UF

                         Мазмұны

Кіріспе

Туристік формалдылықтар

Төлқұжат (паспорт) даярлау

Виза

Кедендік бақылау

Валюталық бақылау

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

 

      Туризм өзінің кең масштабтылығымен, көпшілігімен, халықаралық және әлеуметтік сипатымен қоғам өмірінің түрлі жағдайларына әсер етеді.

      Туризмнің дамуы қазіргі өте жылдам және оның шаруашылық саласы ретінде дамуы мемлекеттердің тұрақты даму стратегиясымен тығыз ұласалы. Қазіргі таңда туризмде ғаламдандыру процесі жүріп жатыр, оған Қазақстан да еніп отыр. Туризм сонымен қатар, халықаралық байланысты да күшейтеді. Өзінің өте жылдам темпте өсуімен байланысты экономикалық феноменге айналып отыр. Туризм тек халықаралық байланысты ғана күшейтіп қоймай, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту, елге кірістің көптеп кіруінің қайнар көзім болып табылады.

      Туризммен айналысу үшін кәсіпкерлердің көп инвестиция салуының қажеті жоқ болғандықтан, көптеген кәсіпкерлердің назарын аударады. Аз инвестиция салғанымен, аз уақыт ішінде көп пайда табуға мүмкіндік бар.

      Туризмде әрине тыныш, уайымсыз демалу үшін, туризмнің маңызды элементтерінің бірі – құжаттарды даярлау керек.Құжаттар, яғни төлқұжат(паспорт), виза толтыру, мұның бәрі өте маңызды. Себебі барлығы да заңды түрде болуы керек. Құжаттар мен жолдамаларда туристердің жасына, әлеуметтік жағдайына, денсаулығына байланысты түрлі жеңілдіктер қарастырылады.

      Бұл баяндамада сіздер төлқұжат (паспорт), визаның толтырылуы, кедендік бақылау және валюталық бақылау жайлы толық ақпарат ала аласыздар.Себебі мұндай формальдылықтарды  әрбір туризм маманының білуі міндетті.

 

Туристік формальдылықтар

 

      Туризм сферасында туристік формальдылықтар – бұл міндетті заң аясында бекітілген іс-әрекеттер. Бұл туристік саяхатты жасаумен, құжаттарды даярлаумен және шекарадан өту іс-әрекеттерімен байланысты.

      Туризмде туристік формальдылықтарды бірнеше классификацияға бөлуімізге болады:

  • төлқұжаттар (паспорт) мен визалар;
  • кедендік бақылау;
  • валюталық бақылау және валютаны айырбастау реті;
  • санитарлық бақылау;
  • туристерді әлеуметтік және экологиялық қорғау және т.б.

 

 

            Төлқұжат (паспорт) даярлау.

 

     Шетелге саяхатқа шығу үшін әрбір азаматтың шетелдік төлқұжаты болуы керек. Бұл құжат арқылы елімізден тыс елдерге еркін барып-келуге болады. Бұл құжатты алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына келесідей құжаттарды тапсыру керек:

  • бекітілген нүсқадағы арыз (2 дана);
  • 3x4 формасындағы сурет (4 дана);
  • төлемақы төленгені туралы тубіртек;
  • төлқұжатты толтыру үшін бланкіге төленетін сома.

Арызды компьютерде қатесіз теріп тапсырған дұрыс. Егер құжатқа жеті жасқа дейінгі балалар жазылатын болса, олардың туу туралы куәліктерінің көшірмесін тапсырған дұрыс.

     Төлқұжатта азаматтың жынысы, жасы, туылған жері, тұрғылықты жері және азаматтығы жайлы жазылады. Туристтің төлқұжатының жарамдылық мерзімі елге қайтып оралғанға дейін жетуі керек. Сондай-ақ төлқұжатта (паспортта) техникалық ақаулар болмауы керек., яғни суретінің жыртылуы, жазуының көрінбеуі, беттерінің жыртылуы және т.б. Төлқұжатты тексеру барысында жоғарыда аталған ақауларға түристік фирма жауап бермейді.

       1963 жылғы Рим конференциясының шешімі бойынша халықаралық туризм мен саяхатқа келесідей ұсыныстар енгізілген:

  • төлқұжат қызметінің орталықтануы;
  • төлқұжаттарды даярлау мерзімінің қысқартылуы;
  • шетелге шектеусіз саяхат жасаушыларға 5 жылдық мерзімді енгізу;
  • барлық елдердің төлқұжатын халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандартына сәйкестендіріп жасау; яғни бұл компьютерлік тексеру кезінде мүмкіндіктерді қамтамсыз етеді.

                                           

                                       Виза

    

     Кез келген елге кіру үшін міндетті түрде виза қажет. Виза (латын тілінде «visa» - көру , қарап шығу) – бұл шетелдік үкіметтің сол елден кіріп-шығуға арнайы рұқсаттамасы. Виза – оның егесіне сол елде уақытша тұруға рұқсат етіледі. Виза төлқұжатқа қойылуы мүмкін немесе арнайы құжатта көрсетіледі.(мысалы, топтық туристік виза).

Виза – туысқандарға қыдырып барғанда, немесе олардың шақыртуы бойынша және іскерлік мақсатқа да жасалады.

    Визалар, сондай-ақ көпреттік және бірреттік, жеке және топтық, студенттік, шығу, транзиттік және шенген болып бөлінеді. Визаны алу үшін визалық анкета толтырылады, 3х4 формадағы сурет, елшілік кеңеске ақша төленеді, мысалы Англия, АҚШ –қа бару үшін виза аштырарда елшілік кеңеске арыз берушіні шақыртады.

    Визалық анкеталардың бланкілері әр елде әртүрлі.Мазмұны да саяхат мақсаты мен ұзақтығына байланысты. Кейбір елдерде елге визасыз кіруге рұқсат етілген: Болгария, Венгрия, Куба, Моңғолия, Македония, Польша, Словения, Хорватия, Чехия, Югославия.

    Ал мына елдерде визаны елге келгеннен соңм алуға болады: Мальта, Мысыр, Ливан, Непал, Намибия, Сирия және т.б. елдерде.

    1995 жылы 26 наурыздан бастап, Еуропаның 7 мемлекетінде Шенгендік келісім күшіне енді. Бұл елдер: Бельгия, Португалия, Германия, Австрия, Испания, Франция, Нидерланды.

    Шенген визасының 2 түрі бар:

  • бірыңғай шенген визасы, 3 айға дейін осы 7 ел территориясында кедергісіз жүруге болады;
  • ұлттық шенген визасы, 3 айдан жоғары мерзімге беріледі.

Шенген визасы қарапайым виза сияқты топтық болмайды.

 

 

                             Кедендік бақылау.

  

    Кедендік бақылау кедендік қызметпен жүзеге асырылады. Тауардың кедендік бағасы растайтын құжаттармен анықталады. Сонымен қатар, өз тауарының кедендік бағасын туристтің өзі анықтағаны дұрыс.

    Тауардың кедендік бағасын анықтауда келесі факторлар ескеріледі:

  • тауардың сапасы;
  • тауардың жасалған уақыты;
  • және т.б. факторлар.

    Тауарларды кеденнен өткізуде сандық (мөлшерлік) шектеулер енгізілген. Яғни сол мөлшерден аспаған жағдайда кеденге ақша төленбейді.

   Шекара арқылы кеденнен мына көлік түрлерін өткізуге болады:

  • жеңіл автокөліктер;
  • басқа да моторлы транспорттық құралдар;
  • фургон-автокөліктер;
  • жарыс автокөліктері.

   Автокөліктерді өткізу барысында мыналарды ескеру қажет:

  • кеден алым-салығын төлеу;
  • кеден декларациясына автокөлікті тіркеу;
  • басқа да кедендік құжаттарды даярлау.

   Мына заттарды алып кіру мен шығаруда арнайы шектеулер қарастырылған: бағалы ескі монеталар, металл монеталар, өнер туындылары, мәдениет ескерткіштері, антиквариат және т.б. бағалы заттар.

 

                       Валюталық бақылау.

  

    Шетелге алып кіру және шығару сомасы белгіленген лимиттен асып кетуге рұқсат етілмейді және ол асып кеткен сомадағы ақша тәркіленеді. Көптеген шетелдерде түристер үшін ешқандай шектеулер қойылмаған. Яғни бұл елдерде өз шекарасынан ұлттық немесе шетел валютасын алып кіруге не шығаруға ешқандай шектеулер жоқ. (Австрия, Бельгия, Дания, Германия, Англия, Португалия, Швейцария,АҚШ,Канада,Австралия,Жапония).

  ТМД елдерінің  барлығы дерлік өз  территорияларынан  ұлттық  валютаны  алып кіру мен шығаруға тыйым  салынған. Балтық елдері мен  Қырғызстаннан  басқа елдер.

   Туристердің көбісі ақшаларын дұрыс есептеулері үшін  жол чектерін және пластикалық карталарды қолданғандары дұрыс.

 

                                      Қорытынды

 

      Туристік кәсіпорындар мекемелері қазіргі таңда дамып келеді: туристік агенствалар, туристік бюролар, экскурсия бюролары, басқа да туристерге қызмет көрсететін мекемелер. Міне, осылардың барлығы тікелей халыққа қызмет көрсететіні белгілі. Туризм сөзінің өзі халықаралық сөзімен синонимдес, яғни шетелге шығу.

     Туристік мекемелер туристерді шетелге жіберумен айналысатын болғандықтан, олармен тығыз қарым-қатынаста болады.Ол елдерге жіберу үшін заңды түрде құжаттардың барлығы дұрыс рәсімделуі қажет. Сонымен қатар, паспорт, виза мұқияттылықпен тексеріліп жазылады. Әуежайда да кездесетін кедергілерден, яғни кедендік бақылаудан өту барысындағы ережелерді өз клиенттеріне түсіндіруі керек. Сапар шегетін еліндегі қолданылатын валютаны да және қандай сомада алып шығуға болатындығы жайлы хабардар етуі керек.

     Қорыта келе, осы жоғарыдағы қажеттіліктердің барлығын туристік кәсіпорын қызметкері білуі міндетті болып табылады.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

 

  1. Чеботарь Ю.М. Туристический бизнес. Москва 1998 г.
  2. Гуляев В.Г. Организация туристической деятельности. М... 1997 г.
  3. Сенин В.С. Введение в туризм. М,. 1995 г.
  4. Грибалев Н.П., Игнатьева И.Г. С-Пб., 1999 г.
  5. Папирян Г.А. Маркетинг в туризме –М.
  6. Котлер Ф. Боуен Дж. Мейкенз Дж. Менеджмент организаций.
  7. А.Я. Кибинова –М. ИНФРА –м, 200-296 стр.
  8. М.А. Жукова Индустрия туризма.
  9. Жолдасбеков А.А., Естанова А.Б. Организация и управления.
  10. Менеджмент туризма : учебник для студентов.-М. РИАТ, 1998 г. 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-02-12 19:45:12     Қаралды-5491

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »