын және жөндейтін 380 мың сомдық, жеке адамдарға киім тігетін 130 мың сомдық, бір сменада 2000 кг киімді хим. жолмен тазартып, бояй алатын, тәулігіне 10,6 т киім жуатын қуаттар, 620 орындық моншалар т. б. іске қосылды.

Тұрмыс қажетін өтеу кәсіпорындарын жоспарлы түрде ұлғайту ісі республика халқының талап-тілектерін неғұрлым толығырақ қанағаттандырып, олардың тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

1978 ж. бүкіл республика бойынша халыққа 327 млн. сомның тұрмыстық қызметі көрсетілді, бұл жоспарланғаннан және соц. міндеттемеде көрсетілгеннен әлдеқайда жоғары.

Экономикалық байланыстары. Қаз. ССР-інің экономик. байланыстары сан түрлі болып келеді. Одақтың барлық республикаларымен, сондай-ақ 80 шетелмен экономик. қатынастар жасауы оның бұл байланысының мәні аса зор екенін көрсетеді. Социализм дәуірінде Қазақстан экономик. жағынан дамыған қуатты республикаға айналды. Советтік Қазақстанның қазіргі экономикасы - кемелденген соц. қоғам дәуіріне тән алдыңғы қатарлы көп салалы экономика.

Социализм дәуірінде Қазақстанның орасан зор дамып өсуіне оның өзге одақтас республикалармен экономик. байланыстары күшті ықпалын тигізді. Соц. кооперация мен халық ш-н мамандандыру негізінде Қазақстанның өзге туысқан республикалармен экономик. байланысы барған сайын өрбіп келеді. Қазақстанның ірі өнеркәсібінің немесе бүкіл бір өнеркәсіп саласының дамуына ат салысып, үлес қоспаған бірде-бір одақтас республика жоқ. Туысқан республикалардың ортақ еңбегінің нәтижесінде пайда болған өнеркәсіп алыптары деп Қарағанды металлургия комбинатын, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатын, Бұқтырма су электр ст-ң Қаратау химия комбинатын, Павлодар алюминий з-дын, Ермак ферросплав з-дын т. б. айта аламыз.

Қазақстан экономик. жағынан еліміздің барлық түкпірлерімен байланысты. Оны республикаға сырттан әкелінетін өнеркәсіп және а. ш. өнімдерінің географиясынан анық байқауға болады. Бұл өнімдер еліміздің жүздеген қалаларынан жыл сайын ағылып келіп жатады. Оның ішінде салыйып жатқан завод, фабрикаларға арналған жабдықтар, транспорт, құрылыс, а. ш. техникалары, мәдениет, тұрмыс бұйымдары, халық тұтынатын товарлар, демек қазіргі қоғамның дамуына қажеттінің бәрі бар.

Қазақстанның РСФСР-мен экономик. байланысы әсіресе игілікті болып келеді. Москва, Ленинградтың, РСФСР-дің өзге де үлкен қалаларының ондаған өнеркәсіп орындары Қазақстанға көптеген машиналар, станоктар, приборлар, құрылыс крандарын, электр жабдықтары, трансформаторлар, резина бұйымдары, кабель, насос т. б. тех. жабдықтар жіберіп тұрады.

Қазақстанның туысқан УССР-мен экономик. байланысы алуан түрлі. Украина Қазақстанға қуатты төңкерілмелі вагондар, домнаға арналған жабдықтар, кран, электр аппаратураларын, химия кәсіпорындарының жабдықтарын, автокрандар, автобустар береді. Қазақстанның көмір өнеркәсібін дамытуға да ол зор үлес қосып келеді. Украинаның машиналарымен, механизмдерімен жабдықталуы арқасында Қарағанды кеншілері көмір қазу жұмысын механикаландыру жағынан еліміздегі ең жоғары дәрежеге көтерілді.

Басқа туысқан республикалармен Қазақстанның экономик. байланысы барған сайын күшейе түсті. БССР Қазақстанға ауыр самосвал жүк машиналарын, «Белорусь» тракторларын, электронды есептегіш техника беріп тұрады. Кавказдағы Армения, Грузия, Азербайжан республикалары Қазақстанға жылжымалы электр ст-ларын, электр моторларын, бұрғылау станоктарын, құймалар, насостар, компрессорлар т. б. өнеркәсіп жабдықтарын жіберіп тұрады.

Балтық жағалауы республикалары да Қазақстанмен тығыз экономик. байланыс жасайды. Олар ең жаңа радио, телефон аппаратураларымен, автоматика, телемеханика құралдарымен, сиыр саууға керекті қондырғылармен, минералды тыңайтқыш шашқыштармен т. б. қамтамасыз етіп тұрады. Орта Азия республикалары Қазақстанға көпір крандарын, мақта жинау машиналарын, түрлі станоктар мен саймандарды, құрылыс материалдарын, мақта талшықтарын, маталар жібереді. Қазақстанның екпінді құрылыстарына туысқан республикалардан сан алуан жүктер келіп жатады. Павлодар алюминий з-дына керекті жабдықтарды еліміздің 700-ге жуық кәсіпорындары жіберіп тұрды. Ертістегі металлургия алыбы - Өскемен титан-магний комбинатының жобасын жасауға еліміздің 20 жобалау ин-ты қатысты. Бұл комбинатқа керекті жабдықтар мен материалдарды еліміздің 300 кәсіпорны беретін болды. Қазақстан магниткасының құрылысы біздің соц. құрылыстың ұлы жеңісінің айғағы іспеттес көрінді, республикалардың туысқандық көмегінің алуан түрлі екенін байқатқан құрылыс болды. Казақстан қара металлургиясының шоқтығы болған бұл құрылысты салуға жер қазу жұмыстарынан бастап, жабдықтарды, автоматиканы монтаждауға дейінгі жұмыстарға бүкіл еліміз түгел қатысты.

Өз тарапынан экономик. көмек көрсетуге келгенде де Қазақстан барлық одақтас республикалармен жан-жақты байланыс жасап тұрады. Бұрын ол туысқан республикаларға негізінен а. ш. өнімдерін шығаратын болса, қазір қара және түсті металл өнімдерін, тас көмірді, кен концентраттарын, минералды тыңайтқыштарды беріп тұрады. Қазақстан қазіргі заманғы шикізаттардың көптеген түрін өндіреді. Бұл жағынан ол Совет Одағындағы ең алдыңғы орындардың бірін алады.

Қазір Қазақстан туысқан республикаларды созу станоктарымен, ұста пресі, тау-кен шахтысы, электротех., мед. құрал-жабдықтарымен, түрлі аппаратуралармен, приборлармен қамтамасыз етіп отырады. Оларға шығарылатын өнеркәсіп өнімдері мен шикізаттың түр-түрі мен номенклатурасы жыл сайын ұлғайтылып келеді. Ақтөбе ферросплав з-ды еліміздің 9 республикасына өзінің өнімін жіберіп тұрады. Қарағанды металлургия з-дының болаты 10 республикаға шығарылады. Қарағанды металлургия з-ды өнімдері Донецк металлургтарына. Челябинск мен Волгоградтың трактор жасаушыларына, Өзбекстан мен Украинаның түрлі заводтарына жіберіледі.

Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының өнімдері еліміздің 754 кәсіпорнының қажетін қамтамасыз етеді. Қарағанды синтетика каучугі з-дының өнімдерін туысқан республикалардың 1500-ден астам кәсіпорындары тұтынады. Балқаштың мысын одақтың 1400 кәсіпорны пайдаланады.

Қазақстан астанасының машина жасаушылары Одақтың көптеген кәсіпорындарымен экономик. байланыс орнатты. Ауыр машина жасау саласында жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорны - Алматы ауыр машина жасау з-ды. Оның шығаратын өнімдері де дүние жүзіне әйгілі. Бұл кәсіпорынның коллективі негізінен Оңт. Оралдың және Совет Одағының басқа да аймақтары құрылыстарының заказын орындайды.

Қазақстан а. ш. өнімдерін шығарудан еліміздің аса маңызды аудандарына айналды. Қазақстан барлық одақтас республикаларға түгел дерлік астық, ет, жүн т. б. шығарып тұрады. Еліміздің өзге одақтас республикаларымен экономик. байланыстарын нығайта отырып, Қазақстан олардың көптеген өнеркәсіп салаларын дамытуға, а. ш-н өркендетуге, халқын егіншілік пен мал шаруашылығының өнімдерімен қамтамасыз етуге орасан зор көмегін тигізеді.

Республикадағы әлеуметтік-экономик. түбірлі өзгерістер мен шаруашылық саласындағы бұрын-соңды болмаған табыстар Қазақстанның дүние жүзі көлемінде экономик. байланыс жасауына мүмкіндік берді. Қазақстанның көптеген шетелдермен экономик. байланысы жылдан-жылға өрістеп келеді. Осының арқасында бүкіл одақтың сыртқа шығаратын экспортында Қазақстанның өнеркәсіп, а. ш. өнімдерінің үлесі үнемі көбейе түсіп отыр.

Қазақстанның Совет өкіметінің алғашқы жылдарында сыртқа шығарылатын өнімдері негізінен шикізаттар мен жартылай фабрикаттар түрінде болды. Ал өзі шегеден бастап станоктарға дейінгінің бәрін республикадан сыртқары жерден алатын. Осы күні Қазақстаннан экспортқа шығарылатын өнімдердің 3/4 бөлігі дайын өнімдер болып табылады. Өнеркәсіптің сан алуан салаларының, әсіресе ауыр өнеркәсіптің дәуірлеп өсуі нәтижесінде Қазақстан аз уақыттың ішінде қара және түсті металлургия өнімдерін, машина жасау, станок жасау, прибор жасау, электротех., медицина өнеркәсібі бұйымдарын т. б. өнеркәсіп салаларының өнімдерін экспортқа шығарушы қуатты республикаға айналды.

Қазір Қазақстан дүн. жүз рынокқа 300-ден аса өнім түрлерін шығарып тұрады. Сыртқы сауда айналымының көлемі жағынан Қазақстан елімізде РСФСР, УССР, Өзб. ССР-інен кейінгі 4-орын алады. Шетелдерге Қазақстан кокс-химия, домна жабдықтарын, созу станоктарын, кернеу стабилизаторларын, портативтік рентген қондырғыларын, ұста пресі жабдықтарын, құрамалы станоктар, а. ш. машиналарын, пневмоавтоматика приборларын, оттегі-тыныс аппаратураларын, шлак ұсатқыштарды, электр станцияларына керекті шойын, болат арматураларды, өнеркәсіп өнімдерінің т. б. көптеген түрлерін сатады. Қазақстан дайын өнімдерден басқа, қара және түсті металл прокаттарын, шойынды, мұнай өнімдерін, синтетикалық каучукті, қаракөл елтірілерін, бағалы аң терілерін, темекі, мақта т. б. бұйымдарды экспортқа көптеп шығарады.

Қазақстанда шығарылатын өнімдерді алдырушы шетелдердің саны жылдан жылға арта түсіп отыр. 1960 ж. олардың саны 40 болса, 1970 ж. бұл елдердің саны 70-ке жетті. Қазір (1978) 80 мемлекет республикамыздың өнімдерін алдырады. Қазақстанның тек қана түсті металл өнеркәсіп орындарының өнімдерін Европа, Азия, Африканың 40 мемлекеті алдырып отырады.

Шетелдердің ішінде Қазақстан әсіресе соц. мемлекеттермен тығыз экономик. байланыс жасап тұрады. Қазақстан Болгарияның, Румынияның, Польшаның т. б. соц. елдердің металлургия, электротех., мұнай т. б. өнеркәсіп салаларының дамуын жеделдетуге өзіндік үлес қосты. Ол Болгарияға созу станогын және табақ стандар, насостар, болат, шойын арматуралар, ленталы конвейерлер, электр двигательдерін, ал Чехословакияға престер, салқындай шыңдағыш автоматтар, кептіргіш электр шкафтар, электр тогының стабилизаторларын; Польшаға комбинацияланған лампалар, электротех. аппаратуралар, автоматика приборларын, дәрі-дәрмек препараттарын; Венгрияға фрикцпялық престер, шағын литражды двигатель агрегаттарын, арматураның алуан түрлерін, ГДР-ге горизонтальды құрсаулағыш машиналар, табақ кескіш қайшылар, стабилизаторлар т. б. өнеркәсіп жабдықтары мен машиналар береді. 1970 жылдан бастап Қазақстан соц. елдерге тракторлардың запас бөлшектерін шығарып тұратын болды. Экономик. байланыстардың осылай кеңеюі нәтижесінде Қазақстан мен соц. елдердің арасында түрлі объектілер мен кәсіпорындарын салу, жұмыс істеп жатқан заводтарды одан әрі автоматтандыру, механикаландыру саласында да әр түрлі тех. қарым-қатынастар едәуір дами түсті.

Соц. демокр. елдер Қазақстанға түрлі жабдықтар, машиналар, көптеген өнеркәсіп оалаларының өнімдерін беріп тұрады. Чехословакия, Польша, ГДР, Румыния, Венгрия, Болгария Қазақстанға түрлі киім-кешек, мебель, жоғары сапалы шыны бұйымдарын, кондитер, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің басқа да өнімдерін жіберіп тұрады. Қазақстанның соц. лагерь елдерімен экономик. байланысы осылайша әр алуан және кеп қырлы болыи келеді және ең жаңа деген жабдықтарды, машиналарды, ғылыми-тех. жаңалықтарды бір-бірінен алып тұруға, сол арқылы ғылым мен техниканың жетістіктерін тез игеруге жағдай жасайды. Бүкіл Совет Одағы сияқты Қазақстанның соц. елдермен экономик. байланысы пролет. интернационализмге негізделген творчеств. ынтымақ, жолдастық өзара көмек сипатына ие болды.

Капит. елдермен - Франция, Англия, Италия, ГФР, Финляндия, Бельгия, Австрия, Жапония, АҚШ т. б. мемлекеттермен Қазақстанның экономик. байланысы едәуір өркендеді. Англия Қазақстан сантонинінің дәстүрлі тұтынушысы болып есептеледі. Швеция Ақтөбенің хромды кендерін пайдаланады. Австрия, Греция, Испания Қазақстанның гильотина қайшысын т. б. темір ұстасы пресінің жабдықтарын алғызады. Финляндияға универсалды станоктар мен көптеген өнеркәсіп өнімдері шығарылып отырады. Норвегия Ақтөбе хром қоспалары з-ды мен Шымкент пресс-автомат з-дының өнімдерін көп сатып алады.

Азияның Үндістан, Пакистан, Бирма, Ауғанстан, Иран, Ирак сияқты ірі елдеріне Қазақстаи көптеген өнеркәсіп өнімдерін шығарады. Үндістанда Қазақстанның созу станоктары, прессавтоматтары, универсал станоктары, автомат приборлары т. б. өнеркәсіп жабдықтары аса жоғары бағаланады.

Отаршылдықтың езгісінеп жаңа арылған Африка елдері мен Совет Одағының экономик. байланысын нығайта түсуде Қазақстанның елеулі үлесі бар. Республика өзінің өнеркәсіп өнімдерін Африканың 14 еліне экспортқа шығарады.

КПСС пен Совет үкіметінің Лениндік ұлт саясатын табандылықпен жүзеге асыруы нәтижесінде Совет өкіметі жылдарында қысқа мерзім ішінце Қазақстан экономик. даму жолында орасан зор табысқа жетті. Қазіргі Қазақстан - Совет Одағының ең ірі экономик. аудандарының бірі.

Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы, 1978. -Б. 370-379.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2024-03-30 15:45:36     Қаралды-27

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ БАР?

...

Жыл мезгілдерінің ауысуы – табиғаттың мәңгілік және өзгермейтін құбылысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »