UF

АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕҚ

 

Біздің елімізде ауырып-сырқап қалған жағдайда ауыл-село тұрғындарына да ақысыз-пұлсыз медициналық көмек беріледі. Ауырған адам жағдайы келсе, емханаға барып көрінуіне де немесе дәрігерді үйге шақырып алуына да болады. Ал кенеттен бір ауыр жағдайға ұшырап қалған адамға еліміздің қай түкпірінде болса да самолетпен дәрігер әкеледі немесе ауырған яки жарақаттанған адамды самолет арқылы дереу ауруханаға жеткізеді.

Дегенмен кейде ауырған немесе баска бір жағдайға ұшырап қалған адамға дәрігер келгенше алғашқы медициналық көмек көрсету қажет болады. Сондықтан, біздің әрқайсымыз да алғашқы дәрігерлік көмек көрсетудің негізгі түрлерін білуге тиістіміз. Төменде сол сияқты кенеттен жарақаттанған, тағы басқа түрлі жағдайларға ұшыраған адамға алғашқы көмек көрсету жайында қысқаша түсінік береміз.

Жазылмайтын жарақат жоқ. Адам биіктен құлағанда немесе бір нәрсеге соқтығып калғанда, әдетте дененің тері астындағы жұмсақ еті зақымданады да, көбінесе ондағы ұсақ қан тамырларының үзілуі салдарынан дененің соғылған жері қанталап, көгеріп қалады, кейде ісіп те кетеді.

Мұндай жағдайда алдымен таза матаны немесе бинтті бірнеше қабаттап бүктегі аласыз, одан кейін соны суық суға малып алып сәл сығып жібересіз де, дененің көгерген жеріне басасыз. Бұл жыли бастаған кезде алып тастап, оның орнына тағы да суық суға шыланған бинт басып, ауыстырып отырасыз. Ал қыстыкүні болса, көгерген жерге ішіне мұз салынған шиша немесе қар басқан дұрыс. Бұдан соң дененің көгерген жерін қозғалмайтындай етіп, біраз көтеріңкіреп қою керек. Мысалы, жарақаттанған аяқтың астына жастық салып қоюға болады, ал егер қол жарақаттанса, оны орамалмен байлап, мойынға асып қойған дұрыс.

Егер адам бір нәрсеге басын, кеудесін яки ішін соғып алса, оның ішкі органдарының біреуі жарақаттануы, сөйтіп ішкі сарайына қан құйылуы мүмкін. Мәселен, жаракаттанған адам аздап есінен танса, басы қатты ауырса немесе басы айналып, құса берсе, оның миы шайкалуы немесе қандай да болса, миына зақым келуі мүмкін.

Ал адамның тынысы тарылып, қан түкіретін болса, онда кеудесін соғып алудың салдарынан ішкі органдарының бірі зақымданғаны деп біліңіз. Кейде адам бір қатты нәрсеге ішін соғып алғанда да жүрегі айнып, құса береді, тіпті қан кұсуы да мүмкін. Бұл да ішкі органдардың біреуіне зақым келуінің белгісі.

Мұндай жағдайларда дереу жарақаттанған адамды қозғалтпай, шайқалтпай ғана еппен көтеріп, емханаға жеткізу керек. Оның жарақаттанған жерін қолмен ұстай көрмеңіз, өйткені сіздің қол тигізуіңіздің оған зияны болмаса, пайдасы жоқ.

Сыртқы жарақат. Адамның терісі жарақаттанып, қан шыққан жағдайда, сыртқы киімнен, жарақат түсірген заттан, көмек көрсетуші адамның қолынан немесе жараны таңатын материалдың таза болмауынан сол жарақаттанған жерге әр түрлі аурудың микробтары түсуі мүмкін. Мұндай жағдай болмас үшін жарақаттанған жерді сумей жууға, қолмен ұстауға, оған түскен топыраққа яки басқа бір нәрсе көрінсе оны алып тастаймын деп қол тигізуге, сондай-ақ, қан шыққан тқерге қағаз жапсыруға болмайды.

Егер жарақат кішкентай, аздап терісі сыдырылған немесе сызат түскендей ғана болса, оған йод жағып, таза дәкемен немесе үтіктелген таза ақ матамен орап, байлап тастау керек. Ал жаракат бұдан гөрі үлкенірек болса, оны зарарсыздандырылған материалмен орап байлау қажет. Ең жақсысы - мұндайда алғашқы көмек көрсетуге арналған жеке пакетті пайдалану. Ондай пакеттер аптектерде сатылады (оны әр семья сатып алып қойғаны жөн).

Пакетті ашарда алдымен қалтаның бір жағын тігіп қойған жіпті суырып аласыз, одан кейін ішіндегі резеңке араласқан матадан тігілген қалтаны суырып аласыз да, оны шетінің кесілген жерінен жыртын ашасыз. Соның ішінде қағазға оралған пакет бар. Пакеттің сыртындағы қағазын жыртып, сол қолыңызбен дәкенің мақта-марліден жасалған арнаулы жастықшаға тігілген жағынан, ал оң қолыңызға бүктелгең дәкенің өзін ұстайсыз да, жастықшаның дәкеге тігілмеген жарығын жарақаттанған жерге жапсыра орап таңасыз,

Егер мұндай арнаулы пакет қолда жоқ болса, таза қол орамал, таза ақ матаны пайдалануға болады. Бірақ жарақаттанған жерді ораудан бұрын оларды екі жағынан бірдей үтіктеп алу керек. Жараның үстін тегіс жауып, онша қатты кыспай байлаған дұрыс.

Бұдан соң жарақатганған адамды дереу емханаға жіберу керек. Онда барған соң дәрігерлер оның жарасына тиісті дәрі жағып, зарарсыздандырып байлап береді. Дәрірерге неғұрлым тезірек барған жақсы, өйткені арада 5-6 сағат уақыт өтіп кетсе, жарасының жазылуы қиынға соғады.

Қан кеткенде не істеу керек? Адамның денесінде толып жаткан қан тамырлары бар. Солардын, ішіндегі ең ірісі екеу. Оның біреуі қанды жүректен барлық денеге таратып тұрады. Бұл артерия деп аталады. Ал екіншісі денедегі қанды жүрекке қарай жіберіп тұрады. Бұл вена деп аталады. Ең жіңішке қан тамырлары капилляр деп аталады. Адамның қай жерінен қан шықса да, ол қан тамырларына зақым келудің салдарынан болады.

Әдетте ауыл шаруашылығында жұмыс істеп жүрген кісілерде ұсақ қан тамырларынын зақымдануы жиі кездеседі: біреудің қолын пышақ кесіп кетеді, біреудің аяғына шеге кіріп кетеді т. с. с. Мұндайда денеден аздап қан шыққанымен, кейде ол өзінен өзі тоқтап қалады, өйткені сыртка шыққан қан ұйып, қан тамырларынын, жарақаттанған жерін бітеп тастайды. Мұндай жағдайда жараның үстіне және оның төңірегіне иод жағып қоя салуға болады. Дегенмен кесілген жерге кір түспеу үшін оны таза бинтпен байлап қойған да дұрыс.

Егер артерияға зақым келсе, кесілген жерден үздіксіз лықсып, алқызыл қан сорғалайды. Ал вена зақымданса, қызыл күрең түсті қан бірқалыпты ағып тұрады.

Артериядан қан кету - адам өміріне қауіпті жағдай. Жаракаттанғаң адамның аман қалуы алғашқы дәрігерлік көмектің неғұрлым тезірек көрсетілуіне байланысты. Мұндай жағдайда ең бастысы - қан ағуын тоқтату керек.

Қан өте қатты ағып жатпаса, жараның үстін қатты басып тұратын таңғыш салуға болады. Мәселен, қан шығып тұрған жерге зарарсыздандырылған материалды (марліден жасалған тампон немесе сыртын дәкемен ораған мақта) басып тұрып, оның сыртынан дәкемен қатты орап таңып тастау керек. Егер жараның ішінде бір бөгде зат - темірдің яки шынының сынығы тұрса немесе жарақат сынған сүйектін, үстінде тұрса, оны бұлай таңуға болмайды.

Қан қатты ағып жатқан жағдайда зақымданған қан тамырын саусақпен қатты басып тұру арқылы қаңағуын уақытша тоқтатуға болады (артерияны жарақаттанған жердің жоғарғы жағынан, венаны төменгі жағынан басады). Бірақта, қан тамырын ұзақ уақыт саусақпен басып тұру қиын. Сондықтан бұл әдісті тек бастапқы кезде ғана қолдануға болады.

Қолдан яки аяқтан қатты ағып жатқан артерия қанын тоқтату үшін қан аққан жерден жоғарырақтан резеңкеден жасалған арнаулы бұраумен, егер ол қолда жоқ болса, сүлгімен, дәкемен, тағы сондай нәрселермен қысып бұрау салады. Бұрауды тым қатты қыса бермей, тек қан тоқтағанша ғана қысып бұрау керек. Егер бұрауды созылмайтын материалдан жасасаңыз, оны әуелі  бос байлайсыз да, арасынан кішкентай жұмыр ағаш яки тақтайшаны өткізіп алып, қан ағуы тоқталғанша қысып бұрай бересіз. Қан тоқтағаннан кейін бұрау тарқатылып кетпес үшін оның ағашын бұрау салған денеге байлап қою керек.

Бұрауды, әрине жалаңаш денеге салмайсыз, оның астынан жалпақ дәке, орамал сияқты бір нәрсе салу керек.

Қолға яки аяққа салған бұрауды екі сағаттан артық ұстауға болмайды. Егер одан көп тұрып калса, ет талшықтарының жаны кетіп қалуы, тіпті, бұрау салынған қолдың немесе аяқтың сал боп қалуы мүмкін. Бұрау салып болысымен дереу жарақаттанған адамды емханаға апарып, бұраудың қай сағатта салынғаның дәрігерге айту керек.

Қан кету тек сыртта ғана емес, көзге көрінбейтін жерде - іште де болады. Іштегі (құрсақ қуысында, көкіректе) қан кетудің белгісі: адамның өңі (ерні) бозарып, суық тер шығады, аяқ-қолы мұздап, есіней береді, тынысы тарылады, әлсіреп басы айналады, есінен танып қалуы да мүмкін. Мұндай жағдайда дереу дәрігер шақыру керек.

Мұрны қанаған адамды басын шалқайтып, отырғызып қойып, мұрнының үстіне шүберекке оралған мұз немесе қар басу керек. Егер жазды күні болса қол орамалды суық суға малып, сәл сығып жіберіп, соны басуға болады. Қанаған мұрынды сіңбіруге, сондай-ак, мұрынның ішіне су атуға болмайды. Өйткені сіңбіру немесе мұрын ішіне су жіберу ондағы зақымданған қан тамырын жабуға бейімделіп келе жатқан ұйыған қанды алып кетеді де, қанның ағуы күшейе түседі. Егер мұрыннан қан тоқтамай аға берсе, науқасты емханаға апару керек.

Күйік. Адам отқа, буға, қайнаған ыстық суға күюі немесе бір ыстық нәрсені ұстай алудан қолы күюі, сондай-ақ кейбір химиялық заттардан да (күкірт қышқылынан, сөндірілмеген әктен, каустикалық содадан т. б.) күйіп қалуы мүмкін.

Ең алдымен адамды күйдірігі бара жатқан нәрсенің әсерін тоқтату керек. Мәселен, адамның үстіндегі киімі жанып бара жатса, оның үстіне пальто ма, одеял ма, әйтеуір көлемді бір затты жаба салып, құшақтап қысу арқылы жанған киімді сөндіру керек. Содан соң сол үстіне жапқан нәрсенің сыртынан салқын су құйсаңыз, тіпті жақсы.

Химиялық заттарға күйген жағдайда адамның сол күйдірегін зат төгілген жерін тезірек жуып жіберген дұрыс. Мәселен, қышқыл мен сілті төгілген жерге суық суды көп құйып жіберсеңіз, сонымен жуылып кетеді.

Күйік төрт дәрежеге бөлінеді. Оның бірінші дәрежесінде терінің үстіңгі қабаты қызарып, ашып ауырады. Мұндай күйген жерді спиртке, араққа немесе марганец қышқыл қалийдің (марганцовка) ерітіндісіне малынған дәкемен орап байлап қойса болады. Күйіктің екінші дәрежесінде күйген жер қызарып, күлдірейді де, ол күлдіректің ішіне су толып хетеді. Бұл күлдіректердің суын шығарам деп оның бетін жұлып алуға немесе инемен жаруға болмайды, өйткені бетін жұлғаннан кейін оның ішіне әр түрлі микробтар түсіп кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда емханага барғанша күйген жерді жоғарыда айтылғандай етіп, байлай тұру керек немесе күйген жерді зарарсыздандырылған бір таза нәрсемен жауып қоя гұруға да болады.

Күйіктің үшінші дәрежесінде күйген жердің терісі ғана емес, бір қабат еті де көмірленіп, жансызданып қалады. Ал төртінші дәрежесінде күйген жердің терісі де, еті де қалың көмірленіп, қарайып кетеді. Бұл жағдайлардың екеуінде де дереу дәрігер шақыру керек немесе кешіктірмей емханаға апару қажет. Күйген жерге шаң-тозаң түспеуі үшін оны зарарсыздандырылған таза бинтпен бостау орап қойған дұрыс.

Адамға күн және ыстық өтуі. Ыстық күндері күннің кәзінде жалаңбас ұзақ жүрудің салдарынан адамға күн өтуі мүмкін. Ондай жағдайда адамның басы қатты ауырады, жүрегі айнып құсады, денесінің қызуы көтеріледі. Басқа қан құйылуының салдарынан беті қызарын кетеді.

Жазғы ыстықта желсіз күнде далада көп жүрсе немесе өте ыстық үйдің ішінде қалың киініп отырса адамның денесі қатты қызып, оған ыстық өтуі мүмкін. Ыстық өткен адамның да басы қатты ауырады, жүрегі айнып, құсады, жүрегі лүпілдеп, ентігіп, терлей береді. Асқынған жағдайда адам есінен танып, құлап қалуы да мүмкін.

Күн өткен адамды да, ыстық өткен адамды да дереу салқын жерге - көлеңкеге немесе бастырманың астына апарып, жастықты биіктеу салып жатқызу керек. Оның киімдерінің түймесін ағытып, су ішкізу керек, басына, кеудесіне су құйған да жақсы.

Егер оның тынысы өте нашарлап кетсе немесе тіпті тыныс алуы тоқтап қалса, оған қолдан тыныс алдыру керек және дереу дәрігер шақыру қажет.

Адам талып қалса. Талып қалған адамның өңі құп-қу болып, есінен адасады, жүрек қызметі әлсіреп, тыныс алуы нашарлайды.

Мұндай жағдайда ең алдымен терезені немесе оның желдеткішін ашып, бөлмеге таза ауа кіргізу қажет. Бұдан соң талып жатқан адамның жағасының түймесін ағытып, белбеуін шешіп жібересіз де, басын төмендеу, аяғын жоғарырақ орналастырып жатқызасыз. Осылай жатқызған жағдайда оның басына қан жүгіреді. Ал мұның пайдасы зор, өйткені адамның талуы кенеттен қанның бастан денеге құйылып кетуінен болады. Егер үйде мүсәтір спирті бар болса, соны мақтаға тамызып алып, мұрнына иіскетіңіз, беті мен кеудесіне салқын су жағыңыз, ал басына салқын нәрсе басудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, оған дәрі немесе су ішкізудің де қажеті жоқ. Өйткені есінен танып жатқан адам оны жұта алмай, тыныс жолына кетіп қалуы мүмкін.

Бұл сияқты көмектің пайдасы болмай бара жатса, дереу дәрігер шақыру керек.

Адамға иіс тисе. Пешке салған отынның жанып бітуіне қарамай, оның төбесін ерте жауып тастасаңыз, үйдің ішіне иіс газы жайылады. Бұл газбен уланған адамның әлі кетіп, басы айналады, тынысы тарылып, басы қатты ауырады. Кейде адамның жүрегі айнып, тіпті адам есінен танып қалуы да мүмкін.

Иіс тиген адамды далаға, таза ауаға алып шығып, маңдайына суық суға малынған орамал басу керек. Тыныс алуы нашарлап бара жатса, мұрнына мүсәтір спиртін иіскетіп, қолдан тыныс алдырған дұрыс.

Бұдан соң, иіс тиген адам есін жиғаннан кейін оны ауасы тазартылған үйге әкеліп, төсекке жатқызасыз да, үстін жылы жауып, ыстык шай бересіз. Ыстық су кұйылған грелка басуға болады.

Әрине, мұның бәрі дәрігер келгенше көрсетілетін алғашқы көмек. Иіс тиген адамға міндетті түрде дәрігер шақыру кажет.

Улану. Адам көбінесе борсыған еттен пісірілген тағамнан, сасыған балықтан, саңырауқұлақтан, жабайы жемістен, көкөністен уланады.

Уланған адамға суды, шайды немесе салқын сүтті көп ішкізу керек, егер ол есінен танып жатса, ешнәрсе де ішкізуге болмайды. Оған тұзды су ішкізіп немесе тамағына қол салып құстыру керек. Бұдан соң құрғақ ағаш көмірін ұнтақтап, соның 1-2 шай қасығын 1-2 стакан суға араластырасыз да, уланған адамға ішкізесіз.

Күшті кышқылдан немесе сілтіден уланған адамды құстыруға болмайды. Ондай адамға сұлының немесе зығырдың қайнатпасын (қайнатып алынған суын), кисель, сары май, шикі жұмыртқа ішкізген дұрыс.

Кейде уланған адамның ұйқысы келеді. Бірақ оны ұйықтатуға болмайды. Ұйқысын ашу үшін оның бетіне су бүркеді немесе ыстық шай ішкізеді. Егер науқас тынышсыздана бастаса, оны төсекке жатқызып, дәрігер келгенше қозғалтпай отыру керек. Егер ол тоңып, қалтырай бастаса, арқасына грелка қойып жылыту керек болады.

Уланған адамға шұғыл дәрігер шақырту керек.

Буын шығуы. Қолдың немесе аяқтың буыны шығып кетсе, ол катты ауырып, ісініп кетеді, буын қозғалтпай қалады. Мұндай жағдайда ол адамның буыны шыққан жерін ауыртпай, ептеп және неғұрлым тезірек емханаға жеткізу керек. Егер емхана алыста болса, науқасты арбаға жатқызып, оның буыны шыққан қолын яки аяғын қозғалтпай апару керек. Оны қозғалтпау үшін шыққан буынды жан-жағынан жұқа тақтай ма, қатты картон қағаз ба, әйтеуір бір қатты нәрселер салып, таңып тастауға болады.

Адамның иығы шыққан жағдайда оның қолтығының астына бір жұмсақ нәрсе салып, иығын көтеріп қояды. Егер адамның жамбас буыны немесе тізе буыны шықса, аяқтың зембілге тимейтін жеріне астыңғы жағынан бір жұмсақ нәрсе салын қойған дұрыс.

Сынық. Адам биіктен құласа немесе тайып жығылса, сүйек сынуы мүмкін. Көбінесе мұндайда адамның аяғы немесе қолы сынады.

Мұндай жағдайда ең алдымен науқастың сынған жерін қозғалтпаудың амалын қарастыру керек. Қозғалтпаған жағдайда оның ауырғаны бәсеңдейді және сынған сүйек төңірегіндегі ет пен қан тамырларын, нерв талшықтарын зақымдамайтын болады.

Сынған аяқ-қолды қозғалтпау үшін әуелі оның сыртындағы киімнің жеңін немесе балағын жыртып жіберіп, сыртқы терінің амандығын байқау керек. Егер сынған сүйек теріні тесіп шыққан болса, алдымен терісі жарақаттанған жерді таза бинтпен байлайсыз. Одан кейін сынған жердің жыртылған киімін үстіне жауып, оның сыртынан таңғыш салып байлайсыз. Таңғыш сынған жерге қатты тимеу үшін оның астынан бір жұмсақ нәрсе (кабаттап бүктелген орамал, сүлгі т. с. с.) салған дұрыс. Адам ойда жоқ жерде мұндай жағдайға кездесіп қалғанда, арнаулы таңғыш материалы колға түсе қоймауы мүмкін. Ондай жағдайда сынған сүйектің айналасына жұқа тактай, қатты қағаз сияқтыларды салып байлауға болады.

Сынған жерді таңудан бұрын оған қажетті материалдарды (жұқа тақтай, қатты қағаз т. б.) ұзындығы сүйектің сынған жеріне ғана, емес, бір буыннан екінші буынға дейін жетіп тұрарлықтай етігі кесіп аласыз. Одан кейін сол тақтайшаларды сүйектің сынған жерін қозғалтпастай етіп, айналасын қаптай саласыз да, сыртынан дәкемен немесе басқа бір материалмен (косынка, орамал т. б.) орап байлап тастайсыз.

Тоқпақ жілік сынса. Тоқпақ жілік сынғаның көмек көрсетуші екі адам болуы керек. Олардың біреуі сынған қолды сәл темен тартыңқырап ұстап тұрады. Екіншісі бір тақтайшаны қолдың астыңғы жағынан қолтығына жеткенше салады да, екінші тақтайшаның бас жағын иық буынынан сәл асырыңқырай салып, сыртынан орап байлап тастайды. Қолтығының астынан бір киімін немесе сүлгісін бүктеп қыстырадыда, қолын орамалмен байлап, мойнына асып қояды.

Білек сүйегі сынса. Білек сүйегі сынған жағдайда бір тақтайшаны білектің ішкі жағынан алақаннан бастап, қарына жеткенше, екінші тақтайшаны білектің сыртқы жағынан, қолдың басынан бастап шынтағынан сәл асып тұратындай етіп салады да, оның сыртынан екі-үш жерден бинтпен орап байлап тастайды. Бұдаң соң қолды шынтағынан иіп, орамалмен мойнына асып қояды.

Алақан сүйегі сынса. Егер қолдың басы, яғни алақан сүйегі сынды-ау деп шамалаған жағдайда, зақымданған қолға матаны шумақтап ұстатыңыз да, сол қалпынша сыртынан бинтпен орап байлаңыз. Одан кейін білек сүйегі сынғандағыдай етіп, науқастың қолын мойнына асып қойыңыз.

Ортан жілік сынса. Ортан жілік сынган жағдайда көмек беруші үш адам болуы керек. Олардың біреуі науқастың аяқ жағына барып бір қолымен өкшесінен, екінші қолымен аяқтың басынан ұстайды да, таңғыш салар кезде өзіне қарай сәл тартып тұрады. Екіншісі науқас адам жатқан жерінен жылжып кетпес үшін оны кеудесінен басып тұрады. Үшіншісі сынған аяққа таңғыш салып байлайды.

Мұндай жағдайда бір тақтайды аяқтың басынан қолтығына дейін жетерліктей, екіншісін аяқтың басынан шабына дейін жетерліктей етігі кесіп аласыз да, сирағынан 2 жерден, санынан 2 жерден және белі мен кеудесінен таңып байлап тастайсыз. Егер таңғыш тақтай табылмай қалса, онда сынған аяқты сау аяққа таңып байлап тастау керек.

Сирақ сүйегі сынса. Бұл жағдайда алғашқы көмек көрсетуге екі кісі жарайды. Біреуі сынған аяқтың басынан сәл өзіне қарай тартыңқырап ұстап отырады да, екіншісі тақтай салып байлайды. Тақтайдың біреуі сирақтың ішкі жағынан, екіншісі сыртқы жағынан салынады. Бұл тақтайлар санның орта тұсынан өкшеге дейін жетіп тұратындай болуы керек. Таңғышты ортан жіліктен, тізеден төмен және асығынан жоғарырақтан үш жерден таңып байлап тастайды.

Бас сүйек сынса. Бұл өте ауыр тиетін жағдай. Жарақаттанған адамды зембілге салып, дереу ауруханаға жеткізу керек. Ауруханаға жеткенше басы қозғалмайтын болуы үшін науқастың басының астына және екі жағына бүктелген киімдер салған дұрыс.

Омыртқа сынса. Сынған омыртқа жұлынды жаншып тастауы немесе сынған сүйектің ұшы жұлынды жарақаттауы мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайда дұрыс көмек көрсете білудің маңызы зор.

Мұндайда ең алдымен жарақаттанған адамды еппен ұстап, жалпақ тақтайдың үстіне шалқасынан жатқызу керек те, одан кейін сол тақтаймен қоса зембілге салу керек. Егер оны жатқызатындай жалпақ тақтай немесе басқа түрлі беті тегіс нәрсе табылмаса, онда ептеп қана зембілге етпетінен жатқызып, сол қалпынша ауруханаға жеткізу керек.

Жамбас сүйек сынса. Мұндай жағдайға ұшыраған адамға көмек көрсетушілер айрықша сак болуы керек. Өйткені, кейбір жағдайда ол аяғын сәл қозғаса, сынған сүйек орнынан тайып кетіп, үшкір сынығымен ішкі органдарды жарақаттауы мүмкін.

Мұны да жоғарыда көрсетілген ортан жілік сынғадағыдай етіп, тақтай салып таңып тастап, дереу зембілге салып ауруханаға жеткізу керек.

Ит қапса. Ауылдық жерлерде әсіресе балаларды ит қауып немесе мысық тістеп алуы жиі кездеседі. Мұндайда иттің де, мысықтың да тісі арқылы баланың қанына микробтар түсуі мүмкін. Кейде тіпті ол құтырған ит болуы да мүмкін. Ал құтырған иттің тісі тиген адам құтыратынын баяғыдан-ақ білеміз.

Сондықтан, баланың ит яки мысық тістеген жеріне иод құйып, таза дәкемен байлаңыз да, баланы дереу дәрігерге апарыңыз. Дәрігер баланы қапқан итті немесе мысықты арнаулы бақылау орнына алдырып, оның денсаулығын тексеруге тиіс. Егер ит құтырған болса, балаға құтыруға қарсы укол салады. Әрбір ата-ана бұл сияқты ит қабу немесе мысық тістеуінің қауіпті екенін балаларға айтып, егер оларды ит қапса, мысық тістесе, оны жасырмай айтуың керек деп түсіндіріп қойғаны жөн.

Жылан шақса. Егер адамның қолын немесе аяғын жылан шақса, оны сол шаққан жерден жоғарырақтан қатты қысып байлау керек. Қатты қысып байланған жерді жарты сағаттан кейін сәл босатып немесе шешіп алып, бірнеше минуттан кейін тағы байлау керек.

Жылан шаққан жерден қан ағып тұрса, оны тоқтатудың қажеті жоқ, өйткені, сол қанмен бірге денеден жыланның уы да шығады. Қайта, қанды көбірек ағызуға әрекет жасау керек. Жылан шаққан қолды немесе аяқты төмен салбыратып қойып, қолмен сығымдап (бірақ қолыңыз жараның аузына тиіп кетпесін), қанды ағыза түскен дұрыс. Қанды ауызбен сорып алуға болмайды. Жыланның шаққан жерін қайнаған сумен, арақпен немесе марганцовкамен жуған, сондай-ақ сода ерітіндісіне (1 стакан суға 1 шай қасық нан содасын саласыз) немесе сірке суына таза мақтаны батырып алып, соны басқан да жақсы. Қалайда денедегі уды сыртқа шығару үшін шай, сүт сияқты сұйық заттарды көбірек ішкізген дұрыс. Жылан шаққан адамды неғұрлым тезірек дәрігерге көрсету керек.

Суға кеткен адамға көмек беру. Суға кеткен адамды судан алып шығысымен оның тыныс жолын тазартуға, яғни оның тыныс алуын қалпына келтіруге әрекет жасау керек. Алдымен оның аузы-мұрнын сумен бірге кіріп кеткен құм мен саздан тазартып алады да, басы мен кеудесін төмен салбыратып, етпетінен жатқызады. Әрине, су жағасында оны ыңғайлап жатқыза қоятын төсек дайын тұрмайды. Сондықтан оны кеудесінен төмен салбыратып тізеңіздің үстіне жатқызуға болады. Бұдан кейін өкпесіне кеткен суды шығару үшін арқасынан қолмен басу керек. Аузы-мұрнынан су ағуы тоқталғаннан кейін оны шалқасынан жатқызып, қолдан тыныс алғызу қажет. Қашан өз бетінше тыныс алып, есін жиғанша қолдан тыныс алдыруды тоқтатпаңыз. Тұншыққан адам есін жиғаннан кейін оны әбден жылындырып, ауруханаға апару керек.

Үсіген адамға көмек көрсету. Үсік төрт дәрежеге бөлінеді. Оның бірінші дәрежесінде адамның үсіген жері бозарып, домбығады. Жылы жерге келгеннен кейін қызарып, тызылдап ауырады да, біраздан кейін басылады. Екінші дәрежесінде үсікке шалдыққан жердің терісі алғашқыда бозарады, кейін қызарып күлдірейді де, ол күлдіректердің астына мөлдір сұйық зат жиналады. Үшінші дәрежесінде тері астындағы шел зақымданып, күлдіректердің астына қанды ірің жиналадьі. Үсіген жердің сезімталдығы жойылып, өте қатты ауырады. Ал төртінші дәрежесінде үсіген жердің тек терісі ғана емес, сүйегіне дейін жансызданып қалады.

Ел арасында үсіген адамды бірден жылы үйге кіргізбей, далада үсіген жерін қармен ысқылау керек деген қате түсінік бар. Қармен ысқылаймыз деп, оның күлдіреген жерлерінің терісін шетінетіп алса, сол арқылы тері астына микробтар түсіп кетуі мүмкін. Содан соң қармен ысқылағаннан гөрі жылы үйге әкелген адам тезірек жылынады.

Алдымен, үсіген адамды жылы үйге әкеліп, оның үсікке шалдыққан жерін спиртпен сүртіп жіберу керек. Одан кейін жұмсақ жүн матамен үсіген жерді қызарып, сезімталдығы қалпына келгенше еппен ысқылай беру керек. Содан кейін үсіген жерге қандай болмасын бір тұзсыз май жағып қоясыз. Егер усікке шалдыққан жері күлдіреп шықса, оны спиртпен сүртіп жіберіп таза бинтпен байлаңыз да, үсіген адамды емханаға апарыңыз.

Егер далада үсікке шалдығып, құлап жатқан адамды кездестірсеңіз, дереу дәрігер шакыртыңыз. Дәрігер келгенше оны жылы ұйге енгізіп, киімдерін шешіңіз де, оның терісі қызарып, қол-аяғы қозғалысқа келгенше барлық денесін жүн матамен ысқылай беріңіз.

Егер үсіген адамның тынысы тоқтап қалған болса, дереу қолдан тыныс алдыруға кірісу керек. Тыныс алуы түзеліп, есін жиған кезде оған аздап шарап, ыстық шәй ішкізіңіз де, үстіне жылы көрпе жауып, ыстық су құйылған грелка беріңіз.

Қолдан тыныс алдыру. Көптеген жағдайларда адамның өмірін сақтап қалу үшін қолдан тыныс алдыру әдісі қолданылады. Мұнда науқасқа көмек беруші адамға ерінбей-жалықпай, ұзақ уақыт бойы бірнеше сағатқа дейін, яғни науқас өз бетінше тыныс алатын болғанша немесе дәрігер келгенше еңбектенуге тура келеді.

Алдымен науқас адамның кеудесін қысып тұрған киімдерінің: костюмнің, көйлектің түймелерін ағытып, белбеуін шешіп алу керек. Егер оның аузында қолдан салынған алмалы-салмалы тісі болса, оны да алып тастаған дұрыс. Қолдан тыныс алдыру кезінде аузы жұмылып қалмас үшін оған таяқ немесе басқа бір қатты зат тістетіп қою керек. Егер науқас үйдің ішінде жатқан болса, бөлменің желдеткішін немесе терезесін ашып, үйге таза ауа кіргізу қажет.

Қолдан тыныс алдырудың бірнеше әдісі бар. Солардың ішіндегі ең оңайы - науқастың тілін қолмен тарту. Бұл үшін науқас адамды шалқасынан жатқызады да, көмек беруші адам бармағы мен сұқ қолын таза орамалмен немесе бинтпен орап алып, науқастың тілінен ұстайды. Сүйтіп, оның тілін белгілі ритммен минутына 16-20 рет тартады. Тілді ауыздан тартып шығарған сайын оны 2-3 секундтей сол қалпында ұстап тұрады.

Егер науқастың тыныс алуы қалпына келе қоймаса, қолдан тыныс алдырудың басқа әдісін қолдану керек.

Тынысы тоқтаған адамды шалқасынан жатқызады, жауырын астына бүктелген нәрсе салып, кеудесін көтереді де, құсығы тыныс жолына құйылып кетпес үшін басын төмендетіп, бір жағына қарай бұрады. Қолдан тыныс алдырушылардың біреуі сырттан ауа кіруіне бөгет жасамау үшін науқастың тілін ұстап отырады. Ал екіншісі бас жағына барып тізерлеп отырады да, оның екі қолын жоғары көтеріп, кеудесіне ауа толтырады (тыныс алу). 2-3 секундтен кейін қолды шынтақтан бүгіп, кеудесіне қатты қысады. Осы кезде іштегі ауа сыртқа шығады (тыныс шығару). Осылайша бір минутте 16-18 рет қайталау керек.

Кейде бұл айтылған әдісті қолдануға болмайтын жағдай да кездеседі (мәселен, науқастың қолы сынған болса). Мұндай жағдайда қолдан тыныс алдырудың басқаша әдісін қолдануға болады: тынысы тоқтаған адамды басын бір жағына бұрып етпетінен жатқызады да, екі бүйірінен қысып, босату арқылы тыныс алдырады.

Қолдан тыныс алдырумен қатар, науқас адамның есін-жиғызу үшін бетіне су бүрку, мүсәтір спиртін иіскету, қол-аяғын уқалау сияқты әдістерді де қолдануға болады.

Байжанова Ж. Тұрмыс сәні. -Алматы, 1983. -Б.73-87.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2024-03-16 15:04:29     Қаралды-332

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »