UF

МАКРОЭВОЛЮЦИЯ ЖӘНЕ МОЛЕКУЛАЛЫҚ ГЕНЕТИКА

 

Макроэволюцияның молекулалық негіздері

 

Бір түр ішінде яғни популяцияда өтетін өзгерістер микроэволюция немесе «ұсақ көлемді» эволюция деп аталады. Осыған сәйкес түрден жоғары жүйе категориялардың (туыстардың, тұқымдастардың т. б.) пайда болуына әкелетін «ірі көлемді» өзгерістер макроэволюция деп аталады.

Түрлер арасындағы генетикалық айырмашылықтың дәрежесін геннің нуклеотидтік қатарын зерттеп тікелей анықтауға немесе геннің өнімі амин қышқылдар қатарын салыстырып жанама анықтауға болады.

ДНҚ гибридизациясы. ДНҚ молекуласын гибридизациялау әдісінің мәні екі жүйелік түрдің жалғыз тізбекті ДНҚ бөліктерін араластыруынан тұрады. Мұнда өзара, ұқсас (гомологты) тізбектер қос тізбекті комплекс (дуплекс) түзеп, гибридизацияланады. Әдетте, мұндай жағдайда алдымен, өте жиі қайталанатын (сателлитті) ДНҚ бөліктерін ұзіп, тек орташа қайталанатын, бірегей ДНҚ, бөліктері салыстырылады. Қос спираль түзеп қосылатын ДНҚ-ның жалпы мөлшерінің бөлігі қосылу жылдамдығы салыстырып отырған түрлердің генетикалық   жақындың дәрежесін сипаттайды.

Дуплеко түзеитін тізбек барлық нуклеотидтер бойынша комплементарлы болмайды, сондықтан түр аралық ДНҚ дуплексіндегі комплементарлы емес нуклеотид жұптарының бөлігін температура жоғарылағандағы гибридті  ДНҚ тізбегінің ажырау жылдамдығы бойынша анықтайды. Бұл үшін ДНҚ-ның температураға тұрақтылығын сипаттайтын Ts шамa қолданылады. Оның мәні қос тізбекті ДНҚ-ның 50%-і ажырайтын температураға тең болады. Осы әдіс арқылы эволюция нәтижесінде түрлер арасындағы генетикалық айырмашылықты анықтау жолын 40-суреттің мәліметтерін пайдаланып танысайық. Drosop'hila melanogaster шыбыны ДНҚ-сының (гибридті емес) балқу темдературасы 78°С-ға тең, ал гибридті ДНҚ-лардың температуралық тұрақтылығы түрлер арасындағы генетикалық алшақтык, ұлғайған сайын төмендейді: D. melanogaster X D. simulans —75°C, D. melanogaster X D. fu-nebris 65°C. 1сС-ға тең Ts шамасы шамамен 1% комплементарлы емес нуклеотид жұбына сәйкес болғаждықтан, дрозофиланың әр түрінің генетикалық айырмашылығын ДНҚ-ның бақылау молекуласымен (D. melanogaster) caлыстырып анықтайды. D. inelanogaster және D. funebris шыбындары әр түрлі туыс тармағына жатады, осыған орай олардың арасындағы

1-сурет. Гибридтік ДНҚ дуллексінің температураға тұрақтылығы. ДНҚ-ның бір тізбегі D, melanogaster шыбынына, екіншісі графикте керсетілген шыбын  түріне жатады.

 

генетикалық дифференция 13%-ке жетеді, ал эвблюциялық байланысы онша қашық емес D. melanogaster және D. simulans шыбындарының нуклеотидтік айырмашылығы 3%-ке ғана тең.

Белоктардың амин қышқылдары қатарының эволюциялық өзгерісі. Биохимияның басты жетістіктерінің бірі болып белоктардың амии қышқылдар қатарын анықтау болып саналады. XX ғасырдың алпысыншы жылдарының бас кезінде жүргізілген зерттеулер өзара туыс белоктардың амии қышқылдар қатары гомологты екенін айқын дәлелдеді. Сонымен қатар генетикалық, кодтың табиғаты ашылғаннан кейін олардың амин қышқылдарының орналасуында айырмашылықтар да кездесетіні дәлелденді. Әртүрлі түрге жататын гомологты белоктардың полипептидтік тізбегіндегі амин қышқылдар қатарының ұқсастығы мен айырмашылығы молекулалық эволюция дәрежесінің белгілі және сандық өлшемі бола алады. Қазіргі кезде миоглобин, гемоглобин, с цитохром, иммуноглобулин және т. б. белок молекулаларының гомологтылығы туралы көптеген мәліметтер бар.

Белок — с цитохром (митохондрияда табылған, клеткалық тыныс алуға қатынасады) амин қышқылдарының орналасу қатары жақсы зерттелді: 9-кестеде адам, макакрезус маймыл және жылқы с цитохромының амин қышқылдар қатары көрсетілген. Цитохром молекуласының 58-орнында адамда изолейцин, ал макак-резус пен жылқыда треонин орналасқан. Адам мен макак-резуста с цитохромның қалған барлық 103 амин қышқылдарының орналасу ретінде ешқандай айырмашылық байқалмайды. Адам мен жылқыны салыстырғанда айырмашылық 11 амин қышқылы бойынша байқалады. Бұдан молекулалық, деңгейде алынған мәлімет көпшілік қабылдаған эволюциялық, жолды растайтынын байқаймыз: эволюциялық тармақта адамға жылқыдан гөрі маймыл жақын.

Амин қышқылдары ДНҚ негіздері арқылы коделенетіні белгілі, енді генетикалық кодтың кестесін пайдаланын, бір амии қышқылы кодонының басқа амин қышқылының кодонына айналуы үшін қажет нуклеотидтік ауысуының ең аз санын есептеуге болады. Цитохром молекуласының 11-орнында адам мен макак-резусте изолейцин, ал жылқыда валин орналасқан. Амин қышқылдарының кодоның салыстырайық: изолейцинге үш кодон — АУУ, АУЦ, АУА, валинге төрт кодон — ГУУ, ГУЦ, ГУГ, ГУА сәйкес келеді. Демек, изолейциннің кодоны валиннің кодонына айналуы үшін бір ғана нуклеотидтік ауысу (кодонның бірінші орнындағы А-ның Г-ге) жеткілікті болады. Ал, адам мен макак-резус маймылының с цитохромының 12-орнындағы метиониннің (кодоны АУГ) жылқының дәл осы орындағы глутаминге (кодондары ЦАА және ЦАГ) айналуы үшін ең аз дегенде 2 нуклеотидтік ауысу қажет: метионин кодонының бірінші А нуклеотиді Ц-ге, екінші У иуклеотиді А-ға. Адам, макак-резус және жылқы с цитохромы молекуласының амин қышқылдары орналасу қатарының айырмашылығын қамтамасыз ету үшін қажет нуклеотидтік алмасу сандарының ең көм мәндері 1-кестеде берілген.

1-кесте

Адам, макак-резус және жылқы с цитохромы молекуласының амин қышқылы қатарының айырмашылық саны / диагональдың үсті және сол үшін қажет ДНҚ нуклеотидтері ауысуының ең кем дегенде саны (диагональдың асты).

 

 

Адам

Макак-резус

Жылқы

Макак-резус

Адам

Жылқы

-

1

15

1

-

14

12

11

-

 

2-кестеде бірнеше түрлер арасында с цитохром бойынша молекулалық айырмашылық көрсетілген.

 

2-кесте

Түрлердің с цитохром геніндегі нуклеотидтік алмасу санының ең кем мәні

Турлер

Нуклеотидтің алмасу саны

1

2

Адам — макак-резус

1

Адам — ит

13

Адам — шошқа

13

Адам — жылқы

15

Адам — есек

16

Адам — кептер

16

Адам — үйрек

17

Адам — тауық

18

Адам — тасбақа

19

Адам — ысылдағыш жылан

20

Адам — шыбын

33

Адам — көбелек

36

Адам — нейроспора

63

Жылқы — есек

1

Жылқы — шошқа

5

Жылқы — үйрек (кептер, тауық)

16

Жылқы — пингвин

17

Жылқы — нейроспора  

64

Тауық — пингвин

2

Есек — шошқа   

4

Есек — үйрек (кептер, тауық)

15

Есек — шгагвин

16

Есек — нейроспора

64

Тауық — үйрек

3

Тауық — көптер

4

Тауық — тасбақа

8

Тауық — шыбын

26

Тауық — көбелек

31

Тауық — нейроспора

61

 

Кестеде келтірілген түрлердің генетикалық қашықтығынан көп жағдайда әдеттегі палеонтологиялың т. б. зерттеулер арқылы құрастырылған филогенияға (яғни эволюциялық тарихына) сәйкес келетініп аңғаруға болады, Алайда, кейде сәйкес келмеушілік те байқалады. Мысалы, 1-кесте мәліметі бойынша тауық туыстық жағынан үйрек пен кептерге қарағанда пингвинге жақын. Осындай қателікке қарамастан, жалғыз ғана белок — с цитохромды зерттеудің өзі әр түрлі организмдер арасындағы филогенетикалық байланысты шынайлыққа жақын талдауға мүмкіндік береді. Осындай молекулалық деңгейдегі генетикалық зеттеу нәтижелеріне таң қалмауға болмайды.

Цитохром геніндегі нуклеотидтік алмасу санының ең кем мәнін пайдаланып, адам, маймыл, жылқы және есектің филогениясын мынадай жорамалдауға болады (2а-сурет).

2-сурет. Белок-G цитохромның амин қышқылдары қатарының өзгерісіне сәйкес адам, макак-резус және жылқының мүмкін болатын екі (а, ә) филогениясы.                                                                                                                                                                                                                      

Аталған түрлердің филогениясы беймәлім болған жағдайда, онда ол теориялық тұрғыдан басқаша үлгіде өткен болар еді (41ә-сурет).

Эволюцияны генетикалық өзгерістердің біртіндеп жиналу процесі деп қарау керек, сондықтан басқа түрлерге қарағанда генетикалық ұқсас түрлер жалпы бір тектен тарайды. Осыған орай адам, макак-резус, жылқы және есек филогениясының жоғарыда берілген теориялық мүмкін үлгілеріне талдау жүргізсе, бірінші үлгінің шындықпен үйлесетінін, ал екінші үлгідегі филогенияның ықтималдығы жоқ екенін аңғаруға болады.

Белок эволюциясының қарқыны. Жалпы бір тектен дивергенцияланған екі белок арасындағы амин қышқылдар қатарында орта есеппен 1 % айырмашылық, пайда болған уақыт аралығы белек эволюциясының жылдамдығын сипаттайды. Әр түрлі белоктар эволюциясының жылдамдығы сұрыптау қысымына байланысты әр қилы болады. Мысалы, гистон — ДНҚ-ның құрамына өнетін негізгі белок, оның амин қышқылдар қатарының кез келген өзгерісі оның қызметін бұзады және басым көпшілік жағдайда оргаиизм үшін өлім жағдайымен аяқталады. Сондықтан гистон өте баяу эволюцияланады: амин қышқылдар қатарындағы 1%-тік өзгеріс 600 млн. жылда байқалады (3-сурет).

3-сурет. Кейбір белоктар эволюциясының  жылдамдығы.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

Қарама-қарсы мысалға фибринопептидтің (қан ұюын қамтамасыз ететін белок) эволюциясын алуға болады. Сірә, фибрипопептидтің амин қышқылының өзгеруі оның қызметін оншалықты өзтерте алмайды, сондыңтан бұл белоктық эволюциясының жылдамдығы өте жоғары (1 млн. жыл). Жоғарыда әр түрлі организмдердің филогениясын талқылауда қаралған с цитохромның және гемоглобиннің эволюциялық қарқыны гистон мен фибрипопептидтікіне қарағанда аралық, сипатта болады. Салыстырмалы тұрғыдан оның эволюциясы баяу етеді десе де болады, сондықтан с цитохром туыстығы алыс түрлер арасындағы генетикалық айырмашылықты талдауда жиі қолданылады. Алайда мұндай баяу эволюцияланатын белоктың - шығу тегі жақын органнзмдердің эволюциялық өзгерісін зерттеу үшін қолдану мүмкін болмай қалады. Мысалы, адам мен шимпанзенің эволюциялық бөлінуіне бірнеше миллион жыл өтсе де (10—15 мли. жылдай бұрын), олардың с цитохромыдың біршші қүрылымында ешңандай айырма-шылық байқалмайды. Адам мөн макак-резустың бастапқы тектен таралғанына 50 млн. жылдай өтті, бірақ олардың с цптохромы бір ғана амин қышқылға ғана өзгерген. Мұндай жағдайларда эволюциялық, жылдамдығы жоғары белоктарды қолдану организмдердің макроэволюциясын зерттеуде бағалы мәліметтер береді.

 

Эволюцияның молекулалық сағаты

 

Табиғи популяцияның кең ауқымды өзгергіштігінің себебін түсіндіру үшін әр түрлі генетикалық жорамалдар айтылды. Осыған орай жапон ғалымы Мотоо Ккмура ұсынған теория микро — және макроэволюция заңдылықтарын зерттеуте үлкен талпыныс берді. Бүл теория бойынша мутация нәтижесінде белок молекуласындағы амин қышқылдар қатарының өзгеруіне әкелетін ДНҚ-ның нуклеотидтік алмасуы селекциялық тұрғыдан бейтарап болып саналады. Яғни пайда болған жаңа аллельдің бейімділігі жоғары да, төмен де емес. Жаңа мутациялардың басым белігі зиянды болады, сондықтан олар табиғи сұрыпталу әсерінен жойылып кетеді. Мутацияның кішігірім бөлігіне табиғи сұрыпталу қолайлы әсер етеді де, олар кең таралымға ие болады. Сонымен қатар мутацияның статистикалық мәнді бөлігі селекция үшін бейтарап (зиянды да пайдалы да емес) болады. Кимура бейтарап мутацияның жиілігі 10%-ке тең деп бағалайды. Мұндай мутациялардың жиілігі кездейсоқ гендер дрейфі арқылы артуы мүмкін.

Сұрыптау үшін бейтарап гендердің пайда болуының мүмкін бір жолы — генетикалық, кодтың артықшылығы. Кейбір гендік мутация белоктың құрамына ешқандай әсерете алмайды: мутация нәтижесінде түзілген жаңа триплет әдеттегі амин қышқылын коделейді. Бұдан басқа кейбір мутациялар, мысалы, ГУЦ триплетінің (валин кодоны) ГЦУ триплетіне (аланин кодоны) ауысуы белок молекуласының қасиетін өзгерте алмайды, сондықтан олар селекция үшін бейтарап бола алады. Тіпті, кейбір мутациялар белокқа күшті әсер етуі мүмкін, бірақ, кейбір генетиктердің пікірі бойынша олар да селекциялық тұрғыдан бейтарап болып саналады.

Бұдан басқа XX ғасырдың жетпісінші жылдары эукариоттар геномын зерттеуде ашылған С — парадокс яғни ДНҚ-ның орасан зор мөлшері ДНҚ-ның артықшлығының қызметі туралы сұрақты тудырды. Осыған орай Ки-мура эукариот ядросындағы ДНҚ-ның артықшылығы және оның едәуір өзгергіштігі эволюцияның неодарвйнистік теориясы жорамалдағандай табиги сұрыпталута емес, молекулалық деңгейдегі кездейсоқ процестерге байланысты болар деп есептейді.

Молекулалық эволюцияның бейтарап теориясы бойынша жаңа мутациялың аллельдің пайда болуы яғни ДНҚ молекуласындағы   нуклеотидтік   езгеріс — бір   қалыпты өтетін процесс. Бұл белгілі бір типке жататын белоктың молекулалык, өзгерісі уақыт аралығында тұрақты   жылдамдықпен жүреді дегенді білдіреді. Олай болса әр түрлі типке жататын белоктардың эволюциялық -өзгерісінің әр түрлі қарқынын қалай түсінуге болады деген сұрақ тууы мүмкін. 42-суретте көрсетілген белок түрлері   эволюциясының әр түрлі жылдамдығы байқалатын гендік мутация жыл жиілігіне байланысты деп түсіну керек.   Молекулалық эволюцияның бейтарап теориясы жалпы мутациялық өзгеріс қайсы белокта болмасын тұрақты өтеді деп жорамалдайды. Бірақ, жеке белоктар үшін байқалатын гендік мутация әр түрлі болады, мұндағы шектеу геннің   және оның   өнімі — белоктың қызметіне байланысты болады: гендік мутацияның нәтижесінде қалыпты қызметі бұзылған макромолекулалар «теріс» сұрыптаудыд әсерінен жойылып кетеді. Мысалы, гистон молекуласын өзгертетін көптеген мутациялар байқалмайды Деп жорамалдауға болады, өйткені гистон молекуласының кез келген мутациялық өзгерісі организм үшін өлім болып саналады. Бұл арада молекулалық эволюцияның бейтарап теориясы көпшілік қабыл алған эволюциялың теорияны жоққа шығармайды.

Басқа жағынан алғанда әр түрлі типке жататын белоктар әр қилы жылдамдықпен эволюцияланады, бірақ әрбір белоктың эволюциясы бір қалыпты жылдамдықпен өтеді. Бұл айтылғанды 42-суреттегі түзу сызықты тәуелділіктеп де аңғаруға болады.

Молекулалық эволюцияның бір қалыпты жылдамдығы туралы түсінік Э. Цукеркандл мен Л. Полингке «эволюцияның молекулалық сағаты» деген идеяны ұсынуға мүмкіндік берді. Бұл идеяға сәйкес белоктың амин қышқылдар қатарының ауысуының бір қалыпты жылдамдығы қандай да бір түрдің тіршілік етуінің абсолюттік уақытын есептеуге және түр, туыс т. б. таксономиялық топтардың дивергенция кезеңін анықтауға мүмкін болады. Шынында да, салыстырылған түрлердің белоктарының амин қышқыл құрамындағы айырмашылық пен дивергенция уақыты арасына жүйелі сәйкестілік байқалады (4-сурет). Мысалы, Кимура, гемоглобиннің a—тізбегі үшін амин қышқылына 1 жыл ішінде ауысудың фенотипке байқалу жылдамдығы 0,9-10-9 не тең деп бағалайды.  

Генетикалық өзгерістер негізінен бейтарап мутациялармен анықталады   деген жаңа көзқарастар   молекулалық   эволюцияның ұрпақтар аралығының санына емес, уақытқа байланысты екенін түсінуге мүмкіндік берді, Молекулалық эволюцияның негізін қозғаушы сұрыптау құрайтын болса, онда аз уақыт тіршілік ететін түрлер, мысалы, шыбын немесе тышқандар, ұзақ жылдар тіршілік ететін түрлермен салыстырғанда молекулалық деңгейде тез эволюциялануы керек еді. Шын мәнінде гендік мутация екі топта да бірдей жылдамдықпен жүреді.

Гендік мутацияны зерттеу молекулалық эволюция процесін толығырақ түсінуге мүмкіндік бергенімен, оның көмегімен молокуланың эволюциясы мен организмдер эволюциясы арасындағы байланысты ауқымды сипаттау мүмкін болмады. Қазіргі кездегі молекулалық генетиканың тұрқыпды дамуы бұл мәселені түсінуге мүмкіндік туғызады. Шындығында да екі топ түрлерінің, мысалы, бақа мен сүтқоректілердің эволюция жылдамдығы мүлде әр басқа да, ал гендік мутацияның лайда болу жылдамдығы екі топқа да бірдей. Бастапқы тектен де болған бақалардың эволюциясы ғана тым баяу өтті де, сол тектен тараған сүтқоректілердің эволюциясы өте қарқынды өтуде. Бақалардың алғашқы қазба тегінің табылғаттына 90 млн. жылдай өтсе де, олар бұл күндері де жалғыз Xenopus туысының түрлері ретінде жіктеледі. Ал, бертін келе пайда болган қағанақты сүтқоректілер 1G отрядқа ажырайды. Демек, сүтқоректі организмдердің өзгерісі бақаларға қарағанда өте жылдам жүрген. Дегенмен сүтқоректілер мен бақаларда гендік мутациялардың пайда болу жылдамдығында айтарлықтай айырмашылық жоқ.

4-сурет. Гемоглобиннің a - тізбегіндегі амин қышқылдар қатары арасындағы айырмашылық және омаыртқалылардың  сегіз  түрінің  филогенетикалық  байланысы (М.Кимура, 1985ж).

 

Гендік мутацияның пайда болу жылдамдығы мен организмдер эволюциясының жылдамдығының осындай сәйкес келмеуі көптеген басқа таксономиялық топтарды талдауда да байқалады.

Бұдан   жоғары деңгейдегі   организмдердің,   мысалы сүтқоректілердің тез эволюциялануы не себепті  байланысты деген сұрақ туады. Көптеген ғалымдардың пікірінше организмнің бейімділігіне әсер ететін гендік мутация бөлігі күрделі ұйымдастырылған органнзмдерде жоғары болса, ал, қарапайым организмдерде — төмен.

Молекула деңгейінде және әдеттегі палеонтология және археология арқылы алынған мәліметтерді макроэволюция процесін талдауда пайдалану кейде сәйкес келмеушілікке де әкелуі мүмкін. АБШ ғалымы В. Зарич адам мен маймылдың альбумин белогының құрылымдық айырмашылығын бағалады. Ол белоктың эволюциялық өзгерісінің орташа жылдамдығын есептеп, адам мен адам тәрізді маймылдардың екі эволюдиялық бұтаққа таралуы 5 млн. жылдай бұрын өткен дегеп қорытындыға келді. Ал, антропологтардың есептеулері бұл санды 20—30 млн. жылға тең деп жорамалдаған болатын. Кейін жүргізілген зерттеулер молекулалық эволюция мәліметінің шындыққа жақын екенін дәлелдеді, мұның өзі адамның -және оған жақын түрлердің эволюциялық жолын қайтадан қарау қажеттілігін тудыруда.

Қазіргі кезде адамның жеке эволюциясының өзі, ең алдымен, молекулалық эволюцияның зерттеулері нәтижесінде терең генетикалық талдауды керек ететін маңызды ғылыми деректерге ие болды. Әсіресе митохондриялық ДНҚ молекуласындағы мутация жылдамдырын есептеу арқылы құрастырылған адам эволюциясының молекулалық сағатын талдау адамның шығу орны туралы жаңа көзқарасты қалыптастыруда. Адамның митохондриялық ДНҚ-сында барлығы 37 ген ғана бар, ал ядролық ДНҚ-да шамамен 100 мыңдай. Митохондриялық ДНҚ-нын, тағы бір басты ерекшелігі— мутация процесінің өте жоғары жылдамдықпен өтуі. Сондықтан кейбір микроэволюциялық өзгерістерді (мысалы екі нәсілдің генетикалық айырмашылығы) осындай тез жүретін молекулалық (митохоядриялық) сағат арқылы талдаура болады.

Екінші айырмашылық — ұрпақ митохондриялық ДНҚ-ны тек анасынан ғана алады. Осылай ойлайтын болсақ, онда Жер бетіндегі барлык, адамның ДНҚ-сы аяғында бір ападан тарайды. Әрине, бұл арада оны Хау-ана деп санаудың ешқандай қисыны жоқ. Сондықтан мұндай ғылыми деректер аңыз ретінде қаралмайды. Жер бетінде сол кезде басқа да әйелдер болуы мүмкін, бірақ митохондриялың ДНҚ-ны зерттеушілер олардың митохоидриялық ДНҚ-сы жоғалып кеткен деп есептейді. Дегенмен бұл қортындылардың кейбір жақтарында қайшылықтар бар екенін байқау қиын емес, Аллен Уилсон (1992) митохондриялық, сағат бойынша Африкада ең жоғары генетикалық, айырмашылық бар екенін көрсетті, сонымен қатар ол В. Заричтің мәліметіне сүй-еніп, осы заманғы адамдардың тегі Африкада бұдан 150— 200 мың жыл пайда болған деп ңортъшдылайды. Ңазіргі кезде А. Уилсонның қортындысын дәлелдейтін көптеген генетикалық мәліметтер жиналуда. Бұл арада да генетикалық зерттеу нәтижесі палеоантродологтардың пікіріне қарама-қарсы. Адам эволюциясын молекулалық деңгейден зерттеушілер моногенетикадық теорияны жақтайды. Бұл теория бойынша осы заманғы адамдардың ата-тегә бір орында — Африкада пайда болған, кейін, олар алдымен Азияға, онан соң Жердің басқа бөліктеріне таралған. Бұл теориядағы түсініксіз бір жағдай Африкада пайда болған адамдар қалайша сол кезде тіршілік еткен басқа гоминидтерді (неапдерталдықтарды т. б.) ығыстыра алды? Палеоантропологтар да гоминид туысы Африкада пайда болды (бұдан 2,5 млн.-жыл бұрын) деп санайды. Бірақ, олар (А. Торн, М. Уолпофор т. б.) мультрегиондық эволюциялануды яғни қазіргі адамдар бұдан шамамен 1 млн. жылдай бұрын Жер планетасының әр түрлі бөлігінде пайда болған деп жорамалдайды.

Ғылыми нәтижелердің бірқатар жағдайларда бір-бірі сәйкес келмеуі таң қаларлық құбылыс емес, бірақ, жоғарыдағы сәйкес келмеушіліктің себебін негізінен зерттеу әдістерінің жетімсіздігінен және кейде, ғылымның жете дамымауына байланысты нәтиженің дұрыс талданбауьшан іздеу керек. Ғалымдар жақын болашақта молекулалық генетиканың жаңа әдістерінің жетілуі арқасында адамның ерте қазбаларының ДНҚ - ның зерттеуге мүмкін болады және адам эволюциясының түйінді мәселесі айқындалып, оны зерттейтін әр түрлі ғалымдардың нәтижелері бір жүйеге біріктіріледі деп сенім білдіруде.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2023-11-29 12:58:01     Қаралды-98

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЕЛІКПЕН АТАЛДЫ?

...

Кариб теңізінде Пуэрто-Риконың үлкен аралы орналасқан...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МАТЕРИКА ЕҢ КІШКЕНТАЙ?

...

Австралия - жер бетіндегі ең кішкентай материк.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ КӨП ПЕ?

...

Сусыз жер бетінде тіршілік болмас еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТРОНДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Электрон» сөзі грек тілінен «янтарь» деп аударылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Көптеген ғасырлар бойы адамдар электр қуатының бар екенін білмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »