UF

СОЗЫЛМАЛЫ СӘУЛЕ АУРУЫ

1. Аурудың  өршу және өту ерекшеліктері.

2. Сәуле күйігі.

3. Генетикалық әсерлері.

Созылмалы сәуле ауруы аз доза мөлшерімен ұзақ уақыт  мөлшерінде организмге   радиоактивті изотоптардың  енуінен пайда болады. Яғни  малдың ағзалары мен жүйелері түгелдей дерлік зақымданады. Алғашқы  кезеңде функциональді бұзылу түрінде,  кейіннен терең трофикалық өзгерістер және дистрофия байқалады, қан түзілуі күрт бәсеңдейді, ұлпалар жаңару  қабілетінен айрылады, індет қоздырғыштарына организмінің  табиғи  иммунобиологиялық қарсы тұруы төмендейді, салдарынан лейкоз және қатерлі ісік дамуы мүмкін. Созылмалы сәуле ауруының әсері  және ұзақтығы толқын тәріздес қайталануымен сипатталады. Бұл дегеніміз бір жағынан бұзылу, ал екінші жағынан қалпына келу реакцияларының журуі. Созылмалы сәуле ауруы ауыртпалығына байланысты жеңіл (бірінші), орта (екінші), және ауыр (үшінші) деңгейге  бөлінеді.

Созылмалы сәуле ауруының жеңіл (1) деңгейі қан құрамының әлсіз морфологиялық өзгерістерімен, жүрек  қан жүйесі, ішек- қарын жолдарының жұмысының қалпына келетін функциональды бұзылуымен сипатталады.  Нейтрофилдер,  эритроциттердің саны  өзгереді, тромбоцитопения байқалады. Аурудан кейінгі кезеңдерде организмнің ерте қартаюы жүреді.

Созылмалы сәуле ауруының орта (2) деңгейі  қан  түзу  ағзаларының  жұмысы айтарлықтай бәсеңдейді және геморрагиялық құбылыстар (кілегей қабықтарында, теріде) дамиды.  Нәтижесінде лимфоциттер мен нейтрофильдердің  абсолютті мөлшері  төмендейді. Дегенеративті өзгерген ядролары бар нейтофилдер және  эритроцитопения байқалады. Зат алмасуы және ішкі секреция  бездерінің жұмысы бұзылады, гипопротеинемия, гипогликемия дамиды.

Созылмалы  сәуле ауруының ауыр (3) денгейі организмде қалпына келмейтін өзгерістердің туындауымен, малдың жалпы жағдайының өте төмендеуімен, ұлпалардың регенеративті қабілеттерінің жойылуымен сипатталады. Лейкоциттер мен тромбоциттердің  саны прогрессивті төмендейді (лейкоциттер 70-80%-ға дейін) анемия дамиды. Лейкоциттерде дегенеративті өзгерістер байқалады.

Ауру толқын тәріздес дамиды, клиникалық белгілері алынған доза мөлшеріне байланысты өзгеріп отырады. Артериалық қан  қысымы төмендейді. Ішек-қарын жолдарының  секрет бөлу және жиырылу функциялары бұзылады. Іш өту пайда болады. Ағзаның кілегей қабықтарында және теріде көптеген қан ұйындылары байқалады. Малдың жүні түсе бастайды. Сыртқы ортаның жағымсыз факторларының әсеріне организмнің ауруға төзімділігі  төмендейді. Індеттің асқынуы екпінді  дамып, малдың өліміне әкеліп соғады.

Емдеу- созылмалы сәуле ауруы кезіндегі емдеу шаралары, организмнің бұзылған функциясын қалпына келтіруге, ал радиоактивті заттармен іштей зақымдалған кезде зәр қуушы комплекс түзуші қосындылардың және гармондардың көмегімен радиоизотоптардың  организмнен тез бөлініп шығуына бағытталған. Организмге түсіп сіңген радиоизотоптарды  бөліп шығаруға бағытталған шаралар, бұл заттар организмге түскеннен  кейін неғұрлым ерте жүргізілсе, соғұрлым тиімді болады. Мысалы осылай емдеу шараларын жүргізген кезде стронций– 90-ның организмнен бөлінуін 30-50%-ға дейін жоғарылатуға болады. Ауру малға толық құнды азықтар (дәрумендер, ақуыздар, минералды  заттар) береді және жақсы зоогигиеналық жағдайлар жасайды.

Сәуле  күйігі  Ауыл шаруашылық малдарында жалпы  қабылданған радияцияның әсерінен тек қана сәуле ауруы емес сонымен қатар  терінің сыртқы қабатында –сәуле күйігі пайда болуына мүмкін. Яғни олар ядролық жарылыстан кейін пайда болған   (бета- и альфа-поражение) жоғары дозадағы радиоактивті заттардың  таралуы әсерінен  туындайды.

Басқа малдармен салыстырғанда шошқаларда жүн талшықтарның қысқа болуына байланысты бірегей сәулелену барысында  жоғарғы көрсеткіште  әсер етеді. Ал қойларда жүннің қалыңдығы және ұзындығына байланысты  радиоактивті заттардың әсері жүн талшықтарының түсуіне яғни тері  қабатына тікелей әсер етеді.

Радиоактивті  бұлттану  тозаңдардың әсерінен  малдардың арқа-жоны, белі, басы  қарқынды ластанады. Ал бета-сәулелерінің әсерінен малдардың  тұяқтары, тұрқы, іштің төменгі қабаты,  желіні, ені (ауыз қуысы, буынның тері қабаты, тыныс алу  құрылысы, көз айналасы) және нәзік тері қабаттары  қабынады.  Бета-сәулелері  3—8 мм тереңдікте еніп эпидермалық тері қабатына әсер етеді.

Генетикалық әсеері (радиациялық мутагенез)- иондаушы  сәулелердің әсерінен малдар  тұқымқуалаушылық өзгеістерге  яғни мутагенезге әкеліп соқтырады.  Сәулелену  мутацияның барлық типтерін қоздыруы мүмкін (генные, хромосомные, геномные и цитоплазматические). Гемотологиялық зерттеулер барысында қанның морфологиялық құрамы мен сүйек миына  цитогенетикалық талдаулар жасалынады яғни хромосомдық абберациялардың клеткаларын талдау барысында абберация қайталануы  мен   сәуле дозасының әсері сараптама көрсеткіштері жоғары бағаланады.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-03-31 13:32:54     Қаралды-1003

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »