UF

ИД-1 ДОЗА ӨЛШЕГІШ КОМПЛЕКТІСІ

    

Жоспар:

  1. ИД-1 доза өлшегіш комплектісі
  2. Комплектінің құрылысы және жұмыс істеуі

 

Рентген және гамма – сәулелерін жекелей бақылау кішкентай көлемді, металдан немесе пластмассадан жасалған ионизациялық камералардың көмегімен жүргізіледі. Дозиметрлердің жұмыс істеу принципі, иондаушы сәулелердің әсерінен, алдын – ала зарядталған ионизациялық камераның зарядының азаюына негізделген. Жеке бақылау жүргізу үшін бірден тура көрсететін (ДК-0,2, ДП-22В, ДП-24, ИД-1) және бірден тура көрсетпейтін (КИД-1, КИД-2) дозиметрлері пайдаланылады.

ДК-0,2 жеке бақылау жүргізу комплектісі 10 дана ДК-0,2 дозиметрлерінен және оларды зарядтауға арналған қондырғыдан тұрады. Қалтаға салып жүретін ДК-0,2 дозиметрі, ішінде 4-5 есе үлкейтуді қамтамасыз ететін оптикалық жүйе (микроскоп) орналастырылған, кернеуі кішкентай көлемді электрометрмен (кварцтан жасалған жіпше түрінде) өлшенетін ионизациялық камера түрінде болады.

Қабылданған дозаны, яғни потенциалдар айырмашылығының өзгеруін кез – келген уақытта, микроскоптан көрінетін кварцтан жасалған жіпшенің шкала бойынша жылжу жағдайына байланысты жарыққа қарап анықтауға болады. Аспаптың шкаласы, әрқайсысы 10мР болатын 20 бөліктен тұрады, демек оның өлшеу диапазоны 0,02-ден 0,2Р-ге дейінгі мөлшерді құрайды. Дозаны өлшеудің қателігі барлық диапазон бойынша ±10%-дан, ал апталық өз бетінше разрядталуы 10мР-нен аспайды. Қабылданған дозаны анықтау үшін өлшегіш қондырғының пультінің қажеті болмағандықтан, аспапты қалтаға салып жүруге арналған тура көрсеткіш дозиметр деп те атайды. Ластанудан сақтау үшін дозиметрдің төменгі беті шыны тәріздес мөлдір қақпақшамен жабылған, оны тек дозиметрді зарядтаған кезде ғана ашады. Дозиметрдің корпусында оны киімнің қалтасына қыстырып қоятын, автоқаламның ұстатқышы сияқты болады, соған байланысты дозиметрлер автоқаламға ұқсайды.

Дозиметрлерді зарядтауға арналған қондырғы пульт түрінде жасалған. Пульттің корпусы, зарядтауға арналған ұясы, тиісті кернеуді қоюға арналған потенциометрі, ауыстырып қосқышы және жарық беруге арналған лампочкасы болады. Жұмыс жүргізудің алдында электрометр тиісті потенциалға дейін зарядталады, ол кезде электрометрдің жіпшесі шкаланың нөлдік бөлігін орналастырылады. Рентген немесе гамма – сәулесінің әсерінен камера ішінде ионизациялық ток түзіледі, ол аспаптың электрлік сиымдылығын разрядтайды, сондықтан электрометрдің потенциалы сәулелену дозасына пропорционалды түрде азаяды.

ДП-24, ДП-22В жеке дозиметрлер комплектісі доза қуаты 0,5-тен 200Р/сағатқа дейінгі аралықта болатын гамма – сәулесінің 2-ден 50Р-ге дейінгі диапазондағы үлкен дозасының мөлшерін өлшеуге арналған. Дозаны өлшеу қателігі шкаланың максимальды мәнінің ±10%-нан аспайды. Дозиметрлердің өздігінен разрядталуы тәулігіне шкаланың 2 бөлігінен аспайды, яғни 4Р/тәулік. Дозиметрлер минус 40°-тан 50°С-қа дейінгі аралықта және ауаның 98% салыстырмалы ылғалдылығында жұмыс жүргізе алады. Комплекттер ЗД-5 зарядтағыш - өлшегіш қондырғыдан және 50 дана ДКП-50-А дозиметрлерінен (ДП-22В аспабы) және 5 дана дозиметрлерден (ДП-24 аспабы) тұрады. Аспаптың ионизациялық камерасының құрылымы мен қоректенуі ДК-0,2 дозиметрлерінікіндей, яғни олар да тура көрсеткіш дозиметрлерге жатады.

Аспаптармен жұмыс істеу тәртібі: ДКП-50-А және ДК-0,2 дозиметрлерін жұмыс жүргізу жағдайына келтіру үшін, оларды зарядтаушы қондырғылардың көмегімен төмендегідей ретте зарядтау керек. Зарядтаушы қондырғының қоректік бөлігіне 1,6-ПМЦ-4-8 элементінің екі данасын, қосудың полярлығын сақтай отырып, орналастыру керек. Дозиметрлердің төменгі бөлігіндегі және пульттің заряд беруге арналған ұясының қорғағыш қақпақшаларын бұрап ашып, потенциометр тұтқасын солға қарай тоқтағанша бұрау керек. Дозиметрді, зарядтаушы қондырғының заряд беруге арналған ұясына орналастырып оны аздап басу керек, бұл кезде шкалаға жарық беретін лампочка және жоғарғы кернеу тізбегі іске қосылады. Окулярға қарай отырып, электрометрдің кварцтен жасалған жіпшесі шкаланың «О» белгісіне тігінен орналасқанша патенциометрдің тұтқасын сағат тілі бойынша бұрау керек. Егер жіпше шкалада тігінен орналаспаған жағдайда окулярдың жапқыш гайкасын босатып, окулярды айналдыра отырып жіпшені тігінен орналастыру керек. Дозиметрді зарядтауға арналған ұядан шығарып, дозиметрдің зарядталушы бөлігінің контактісін кез – келген металдан жасалған затқа (диафрагмадағы зарядты шығарып тастау үшін) тигізіп, аспаптың түбін жарыққа қаратып окуляр арқылы жіпшенің жағдайын анықтау керек. Тігінен тұрған жіпше шкаланың «О» белгісінде тұруы керек. Дозиметрдің төменгі бөлігіне қорғағыш қақпақшасын бұрап кигізу керек. Зарядталған дозиметрлерді рентген жіне гамма – сәулелерінің әртүрлі мөлшердегі дозаларымен, аспаптың өлшеу диапазонының аралығында сәулелендіріп, аспапты жарыққа қаратып, шкала бойынша дозаны анықтау керек. Өлшеу нәтижелерін сәулеленуді тіркеу журналына төмендегі форма бойынша тіркеу керек.

Сәулелену мөлшерін тіркеуге арналған журналдың формасы

Рет

Аты – жөні

Дозиметрдің

Өздігінен разрядталу мөлшері,

мР

Көрсеткіші,

мР

Доза,

мР

1

2

3

Петров А.И.

Чернов П.Д.

Пак И.И.

және т.б.

1

4

3

10

6

8

120

94

12

100

88

104

 

Барлық ДКП-50-А және ДК-0,2 дозиметрлері осы көрсетілген рет бойынша зарядталады. Зарядталған дозиметрлер радиоактивтілік көздерімен немесе радиоактивті заттармен ластанған (апат немесе басқа да жағдайларда) аймақтарда жұмыс жүргізетін адамдарға беріледі. Жұмысқа қосылған дозиметрді киімнің қалтасына салып қояды. Радиоактивтілігі жоғары аймақтарда жұмыс істеу кезіндегі қабылданған сәулелену дозасының мөлшері электрометрдің шкаласындағы жіпшенің орналасу жағдайына байланысты окуляр арқылы жарыққа қарап анықталады. ДКП-50-А дозиметрлерінің шкаласының бір бөлігі 2 рентгенге, ал ДК-0,2 дозиметрінікі 10мР-ге тең.

ИД-1 доза өлшегіш комплектісі

ИД-1 жеке пайдаланатын дозиметр комплектісі минус 50ºС-тан плюс 50ºС-қа дейінгі температура аралығында және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 98%-ға дейін өзгергенде гамма – нейтрон сәулелерінің жұтылған дозасын өлшеуге арналған. Заряд беруші қондырғы дозиметрдің конденсаторын зарядтауға арналған. Дозиметр, доза қуаты 10-нан 366000рад/сағатқа дейінгі мөлшерде болатын 20-дан 500 радқа дейінгі диапазон аралығында гамма – нейтрон сәулелерінің жұтылған доза мөлшерін өлшеуді қамтамасыз етеді. Өлшенген дозаны санау дозиметрдің ішінде орналасқан және рад есебімен бөлінген шкала бойынша жүргізіледі. Дозиметрлерді зарядтау 3Д-6 зарядтаушы қондырғысымен немесе кез – келген (3Д-5-тен басқа), шығып тұрған кернеуді 180-нен 250 В-қа дейінгі аралықта жайлап өзгертуге қабілеті бар зарядтаушы қондырғылармен жүргізіледі. Дозиметрлер комплектісі тербеліске, соққыға, биіктіктен құлағанға төзімді және көліктің кез –келген түрімен тасымалдауға жарамды.

Комплектінің құрылысы және жұмыс істеуі

     Пайдалануға ыңғайлы болуы үшін дозиметрлер автоқалам түрінде жасалған және ол микроскоптан, ионизациялық камерадан, электроскоптан, конденсатордан, корпустан және контакты тобынан тұрады. Дозиметрлердің жұмыс істеу принципі келесі жағдайларға негізделген: иондаушы сәулелер дозиметрге әсер еткен кезде оның ионизациялық камерасының көлемінде конденсатор мен ионизациялық камераның электр потенциалын азайтатын ионизациялық ток туындайды. Электр потенциалының азаюы сәулелену дозасына пропорционалды болады. Потенциалды өлшеу ионизациялық камераның ішінде орналасқан кішкентай көлемді электроскоптың көмегімен жүргізіледі. Электроскоптың қозғалатын жүйесінің ауытқуы, жіпшенің, шкаласы рад өлшем бірлігі бойынша бөлінген, санауға арналған микроскоптың көмегімен өлшенеді.

Дозиметрді жұмысқа дайындау реті: Дозиметрді жұмыс жүргізу жағдайына келтіру үшін оны зарядтау қажет. Дозиметрді 3Д-6 заряд беруші қондырғыда зарядтау реті төмендегідей: заряд беруші қондырғының тұтқасын сағат тіліне қарсы тоқтағанға дейін бұрау керек;дозиметрді 3Д-6 заряд беруші қондырғының зарядтаушы ұясына орналастыру керек; заряд беруші қондырғының айнасын сыртқы жарық көзіне бағыттау керек; айнаны бұру арқылы шкалаға өте жақсы жарық түсуін қамтамасыз ету керек; дозиметрді аздап басып, окулярға қарап отырып дозиметрдің шкаласындағы жіпше «О» белгісіне орналасқанға дейін заряд беруші қондырғының тұтқасын сағат тілі бойынша бұрау керек. Содан кейін дозиметрді зарядтаушы ұядан шығарып алу керек; жіпшенің орналасқан жағдайын тексеру керек, жіпше тігінен орналасқан жағдайда ол «О» белгісінде тұруы керек; аспап жұмыс жүргізуге дайын. Иондаушы сәулелердің әсер ету аймағында жұмыс жүргізген кезде дозиметр киімінің қалтасына орналастырылады. Дозиметрдің окулярынан оның шкаласындағы жіпшенің орналасу жағдайын әлсін - әлсін байқап, жұмыс істеу кезіндегі қабылданған гамма – нейтрон сәулелерінің доза мөлшерін анықтайды.  Дозиметрдің көрсеткішіне жіпшенің иіліп тұруының әсерін болдырмау үшін, есептеуді жіпшенің тігінен орналасқан жағдайында жүргізу керек.

ИФК фотодозиметрлерін пайдаланып рентген және гамма сәулелерін дозиметриялау.

Рентген және гамма – гамма сәулелерімен жұмыс жүргізу кезінде олардың қауіпсіздігін анықтау үшін жеке фотопленкалы бақылау кеңінен пайдаланылады. Бұл бақылау рентген пленкасының фотоэмульсиясының радиоактивті сәулелермен әсерлесуіне негізделген, ол пленканы өңдеп бекіткеннен кейін қара түске боялады. Пленканың қараю деңгейін сәулелену дозасына пропорционалды. Фотопленканың қараю деңгейін фотометрдің немесе денситометрдің көмегімен өлшейді. Фотопленкалы жеке бақылау ИФКУ-1 комплектісінің көмегімен жүргізіледі. Фотопленканы жарық өткізбейтін касетаның ішіне салып киімнің төс қалтасына салып

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-03-31 14:19:37     Қаралды-567

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »