UF

Шаруашылықты жоспарлау жүйесі. Социалистік экономика капиталистік экономикаға қарағанда жоспарлы түрде ешбір дағдарыссыз, құлдыраусыз дамып отырады. Мұның өзі бүкіл халық шаруашылығының тұрақты да жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз етеді. Орталықтандырылған жоспарлы экономика қоғамдық өндірістің іпешуші учаскелерінде ресурстарды шоғырландыру, халық шаруашылығын үйлесімді дамыту сияқты артықшылықтарды туғызады.

Елімізде халық шаруашылығын жоспарлауды ұйымдастырудың маңызды шарты жоспарлау органдарының бірыңғай жүйесін жасау болды. 1921 жылы РСФСР Мемлекеттік жалпы жоспарлау комиссиясы (Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы) құрылды. Оның міндеті бірыңғай жалпы мемлекеттік шаруашылық жоспарын әзірлеу және оның орындалуына жалпы бақылау жасау болды. Кейіннен экономиканың барлық саласында, республикаларда, еліміздің облыстары мен өлкелерінде жоспарлау-экономикалық қызмет жүйелері қалыптасты. Бұл жүйе жергілікті жерлердегі түрлі ведомстволардың шаруашылық жұмыстарын біріктірді. Халық шаруашылығының бастапқы буындарында (кәсіпорындарда, совхоздарда, транспортта т. б.) осындай бөлімшелер жұмыс істей бастады.

Республикамызда мемлекеттік жоспарлау комиссиясы 1921 жылы құрылды. Оның міндеті РСФСР Мемлекеттік жалпы жоспарлау комиссиясының тапсырмаларына сәйкес және жергілікті жағдайларды есепке ала отырып, жалпы шаруашылық жоспарын әзірлеу, сондай-ақ тапсырмалар жоспарының орындалу барысын бақылау мен өлкенің табиғи байлықтарын зерттеу болды.

Республика өндіргіш күштерінің дамуына, экономикалық байланыстардың нығаюына, шаруашылықты басқарудың жетілдірілуіне байланысты мемлекеттік жоспарлау формалары, әдістері және оны ұйымдастыру өзгерді, жоспарлау органдарының міндеттері күрделіленіп кеңейе түсті.

Жоспарлау органдары мен жоспарлау-экономикалық қызметтердің қазіргі жүйесі негізінен КПСС ОК-нің наурыз және қыркүйек (1965) пленумдарынан және партияның 23-съезінен кейін қалыптасты.

Қаз. ССР Мемлекеттік жоспарлау комитеті одақтық-республикалық орган болып табылады. Ол Қаз. ССР Министрлік Советіне және СССР Мин. Советінің жоспарлау комптетіне есеп беріп тұрады. Оның басты міндеті - директивалық органдардың көрсетуімен республика халық шаруашылығының барлық салаларының үздіксіз пропорциялы дамуын, оның экономикасының мамандануын және Қазақстанның жалпы одақтық еңбек бөлінісіндегі ролін көтеруді қамтамасыз ететін жалпы мемл.-шаруашылық жоспарларының жобаларын әзірлеу. Қаз. ССР Мемл. жоспарлау комитетіне республика мин-ліктері мен ведомстволарынын, кәсіпорындарының, ұйымдары мен мекемелерінің халық шаруашылық жоспарларын орындауына бақылау жасауды жүзеге асыру, экономикалық көрсеткіштерді одан әрі дамытуға қажетті көрсеткіштерді ашу, жоспарды орындау барысында салалар мен өндірістерді дамытуда туған кейбір үйлесімсіздіктерді ескеріп, жойып отыру жөніндегі шараларды әзірлеу, директивалық органдарға тиісті ұсыныстар енгізу міндеттері жүктелген. СССР Конституциясы бойынша жоспарлау органдары мемл. өкіметтің жоғары органдарына қарау үшін экономикалық және әлеуметтік жоспарлардың орындалуы жөнінде есептер беріп отыруы керек.

Басқарудың салалық принциптеріне қарай Қазақ ССР Мемлекеттік жоспарлау комитетіне территориялық жоспарлау жұмысын ұйымдастыру үшін одақтық-республикалық және респ. көлемде бағынышты барлық сала бойынша жоспарлар жобаларын, сондай-ақ республика территориясындағы одақтық министліктердің кәсіпорындарында өнім (қорғаныс өнімінен басқа) өндіру жоспарларының жобалары жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу міндеті жүктелген. Сондай-ақ оған республика территориясында орналасқан өнеркәсіп бойынша жоспарды орындау барысында туған сала-аралық сипаттағы мәселелерді қарап шығу міндеті де жүктелген.

Облыстар мен аудандардың шаруашылығын комплексті дамыту мақсатымен облыстық атқару комитетіне және республика Мемл. Жоспарлау комитетіне бағынышты облыстық жоспарлау комиссиясына облыс территориясында орналасқан кәсіпорындар бойынша мин-ліктер мен ведомстволар әзірлеген өнеркәсіпті дамыту және орналастыру схемалары мен жоспарлар жобасы жөнінде қорытындылар мен ұсыныстар дайындау жүктелген. Осы мақсатпен мин-ліктер мен ведомстволарға өндіргіш күштерді территориялық жоспарлау жөніндегі жұмыстарды күшейту ұсынылды.

Елімізде жоспарлардың бірыңғай жүйесі - ұзақ мерзімді, бесжылдық және жылдық жоспарлар қалыптасты. Мұндағы басты буын ұзақ мерзімді жоспар болып табылады, оның негізінде республика мен салалардың ғылыми-техникалық, әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі бағыттары, сондай-ақ бесжылдық және жылдық халық шаруашылығын программаларында нақтылана түсетін аса маңызды пропорциялар қалыптасады.

Еліміздің халық шаруашылығынн дамытудың салалық және аудандық бөліктер бойынша жасалған алғашқы перспективалық жоспары 1920 жылы В. И. Лениннің инициативасымен қабылданған Россияны электрлендірудің мемлекеттік жоспары (ГОЭЛРО) болды. Бұл жоспарда ірі жылу және су электр станцияларын салу ғана емес, сонымен бірге еліміздің және оның кейбір аудандарының халық шаруашылығын қалпына келтіру мен дамыту шаралары да қарастырылды.

Сонымен, елімізде жарты ғасырдан астам уақыт бойы (қазір социализм елдерінде де) бесжылдық жоспарлар шаруашылық қызметті жоспарлау мен ұйымдастырудың негізгі формасы болып отыр. Бұларда бесжылдықтар тапсырмалары нақтыланып айқындалады. Мыс., 10-бесжылдықты әзірлеу жұмысы алдағы жылдарға арналған ұзақ мерзімді жоспардың негізгі бағыттарын белгілеу жұмысымен қоса жүргізілді. 1977 жылдың программасы бесжылдық жоспар негізінде қабылданды. 1978 жылдың тапсырмаларын айқындауда жоспарлау органдары мен министрліктер, ведомстволар бесжылдықтың орындалу барысын талдап, оның осы жылғы тапсырмаларын басшылыққа алды. Қазір Қаз. ССР-ін әлеуметтік және экономикалық дамытудың ұзақ мерзімді жоспарының жобасын 11-және 12-бесжылдықтар бойынша көрсеткіштерді бөле отырып әзірлеу жұмысы жүргізілуде. Жоспарды әзірлеуде экономиканың, ғылымның және мәдениеттің қазіргі жағдайы, халық шаруашылығында бар резервтер мен мүмкіндіктер, республиканың кейбір аудандары мен облыстарын одан әрі теңестіру мүмкіндігі талданылды.

Жоспарлау көмегімен шешілетін күрделі және әр алуан міндеттер халық шаруашылығын гылыми-техникалық, әлеуметтік және экономикалық дамытудың түрлі жақтарын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл көрсеткіштер жоспарлаудың негізгі көрсеткіштеріне жауап бере отырып, алға қойылған міндеттерге байланысты үнемі ұлғайтылып, жетілдіріліп отырады.

9-бесжылдықтан бастап халық шаруашылық жоспарында айрықша тарау - әлеуметтік программа бөлініп шықты. 10-бесжылдық жоспарда оған жаңа элементтер - социалистік өмір салтын дамыту және нығайту, қоғамның әлеуметтік - құрылысын жетілдіру жөнінде жүзеге асырылатын шаралар енгізілді.

Соңғы жылдары жоспарларда сонымен бірге өндірістің тех. дәрежесін, еңбектің сапасы мен тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер, табиғат пен  айналадағы ортаны қорғау және халық ш-н басқаруды жетілдіру жөнінде жаңа тараулар пайда болды.

Республика үкіметі облыстардың шаруашылығын дамытудың 10-бесжылдыққа арналған комплексті территориялық жоспарларын тұңғыш рет бекітті. Бұл жоспарлар мин-ліктердің облыстар бойынша жасаған адрестік жоспарлары және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан барлық мин-ліктер бойынша шаруашылықты дамыту жоспары болып табылады. Мыс., Ақтөбе обл. бойынша жасалған комплексті-территориялық жоспар одақтық және одақтық-респ. және респ. бағынышты 59 мин-лік пен ведомствоның қызметін біріктіретін 48 көрсеткіш бойынша бекітілді.

Мұндай көрсеткіштер - жоспарлық тәртіпті нығайтудың жақсы құралы, ол республика облыстары мен аудандарының әлеуметтік-экономик. даму дәрежесін одан әрі теңестіріп отыру мәселелерін жан-жақты шешуге мүмкіндік береді.

Жоспарлаушы органдар жұмысының маңызды бір буыны жоспарлау мен экономик. ынталандырудың, халық шаруашылық салаларында басқаруды жетілдірудің жаңа тәртібін енгізу болды. Халық шаруашылығын салаларында жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа тәртібін енгізуді методикалық тұрғыда басқару үшін 1966 жылы Қаз. ССР Мин. Советінің Мемл. жоспарлау комитетінде респ. жоспарлау, финанс, банк, статистика және кәсіподақ органдарының өкілдерінен тұратын ведомство аралық комиссия құрылды.

Казіргі кезде барлық дерлік кәсіп-орындар, совхоздар, транспорт, байланыс, қызмет көрсету сфералары жаңа жағдайда жұмыс істейді.

КПСС 25-съезінде шаруашылықты басқарудың барлық сатысында жоспарлау-экономик. жұмыс дәрежесін көтеру ңажеттігі атап көрсетілді. Жоспарлау органдары партия ұйымдарының басшылығымен халық шаруашылығын тапсырмаларының орындалуын ойдағыдай орындап шығуға бағытталған жоспарлау жұмысын одан әрі жетілдіру шараларын әзірлеп, жүзеге асырып келеді.

Басқару жүйесін жетілдіру. Халық ш-н басқару жүйесін жетілдіре беру - соц. қоғамның шаруашылық механизмін жақсартудың ең басты бағыттарының бірі және партияның экономик. саясатының құрамдас бөлігі.

Қаз. ССР халық ш-н басқару ісімен 75 мин-лік пен ведомство айналысады. Олардын 32-сі жалпы одақтық мин-лік, ал 43-і республика Мин. Советіне бағынады. Басқарудың жүйесін жетілдіре беру - жоспарлаудың ғылыми дәрежесін жоғарылатумен қатар, халық ш-н басқару құрылымын ұтымды ете түсуді көздейді және ол экономик. өркендеудің елеулі факторларының біріне айналып келеді. 10-бесжылдықтан бастап халық ш. жоспарына «Халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру және басшылықтың экономикалық әдістері» деп аталатын арнаулы тарау енгізілді.

Республикада басқарудың ұйымдық құрылымын жақсарту ісі әр түрлі бірлестіктер үлгісінде ірі-ірі өндірістік-шаруашылық комплекстер құру және жеке салаларды басқарудың ұтымды схемасын бекіту есебінен жүзеге асырылып жатыр.

Өнеркәсіпте өндірістік бірлестіктер құру ісі кең таралды. Егер 1970 ж. Қазақстанда мұндай бірлестіктердің саны 30-га жетіп, олардың үлесіне өнеркәсіп өнімінің 6,3 %-і және өнеркәсіптегі жұмысшылар санының 7,8%-і тиген болса, енді 1978 жылы халық ш-ның бұл саласындағы өндірістік бірлестіктер 133-ке жетіп, олар бүкіл өнеркәсіп өнімінің 42%-ін берді және өнеркәсіптегі жұмысшылардың 40%-і осы бірлестіктерде жұмыс істеді. Ірі өндірістік бірлестіктер (комбинаттар) бастапқы буындағы өнеркәсіп өндірісін шоғырландыру мен ұйымдастырудың формасы болып табылады. Олардың құрамына фабрикалар мен заводтар, ғылыми-зерттеу, конструкторлық, жобалау-конструкторлық, технол. т б. өндірістік бірлестіктер енеді. Республика өнеркәсібіндегі өндірістік бірлестіктердің құрамына 1978 ж. 600-ден астам дербес кәсіпорындар мен ұйымдар, олардың ішінде 475 өнеркәсіп орындары енді.

Өндірістік бірлестіктер ғылыми-техникалық прогресті жеделдету үшін ең жақсы ұйымдық және экономикалық алғы шарттарды жасап, мамандандыруды тереңдету, материалдық еңбек және финанс ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану негізінде бірыңгай тех. саясатты дәйектілікпен жүзеге асыруға жағдай жасайды. Өнеркәсіптік және өндірістік бірлестіктерді ұйымдастыру ісі өнеркәсіптің бастапқы және орта буындарын басқару процесінде өндірісті молайтудың қысқа мерзімді мақсатын емес, қайта жалпы бағыттарды, экономик. саясаттың жаңа саланы дамыту жөніндегі ең басты бағыттарын есепке ала отырып, өсудің ұзақ мерзімді мүдделерін басшылыққа алуға мол мүмкіндік береді.

1979 жылдың басында ауыл ш-нда 3 өндірістік бірлестік, 160 аудандық, ауданаралық және обл. мамандандырылған а. ш. бірлестіктері, 14 құс өсіру, бір-бірден көкөніс-сүт, бау, шошқа өсіру және картоп егу шаруашылықтары бірлестіктері, көпшілік пайдаланатын автотранспортта 34 өндірістік автотранспорт бірлестігі жұмыс істеді.

Республика үкіметі тамақ, жергілікті, жеңіл және ет-сүт өнеркәсіптерін, түсті металлургияны, құрылыс материалдары өнеркәсібін және балық ш-н басқару схемаларын бекітті. Бұл схемаларда көзделінген шаралардың жүзеге асырылуы басқарудың құрылымын ықшамдап, шаруашылық органдарын басқаруды өндіріске жақындатуға мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде 1976-1978 ж. өндірісті шоғырландыру дәрежесі 20,7% артты. Бұл жылдары басқарудың орта буындарында 42 орган (бас басқармалар, трестер, басқармалар), шаруашылықты басқару органдарында 60 бөлім мен басқа да бөлімшелер, өнеркәсіп орындарында 700-ден астам дербес кәсіпорын мен ұйым, 345 құрылымдық бөлімше және 119 цех нен учаске жойылды. Сөйтіп басқару қызметкерлерінен 3 мыңнан астам адам босатылды.

Республиканың құрылыс өндірісін басқару ісі мамандандырылған мердігерлік құрылыс мин-ліктері мен ведомстволар арқылы жүргізіледі. Республикада нақтылы жағдайларды ескере отырып, бұл саланы басқару системасын жетілдіре беру жұмысы үздіксіз жүргізіліп отырады. Ол үшін өндірісті мамандандыру, кооперативтендіру мен құрамдастыру және құрылысты басқарудың автоматтандырылған жұйесін енгізу ісін ұлғайта түсу шаралары жүзеге асырылып жатыр. Ақтөбе мен Қостанайда тұңғыш құрылыс бірлестіктері құрылды, құрылысты басқарудың екі-үш буынды жүйесіне көшуді жүзеге асыру жобалануда.

Тұрғын үй құрылысындағы прогресті бағыт - объектілерді үй құрылысы комбинаттарының күштерімен тұрғызу. Бұлар өз заводтарында әуелі тұрғын үйлердің дайын конструкциялары мен детальдарын жасап, содан соң үйлерді монтаждап салады. Бұл ретте Алматы үй құрылысы комбинатының озат тәжірибесін кеңірек таратудың маңызы зор. Комбинат қазір ірі панельді үйлер салудың түйдекті жүйесінде еңбекті ұйымдастырудың конвейерлік әдісіне көшті.

Халық ш-ның өндірістік-шаруашылық байланыстары күрделілене түсуі аса ірі шаруашылық проблемаларды шешуде көптеген мин-ліктер мен ведомстволардың өзара келісіп күш жұмсап, комплексті әдіс қолдануларын талап етеді. Осыған орай 10-бесжылдық жоспарында территориялық- өндірістік комплекстерді Павлодар - Екібастұз (көмір өндіру, энергетика, энергетикалық өндірістер, машина жасау), Қаратау - Жамбыл (минералдық тыңайтқыштарды өндіру). Маңғышлақ (мұнай өндіру және мұнай - химия) комплекстерін қалыптастырып дамыту тапсырмалары тұңғыш рет бекітілді. Мұның өзі республиканың өндіргіш күштерін ұтымды орналастырып, табиғат байлықтарын тиімді игеруге көмектеседі.

Еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыруға да үлкен көңіл бөлінуде. 1971 жылдан бастап мин-ліктер мен ведомстволар еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру шараларын енгізу жоспарларын бекітіп отырады. Осыларды өнеркәсіпте жүзеге асырудың есебінен тек 1978 ж. ғана 11,5 мыңнан астам адам босатылды және 25,8 млн. сом экономик. нәтиже алынды.

Щекин химия комбинатының әдісі бойынша «Аз қызметкермен мол өнім берейік» деген ұранмен республиканың ондаған кәсіпорын коллективі жұмыс істейді.

Халық ш-н басқарудың экономик. әдістерін одан әрі күшейтіп, жоспарлау тәртібін нығайту, барлық кәсіпорын мен саланың қалыпты және орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатымен 1977 жылдан бастап жаңа тәртіп орнатылды. Бұл тәртіп бойынша өндіріс құрал-жабдықтарын өндіретін кәсіпорындардың өнім өткізу жөніндегі жоспары өнімнің тек жасалған шартқа сәйкес номенклатурасын шығарып, жеткізіп бергенде ғана орындалады деп ұйғарылатын болды. Бұл шарт орындалмаған жағдайда кәсіпорынға көтермелеу қорын жасау, сондай-ақ оның мамандарына сыйлық беруге белгілі бір шек қою жөнінде экономик. санкция қолданылады.

Республикада жоғары буындарда шаруашылық есеп принциптерін енгізу жөнінде шаралар жүзеге асырылуда. 1976 жылдан бастап Қаз. ССР Автомоб. транспорты мин-лігі өз шығынын өзі өтеу жағдайында жұмыс істеуте кірісті. Оған мин-ліктің пайдадан ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен ғыл.-зерт. жұмыстарды жүзеге асырып, барлық жоспарлы шығындарды қаржыландыру үшін материалдық көтермелеу қорына, әлеуметтік-мәдени шаралар мен тұрғын үй құрылысы қорына, өндірісті дамыту қорына бөлінетін жарналардың мөлшері бекітіліп берілді. 1977 жылдан бастап Қаз. ССР Түсті металлургия мин-лігінің жұмысы да Бүкіл одақтық және респ. өнеркәсіп бірлестіктері туралы жалпы ережеде белгіленген жағдайларға сәйкес ұйымдастырылды. Мұның өзі мин-ліктің орталық аппараты қызметкерлерінің өндірісті одан әрі өркендетіп жетілдіре беру, еңбек өнімділігін арттыру, тех. прогресті қамтамасыз ету, өнімнің сапасын арттырып, өзіндік құнын төмендету, халық шаруашылықтың мен халықтың түсті металлургия өніміне деген қажетін неғұрлым толық қанағаттандыру жөніндегі жауапкершілігі мен материалдық ынталылығын арттыруға мүмкіндік берді. 1978 жылдан Газ шаруашылығы бас басқармасы да осы жағдайда жұмыс істейді.

Басқару жүйесін жетілдіру ісі сонымен қатар, еңбекшілерді өндірісті басқаруға неғұрлым көбірек тарту есебінен демократиялық негіздерді одан әрі дамыту мақсатын көздейді. Осы бағытта бірсыпыра жұмыс істелді де. Бұл әсіресе социалистік жарысты шебер ұйымдастырып, кәсіпорындар мен ұйымдар коллективтерінің үстеме жоспарлар қабылдауынан да айқын көрініп отыр. 1978 жылы республикада 430-дан астам кәсіпорын мен өндірістік бірлестік өнім өткізу көлемі жөнінде, 137 кәсіпорын мен өндірістік бірлестік еңбек өнімділігін арттыру жөнінде, 683 кәсіпорын мен өндірістік бірлестік пайда жөнінде үстеме жоспарлар қабылдады.

1978 жылдан бастап өндірістік коллективтер үстеме міндеттемелерін жылдық жоспарларымен бірге белгілеп қабылдауға кірісті. Мұның өзі өндіріс резервтерін неғұрлым толығырақ жұмылдырып, жоспарлардың үйлесімді жасалуына көмектеседі.

Басқару процестерінде тез әрекетті электрондық-есептеуіш техниканы пайдалану республикада кең таралуда. 1978 жылдың аяғында Қазақстанда жалпы қуаты бір секундта 14,48 млн. операция жасайтын I және II топтардағы 233 электрондық-есептеуіш машина пайдалануға беріліп, әр түрлі жұмыс атқаратын 135 автоматтандырылған жүйе жұмыс істеді.

Басқарушы кадрлар мәселесіне, мамандардың іскерлігін арттыра беруге баса назар аударылуда. 1978 ж. республикада 23 институт, одақтық мин- ліктер институттарының 4 филиалы, 9 факультет, қызметкерлердің мамандығын көтеретін 27 курс пен 31 мектеп жұмыс істеді. Бұлар тұтас алғанда ғылым мен техниканың, соц. шаруашылықты жүргізудің теориясы мен практикасының осы заманғы жетістіктерін ескере отырып, басшы кадрларды қайта даярлау ісін жүзеге асырады.

Қазақ совет энциклопедиясы. -Т.8. -Б.318-321.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2024-03-07 15:05:49     Қаралды-50

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ІНЖУ-МАРЖАННЫҢ МӨЛШЕРІ ҚАНДАЙ?

...

Соңғы уақытқа дейін әлемдегі ең үлкен інжу 1934 жылы Оңтүстік Қытай теңізінде Филиппиннің Палаван аралында салмағы 300 кг-нан асатын меруерт табылған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР ҚАЛАЙ ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ?

...

Жер шарының әртүрлі жерлерінде климат айтарлықтай ерекшеленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕГИПЕТТЕ ПИРАМИДАЛАР ҚАЛАЙ САЛЫНДЫ?

...

Мысырдағы Гиза қаласындағы пирамидалар бес мың жыл бойы әлемде бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ЕҢ КІШІ?

...

Ватикан - ең кішкентай мемлекет, дәлірек айтсақ, қала-мемлекет.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУДА ҚАЙ ҚАЛА ТҰР?

...

Италияның солтүстігіндегі Венеция қаласы суда орналасқан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРАЛ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Сіз оны солтүстік жарты шарда іздеуіңіз керек, аралды екі мұхит - Атлант және Арктика жуады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОЛУМБ АМЕРИКАНЫ ҚАШАН АШТЫ?

...

Американың ашылған ресми күні 1492 жылдың 12 қазаны.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЕЛІКПЕН АТАЛДЫ?

...

Кариб теңізінде Пуэрто-Риконың үлкен аралы орналасқан...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МАТЕРИКА ЕҢ КІШКЕНТАЙ?

...

Австралия - жер бетіндегі ең кішкентай материк.

ТОЛЫҒЫРАҚ »