UF

МАЛ СУАРУ ЖҰМЫСТАРЫН МЕХАНИКАЛАНДЫРУ

Судың сапасы мен оны пайдалану мөлшері оның физикалық қасиеттері мен химиялық құүрамы арқылы анықталады. Осыған байланысты судың бөтен иісі болмауы керек. Иістің күші 0 мен 5-тің арасындағы шкаламен белгіленеді. Егер судың иісі болмаса - 0, иісі болар болмас сезілсе - 2, иісі шамалы байқалса - 3, анык, сезіліп тұрса - 4, күшті сезілсе - 5 болып белгілену керек. 20° жылылықта судың иісі 3 баллдан аспауға тиіс.

Судың физикалык, қасиеттеріне оның дәмі, иісі, температурасы, мөлдірлігі және түсі жатады.

Судың мөлдірлігі оның құрамында жүзіп жүрген минералдық және органикалық тектес бөлшектердің азды-көпті болуына байланысты. Ол заттардың 1 л судың құрамында 2-3 миллиграмнан артпауы керек.

Судың дөмділік қасиеті, негізінен, оның құрамындағы минералдык, тұздар мен газдардың шамасына байланысты.

Ал судың түсіне келетін болсақ ол оның құрамындағы минералдық және органикалык, қоспалардың шамасына байланысты болады хром-кобалтық шкала бойынша анықталады. Ішуге арналған жақсы судың түсі, аталған шкала бойынша, 20-40° мөлшерінде болуы керек.

Судің физикалық қасиеті ауаның температурамының физикалық өзгеруіне де көп байланысты. Мысалы күн ыстық кездерде тайыз өзендер мен көлшіктер, жаңбыр мен еріген қардан пайда болған қақ суы тез жылиды. Ондағы әр түрлі микробтар мен жәндіктер жылдам қозғалысқа келіп өсіп-өне бастайды да, су ластанып, өзінің қалыпты түсін озгертеді, яғни көгереді де ішуге жарамай қалады. Бұл жағдай көбінесе ақпайтын көлшіктер мен қақ суында кездеседі. Сондықтан ондай су ішкен мал жұқпалы ауруларға шалдығады.

Ағынды су жылы болғанмен жұқпалы аурулардың қоздырғыштары өте сирек кездеседі. Сонда да болса малды күнделікті суаратын суатты қоршап, мал кошіп тұрып ішпейтіндей етіп ернеуіп биіктоту корок. Ал малды құдықтан немесе бұлақтан суаратын болса, онда арнаулы астаулар орнатып, ол маңайды міндетті түрде таза ұстаған жөн.

Судың химиялық құрамы анық ащы немесе тұщылығы арқылы анықталады. Судың ащылығы құрамындағы кальций және магний тұздарына байланысты. Өте ащы судың шаруашылық және техникалық мақсаттарға қажеті шамалы болатыны сияқты өте тұщы су да мал суаруға жарамайды, себебі ол қажетті минералды тұздармен қамтамасыз ете алмайды. Судың ащылығы тұрақты және тұрақсыз болып екіге бөлінеді. Егер суды қайнатқанда ол аздап болса да тұщыса ащылығының тұрақсыз болғаны. Су қайнатқанда тұщымаса оның құрамында кальций мен магнийдің сульфаттық және хлорлық тұздарының болғаны.

Судың ащылығы миллиграмм-эквивалент немесе 1 литрде градуспен өлшенеді. 1 л суда 10 мг кальций тотығының болуы 1 градус ащылыққа сәйкес келеді. 1мг. экв 1 литрде 2,8 градустық судың ащылығына тең. Су 10 градусқа (3,5 мг. экв 1 литрде) дейін тұщы; 10 граду стан 20 градусқа дейін (5,5-7,0 мг. экв 1 литрде) - алгауы бар; 20 градустан 30 градусқа дейін (7,0-10,5 мг. экв 1 литрде) - ащы; 40 градустан жоғары (14 мг. экв 1 литрде) - өте ащы болып есептеледі. Мал суаруға арналған судың ащылығы 40 градустан аспауы керек.

Өте ащы, тұзды, органикалық заттары көп тоспалы су малды іш ауруларына шалдықтырады. Сондықтан жайылымды, мал қораларын суы мал ішуге жарамды су көздерінің маңайынан қарастырған жөн.

Ашық су көздерін пайдаланғанда, көпшілік жағдайда, суды зарарсыздандыру керек. Мал ішетін суды алдын ала тұндырып, сүзгенде бактериялардың 90 процентке жуығы ғана құриды. Ал қалғаны зарарсыздандыру кезінде жойылады.

Суды зарарсыздандырудың қарапайым түрі оны аздап қайнату болып табылады. Бірақ бұл әдісті суды көптеп пайдалану жағдайында қолдану мүмкін емес. Сондықтан ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етуде хлорлау, озондау және ультракүлгін сәулемен сәулелеу әдістері қолданылады.

Суды хлорлау үшін хлорлы әк, сүйық хлор және ас тұзы қолданылады да хлорлау тәртібі хлорланатын судың сапасына байланысты болады. 1 процентті хлорлы әктің ерітіндісімен зарарсыздандырғанда су өте нашар көгілдірленуге тиіс.

Зарарсыздандыруға кететін хлорлы әктің мөлшері төмендегі таблицада келтірілген.

 

Суды зарарсыздандыруға кететін хлорлы әктің (активті хлорға шаққанда) мөлшері

1 литр зарарсыздандыратын суға кететін активті хлордың мөлшері (мг)

1

2

4

5

10

20

30

100

200

1 м3 суға кететін хлорлы әк (г)

4

8

16

24

48

96

144

480

960

 

 

Хлорланған суда бос хлордың қалдығы 1 литрді 0,2-0,3 миллиграмнан кем болмауы қажет.

Суды зарарсыздандыруда озондау және у ултракүлгін сәулелерді пайдалану әдістері де қолданылады.

Суды озондағанда озонатордан шыққан озон-ауа қоспасы арнаулы резервуарға келіп, 5-10 ми­нут шамасында сумей араластырылады. Ультракүлгін сәулелерді пайдаланғанда сол сәулелерді суға түсіру арқылы микроорганизмдердің тіршілігі тоқтатылады. Бірақ судың физикалық және химиялық қасиеттері өзгермейді. Ультракүлгін сәулелер алу үшін, іші аргон немесе сынап буларымен толтырылған немесе кварцты шынылардан жасалған лампалар пайдаланылады.

Малдың организміндегі барлық биологиялык, процестерде судың атқаратын қызметінің маңызы зор. Ол аса маңызды қоректік заттарды ерітумен қатар әр түрлі химиялық процестердің жүруіне де жағдай жасайтын орта болып табылады. Су қоректік заттарды мал денесінің әр түрлі бөліктеріне жеткізіп, өзімен бірге организмге керексіз коне зиянды алмасу заттарын сыртқа шығарады. Сонымен қатар су организмнің температурасын реттеуге де қатысады.

Егер малды жеткіліксіз суарса жемшөп қанша мол болғанмен оның қоңы жақсара қоймайды. Уақтылы не болмаса қандыра суармау немесе су сапасының нашарлығы малдың сүтін азайтып, ал бордақыланатын малдың салмағын кемітеді, әр түрлі ауруларға шалдықтырып, тіпті өлім-жітімге де әкеліп соқтырады.

Мал аштықтан гөрі шөлге шыдамсыз келеді. Олардың организмінде су азайса, азыққа деген зауқы нашарлайды. Сондықтан қай түлік үшін болмасын судың молы жақсы.

Организм клеткаларындағы судың мөлшері мен өсуінің арасында тығыз байланыс бар. Сақа малға қарағанда жас мал суды көп ішеді. Өсуі тоқтаған сақа малға қарағанда, өсіп келе жатқан жас малдың тірілей салмағының әр килограмына шаққанда суды екі есе көп ішетіндігі бұрыннан белгілі.

Ішілген су организмнің физиологиялық қажетін қамтамасыз етумен қатар, сүттің мол шығуына да әсер етеді. Малды шөлдеген уақытта, яғни оның организміне қажет кезінде суарған пайдалы. Кеш немесе ерте суарғанның пайдасы аз.

Малды жем берердің алдында суарған жөн. Ал егер алдымен жем беріп, содан соң ғана суарылатын болса жем суға араласып бөртеді де газ шығарады. Сөйтіп малдың ішін кептіреді. Өйткені су ішек-қарынның қорытқыш шырындарын шайып кетеді де, жем мезгілінде қорытылып үлгере алмай қалады. Сонымен қатар күн астында көп жүріп шөлдеген және денесі қызған малды тынықтырып барып суарған дұрыс. Өйткені су ішкеннен кейін организм күрт салқындап, малдың ауруға шалдығуы мүмкін.

Қажетті су мөлшері малдың тұқымына, жасына, күтіміне, ауа райы жағдайына, берітелітн жемнің түріне тағы басқа ерекшеліктеріне байланысты болады.

Су көздері. Табиғи су көздерін олардың түрлеріне қарай ашық су көздері және жабық су көздері деп бөлуге болады.

Ашық түрінде кездесетін чу көздері, қосымша шығын жұмсалмайтындықтан тиімдірек болады. Бірақ ол өзінің сапасы жағынан нашарлау келеді. Яғни оның құрамында көптеген органикалық немесе физикалық заттардың болуы мүмкін. Су басталар жерінен белгілі суатқа жеткенге дейін әр түрлі қосылыстармен араласады. Бұл құбылыс көлемі үлкен суаттарға онша әсер ете қоймайды. Сондықтан да көлемі үлкен суат көздерін мал суару үшін пайдалануға әбден болады. Мұндай суат – өзен және көл. Өзен мен көл суларының химиялық құрамы тұрақты емес, демек ол жыл маусымына қарай өзгеріп отырады. Сондықтан ондай жерлерде тоспа жасап, суын тұндырып, сонан кейін ғана мал суарған жөн. Ол үшін өзен жағасына арнаулы суат жасалады.

Озен және көл сулары жыл маусымына қарай химиялық құрамын ғана өзгертіп қоймай, олар өзінің көлемін де өзгертіп отырады. Тіпті кейбір өзендер мен көлдер мүлде тартылып, құрғап қалады немесе көлемі азайғандықтан оның тұздылығы артып, мал суаруға жарамайды. Мұндай жағдайда арнаулы су қоймалары жасалады.

Су доймаларын, жергілікті жер жағдайына қарай, әр түрлі етіп жасауға болады. Мысалы, көктемде қар суы мен жаңбыр суы өте лай бола­ды. Ондай суды пайдалану үшін ұзак, уақыт тұндыру керек. Сондықтан да мұндай суды пай­далану үшін топырағының сіңіргіш қабаты бар тоспада жинайды. Лай су ондай кабатқа тез сіңеді де, жерасты каналдарын өзінің лайымен бітеп тастайды. Сөйтіп суды ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік береді.

Жабық су көздері - жерасты суына негізделген. Оның суы өте таза келеді. Өйткені жер асты суы терең қабаттағы көптеген табиғи сүзгіштерден өтеді. Сонымен қатар ондай судың температурасы жыл бойынша бір қалпынан өзгермейді. Жабык, су көздерінің осы қасиеттері оның ашық су көздерінен артықшылықтарын көрсетеді.

Жабық су көздерін жерасты қабатында орналасуына қарай мынандай түрге бөлуге болады:

а) жоғары қабаттағы су; б) беті ашық жерас­ты суы; в) қабат аралық су.

Жоғарғы қабаттағы су деп тереңдегі 3-5 м қабаттағы суды айтамыз. Бұл судың мөлшері өте көп болмайды. Тіпті кейбір құрғақшылық жылдары ол жоғалып та кетеді. Сондықтан ол негізгі су көзі бола алмайды.

Беті ашық жерасты суы дегеніміз - жердің терең қабатындағы су. Ол астыңғы жағынан су өткізбейтін қабатпен шектеледі. Ал үстіңгі жағында бос қуыс болуы мүмкін немесе су өткізетін топырақ қабатымен шектеледі. Үстіңгі қабаты су өткізетін болғандықтан оның әр түрлі лас заттармен араласуы мүмкін. Ондай суды пайдаланар алдында арнаулы сүзгіштерден өткізу қажет.

Қабат аралық су дегеніміз жердің терең қабатында кездесетін және барлық жағы су өткізбейтін топырак, қабатымен шектелген су. Мұндай қабатты су әр түрлі мөлшерде толтыруы мүмкін. Егер оның үстінде бос көлем болса, онда ол қысымсыз су қабаты деп саналады. Сол қабатты су әбден толтыратын болса, онда ол су қысымда болады. Мұндай су көзін артезиан су көзі деп атайды және ол жер бетіне судың өз қысымы күшімен көтеріледі. Қабат аралық су көздерінің, басқа жер асты су көздеріне қарағанда тазалығы жөнінен де, басқа жағынан да үлкен артықшылығы бар.

Жерасты суы көздерін пайдалану үшін оған арнаулы құрылыс жұмысын жүргізу керек, яғни суды жердің астыңғы қабатынан үстіңгі қабатына көтеру керек. Егер ол жердің астыңғы қабатынан жер үстіне өздігінен шығатын болса, ондай су көзін бұлак, деп атайды.

Жерасты суын жер бетіне шығарып пайдаланудың көптеген әдістері бар. Біз төменде су көздерінің түрлеріне тоқталамыз.

Су мол жиналатын шегенді құдық. Мұндай құдык, көбіне жайылымнан, мал айдайтын жол бойынан қазылады. Жоғарғы қабатта кездесетін судан осы құдық арқылы су қорын жасауға болады. Мұндай су сағатына 0,5:1 текше метр мөлшерде ғана жиналады. Мал суаруға бұл су жеткіліксіз. Сондықтан арнаулы құдық қазылу керек. Ені 3-6 метр апан қазылып, ортасына диаметрі бір метр темір бетоннан шеңбер жасалады. Апан мен шеңбердің арасы таспен толтырылады. Сөйтіп жерасты суы осы құдыққа тәулік бойынша жиналады.

Топтастырылған құдықтар жоғарғы қабаттағы суды жинауға арналған. Мұнда темір бетоннан орталық құдық жасалады. Сол орталық құдықтың екі жағынан 0,5-0,7 м қашықтықта қосымша тағы да осындай екі құдық қазылып, олардың су жиналатын бөлігі темірбетонмен шегенделеді. Оларды бір-бірімен астыңғы жағынан трубалар арқылы жалғастырады. Қосымша құдықтардың бетін жауып қояды. Сонымен үш құдықта бірдей су жиналатын болады. Оның мөлшері тәулігіне 15-20 текше метрге дейін жетеді.

Сүзгілі-шегенді құдық су аз жиналатын су көздеріне орнату үшін қазылып, жабдықталады. Оның жоғарыда аталған құдықтардан айырмашылығы - құдықтың су жиналатын жерінде арнаулы тесіктер немесе каналдар қалдырылады. Ол судың жиналуын тездетеді. Мұндай құдықтардың жері қиыршық топырақты, құмды аудандарда өте тиімді екенін тәжірибе көрсетіп отыр. Құдықтың су жиналатын бөлігіне қойылатын тордың әр түрлі болуына орай құдықтың өзі де әр түрлі болады. Мысалы шегендеген кезде оның су жиналатын бөлігінде арнаулы канал қалдырады. Соған орай құдық ұсак, қуысты, бетонды сүзгілі-шегенді құдық деп аталады. Ал егер су жиналатын бөлікті кеңейтіп, оған темірден немесе темірбетоннан тор қойылса, оны торлы цементті - шегенді құдық деп атайды.

Артезиан құдықтары жер қабаты аралығындағы суды жер бетіне шығару үшін пайдаланылады. Бұл құдықтарды арнаулы машиналармен қазады және тиісті труба орнатады. Жер қабаты аралығында қысымда тұрған су трубамен жоғары көтеріледі. Мұндай құдықтардан мал суарып қана қоймай, жайылымдарды да суаруға бо­лады.

СУ ТАРТҚЫШ ҚОНДЫРҒЫЛАР

Құдык, суын пайдалану үшін оны жер бетіне көтеру, яғни тартып шығару керек, немесе кейбір ағын суды пайдалану үшін оны да білгілі мөлшердегі биіктікке көтеру керек болады. Ал осы суларды көтеру үшін көптеген механизмдер қолданылады. Төменде осы механиздерге тоқталмақпыз.

Ленталы су тартқыштар шегенді құдықтардан су тартып шығаруға арналған. Олар әр түрлі двигательмен іске қосылады.

Олардың жұмысшы ленталары екі түрлі бо­лиды. Оның бірі серіппелі-шынжырлы, екіншісі - ленталы.

Ленталы су тартқыштар жүргізетін мотордың түріне қарай әр түрлі маркалы болып келеді, сонымен бірге олардың құрылысы жағынан да айтарлықтай өзгешелігі бар.

Жылжымалы су таратқыш қондырғының қондырғысынан айырмашылығы - оның барлык, механизмі арнаулы жылжы­малы рамаға жиналып, автомашинаның үстіне орнатылған. Жұмыс кезінде лебедка көтергіші арқылы қолмен атқарылатын қондырғыны құдықтың қасына түсіреді. Соңынан машинаға қайта тиеп алады. Бұл қондырғы жұмыс уақытында 30 текше метрге дейін су тарта алады.

Поршеньді су насосы. Поршеньді насостар құдықтан су тартып шығару үшін қолданылады. Ол өзінің жүмыс схемасына қарай бір жақтьілы немесе екі жақтылы болып бөлінеді. Ол жұмысты былай істейді. Поршень цилиндрдің ішінде арнаулы берілістің көмегімен ілгері-кейінді қозғалып тұрады. Поршень төменнен жоғары қозғалған кезде оның астыңғы жағының көлемі үлкейеді де, онда вакуум пайда болады. Сол вакуумның көмегімен сору клапаны ашылады да поршеньнің асты суға толады. Осы кезде поршеньнің үстіңғі көлемі азаяды да, ондағы бұрын сорылған суды қысады. Қысылған судың күшімен шығару клапаны ашылып, қысым трубасы арқылы суды сыртқа шығарады. Сөйтіп поршень төмен қозғалған кезде оның үстіне вакуум, ал астында қысым пайда болады. Вакуумның көмегімен copy клапаны ашылып, поршеньнің үстіне су толады. Астындағы қысымның күшімен шығару клапаны ашылып, қысым трубасы арқылы су сыртқа шығады.

Бұл қондырғыда қысымды тұрақтандырғыш қондырғы қойылған. Ол ыдыстың асты суға то­лады да, үстіңгі бітеу жағында ауа қысылып тұрады. Жұмыс кезінде сол ауаның қысымы астындағы суға беріледі де қысым трубасындағы суға тұрақты қысым әсер етеді. Сондықтан да су құдыкдан шыққанда бір қалыпты ағады. Сөйтіп поршень екі жағына бірдей жұмыс істейді яғни сору мен қысу жұмысы поршеньнің бір орыннан екінші орынға қозғалған кезінде атқарылады. Ал бір жақты жұмыс істейтін поршеньді насостарда поршень бір жүрісінде сорып, екінші жүрісінде қысады.

Екі жақты жұмыс істейтін насостардың бір жақты жұмыс істейтін поршеньді насостардан артықшылығы - оның өнімділігі екі есе артық.

Поршеньді насостар басқа насостарға қарағанда аз қолданылады. Себебі ол өте тез тозады және жүргізуші энергияны көп қажет етеді.

Ортадан тепкіш насос. Ортадан тепкіш насос терең құдықтардан немесе ашық су көздерінен су айдау үшін қолданылады. Ол өзінің құрылысы жөнінен өте оңай болғандықтан техникалық күтімді өте аз керек етеді. Сондықтан да оны поршеньді насостарға қарағанда көп пайдаланады. Ал жұмыс істеу тәртібі төмендегідей.

Арнаулы қозғаушы двигательдің күшімен жұмыс дөңгелегі айналады. Жұмыс дөңгелегі екі дискіден тұрады және екі дискінің арасында, айналыс бағытының кері жағына қарай иілген қалақшалар бекітілген. Екі қалақшаның арасында кеңістік пайда болады. Осы арқылы copy камерасы шығару камерасымен жалғасады.

Жұмыс дөңгелегі айналған кезде оның қалақшаларының арасында тұрған суды да қозғалысқа келтіреді. Ол су ортадан тебетін күштің әсерінен қысым трубасы арқылы жаңадан келген суды толтырады.

Машинаны алғаш іске қосқан кезде яғни қалақшаларының арасында су жоқ кезде, оның жұмыс дөңгелегі сорып алуға керекті вакуумды қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан да алғаш іске қосарда оның қалақшаларын суға толтыру керек. Ал аз уақытқа тоқтатқан кезде оны қайтадан суға толтырудың қажеті жоқ, себебі оның copy трубасының төменгі жағына кері клапан койылған. Ол су қайта томен жылжыған кезде жабылып қалып, оның ағып кетуіне кедергі жасайды да қалақшаларда су сақталып қалады.

Құйынды насос. Құйынды насос ашық су көзінен су айдауға арналған. Оның құрылысының ортадан тепкіш насостан сәл ғана айырмашылығы бар. Ол негізгі қорабтың ішінде айналып тұратын тура қалақшалы жұмыс дөңгелегінен тұрады. Жұмыс дөңгелегінің сыртында онымен концентрлі (геометриялық осьтері ортақ) жасалған канал бар. Сору каналы мен шығару каналының арасына тосқауыл қойылған. Насостың қалыпты жұмыс істеуі үшін жұмыс дөңгелегінің қалақшалары мен тосқауылдың арасындағы саңылау және негізгі қорап пен жұмыс дөңгелегінің ось бағытымен өлшегендегі саңылау 0,05-0,15 миллиметрден аспауы керек.

Құйынды су насосының ортадан тебетін на­состан артықшылығы - ол алғашқы жұмысқа қосқан кезде суды өзі сорып алады. Ол үшін насостың қорабын ғана суға толтыру қажет. Жұмыс дөңгелегі осы судың ішінде айналған кезде керекті copy күшін қамтамасыз етеді. Егер на­сос жұмыс үстінде тоқтатылып, қайтадан іске қосылатын болса, онда оны қайтадан суға толтырудың қажеті жоқ. Себебі сору-шығару трубалары жұмыс дөңгелегінің камерасынан жоғары орналасқан. Сондықтан да жұмыс дөңгелегі әрқашан судың ішінде тұрады. Ортадан тепкіш насостарға қарағанда құйынды насостар, бірдей жағдайда қысымды 3-5 есе көп береді.

Суды шапшытып ағызатын насостар. Мұндай насостар жұмысты ортадан тепкіш насоспен бірге істейді және суды ортадан тепкіш насосқа қысыммен беру қажет болғанда қолданылады. Ол шегенді құдықта жұмыс істеуге негізделген. Өйткені ондай құдықтарға ортадан тепкіш насос орнатылғанымен оны жұмысқа қосарда суға тол­тыру қажет. Іске әрбір қосқан сайын оны суға топтыру үшін көп уақыт кетеді. Сондықтан да терең құдықтарға ортадан тепкіш насостарды пайданаларда оны су шапшытқыш насоспен бірге пайдалапу керек.

Суды шапшытып ағызатын насос құдықтың түбіне, ал ортадан тепкіш насос құдықтың бетіне орнатылады. Ортадан тепкіш насоспен берілген судың бір бөлігі суды шапшытып ағызатын насосқа беріледі де, екінші бөлігі шаруашалыққа-жетке қолдану үшін беріледі. Мұндай қондырғымен тереңдігі 10-35 метр құдықтардан суды 25-35 метр биіктікке тартып шығаруға болады.

Су шапшытқыш насос былай жұмыс істейді. Қысым трубасы арқылы орталық насостан су қысыммен V тәрізді трубаның қысым каналына беріледі. Әрі қарай су тар сопло арқылы өткен кезде оның ағу жылдамдығы секундына 25-30 метрге дейін жетеді. Осындай үлкен жылдамдықпен өткендіктен, ол су қабылдау камерасынан қосымша суды өзімен бірге ілестіріп ала шығады. Қабылдау камерасына су сору клапаны арқылы құдықтан келеді. Сонымен су негізгі каналдар арқылы ортадан тепкіш насостың copy қаналына келеді. Мұндай насостар өзінің құрылысы қарапайым және қозғалатын бөлшектері жоқ болғандықтан ұзақ уақытқа жарайды.

Эрлифт су тартқышы. Терең құдықтардан су­ды ауаның қысымымен тартып шығаратын насосты эрлифт насосы деп атайды. Оның жұмыс қатынас ыдыс принципіне негізделген. Егер қатынас ыдысының бір жағына қысылған ауа жіберіп, ондағы сумен араластырса, онда ауамен араласқан су (эмульсия) жеңіл болғандықтан деңгейі жоғары көтеріледі. Егер қатынас ыдысының ұзындығын су деңгейінен томен алса, он­да су сыртқа ағып шығады.

Осы принциппен істейтін су тартқыш қондырғысының құрылысы мынандай. Құдық ішіне су көтерілетін труба және қысылған ауа жіберілетін труба орнатылған. Қысылған ауа жүретір труба төменгі жағынан иіліп, су көтерілетін трубаның ішіне 1,5-2,0 метрге дейін кіріп тұрады және ұшына тор кигізіледі. Оны форсунка деп атайды. Оның суға батып тұратын биіктігі (Н0) жоғары көтеретін биіктігіне (Н1-) байланысты. H1 - биіктік көбейген сайын, Н0 - биіктігін де көбейту керек.

Су көтерілетін труба жер бетіне шыққаннан кейін ыдыстың ішіне кіреді де қайтарғышпен аяқталады. Компрессор қысылған ауаны қысымды тұрақтатқышқа жібереді. Қысым тұрақтатқыштың міндеті компрессордан келген айналмалы қысымды тұрақты қысымға айналдыру. Ауа трубасына қысылған ауа сақтандырғыш клапан және май тазартқыш арқылы барады. Егер ауа қысымы өте жоғары болса, сақтандырғыш клапан артық ауаны сыртқа шығарып жібереді. Қысылған ауа сумен араласпас бұрын майтазартқыштан өтіп тазарады.

Эрлифт су тартқыш қындырғысының жұмыс істеу принципі төмендегідей. Компрессормен ауа­ны қыса отырып, оны арнаулы аспаптар арқылы форсункаға жеткізеді. Форсунканың жан-жағында кішкене тесіктері бар. Сол тесіктер арқылы ауа форсунканың сыртына шығады. Бұл жерде ауа сумей араласып, эмульсия жасалады. Эмуль­сия судан жеңіл болғандықтан труба арқылы жоғары көтеріледі де қайтарғышқа соғылып қабылдау ыдысына жиналады. Бұл кезде ауа судан бөлінеді де желдеткіш труба арқылы сыртқа шығады. Ал қабылдау ыдысындағы суды труба арқылы су жинағышқа жібереді де қажетті жеріне пайдаланады. 1 м3 су көтеру үшін 1,5-3,5 м3  ауа жұмсалады.

Гидравликалық таран. Гидравликалық таран өзінің жұмысы жөнінен жоғарыда көрсетілген насостарға мүлде ұқсамайды. Оның жұмысында ешқандай двигатель қолданылмайды. Ол трубадағы суды жапқан кездегі пайда болатын гидравликалық ұрылу күшін пайдаланады. Сондықтан да гидравликалық таран жер бетіндегі су көздерінен суды айдап шығару үшін қолданылады.

Су көзіне таранды қоректендіретін қабылдау ыдысы жасалады. Ол ыдыстан су көлбете орнатылған труба арқылы шүмектен етеді де таранға келеді. Таранның қорабына соғылу клапаны, қысым клапаны және ауа жинағыш ыдыс орнатылған. Тараннан шыққан су шүмек және қысым трубасы арқылы су жинағыш ыдысқа құйылады.

Гидравликалық таранның жұмыс істеу прин­ципі төмендегідей. Труба арқылы су төмен қарай жылдам ағады және клапан арқылы сыртқа ағып шығады. Судың ағу жылдамдығы барған сайын кушейеді және ол белгілі бір мөлшерге жеткен кезде клапанды жоғары көтеріп, оны жауып тастайды. Судың сыртқа шығатын кла­паны жабылып қалғандықтан, ол өзінің екпінімен ілгері жылжып, таранның қорабына қысым келтіреді. Бұл құбылысты - гидравликалық құрылыс дейді. Осы ұрылу күшінің әсерінен қысым клапаны ашылады да жинағыш ыдысындағы ауаны жоғары ығыстырып, қысады. Сайып келгенде, оның қысымы мүлде жоғалады. Енді жинағыш ыдысының жоғарғы жағындағы қысылған ауа суды кері итереді. Осы кезде клапаны жабылып, су ауаның қысымымен труба арқылы жоғары көтеріледі. Судың қысымы төмендеп, онан әрі жойылған кезде клапан өз салмағы күшінің әсерімен төмен түсіп, судың сыртқы ағып шығуына мүмкіндік береді.

Бұл процесс өте қысқа мерзім ішінде қайталанады. Суды жоғары көтеру биіктігі су көзінің таранға қысым түсіретін биіктігінен 20 есе көп болады. Жұмыс кезінде таран суды жоғары көтеру үшін жинағыш ыдысына ауа бару керек. Егер ыдыста ауа болмаса, немесе аз болса, онда таранда дүрсіл пайда болып, суды жоғары көтермейді. Біздің өнеркәсібіміз шығаратын ТГ-1 маркалы гидравликалық таран бір тәулікте 50 текше метр суды айдап шығара алады.

Жел насосты қондырғылар. Мал шаруашылығын сумей қамтамасыз етуде жел насосты қондырғылардың атқаратын қызметі өте зор. Бұл қондырғыларға қосымша энергиялық материалдарының ешбір қажеті жоқ. Сондықтан да жел насосты қондырғыларды алыс жайылым учаскелерінде және таулы аудандарда пайдалануға өте ыңғайлы.

Бірақ қазіргі шаруашылықтарда жел насосты қондырғылар өте аз қолданылып жүр. Мұның негізгі себебі - олардың жергілікті жағдайға сай келе бермейтіндігінде. Сондықтан ондай қондырғыларды пайдаланбас бұрын желдің күшін, жер жағдайын, желдің сипатын анықтап алу керек. Сондай-ақ желдің жылдык, орташа жылдамдығына ерекше назар аударған жөн.

Қазір біздің өнеркәсібіміз мына төмендегі қондырғыларды шығарады.

Жел қозғалтатын бұл қондырғы терең құдықтардан су тартып шығаруға арналған және ол жел дөңгелегі, діңгек, астыңғы редуктор, су тартқыш қондырғы сияқты негізгі-негізгі бөлшектерден тұрады.

Қондыргының жұмыс істеу принципі төмендегідей. Ауаның ағымы жел дөңгелегін айналдырады да оның қозғалысы трансмиссия арқылы ленталы су тартқышқа беріледі. Ленталы су тартқыш жоғарыда айтылған ВЛМ-100 су тартқышына ұқсас келеді.

Су тартқышты жұмысқа қосып және ажыратып тұратын автоматты қондырғы орнатылған. Сол автоматты қондырғының көмегімен, су жинайтын ыдыстағы судың мөлшеріне қарай, су тартқыш іске қосылады. Жұмыс істеу ушін ешқандай жұмысшының қажеті жоқ.

Астыңғы редуктордың төменгі білігіне қосымша шкив орнатылған. Ондағы мақсат су тартқыш қондырғыпы басқа іштен жанатын двигательдермен де іске қосуға болады. Бұл ұзақ уақыт жел соқпаған кезде пайдаланылады.

 

СУ ТАРТҚЫШТАРДЫ ПАЙДАЛАНҒАН КЕЗДЕ ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН АҚАУЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫ

Насостарды пайдаланған кездегі жиі кездесетін ақаулардың бірі - насостың жұмысқа қосқаннан кейін су тартпайтындығы немесе есептелінген өнімділіктен кем тартатындығы. Мұның бірнеше себептері болуы мүмкін.

Біріншіден насостың корпусы мен соратын су құбырлары, пайдаланылар алдында суға толык, толтырылмағандықтан насостың корпусында ауаның қалып қоюы мүмкін.

Бұл ақауды жөнге келтіру үшін насосты тоқтатып оның корпусының ішіне және соратын су құбырына су құйылады. Су құйған кезде ауаны сыртқа шығаратын клапанды ашып қою керек, ал қысым құбырының жылжымалы жапқышын керісінше жауып қою керек. Құйылған су ауа шығаратын клапаннан аға бастаған кезде бұл клапандарды жауып, насосты қайтадан жұмысқа қосу керек.

Екіншіден жоғарыда аталған кеміпіліктің пайда болуына бірден бір себеп-сору клапанының құбырын толық жаппауы немесе осы клапанның жеткілікті ашылмауы не болмаса мүлдем ашылмауы. Бұл ақауларды реттеу жолы - copy клапанын шығарып алып тазалап, жөндеп, орнына қайтадан орналыстыру.

Егер сору клапаны суға жеткіліксіз батырылған болса, насос сумей бірге ауа сорады да су көтеру өнімділігі кемиді. Copy клапанын жөндеп реттегеннен кейін суға толығымен батырған жөн. Аталған кемшіліктің енді бір себебі ауаның су co­py қүбыры мен насостың тығыздағыпі торабы арқылы сорылуы. Бұл кемшілікті жою үшін фланецті жалғаулардағы тығыздағыштарды шығарып алып, қажет болса жөндеп не болмаса ауыстыру керек.

Егерде насостың жұмыс дөңгелегі теріс айналып кетсе де насос су көтермейді, сондықтан жұмыс дөңгелегін дұрыс бағытта айналдыру үшін электр двигателінің статорындағы екі фазасын өзара алмастыру керек.

Жұмыс кезінде жүмыс дөңгелектері мен бағыттау аппараттары каналдарының клапандары сүзгісінің, су copy құбырының бітеліп қалуы мүмкін. Сондықтан аталған тетіктерді шығарып алып тазалап, қайтадан орнына орнату қажет.

Бағыттағыш аппарат қалақшаларының және тығыздағыш сақиналардың тозуы аталған кемшіліктің себебі болуы мүмкін. Бұл ақауды жөндеу үшін тозған тетіктерді ауыстыру керек.

Насос су котеруін тоқтатады. Бұл ақаудың пайда болуына себеп болатын жағдайлар: құдықтағы судың азаюы салдарынан copy клапанының судың бетінде қалуы; copy құбырларында саңылаудың пайда болуы; сору клапаны сүзгісінің бітеліп қалуы; жұмыс дөңгелектері қалақшаларының тозуы; тығыздағыш сақиналар мен білік аралығындағы саңылаудың үлкеюі.

Құдықтағы су азайған болса насосты су қажетті мөлшерге дейін көбейгенше тоқтатып қою керек. Copy құбырларындағы барлық саңылауларды бітеп, copy клапанының бітеліп қалған сүзгісін тазалау қажет.

Тозған қалақшалар мен тығыздағыш сақиналарды алмастыру қажет.

Насос жұмыс істеген кезде қатты діріл пайда болады. Дірілдің пайда болу себептері мыналар: электродвигатель мен насостың рамаға бекіткен болттарының босауы; эластик муфтаның дұрыс центрленбеуі; подшипниктердің тозуы; жұмыс дөңгелектерінің білікке бекуінің босауы, су құбырының бос бекітілуі.

Насос пен электродвигательдерді рамаға бекіткен болттар босаса, гайкаларын тарту керек.

Эластик муфтаны дұрыс центрлеу үшін, жартылай муфтаның қондырылуын тексеру қажет, егер резинадан жасалған сақиналар тозган болса немесе шпилькалар майысса ауыстыру қажет.

Тозған подшипниктерді де шығарып алып ауыстырған жөн.

Жұмыс дөңгелектері білікте босап кеткен болса, насосты бұзып дөңгелектерді бекіту қажет.

Бос бекітілген су құбырларын қайтадан дұрыстап бекіту керек.

Насос жұмысқа қосқан кезде молшерден артық қуат қажет етеді. Оны қалыпқа келтіру үшін қысым құбырындағы ашық қалған жылжытпаны жабу керек. Осыған қосымша ротор насостың корпусында дұрыс орнатылмауы мүмкін. Сол себепті жұмыс дөңгелектері бағыттағыш аппаратқа тиеді. Оны анықтау үшін жұмыс дөңгелектерінің шығу каналдары мен бағыттағыш аппараттардың каналдары арқылы ротордың центровкасын тексеру қажет.

Босату трубкасы (разгрузочная труба) мен босату дискісіне су баратын осьтік саңылаудың бітеліп, ал босату дискісі мен сақинасының (коль­цо) майысып қалуы мүмкін, сондықтан бітелген жерлерді тазалап, майысқан тетіктерді түзету қажет.

Насос тұрақты режимде жұмыс істеген кезде қажет ететін қуаттың тұрақсыз болуы. Бұл ақаудың негізгі себептері ротор білігінің майысуы немесе босату дискісінін дұрыс жұмыс істемеуі не болмаса босату дискісі мен сақинаның тозуы.

Біліктің майысуын анықтау үшін насосты ашып, роторын шығарып алып арнаулы станокпен тексеру керек.

Егер босату дискісі дұрыс жұмыс істемесе оның камерасын ашып, дискі мен сақинаның дұрыс орналасуын тексеру қажет, ал олардың тозғандығы байқалса алмастырған дұрыс.

Насос корпусының қызуы. Мұның негізгі себебі - насостың жылжымасы жабық тұрғанда ұзақ уақыт жұмыс істеу. Оны қалыпқа келтіру үшін жылжыманы біртіндеп ашу керек. Егер судың келуі тоқтап қалса насосты тоқтатып, оның коррусын қайтадан суға толтырып, іске қосып көру қажет.

Подшипник торабының қызуы. Подшипник торабы орналасқан ваннаға мөлшерден артық май құйылса подшипниктердің қызуы мүмкін. Сондықтан майдың деңгейін тексеріп, артығын құйып алу қажет. Егерде құйылған майға су араласса немесе май өте ластанса да подшипниктердің қызып кетуі ықтимал. Ондай майды ауыстыру керек. Подшипник торабының қызуына себеп болатын тағы бір жағдай - олардың тозуы. Тозған подшипниктерді алып тастап, жаңасын салу керек.

Босату дискісінің қызуы. Насостың гидравликалық босату құбыры бітеліп қалса, не болмаса дискі мен сақинаның арасындағы саңылау мөлшерден тыс азайып кетсе босату дискісі қызып кетеді. Бітеліп қалған гидравликалық босату құбырын тазалағаннан кейін де дискінің қызуы азаймаса ешқандай ойланбастан насосты бұзып, босату дискісі мен сақинаның арасындағы саңылауды реттеу қажет.

Тығыздағыш тетіктердің қызуы. Себептері: қысқыш втулкасының қисаюы, тығыздағыштың молшерден артық қысылуы, тығыздағышыпың арасына бөтен заттың түсіп кетуі.

Қысқыш втулкасының қисайғандығын түзеу үшін тығыздағышты қысатын гайкаларды босатып втулканың түзу орналасуын реттеу керек.

Тығыздағыш мөлшерден артық қысылған болса, оны босату, ал толықтырғыш тығыздағыштың арасында бөтен заттар тұрып қалса оны ауыстыру қажет.

Электр двигателі іске қосылмайды, ал қосылған жағдайда айналу жылдамдығы қалыпты жылдамдығынан әлдеқайда аз болады. Бұл жағдай сақтандырғыштың күйіп кетіп, автоматтық ажыратқыштың бұзылып не болмаса ажыратып тастағандықтан статорға тоқтың бармауына байланысты туады. Күйген ажыратқышты ауыстырып, ал бұзылған автоматты жөндеп, қайтадан іске қосу қажет.

Қосу реостатында не болмаса ротор мен реостатты жалғайтын сымдарда үзік болғандықтан да электр двигателі іске қосылмайды. Үзілген жерді анықтап сымдарын жалғау керек.

Подшипниктердің тозуына байланысты ротор статорға тиеді де оның айналу жылдамдығы қалыпты жылдамдығынан аз болады. Бұл ақауды жөндеу үшін подшипниктерді ауыстыру керек.

Егер статор орамының бір фазасы үзілсе де ротордың жылдамдығы қалыпты жылдамдықтан азаяды. Үзілген жерді анықтап қайтадан жалғау қажет.

Жұмыс кезінде электр двигателі қатты қызады. Электр двигателінің қызуы оган келген токтын, кернеуіне байланысты. Егер кернеу артық болса онда электр двигателі қызып кетеді. Бұл жағдайда двигательді кернеу белгілі мөлшерге дейін азайғанша тоқтатып қою керек.

Отарбаев А. Шопан серігі. -Алматы, 1978. -96-117.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2024-02-24 17:13:30     Қаралды-61

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЕЛІКПЕН АТАЛДЫ?

...

Кариб теңізінде Пуэрто-Риконың үлкен аралы орналасқан...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МАТЕРИКА ЕҢ КІШКЕНТАЙ?

...

Австралия - жер бетіндегі ең кішкентай материк.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ КӨП ПЕ?

...

Сусыз жер бетінде тіршілік болмас еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТРОНДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Электрон» сөзі грек тілінен «янтарь» деп аударылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Көптеген ғасырлар бойы адамдар электр қуатының бар екенін білмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »