UF

АНТИБИОТИКТЕРДІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ҚОЛДАНУ

 

Антибиотиктер деп  тері клеткадан  бөлінетін басқа микробтарға жойқын әсер ететін заттарды атайды.1929 жылы ағылшын ғалымы Александр Фленинч жаңа  пенициллинді ашты. Міне осы кезден бастан антибиотиктер ғасыры басталды десек қателеспейміз. 1940 жылы ғана оны таза кристалл күшінде алуға мүмкіндік туды. Бұл шипалық қасиеті өте жоғары дәрі микроорганизмдерден, соның ішінде  пеницимум микропкоптық саңырауқұлағынана алынды. Әрине Флеинч бұл дәріні бұдан ашып, таза күйінде алды десек қате болар еді. Ғалым әдеттегіше  агары бар. Петри шынысында ауру  қоздыратын стафилононк микробын өсірген болатын. 1941 жылы ағылшындар Флоримен Чейн пенициллинді таза күйінде  алып оның шипалық қасиетін кеңінен зерттейді. Ал Совет Одағында бұл дәріні алып қолданған З.В. Ермольева мен Т.И. Балерине еді. Бұл кезде Ұлы Отан соғысының қозып жатқан кезі еді. Майданнан жаралған жауынгерлердің бақытына  пеницеллин іріңдеткіш стафилококтарға қарсы өте күшті әсер ететін дәрі болып шықты. Мыңдаған жауынгерлердің жарасына бұл дәрі  жақсы шипа болып шықты. 1940  жылы  пенициллин  алынса, одан бес жыл өткен  соң  30-ға  жуық  антибиотиктер алынды.  Қазіргі кезде 2-мыңға жуық антибиотик заттар ашылып зерттелді. Олардың 60-қа жуығы медицина  практикасында қолданылып отыр. Әрине бұл  көптеген ауыр науқастарды емдеп жазуға зор көмегін тигізді.  Антибиотиктерді  жан-жақты зерттеу, оларды тек медицинада ған емес, сонымен бірге ауылшаруашылық практикасында, өніркәсіп әсіресе көптеген тез бұзылатын тағамдық заттарды сақтау, карорюмерия және халық шаруашылығның басқа да  саласында қолдануға жол  ашып берді. Антибиотиктік қасиеті табиғаттың алуан түрлі жағдайларында тіршілік ететін микроорганизмдер тобынан кездестіруге болады. Мұндай қасиет теңіз, өзен сулары микробтарында  өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарында  тіршілік ететін микробтарда да ұшырасады. Антибиотиктер қаситеі бар микробтардың басым көпшілігі топрақта таралған. Микробтардың антибиотиктер түзі қабілеті әдетте лабороторияда қолдан жасалған қоректік ортада зерттелді.  Отанымыздың көренкті ғалымы Н.А.Красильников өз өмірін осы антибиотиктік құбылысты зерттеуге сарп етті.  Ол ішек таяқшасы тобына  жататын Бактериум ноли, Бактериум тифи, бактериум дизентерия және тағы сол  сияқты микробтарды жаңадан әкелінген теіз суына  салғанда қырылып қалатыын дәлелдеді. Сонда суларда тіршілік ететін басқа  организмдер микробтардың өсуін тежеп, тоқтататын тастайтын заттар түзетіні байқалды.

Мәселен, адамда,  жануарларда және өсімдіктерде аса қауіпті  ауруларды қоздыратын  бактериялар  мен фитопатогенді  саңырауқұлақтар топраққа түскеннен кейін көп ұзамай қырылып кетеді.

Атибиотиктерді  түзетін микробтарды топрақтан шіріген өсімдіктер мен  жануарлар қалдықтарынан және басқа да   жерлерден  алуға болады. Антибиотиктерді тиімді  пайдалану үшін олардың негізгі  активін анықтаудың  зор  маңызы бар.  Антибиотиктердің активтігіне бактериологиялық  жолмен, яғни  микробтың белгілі бір түріне  әсер ету арқылы  анықтайды.

Тексерілетін  препараттағы антибиотиктердің бастапқы активті  концентрациясын немесе  сақиналық әдіспен анықтайды.

Табиғатта кездесетін  микробтардың ішінде бактериялар тобынан көптеген  антибиотиктер табылып отыр. Бірақ олар  практикада кеңінен қолданыла қойған жоқ. Оның себебі бактериялардан алынатын антибиотиктердің көпшілігі одан, жануарлар және өсімдіктер организміне ұлылық қасиет көрсетеді. Олардың кейбіреулері (грмицидин С полиминсиндер бацитрациндер) медицинада, ал басқа түрлері (субтилин, низин) тамақ және  консерві  өнеркәсібінде  қолданылып жүр. Қазіргі кезде бактериялар антибиотиктерінің 60-қа жуығы белгілі болып отыр.

Тиротрицинді алғаш рет Дюбо 1939 жылы топрақтан бөлініп алынған  Бантериум бревистен алған болатын. Бұл микроб тек ауасы бар жерде ғана  тіршілік ете алады, өзі таяқша тәрізді жіпшелері көп қозғалғыш 37 С жылыда жақсы өніп өседі. Бактериум бревис ет пептонды қоректік ортада 4-5 күн өсірсе, антибиотик бөліне бастайды. Тиротрицин кейбір ауру қоздырғыш стрептококтарға  жойқын әсер етеді.

Грамицидин осы тиротрициннің бөлігі  болып  келеді. Ол  хирургияда  жараларды емдеуде, отқа  күйгенде қолданылады.

Полимисиндер қышыма сиқты тері ауруларына  қолданылады.  Бацитрацин тері  аурулары, пневмонияны, дизантерияны емдеуде қолданылып жүр.

Низин антибиотигін Стрептококус латис  микробын қоректік ортада өсіру арқылы  алады. Низин көптеген стерптококтарға , стафилолоктарға жойқын әсер етеді.

 Антинамициттерден алынатын антибиотиктер  медицинада ғана емес, ауыл шаруашылығында  тамақ өнеркәсібінде кеңінен қолданылып отыр. Стрептолицин түзетін антиномицет алғаш рет 1943 жылы Америкада Роджерс университетінің  минробиология  лабораториясында  бөлініп алынды. Антибиотиктердің тағы бір тобы  каналициндер. Оларды да осы антимомицеттерден алады. Өнеркәсіпте хлортерациллин  антибиотигін биалицилин аурепицин және дуомицин деген аттармен өндіреді. Оларды бактериялық  пенвмония, бруцеллез, туляремия, көкжөтел, споарлатика емдеуде қолданылады.

Эритромицин. Грам әдісімен боялатын микробтарға  риккетсиилерге, ері  вирустарға және кейбір  қарапайымдыларға әсер етеді.

Нистатин- саңырауқұлақтарға өте  күшті әсер ететін  антиполицеттен алынатын антибиотик. Микроскоптық саңырауқұлақтар түзетін лекициллин, гризефульин, трихотонцин және  фужагиллин жатады. Пенициллин қазір  медицинада кеңінен қолданылып отыр. Оның активтілігі өте жоғары.

Көптеген ғалымдар жоғарғы сатыдағы өсімдіктерді зерттегенде олардың кейбір микроорганизмдерді, әсіресе бактерияларды жоя алатын қасиетін атап көрсетті. Солардың бірі ғалым Б.П.Токин шыны қалпақтың астында  мойылды өсіріп қасына ішінде  амебасы бар суды қойғанда, осы қарапайым организмнің 15-20 минуттан соң өліп кететінін мәлімдеді. Доғары сатыдағы өсімдіктер түзетін биологиялық активті заттарды Б.П.Токин  фитонцидтер деп аталады. Фитоцинидтер пияздан сарымсақтан бөлінетіні анықталды.

Фитосинидті қасиеті  бальзамда түрлі қара майларда илік заттарда және тағы  басқаларында  да кездеседі. Сарымсақ пен пияздың  сығындысы қоймадағы картоп пен сарымсақтың зақ  сақталуына көсектеседі. Өсімдік тектес антибиотиктерден кең тарала бастағандары иманин, кансанбин және аренорин. Жануралардан алынатын антибиотиктердің қасиеті өсімдіктерден алынатын атнтибиотиктерден өзгешелеу.

Лизоцим тауық жұмыртқасының ақ белогынан, көкбауырдан, жүректен, бауырдан, өкпеден және кейбір өсімдіктердің  шырынынан табылды. Жануарлар организміне лиоцин негізінен басқа зиянды  микроорганизмдерден сақтап, қорғаныштық роль атқарады. 33 Ермольева 1950 жылы балықтан экмолин деген антибиотиктік қасиеті бар препарат алды. Экмолин дизентреия іш сүзгіш таяқшасы, оба  вибриондары тұмау вирустарына зиянды әсер етеді. Насекомдардың 51 түрі тексеріліп олардың 25 түріне  микробтарға  қарсы әсер ететін қасиеті барлығы  анықталды. Микробтарға әсер етуіне қарай антибиотиктерді бактерицидтік және бактериостатикалық деп ажыратады. Бактерицидтік әсер еткенде қолданылған антибиотиктерден микроорганизмдер мүлдем қырылып қалады. Бұларға пенициллин, стерптолициллин, неомициллин, канамициллин, ваксомицин және полимикциллиндер жатады.

Бактериостикалық антибиотиктерді қолданғанда микроорганизмдер өлмейді, тек олардың өсуі мен дамуы ғана тежеледі. Бактериостикалық антибиотиктерді қолданғанда ол  организмнің  қорғаныштық қабілетімен қосыла отырып аурудың тез жазылуына жағдай туғызады. Антибиотиктер- органикалық қосылыстар. Оларды негізінен тірі клеткалар өздерінің тіршілігі барысында ортаға бөліп шығарып отырады. Әрине антибиотиктердің халық шаруашылығындағы маңызы зор болғандықтан оларды кеңінен өндіру мәселесі алға қойылды.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-06-22 16:20:30     Қаралды-441

ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »