UF

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ РАДИОБИОЛОГИЯ МАҚСАТЫ МЕН ҚЫСҚАША  ДАМУ ТАРИХЫ

Жоспары:

  1. Радиобиология  және  ветеринарлық  радиобиолог ия.
  2. Радиобиологияның  қысқаша даму  тарихы.
  3. Радиобиологияның дамуына ғалымдардың  қосқан  үлесі.

 

Ветеринариялық радиобиология иондаушы сәулелердің биологиялық әсерінің өзіне тән эффектісін зерттейді және бұл кезде ауыл шаруашылығы малдарының организмінде туындайтын потологиялық үрдістердің даму ерекшеліктерін анықтайды. Ветеринариялық радиобиология радионуклидтердің биосферада жылжуының жалпы заңдылықтарын білу негізінде, олардың өнім беретін мал организміндегі жылжу тәртібін және мал өнімдеріне өтуін зерттейді. Радиоэкология мәселелерін қарастыру кезінде қоршаған орта мен ветеринариялық қадағалау нысандарын радиометриялық және радиохимиялық сараптау әдістері мен ережелерін жетілдіредіжәне ұсынады.

Ветеринариялық радиобиология- радияцияның биологиялық әсерінің тиімділігін және бұл жағдайларда ауыл шаруашылық малдарының организімінде пайда болатын патологиялық үрдістердің дамуы мен ерекшеліктерін зерттейтін ғылым.

Жалпы радиологияның пайда болуы мен дамуы 20-ғасырдың соңында, атап айтқанда 1895-жылы Вильгелм Конрад Рентгеннің ашқан аса құнды жаңалығына байланысты. Ол осы уақытқа дейін х-сәулесін ашты. Кейіннен бұл сәуле Рентген сәулесі деп аталып кетті.

Ал таза радиоактивтіліктің тарихы 1896 жылы француз ғалымы Антуан Анти Беккерельдің уран тұздарының көзге көрінбейтін сәулелер бөлетіндігін ашуынан басталады. Ол қараңғы жерде жатқан уран тұздарының фотопластинкаға әсер етуінен оның бетінде тұз кесектерінің суреттері айқындарғанын анықталды да, осы тұздардың көзге көрінбейтін сәулелер бөлетіндігін болжады.

1898 жылы Мария Складовская – Кюри және Пьер Кюри радий және полонийдің радиоактивті қасиетін, олардың сәуле бөлу қарқындылығының ураннан басым екендігін ашты.

1935 жылы Мария мен Пьер Кюридің қызы- Ирен және оның жұбайы Фредерик Жолио Кюри екеуі жасанды радиоактивтілікті ашты.

Көзге көрінбейтін өтімді сәулелерді шығаратын заттарды радиоактивті заттар деп атады. Ал осы заттардың қасиетін – радиоактивтілік деді. Радиоактивтілік деген radius «сәуле», activus «белсенді»  деген латын сөдерінен алынған.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығында ірі зерттеу орталықтары Алматыда, Мәскеуде, Киевте, Минскіде, Новосібірде т.б. қалаларда ұйымдастырылды. Радиобиологияның дамуына үлес қосқан А.М. Кузин, И.В. Курчатов, П.Д.Горизонтов көптеген ғалымдар, ал ветеринария және мал шаруашылығы салаларында радиобиологияның дамуына үлес қосқандар А.Д. Белов, В.И. Киршин, Г.Г. Воккен, П.А. Қаршатов, В.Г. Ильин т.б.

Радиобиология ғылымын сүбелі  үлес қосқан  Қазақстандақ ғалымдар С.Б. Балмұханов,  Р.Қ. Қарақұлов, С.Т.,  Рысқұлова және т.б.

Иондаушы радияцияның  биологиялық әсерінің негізінде радиобиология келесі қолданбалы мәселелерді қарастырады: сырттай сәулеленудің аз дозасының әсерінен ауыл шаруашылық малдары мен құстарының шаруашылыққа пайдалылығын ынталандыруды; дәрі – дәрмектер (витаминдер, антибиотиктер т.б) мен Ветеринариялық биологиялық препараттарды (вакциналар, сарысулар т.б ), хирургиялық тігуге және орап- таңуға арналған шикізат өнімдерін (жүн, тері, елтірі, бағалы аң терісі, үлбір т.б) зарарсыздандыру және т.б. Сонымен қатар ветеринариялық радиобиология, радиоактивті изотоптар әдістерін мал шаруашылығы мен ветеринарияды мал физиологиясы мен биохимиясын зеттеу, ауруларды балау және селекциялық генетикалық зерттеулер жүргізу үшін пайдалануды зеттеп оқытады.

Ауыл шаруашылығы мамандары радиоактивті сәулелердің әртүрлі дозаларының биологиялық әсерінің сипатын білуі қажет, радиациялық жзағдайды бағалауды, сәулемен зақымданған малға балау жүргізуді, малды емдеу, аурудың алдын – алу шараларын ұйымдастырып жүргізуді меңгеруі қажет. Радияциялық жағдайды анықтау және малды қорғау мен өңдеуді уақытында және дұрыс ұйымдастыру, радиоактивті заттармен ластанған мал өнімдерін тиімді пайдалануға мүмкіншілік береді. 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-03-31 14:14:40     Қаралды-530

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »