UF

ОРГАНИЗІМДЕРДІҢ КӨБЕЮ ТҮРЛЕРІ

 

Организмнің жеке дамуының биологиясы курсы жануарлардың, қарапайымдардың және адамдардың жеке дамуының барлық сатыларын басқаратын факторлар мен механизмдерді зерттейді. Оларда жүретін макро- және микроморфологиялық, физиология- биохимиялық, молекулалық және генетикалық процесстерді зерттейді. Сонымен қатар жалпы даму заңдылықтарын қарастырады.

Көбею өзіне ұқсас ұрпақ қалдыру, яғни тірі дүниенің өзіне тән сипаты болып табылады. Көбею  немесе өздігінен үнемі өсу (түзілу)- органикалық табиғаттың ең маңызды сипаттамаларының бірі. Көбею бактериялардан бастап сүтқоректілерге дейін барлық тірі организмдерге жаппай тән қасиет. Жануарлардың және өсімдіктердің, бактериялар мен саңырауқұлақтардың кез-келген түрінің тіршілік етуі , ата-аналық особьтар мен олардың ұрпақтары арасындағы сабақтастық тек көбею нәтижесінде ғана қаитамасыз етіледі. Тірі организмдердің ұдайы өздігінен өсуі (түзілу) және басқа да қасиеттері- дамуымен тығыз байланысты. Бұл қасиет Жер бетіндегі тірі атаулының барлығына – бір клетклы майда организмдерден бастап көп клеткалы өсімдіктер мен жануарларға тән. Көбеюдің әр түрлі формалары белгілі, бірақ олардың барлығын екі түрге – жынысты және жыныссыз деп біріктіруге болады. Жыныссыз  көбею бөліну, бүршіктену, бөлшектену және спора түзу арқылы іске асады. Яғни, бұл процеске жыныс клеткалары қатыспайды. Қарапайым бір клеткалылар екіге бөліну арқылы көбейеді. Бүршіктену арқылы көбею ашытқы микроорганизмдері және гидраларға тән. Мұндайда организм денесінің бір бүршігі созылып, үзіледі де одан жаңа организм пайда болады. Организм бөлшектену арқылы көбейгенде, мысалы, жалпақ құрттар бөлшек-бөлшек болып бөлініп кетеді де оның оның әр бөлігінен бір-бір жаңа организм пайда болады. Кейбір организмдер спора түзу арқылы көбейеді. Төменгі сатыдағы кейбір саңырауқұлақтар, балдырлар (хлорелла), жануарлар, мысалы, безгек паразитіне спора түзу тән. Мүктер, жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтар, көп клеткалы балдырлар, папортник тәрізділер және т.б. жатады. Сонымен бірге жыныссыз көбеюдің тағы бір түрі – полиэмбриония. Мұндайда эмбрионалды даму кезінде сол эмбрионның бір соматикалық клеткалары арқылы көбейеді. Мұндай көбею төменгі сатыдағы омыртқасыздарда жиі кездеседі. Жыныссыз көбеюдің бір түрі - вегетативті көбею тәсілі, дене бөліктері арқылы көбею кең тараған. Мысалы, тамыр жапырақ, мұртша, мүшелік регенерация т.б.

Жыныстық көбею жыныс клеткаларының қосылуы арқылы іске асады.  Бір клеткалыларда капуляция, кейбіреулерінде коньюгация процесі кездеседі. Мұндайда бір организмде аталық та, аналық та жыныс бездері болып, бір организм өзін -өзі ұрықтандырса-жалпақ құрттарда кейде бір гермофродит екінші гермофродитті ұрықтандырады. Мысалы, жауын құрттары немесе бір организм алма-кезек бірде аталық, бірде аналық болып ауысып отырады- бұл устрицаларда кездеседі.

Жынысты көбеюдің тағы бір түрі партогенез. Оның мәні организмнің ұрықтнбаған жұмыртқадан көбеюі. Партеногенезді факультативті және облигатты деп екіге бөлуге болады. Факультативті партеногенез кезінде ұрықтанбаған жұмыртқадан да, ұрықтанған жұмртқадан да организм дамитын болса,  облигатты партеногенез кезінде организм тек ұрықтанбаған жұмытқадан ғана дамиды. Оның біріншілері араларда кездессе, екіншілері теңіз және мұхит молюскаларында кезігеді. Партеногенез ауылшаруашылығында кеңінен қолданылады. Жібек құрттарын өсіруде маңызы зор.

Көпшілік организмдер таза жыныстық жолмен көбейеді. Мұндайда организм ұрықтанған жұмыртқадан-зиготадан дамиды.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-06-22 16:52:17     Қаралды-468

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ІНЖУ-МАРЖАННЫҢ МӨЛШЕРІ ҚАНДАЙ?

...

Соңғы уақытқа дейін әлемдегі ең үлкен інжу 1934 жылы Оңтүстік Қытай теңізінде Филиппиннің Палаван аралында салмағы 300 кг-нан асатын меруерт табылған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР ҚАЛАЙ ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ?

...

Жер шарының әртүрлі жерлерінде климат айтарлықтай ерекшеленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕГИПЕТТЕ ПИРАМИДАЛАР ҚАЛАЙ САЛЫНДЫ?

...

Мысырдағы Гиза қаласындағы пирамидалар бес мың жыл бойы әлемде бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ЕҢ КІШІ?

...

Ватикан - ең кішкентай мемлекет, дәлірек айтсақ, қала-мемлекет.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУДА ҚАЙ ҚАЛА ТҰР?

...

Италияның солтүстігіндегі Венеция қаласы суда орналасқан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРАЛ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Сіз оны солтүстік жарты шарда іздеуіңіз керек, аралды екі мұхит - Атлант және Арктика жуады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОЛУМБ АМЕРИКАНЫ ҚАШАН АШТЫ?

...

Американың ашылған ресми күні 1492 жылдың 12 қазаны.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЕЛІКПЕН АТАЛДЫ?

...

Кариб теңізінде Пуэрто-Риконың үлкен аралы орналасқан...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МАТЕРИКА ЕҢ КІШКЕНТАЙ?

...

Австралия - жер бетіндегі ең кішкентай материк.

ТОЛЫҒЫРАҚ »