ТАҚЫРЫБЫ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМ ДАМУЫНДАҒЫ ТЕМІР ЖОЛ КӨЛІГІМЕН САЯХАТТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫ МЕН МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
Мазмұны:
Кіріспе
1. Қазақстандағы ішкі туризм дамуындағы темір жол көлігімен саяхаттарды ұйымдастырудың қиыншылықтары
2. Қазақстандағы темір жол көлігімен саяхаттарды ұйымдастырудың мүмкіншіліктері мен темір жол көлігінің перспективті түрлері.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Транспорт халық шаруашылығының ірі салалардың бірі болып табылады. Оның жұмысында маңызды үлесті жолаушыларды тасымалдау алады. Олардың ішінен жоғарғы орынды туристер алады. Туристерге негізінен саяхаттың созылу уақыты, оның комфорттылығы және бағасы маңызды болып саналады. Көлік түрінің және туристің ауқаттылық деңгейінің, туристік саяхаттың мінезі мен шығу мақсатының алыстауының арасындағы тәуелділік айқын көрінеді. Транспорттық саяхат өзінше жеке туризм түрі ретінде қарастырылады. Транстпорттық саяхаттар қазіргі уақытта туризмнің дербес түрі болды.
Көліктердің ішіндегі темір жол көлігі әртүрлі мемлекеттерді және мемлекеттердің әртүрлі региондары арасында байланыстарды орнату үшін айрықша роль атқарады. Әрбір мемлекеттің экономикасының дұрыс дамуын қамтамасыз етеді және туристер көп қолданатын көлік түрі. Темір жол тасымалдауларының бірқатар ерекшіліктерін айтып өтуге болады: темір жол көлігінің тасымалдау мүмкіншілігінің жоғары болуы; шығатын пунктен, бару пунктіне тасымалдаудың жоғары жылдамдығы; үлкен қашықтықтарды өтудің мүмкіншілігі; метео жағдайға байланыссыз тасымалдаудың тұрақтылығы және т.б. осы қалалар арқылы темір жол көлігімен саяхаттың маршрутын жасау.
Көптеген жылдар бойы әлемдік темір жол көлігінде электр немесе тепловоздың тартудың жүйелік дамуы, поездардың жүру механизациясы мен автоматизациясының даму дәрежесінің өсуі байқалады. Шапшаң жолаушы поездардың қозғалудың коммерциялық жылдамдығы үнемі жоғарылайды. Жүрудің комфорттық деңгейінің өсуі және жылдамдықтың өсуіне бағытталған жұмыстар өткізіліп, көптеген мемлекеттер үлкен жетістіктерге жетті. Бірақ өкінішке орай біздің мемлекетімізде әлі осындай дәрежеге жету үшін өте аз шаралар жүргізіледі, ал ол темір жол туризмнің дамуына үлкен тежегіш күш болып табылады.
Біздің елде темір жол туризмі 50-ші жылдың соңынан дами бастады, әйгілі және кең туризм түріне айналды. Осы туризм түрі болашақта оның комфорттылығын жоғарлату жағдайында дамудың айрықша мүмкіншіліктеріне ие болады. Су транспортымен салыстырғанда, темір жол транспортының жүйесі қалың және темір жол туризмі су туризміне қарағанда бірнеше есе арзан болып келеді. ТМД-нің көптеген қалалары мен туристік обьектілері темір жол көлігінің жететін сферада орналасқан, соған қоса ол автобус көлігімен кооперацияға түседі, ал осы кооперация әртүрлі көрікті ауданды көру үшін шексіз мүмкіншіліктерді туғызады.
Темір жол әуе көлігіне қарағанда «баяу жүретін» болғандықтан, темір жол көлігінің үлесі төмендеуде, осы төмендеу 60-шы жылдардан басталған. Қолайсыз тенденцияны нейтрализациялау құралы болып жүру төлемінің төмен болуы табылады. Соңғы кезде ішкі туризмнің дамуында айрықша маңызға ие болып отыр. Сонымен қатар темір жолмен жүрушілерге қызмет көрсетудің жаңа формалары табылып жатыр
1. Қазақстандағы ішкі туризм дамуындағы темір жол көлігімен саяхаттарды ұйымдастырудың қиыншылықтары
Халықаралық қаржы институттарының көрсеткіштері бойынша, туризм XX ғасырдың II-ші жартысынан бері әлемдік нарықтық жалпы қаржы айналымындағы әр жылдық көрсеткіштерде алдыңғы орынды алады. Кейде, коньюктураның тербелісінен туристік индустрияның абсолюттік лидерлігі жағдайы да мүмкін. Туризмнің алдыңғы похициялары экономиканың жаһандануымен, әуе, автокөлік, көпшілік ақпарат құралдарының дамуымен, компьютеризациямен және жарнама индустриямен, визалық режимдерді либерализациялаумен, халықтың өмір сүру деңгейінің өсуімен, әлемдік аренада экономикалық дамуыдың жаңа орталықтарының пайда болуымен, критерийлердің интернационализациялаумен байланысты.
Туризм қарқынды дамуының факторына қоғамның индустриялизациясы мен урбанизациясының негативті экологиялық зардаптары айналды. Олар адамдарды өзінің демалу мен денсаулығын қалыптастыру үшін шетелде экологиялық таза орындарды іздеуді талаптандырады.
Халықаралық туризмнің географиясы мен типтік құрылымы қазіргі кезде тұрақты позитивті орта динамика жағдайында болып отыр. Олар жаңа орталықтардың және дәстүрлерді сақтап, туристік индустрияның жаңа түрлердің пайда болуымен сипатталады.
Қазіргі кезде қызығушылығы немесе мамандығы бойынша сапарлар, халықаралық спорт жарыстарына жанкүйерлердің сапары, карнавалдарға қатысу, т.б. әйгілі болуда. Туристік нарықтың тез дамушы сегменті болып, іскерлік және конгрестік туризм табылады. Экономика жаһандануының дамуы іскерлік адамдардың сапарларының санының өсуін қамтамассыз етеді. Бизнесмендерге қызмет көрсету үшін, көптеген мемлекеттерде арнайы туристік индустрия құрылған. Олардың ішіне: жоғарғы классты отельдер, автокөліктің арнайы қызметі, секретарь мен аудармашылар құзметі, қазіргі заманға сай коммуникациялық байланыс, компьютермен қамтамассыз ету кіреді.
Жастар мен орта жастағы адамдар арасында қызық оқиғалы-танымдық туризм әйгілі болуда. Ол қалалық өмірден демалумен қатар, белсенді және экстремалды өзін көрсету үшін табиғи психофизиологиялық қажеттіліктеріне мүмкіндік береді. (тау өзендерімен сплав жасау, парапланеризм, дайвинг, қиын жаяу жүру туралы, т.б.)
Туризм дамуының жалпы жағымды динамикасына қарамастан уақыттың кейбір кезеңінде туристік ағымдардың төмендеуі мен орын ауыстыруы саяси, экологиялық жағдайға және табиғи катаклизмдерге байланысты байқалады. Жеке алсақ, Еуропалық кіру туристік индустриясына НАТО-ның Югославияны боибалаумен, Балкандағы діни және ұлттық экстремизмнің эскалацияумен үлкен зардаптар әкеледі. Таяу Шығыс елдерінде: Алжир, Египет, Турция, Индия, Пакистан және Филлипиндерде және көпшілік туризмнің басқа да дәстүрлері және жас орталықтарында діни экстремистердің террорлық акциялары да турлардың қызықтылығына негативті әсер етеді. Бірақ, осы айтылған негативтік жағдайларға қарамастан, өзінің пакеттерінде «әлемнің ғажаптары» бар «теңіз-күн» турлары көпшілік туризмге қызықты болып қалады./
Кейбір аналитиктер туризмнің танымдық бөлігінің жойылуын болжайды. Ол негізінен –«әлемдік паутина»- интернетпен байланысты. Бірақ осы қауіптер аз дәлелденген болып табылады. Керісінше, интернеттің қуатты ақпараттық ағымдары, «әлемдік паутинаны» қолданатын адамдарды виртуалды түрде туристік орталықтарға жақындатады. Осы виртуалдықты толық түрде сезу үшін адамдар осы жерге барады. Халықаралық туристік потенциалдық өсуінде кейбір мемлекеттердің саяси және кәсіпкерлік элитасының позитивті реакциясы үлкен роль атқарады. Олар тауарлық өндіріс пен экспорттық-шикізат ориентациясы сферасында даму мүмкіншіліктерді таппай, кіру туризмінде өзінің мемлекетіне капиталды тарату және мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымын көтеру үшін альтернативті ориентирді көрді. Осындай мемлекеттерге: Греция, Мальтаны, Кипр, Турция, Австрия, Испания, Таяу Шығыс елдерін, Персия шығанағы елдерін, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Оңтүстік Америка елдерін жатқызуға болады. Осы елден туризм ЖҰӨ-нің 30-60 % береді.
Осы елдердің саяси және кәсіпкерлік элитасы туристік психологиясы форматының эволюциясына сақ реакция жасап, туристік клиентураның жаңа сұраныстарын қанағаттандыру үшін салмақты күш салады. Шетелдік кіру туризіміне тән элементі болып, мұнай, мұнай-химия, автомобиль және басқа да бизнестегі туризмнің белсенді қатысуы болып табылады. Осындай жоғарғы қызығушылықтың айқын себебі болып бәсекелес инфрақұрылымды жасауға үлкен бастапқы шығындар жағдайында туризмнің жоғары рентабильдігі табылады. Мүмкін болатын моральді-этикалық және басқа да факторлар онша айқын емес және жеке талқылауларды қажет етеді.
Қазақстанның мемлекеттік құрылымындағы кардинальдық өзгерістер, кіру рекреациялық және Қазақстандық іскерлік туризм нарығына қатты әсер етті. Қазақстан территориясыеда кең туристік жүйе құрылды. Қазір шетелдік турларға әрбір жылда Қазақстан азаматтарының көп саны шығады.
Бірақ әлемдік деңгейге сай, ішкі туризмді жасау қазіргі әлі қозғалмаған проблема болып табылады. Оның материалды-техникалық базаның шектеулі болуы, «Интурист», БММТ, «Спутник», ЦСГЭ ВЦСПС, «Совинцентр» ТПП СССР сияқты мемлекеттік ведомстволардың монополиялауына байланысты. Осы ведомстволар өзінің жұмысын аз ақша жұмсап жасайды. Олар негізінен әлеуметтік-саяси заказдармен жұмыс істейді.
Қазір XXI ғасырдың басында Қазақстанның ішкі туризм дамуына көп мүмкіншіліктер туды. Қазақстан Республика президентінің «Қазақстан 2030» жолдамасы мемлекеттің туризмнің жоғары экономикалық мүмкіншіліктеріне түсірген көңілі жақсы белгі болып отыр. Кезінде Қазақстан Совет азаматтарынаң әйгілі демалу орны болған. Осында қысқы Олимпиада ойындарына спортсмендер жаттықтыратын спорттық базалар орналасты. Қазақстан өзінің табиғи-климаттық ресурстарымен ерекшелінеді. Олардың жабық географиялық зонадағы әртүрлілігі, олардың ерекше болуына әсер етеді. Емдік минералды сулардың, ыстық бұлақтар мен батпақтардың әртүрлілігі медициналық қажеттіліктердің кең спекторын қанағаттандырады. Жергілікті туроператорлар- ол кіші және орта бизнес кәсіпорындары. Олар әлемдік нарыққа өзінше батыл шығулар жасайды.
Шаралардың барлық комплексі келесі кезеңдермен жасалу қажет:
Ұйымдастыру-дайындау кезеңінде Қазақстанның жалпы ішкі туризм концепциясы қатаң қылыми-методологиялық негізде жасалады. Ол керекті облыстық, регионалдық, федералдық және халықаралық ресурстардың максимумы, қаржы экономикалық, нарықтық және геосаяси сипатта динамикалық механизмді қамтиды. Ішкі туризм концепциясын жасау сұрағына- республикалық әкімшілік-экономикалық дамуынвң приоритеттік мақсаты статусы берілу керек. Оңтүстік-Шығыс Азия, Аляскада, Еуропаның Солтүстік елдеріндегі жаңа шетел ішкі туризм орталықтарын жасау тәжірибесі бойынша, ұйымдастыру-дайындау кезеңіне 2-3 жыл кетеді.
Сұрақтың тек осы қызықтыратын қойылымында ғана, жергілікті деңгейде ішкі туризм жобасына инвестициялық қызығушылығының өсуіне және биліктің адекватты реакциясына үміт артуға болады. Ыңғайлы шетелдік тәжірибеге қарағанда, Қазақстандық ішкі туризм сегменті, егер оған қатысты ғылыми дәлелденген, саналған саяси шешім жасалса, кәсіпкерлік құрылымдардың тесілді көңілі түсетін обьектіге айналады.
Билікпен алдын-ала жасалған ыңғайлы шешімі және оны реализациялауға бағытталған нақтылы шаралар бірте-бірте халықтың белсенді бөлігін өзінше қайта дайындауға стимулдарды құруға, кіші және орта өндірістердің инвестициялық көріктілігіне ыңғайлы жағдай жасауға т.б. бағытталған.
Сәйкес түзетулер сонымен қатар елді мекендердің муниципалды шаруашылығын жасау мен реконструкциялау проектілеріне де енгізілу керек. (жылу, сумен қамтамассыз етудің жер асты коммуникациялары, елді мекендердің архитектурасы, жолдар жағдайы, т.б.) Жабық кеңістіктегі ешбір комфорт (қонақ үйлерде, көңіл-көтеру мекемелерінде); турлардың қызықты программалардың ешбіреуі жаман және жөнделмеген жолдар, шыбын-шіркейлердің болуы, т.б. тұрмыс нақтылығы кезінде әсер қалдырмайды.
Туристік сұраныс- нәзік материал, ол көптеген факторларға тәуелді. Олар басқа бизнестің нәтижелеріне осындай шешуші әсерін тигізбейді. Осында, біз жалпы дәстүрлі түсініктегі туристк сүраныспен емес, туризмнің жаңа дамымаған жағдайымен жұмыс жасаймыз.
Жалпы алғанда туристік клиентураның сұраныстары- ол ұзақ анализ жасауға ең аз мүмкіншілік беретін эмоциональді-психологиялық қасиет моменттері. Егер, мысалға айтсақ, қандай болса да күнделікті тұтынатын тауардың жарнамасы, тәжірибеге сүйенгенде, жеңілбейтін болса, ол өзінің демалу орнын таңдау, демалу орны туралы нақтылы ақпаратты алу керек. Сондықтан ол жарнамаға қатты сенбейді, өзінің достары, туысқандарының кеңестеріне көп назар аударады. Осы жағдайда алдын –ала сұранысты ұздіксіз зерттеу сияқты cыртқы консалтинг байланыстарын қабылдау қажеттілігі туады. Инфрақұрылымда тәжірибелік түрде жасаудың және туристік өнімді реализациялау кезеңінде осы байланыстардың көкейтестігі жоғалмайды, сонымен қатар ерекше маңызға ие болады. Осы этапта мүмкін болатын инвесторлар, қаожыландыру және материалдық базаны жасау үшін міндеттерді білуді ұйымдастыратын серіктестер таңдалады, кәсіпкерлік және шетел организациялардың ішінен генералды серіктес таңдалады. Негізінен күштерді консалидациялаудың оптимальді формасы болып мүліктік және ұйымдық тәуелсіз, бәрақ жалпы мақсатқа тәуелді туроператорлар ассойиациясы болады. Дайындау этаптарының соңғы стадиясында ішкі туризмнің этапты дамуының бағдарламасы жасалады.
Туристерге су, жаяу, ат және авто-мото турларда оны дайындау кезеңінде сапалы қызмет көрсетуді көрсету үшін жаяу және ат жолдарын жасау, тұрақтардың орнын даярлау, жүзу құралдарын, туристерді орналастыру орындарын анықтау керек. Осы этапта сонымен қатар, Қазақстандық аңшыларды қабылдау үшін облыстық аңшылық ресурстарын пайдалану мүмкін. Аң аулау сезонына байланысты және шаруашылықтармен аң аулауды келісім бойынша аңшылардың саны мен оларды қарсы алу мерзімі анықталады. Қазақстандық аң аулашыларды қарсы алудың экономикалық пайдалығы аң аулау трофейлерінің жоғары бағасымен және егерлердің қызмет көрсету жоғары бағасымен байланысты.
Балық аулауға қолайлы жерде Қазақстандық туристерді қабылдауды бастауға болады- балық аулауды жақсы көрушілерге. Бірақ оларды комфорттық орналастырумен және тамақтанумен қамтамассыз ету керек. Туристерді маршрут бойынша орналастыру, тамақтану және медициналық қызмет көрсету сұрақтарын мұқият түрде жасау керек. Осы сұрақтарға деген ұқыпсыздық негативті жарнамаға әкеледі, яғни потенциалды клиентті жоғалтуға әкеледі. Аудандық қалаларда және ауылдарда, қонақ үйдің комфорттық базаның жоқ болуы мүмкін, сондықтан қалалық қонақ үйдің бір-ші этажын сәйкес түрде безендіріп, жалға алу қажет. Осындай жасалған этаж, басқа бөліктен жекеленіп, жеке экономикалық обьект ретінде жұмыс істейді.
Қонақ үйде осындай жоғарғы комфортты зонаны жасаутәжірибесі, шетелде кең таралған: кейде 3*-ды қонақ үйде, бір немесе бірнеше этажды 4, 5* жұлдызды қонақ үйге сәйкес етіп жасайды. Сонымен қатар осындай қонақ үй базасында кішкене бальнеологиялық емдеу-сауықтыру орталығын жасау керек. Еш күмәнсіз, ерекше көңіл тау-шаңғы туризіміне аударылу қажет Қазақстан Орталық Азия регионы үшін тау-шаңғы спортының орталығы болуға барлық мүмкіншіліктер бар. Қазақстанның тау-шаңғы трассалары өзінің жақындығымен және салыстырмалы арзандылығымен көрікті болады. Сонымен қатар, ескеру қажет.
Демалу бөлмелерінде туристер автобусты күтеді немесе жай ғана демалады, сондықтан тау-шаңғы базалардың бөлмелерінде комфортты және суға тозымды жиһаз болуға міндетті.
Туристер үшін қонақ үйлерді салу немесе модернизациялау кезінде теннис корттары, баскетбол, волейбол алаңдары, гимнастика, тренажер секциялары бар спорттық қалашық жасауды ескеру керек. Ішкі туризм жобасын реализациялау үшін маңызды орынды жоғары маманданған кадрларды дайындау- сыртқы экономикалық қызмет үшін мамандарды, гид-аудармашыларды, жүргізуші-инструкторларды, спорттық тренерлерді, қонақ үй сервис қызметкерлерін, мед қызметкерлерді т.б. алады.
Туристік бизнесті жасау үшін мамандарды таңдау мен даярлау жұмысы жақсы жоспарланған болу керек. Сонымен қатар, таңдаоған мамандарды жақсы репутациялары бар туристік центрлерге стажировкаға жіберу керек. Келесі мамандар ағымын даярлау жергілікті немесе шетел оқу базасында жасау керек.
Қазақстандықтардың көпшілік қызығушылығы тікелей біздің республикамыздың бай туристік ресурстары туралы білетіндігімізге тәуелді. Бірақ бүгінгі күні, Қазақстан азаматтарының көпшілігі, басқа елдердің туристік ресурстарын біледі. Ол негізінен туристік агенттіктердің қызметімен байланысты, олар Қазақстандықтарды шетелге шығарады. Ал шетелдік туристерді Қазақстанға әкелетін туроператорлардың саны өте аз болып табылады.
Тур қызметті сатып алу оны қабылдаусыз мүмкін емес, ал қабылау процнссі келесі этаптардан өтеді:
-жарнама арқылы жасалатын мәлімдеме;
- жарнамалатын ту қызметке потенциалды клиенттің қызығушылығы;
- жақсы жасалған жарнамаға немесе клиенттің психологиясының ерекшеліктеріне тәуелді болатынын бағалау;
- толық қабылдау немесе қабылдамау.
Қазақстанның туристік ресурстарын халықаралық туристік нарықта жарнама маңызды роль атқарады. Туристік ресурстарды жарнамалаумен тек қана туристік фирмалар емес, сонымен қатар мемлекет те қатысуы керек.
2. Қазақстандағы темір жол көлігімен саяхаттарды ұйымдастырудың
мүмкіншіліктері мен темір жол көлігінің перспективті түрлері
Қазіргі кезде Қазақстанда әртүрлі темір жол саяхаттарын ұйымдастыруға алғышарттар жасалаған: рекреациялық обьектілер картасы жасалған, Қазақстан Республикасы президентінің қаулысы бойынша 27 ақпан 1999 жылы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы бекітілген, жолға алғашқы тез жүретін поездар жіберілген, көрші мемлекеттермен достық қарым қатынас халықаралық туристік поездарды жоспарлауға мүмкіндік береді, ол шетел адамдарының республикаға деген қызығушылығының өсуін көрсетеді.
2004 жылдың 29 желтоқсанда қазақстанның көлік министрі Х. Нагманов таң қаларлық хабарлама жасады: 2005 жылы Оңтүстік Азия мен Еуропа Одағын байланыстыратын темір жол торабының салынуы басталады. Оның колеясы Еуропалық стандартқа сай болады. Нақты айтқанда бұл жол Қытай мен Еуропаны байланыстырады. Бұл проект 3,5-4 млрд. долларға бағаланып отыр, ал оның іске асуы 15 жыл көлемінде. Министрдің айтуы бойынша бұл жол Қытайды Түркменстанмен және Түркиямен байланыстырады. Бұл маршрут Транссібір торабына тайталас маршрут болмақ. Қазіргі кезде көптеген темір жол көлігінің түрлері пайда болуда. Олардың дамуы туризмнің бұл түрінің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Осы көліктің төмендегідей перспективті түрлері көрсетілген. Вело-мото дрезинамен саяхаттау: вагонда отырып, сіз бара жатқан жол туралы ойламайсыз, сіз оның қандай екенін көрмейсіз. Сіздің комфортыңыз сізбен вагон ретінде саяхаттайды. Купейлік, плацкарттық, отыру немесе тауарлық, олардың барлығы сіз үшін, сізді тасымалдап жатқан және желден, суықтан, ыстықтан қорғап жатқан арба сияқты. Егер сіз рельстердің деңгейіне түсіп, жол төсемі бойымен жүріп өтсеңіз, сіз жолдың көкжиекке қарай бара жатқанның романтикасын сезінесіз. Темір жол әрқашан елдің экономиканың индустриализациясының символы ретінде, оның артериясы болған. Темір жолдардың қасында қалалар, кәсіпорындар салынды. Көптеген адамдардың тағдыры да темір жолмен байланысты. әлемнің барлық темір жолдардың ішінде сіз көптеген қазір істемейтін жолдарды таба аласыз. Оның әрбіреуінің өзінің тарихы мен тағдыры бар. Уақыт өте келе жол қирайды, өтпелі емес жолға айналады. Оған мысалға «Мертвая» темір жолын жатқызуға болады. Кейбіреулері көп жыл бойы жақсы сақталған. Бірақ әрқайсысы арқылы жүріп өтсеңіз, сіз сол заманның иесін, олардың қалай салынғанын, қанша адамның еңбегі кеткенін сезіне аласыз.
Көлік құралдары ретінде, екі велосипедтен құралған велодрезинаны немесе үрленген дөңгелегі бар мотодрезинаны пайдалануға болады. Осы туризм түрінің мәні рельстер арқылы саяхаттау болып табылады.
Кең колеясы (1520 мм) және тар коллеясы (750 мм) бар жолдар қызықтырады. Тар коллеясы темір жолдар арқылы, егер олар пайдаланатын болса да саяхаттауға болады. Бірақ осы жағдайда, аса қауіпті болу керек. Коллеяның әрбір кендіке сая дрезинасы болу керек.
Қазіргі кезде, 1988 жылдан бастап жасалынған бірқатар құрылыстар бар. Әрбіреуі өзінің ерекшелігімен ерекшелінеді. Ең алғашқы велодрезина екі велосипедттің базасында құрылды. «Мертвая» темір жролы арқылы саяхаттау үшін, оның екі үлесі жасалды. Олар кеңістік шарнирдік ферма ретінде болды. Ол жол велосипедтерінің рамаларына бекітілді. Бірінші велосипед бір рельс арқылы, екіншісі келесі рельс арқылы сырғанайды.
Дөңгелектерді рельсте ұстап тұру үшін ферманың төменгі жағында подшибниктерде айналатын болат еонус тәрізді роликтер бекітілді. Олар ішкі жағынын рельске тіреледі және велосипедтің жолдан шығып кетпеуін қамтамассыз етеді. Осындай конструкция рельстер арқылы қауіпсіз жүруді қамтамассыз етті. Осы дрезина бес футты немесе 1520 мм-ді коллеяға есептеледі. Бірақ бірігу ферманың иілгіштігі рельс арасындағы қашықтың қателері кең түрде компенсацияланады. Тәжірибе көрсеткендей, дрезина тегіс темір жол төсемінді жақсы істед, бәраө «Мертвая» жолындағы коллеялардың жағдайы, басқаны талап етті.
Эксклюзивті вагондар:
1.Вагон-салон.
Вагон жолаушылар демалу үшін қолданылпады. Осы вагондардың екі түрі бар: Вагонда бір-екі жұмсақ ажырайтын диван, алты-сегіз кресло, жуынғыш стол, сонымен қатар екі үлкен купе бар. Купелерде: жұмсақ ажырайтын дивандар, суық жылы суы бар жуынғыш-столдар, шашы бар барлар, ілгіштер мен сорелері бар. Жолаушы бөлмелерімен қатар, осында екі дәретхана, асхана, проводниктер үшін купе, қызмет купесі орналасқан. Вагонның электірлік жабдықталуы аудио-видео аппаратураны, компьютер және т.б. тұрмыстық техниканы қосуға қолайлы.
2.Вагон-көрме.
Вагон, саяхат кезінде көрмелер ұйымдастыру үшін қолданады. Салонның ауданы 39 м². Вагонда: суреттерді стендерді бекіту үшін стойкалар бар. Стойкалардың арасындағы қашықтықтық 120см, стойкалардың биіктігі 180см. Терезелердің бойында үлкен емес витриналар (30*70*80см) орналасқан. Салонның аяқ жағында бар стойкасы орналасқан. Салонда столдар, орындық, кресло орналастыруға болады. Вагонда жолаушы купесі бар купеде: диван, ұйықтау сөресі, суық, жылы,суы бар жуынғыш-столдар, шамы бар барлар, сөрелер мен ілгіштер бар.Сонымен қатар, вагонда жуыну бөлмесі, дәретхана, прводниктер үшін купе, қызмет купесі бар. Вагонның электрик жабдықталуы техниканы қосуға қолайлы.
3. Купейлік-вагон.
Жолаушылардың қызметіне тоғыз төрторындық купелер бар. Олардың ішінде: екі диван, екі ұйықтау сөрелері, стол бар. Жолаушы бөлмелерімен қатар, вагонда екі дәретхана, проводниктер үшін купе, қызмет купесі бар.
4. Ұйықтау-вагоны.
Жолаушылардың қызметіне вагонда ұйықтау орындары бар бірінші классты тоғыз купе бар. Әрбір купеде: жұмсақ диван, жұмсақ ұйықтау сөресі, жуынғыш, стол, бар, ілгіштер мен сөрелер орналасқан. Сонымен қатар, вагонның ортасында орналасқан екі купеде душ кабинасы және қосымша кресло қойылған. Жолаушы бөлмелерімен қатар, вагонда екі дәретхана, проводниктер купесі, қызмет купесі бар.
«Дөңгелектер үстіндегі сарай»- ол бір аптаға созылатын темір жолдық круиз. Ол Раджастан орталығында ескінің атмосферасын құрайды. Осы поездің ішкі көрінісі, оның асханасы жәнежеке сервис, ескі әлемнің әдемілігін және ерекшелігін көрсетеді. Әрбір вагонда жеке проводник бар. Ол клиенттің саяхатының комфорттылығын бақылайды. Поездің он төрт жолаушы вагондары кондиционерлермен және басқа да жоғары сапалы жағдайлармен жабдықталған. Әрбір вагон екі орынды купеден құралған, әрбір купеде: дәретхана, душ бар.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, осындай көлік түрлері туристерді тасымалдауға, халықаралық туризмді дамытуда үлкен роль атқарады. Туристердің комфорттылығы қазіргі замандағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Яғни, комфортты көлік түрлері туристік ағымның артуына әкеледі. Ал ол туристік фирманың және де мемлекеттің туризмнен түскен пайдасын арттырады.
Қазақстандағы ішкі туризмін жасау Ресей және Шетелдік туристік орталықтардың шаблондары бойынша жасаудың пайдасы аз. Бір жағынан, табиғи-климаттық ерекшелік Қазақстандық турлардың жоғары көріктілігін қамтамассыз етушілігін шамалайды, бірақ басқа жағынан осындай турлар тек формальді емес халық бөлігіне көрікті болады. (табиғат пен экстримді жақсы көрушілер, тау-шаңғышылар, іскерлі адамдар, мәдени-тарихи ескерткіштерді сүйетін, т.б.) . Халықтың негізгі массасы дістүрлі рекреациялық-танымды турларға өзінің көңілдерін береді. Осыған орай, қазақстанның ішкі туризмін жасау үшін шараларды практикалық жасау, кейбір қанағаттандыратын қонақ үй базасынаң және тәжірибиенің болуына қарамастан, көп материалдық, қаожы және еңбек шығындарын және осы шараларды жасау үшін дәстүрлі емес шешімдерді талап етеді.
Қазақстанның уникалды табиғи-климаттық және тарихи-этнографиялық ресурстары бар, олар осында ішкі және халықаралық деңгейдегі кіру туризмін ұйымдастыру сұрағын қоюға мүмкіндік береді. Қазақстанның ішкі туризмін дамытудағы үлкен проблема болып халықтың өмір сүру деңгейінің төмендігі болып табылады. Ол туризмнің осы түріне сұранысқа негативті әсерін тигізеді, ал темір жол туризмнің жойылуы негізінен көпшілік қызығушылығына тәуелді.
Туристік көлік және жалпы көлік: құрлық, су (өзен, теңіз) және әуе көлік болып бөлінеді. Туристік тасымалдаудағы көліктің кейбір түрлерінің үлесі халықаралық және ішкі туризмде әртүрлі болып құрылады. Қоғамдық көлік туристердің тікелей демалуының, тамақтану және көңіл көтеру орны болады. Осындай транспорттық туризм халықтың демалуының айрықша әйгілі түріне айналды. Осы мақматқа негізінен су көліктерінің түрлері бейімді- кемелер осында жоғарғы категориялы қонақ үйлер сияқты комфортты демалу үшін жағдайлар жасалады. Ересек адамдар үшін ең тартымды «жылжитын үй» сияқты жолаушы су кемелері болып табылады. Темір жол көлігі қызмет көрсетудің осындай жоғары деңгейін арнайы жылжымалы составты қолданғанда да көрсете алмайды, бірақ оның да құндылығы бар. Ол кейбір көрсеткіштер бойынша су көлігін озып кетеді.
Жоғары дамыған мемлекетерде автомобиль, темір жол және әуе туризмі әйгілі болып келеді.Сонымен қатар, көлік экскурсияларда қызмет ету, оның ішінде қаларды, табиғи көрікті жерлерді, мәдени-тарихи обьектілерді т.б. барып көру үшін маңызды роль атқарады. Туристік қозғалыста әуе көліктің маңыздылығы болашақта көбейеді. Ол негізінен аса тез жолаушы ұшақтардың шығарылуы мен қолданылуымен байланысты.
Қолданылған әдебиеттер:
- Ердаулетов С.Р. География туризма.- Алматы, 2000.
- Тынчерова З.В., Ягофаров Г.ф. Основы планирования туристской деятельности.- Алматы,
- Транспорт Республики Казахстан. Статистический сборник / под 2003.
- Осипова О.Я. транспортное обслуживание туристов.- М., 2004.редакцией А. Смаилова/ Агенство Республики Казахстан по статистике.- Алматы,2002.
5. Қазақстан”, Ұлттық энциклопедия, 1-том, - Алматы: “Қазақ энциклопедиясының” Бас редакциясы, 1998
- 6. Аверьянов Е.К. Реклама туристских маршрутов и услуг.- М., ЦРИБ «Турист», 1987
- Авчинкин Д.В. Международные перевозки.- Минск, 1999.
- Биржаков М.Б., Никифоров В.И. Индустрия туризма: перевозки.- СПб., 2001.
- Буравлев Ю.В., Павлова Е.И. Безопасность жизнедеятельности на транспорте.- М., 1999.
- Волкова Л.П. Организация перевозок на воздушном транспорте.- М., 1998г.
Жарияланған-2014-02-17 19:30:32 Қаралды-4321
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина