UF

ҚАЗАҚ ССР МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУ

 

Социализм жағдайында жабдықтау ісі өндіріс құралдарының айналысы мен бөлудің экономик. процесі болып табылады. Тікелей қоғамдық, жоспарлы түрде ұйымдастырылатын сипат ала отырып, ол соц. кәсіпорындар шығаратын еңбек заттары мен құралдарын өткізуді және онымен тұтынушыларды жабдықтауды қамтамасыз етеді.

Қоғамдық еңбек бөлінісінің дамыған жүйесі жағдайында жабдықтау мен сатып өткізу өндіріс саласынан оқшауланады, сөйтіп оны дербес кәсіпорындар мен ұйымдар орындайды. Ал бұл өз кезегінде жабдықтау-өткізу жұйелеріне біріктіріледі. Бұлар өзіне енген бөлімшелердің ұйымдық бірлігімен, материалдық-тех. базасының ортақтығымен, қызметкерлердің мамандануымен, орындалатын жұмыс пен өндірістік процестердің біртектілігімен сипатталады. Ол бүкіл халық ш. ауқымында (жалпы мемл. система), оның жекелеген салалары шеңберінде (ведомстволық) немесе ресурстардың нақты номенклатурасына (а. ш-н жабдықтау, мұнаймен жабдықтау-өткізу) байланысты өндіріс құрал-жабдығы айналысы мен бөлу қызметін атқарады. Бұл жүйелердің көптеген әлеуметтік-экономик. ортақ белгілері бар, атап айтқанда олардың қоғамдық еңбек бөлінісіндегі экономик. қызметінің бірлігі, материалдық-тех. базасының біртектілігі, қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қойылатын талаптың бірдейлігі. Бұл көрсетілген белгілер мен ортақтықтар жабдықтау-өткізу жүйелерінің жиынтығын қоғамдық өндірістің дербес буыны, халық ш-ның саласы ретінде сипаттайды.

Материалдық-тех. жабдықтау шаруашылықты басқарудың аса маңызды буындарының бірі, сондықтан да оны ұйымдастырудың принциптері мен түрлері экономиканың даму дәрежесіне және қоғам алдында тұрған шаруашылық - саяси міндеттерге байланысты болады. Қазіргі кезеңде қоғамдық өндірістің құрылымының күрделіленуі мен ауқымының орасан өсуі жағдайында халық ш-ның қарқыны мен тиімділігін арттырудағы материалдық-тех. жабдықтаудың ролі арта түседі. Келешекте шаруашылықты сапалы жүргізу өндіріс пен тұтынудың өзара тығыз байланысын қажет етеді, сол арқылы өндірістік қорлардың айналымы мен ауыспалы айналымын тездетуге, еңбек өнімділігін арттыруға, өндіріс тиімділігінің басқа да көрсеткіштерін жақсартуға алғы шарттар жасалады. Сонымен қатар саланың өзі де едәуір экономик. потенциалға ие бола отырып, бұндағы істелетін еңбектің нәтижесін жан-жақты өсіру, тұтас алғанда қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудың аса маңызды резерві болып табылады.

Қазіргі жағдайда материалдық-тех. жабдықтауды басқару салалық және территориялық принциптерді тығыз ұштастыру арқылы құрылады. Материалдық-тех. жабдықтаудың қазіргі жалпы мемл. жүйесі КПСС ОК Сентябрь (1965) пленумының шешімдеріне сәйкес өнеркәсіп пен құрылысты басқарудың салалық принципіне көшкен кезде жасалды. Осы шешімдердің негізінде 1965 ж. 29 сентябрьде КПСС ОК мен СССР Мин. Советі өнеркәсіпті басқаруды жақсарту туралы қаулы қабылдады. Осыған сәйкес алғаш рет материалдық-тех. жабдықтау халық ш-ның дербес саласы болып бөлініп шықты. Мұның ең басты міндеті тұтынушыларды олардың ведомстволық бағынуына қарамастан материалдық ресурстармен қамтамасыз ету болды. Бұл салаға басшылық ету үшін СССР Мин. Советінің материалдық-тех. жабдықтаудың респ. комитеті құрылып, жабдықтау мен өткізудің территориялық органдарының кең тармағы қалыптасты. Материалдық-тех. жабдықтауды кәсіпорындар арасында шаруашылық байланыстарын орнату деп қараған жөн. Оның кызметі 130 мыңнан астам кәсіпорындарды қамтиды. Жабдықтау-өткізу органдары арнаулы номенклатура бойынша жасалатын жабдықтау жоспарлары негізінде заказдарды орналастыруды, тұтынушыларды поставщиктерге бекітуді іске асырады.

Материалдық-тех. жабдықтауды жоспарлау жоспарлы түрде жекелеген кәсіпорындар арасында шаруашылық байланыстарды орнатумен аяқталады.

Қазақстанда материалдық-тех. жабдықтау халық ш. саласы ретінде соғыстан кейінгі жылдары қалыптасты. 1965 жылдың аяғына дейін республиканың материалдық-тех. жабдықтау органдар жүйесінде Қаз. ССР Мин. Советіне тікелей бағынатын материалдық-тех. жабдықтау органдары (Қазсельхозтехника, Главнефтснаб), республиканың жоспарлау комитетінің материалдық-тех. органдары (жиынтық баланстар және материалдар мен отындарды бөлу жоспарлары, баланстар және машина мен жабдықтарды бөлу жоспарлары), Қазақ халық ш. советінің материалдық-тех. жабдықтау органдары, республика мин-ліктері мен ведомстволарының жабдықтау органдары болды. 1965 ж. Қаз. ССР-ін- де 1200 жабдықтау-өткізу органдары, оның ішінде әр түрлі ведомстволарға қарайтын 800-дей базалар мен қоймалар болды.

Қазақстан халық ш-ның материалдық-тех. жабдықтау жүйесіне, қазіргі кезде Қаз. ССР Материалдық-тех. жабдықтау жөніндегі мемл. комитетіне (1978 жылға дейін ол Қаз. ССР. Мин. Советінің Материалдық-тех. жабдықтау жөніндегі бас басқармасы болды) - Қаз. ССР Мин. Советінің жанындағы Мұнай өнімдерімен жабдықтау жөніндегі басқарма, халықты, коммунальдық-тұрмыс кәсіпорындары мен мекемелерін отынмен жабдықтау жөніндегі бас басқарма, одақтық-респ. және респ. мин-ліктердің (ведомстволардың) материалдық-тех. жабдықтау бас басқармасы, а. ш-н өндірістік-тех. қамтамасыз ету жөніндегі мемл. комитет кіреді. Қазақ ССР материалдық-тех. жабдықтау жөніндегі жүйесінің органдары халық ш-н өндіріс құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың көбін орындайды.

Қазақ ССР Материалдық-тех. жабдықтау жөніндегі комитеті өзінің қарауындағы респ. жабдықтау-өткізу ұйымдары мен кәсіпорындарына басшылық етеді. Қазақ ССР Материалдық-тех. жабдықтау жөніндегі комитеті жүйесіне орталық аппарат, өнімдердің жекелеген түрлерімен жабдықтау және өткізу жөніндегі аонайы бас басқарма, жаңа салынып жатқан және реконструкцияланған кәсіп-орындарды жабдықпен, приборлармен және кабельмен т. б. бұйымдармеп түгендеу жөніндегі бас басқарма, республикадағы материалдық-техн. жабдықтаудың жеті территориялық басқармасы (Алматы, Шығ. Қазақстан, Бат. Қазақстан, Қарағанды, Семей, Целиноград, Оңт. Қазақстан) кіреді.

Қазақ ССР Материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі комитетінің негізгі міндеті республика. территориясында орналасқан кәсіпорындарға, құрылыстарға және ұйымдарға берілетін материалдық-тех. ресурстарды бөлу болып табылады. Бұл транзитпен, сол сияқты қоймадан материал босату арқылы іске асырылады. Сондай-ақ салааралық кооперациялық поставкаларды орындауына және енімдерді тиеп жіберуіне бақылау жасауды қамтамасыз ету, кәсіпорындар мен ұйымдарда көтерме сауданы ұйымдастыру, артық және пайдаланылмаған материалдарды және басқа материалдық бағалы заттарды анықтау және сатып өткізу; материалдық- тех. жабдықтау органдары мен жүйелерін жетілдіру жөніндегі шараларды белгілеп, іске асыру, жабдықтаудың тиімді формасып енгізу қамтылады. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатымен Қазақ ССР Материалдық-тех. жабдықтау жөніндегі комитеті өз территориясында орналасқан кәсіпорындардың арасындағы ұзақ мерзімді тікелей байланыстарды белгілейтін ұтымды схемасын жасауды, сондай-ақ одақтық жабдықтау органымен бірлесе отырып, басқа аудандардағы кәсіпорындарды тікелей байланыстыру схемасымен, тұтынушылар арасында өнімді номенклатурасы бойынша бөлуді, арнаулы басқармалар мен базалардың кәсіпорындармен, құрылыстармен, тұтынушы ұйымдар арасында өнім жіберу жөнінде шарт жасасуды қамтамасыз етеді; өндіріс құрал-жабдығымен қөтерме сауда жасауды ұйымдастырады, халық ш-н материалдық-тех. жабдықтаудың осы түрін онан әрі кеңінен өрістету шараларын іске асырады; кәсіпорындарды территориялық жабдықтау базалары арқылы материалдық ресурстар мен жабдықтаудың тиімділігін арттыру жүйесін онан әрі өрістету шараларын белгілеп, іске асырады; тұтынушыларға өнімдерді орталықтандырып жеткізуді кеңейту жөніндегі жұмыстарды жүргізіп, транспорт құралдарын неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.

Қазақ ССР Материалдық-тех. жабдықтау жөніндегі комитеті поставщиктердің республика территориясында орналасқан кәсіпорындарға, құрылыстарға және ұйымдарға өнімдерді жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындауына, осы ауданның поставщиктерінің елдің басқа аудандарына жіберетін өнімдері жөніндегі міндеттемелерін орындауына, кәсіпорындардың, құрылыстардың, ұйымдардың шикізатты, материалды, отынды, жабдықты жұмсауына, республика территориясында орналасқан кәсіпорындардың жаңа, қолдағы жәшік-ыдыстарды пайдалануына бақылау жасайды. Сонымен бірге ол өз қарамағындағы бірлестіктерде, конторларда, базаларда, қоймаларда шаруашылық есепті енгізуді қамтамасыз етеді, бұл ұйымдардың тұтынушыларды іркіліссіз жабдықтауды қамтамасыз етуі үшін жауапкершілігі мен материалдық мүдделілігін арттыру, товар-материалдық бағалы заттардың айналымдылығын тездету және негізгі қорларды тиімді пайдалану жөніндегі шараларды іске асырады. Сондай-ақ есептеуіш техниканы, механикаландыру және автоматтандыру құралдарын енгізу жөніндегі шараларды іске асырады.

Одақтық-респ. және бүкіл одақтық министрліктерге қарамағындағы кәсіпорындар мен ұйымдарды материалдық-тех. қамтамасыз ету жауапкершілігі жүктеледі. Олар кәсіпорындардың материалға және жабдыққа деген қажетін анықтай отырып, қорлардың өткізілуіне бақылау жасауды іске асырады, сала ішіндегі кооперациялық поставкалармен қамтамасыз етеді.

Материалдық-тех. жабдықтаудың жалпы мемлекеттік жүйесі жабдықтаудың және өткізу органдарын құрудың территориялық және салалық принциптерін ұштастырады. Өнімдердің жекелеген түрлерін өткізу және жабдықтау жөніндегі бас басқарма (Казглавснабсбыт) жабдықтаудың территориялық органдарымен бірге өнімдердің жекелеген түрлеріне деген қажеттілікті дәл әрі тез анықтауға, кәсіпорын-әзірлеушілерге заказдарды тиімді орналастыруға, қоймалық жабдықтауды дамытуға мүмкіндік береді, тұтынушыларға шапшаң көмек көрсету жөніндегі шараларды іске асырады. Республиканың тұтынушыларын поставщиктерге тіркейді. Олардың негізгі міндеті - халық ш-н белгілі өнім түрлерімен жоспарға сәйкес жабдықтауды ұйымдастыру және басшылық ету.

Соңғы жылдары жабдықтау мен өткізудің жалпы мемл. жүйесі едәуір нығайды, халық ш-н өндіріс құралжабдығымен қамтамасыз етуді ұйымдастыруда шешуші маңызға ие болды. 1977 ж. жабдықтаудың жалпы мемл. жүйесі 240 мың тұтынушыға қызмет етті. Оның товар айналымы жылына шамамен 200 млрд. сомға жетті.

Басқарудың ғылыми тәсілі мен электронды-есептеуіш техниканы кеңінен енгізу негізінде материалдық-тех. жабдықтауды онан әрі дамыту және жетілдіру кәсіпорындардың арасындағы ұзақ мерзімді экономик. тікелей шаруашылық қарым-қатынастарды нығайтумен, көтерме сауданы жетілдірумен, тұтынушыларға көрсетілген өндірістік қызметтердің түрлерін кеңейтумен байланысты.

 

Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы, 1978. -Б. 369-370.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2024-03-30 12:28:18     Қаралды-24

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ БАР?

...

Жыл мезгілдерінің ауысуы – табиғаттың мәңгілік және өзгермейтін құбылысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »