UF

                                   

                                     Мазмұны:

 

Кіріспе

1. Туристік су саяхатынының ерекшеліктері.

2. Теңіздегі және өзендегі круиз.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

 

Кіріспе

Туристтерге транспорттық қызмет көрсету туризм өндірісінің құрамдас бөлігінің бірі. 1990 жылға дейін өзіне автокөлік, сулы, теңіздік, теміржолдық және әуе транспортын қосатын және ішінде халықаралық туризмнің қажеттілігін қамтамассыз ететін туризмнің біртұтас транспорттық жүйесі болған. Туристтік қызметтер құрылымында трнаспорттық қызмет көрсету үлесі 40% құрады. Көліктің туризмдегі рөлі өте үлкен екеніне көз жеткізе отырып, көліктің қандай түрі туристерге ең қолайлы, ең комфортты және аз уақытты қажет ететініне жауап табуымыз керек.   

Халықаралық туризмде көп жылдар бойы адамдарды су бойынша тасымалдаудың түрлері басым болған. Бірақ уақыт өте келе, авиацияның даму мөлшеріне қарай оның маңыздылығы бірте-бірте қысқарды. Мысалға алсақ, кемемен Солтүстік Атлантика арқылы Франциядан АҚШ-қа баратын саяхат 80 сағат уақытты алады, ал ұшақпен тек қана 8 сағатта ұшып өтесіз. Осындай жағдай сонымен қатар Тынық мұхиты арқылы өтетін іскерлік рейстерде де байқалады. Бірақ Европаның батыс жағалаулары, Жерорта теңізі, Кариб теңізі, Азор және Атлантиканың басқа аралдары аймағында теңіз экскурсия-круиздері үлкен маңызға ие болып отыр.

Круиздік туризм ежелгі заманнан пайда болғанға қарамастан, өзінің қарқынды дамуын 50-ші жылдардың аяғынан бастаған болатын. Круиздік саяхаттардың алғашқы гиді болып ағылшын жазушысы Уильям Теккерей саналады. Круиздік саяхат негізінен қысқы мерзімді экскурсиялар өткізілетін жағалаулардың бойымен жүргізіледі. Қазіргі кезде осы саяхаттар жаңа сипатқа ие болып отыр. Ол ел ішіне басқа көлік түрін пайдаланып кіру арқылы ұзақ саяхаттар жасау. Мысалға, Жерорта теңізімен круиз жасағанда Италияда тоқтаған туристер Рим, Флоренция, сияқты әйгілі қалаларды көріп өтеді.

Қазіргі кезде осы саяхаттар жаңа сипатқа ие болып отыр. Ол ел ішіне басқа көлік түрін пайдаланып кіру арқылы ұзақ саяхаттар жасау. Мысалға, Жерорта теңізімен круиз жасағанда Италияда тоқтаған туристер Рим, Флоренция, сияқты әйгілі қалаларды көріп өтеді.

Куриздердік турлардың ірі нарықтары АҚШ, Ұлыбритания, Германия болып табылады. Куриздік саяхаттар туризмнің ең комфортты (жайлы) түрі, яғни мұндай маршруттарға арналған  теплоходтар көңіл көтерулермен мерекелерге жағдай жасалған жүзіп жүретін қонақүйлер. Сондықтан, жолдаманың қымбат тұруына қарамастан, оларды Қазақстанда сатып алады.

Туристерді су транспортымен тасымалдау болашағы өте зор. Су транспортын реконструкциялауға және дамытуға Республикамызға Европалық банк үлкен мерзімге кредит бөлді. Су әлемін зерттеуші Роттердам орталығы -  Актауда су портын дамытуға арналған жоба әзірледі. Халықаралық Трасека коридорының транспорты –Ұлы Жібек жолы аналогы бойынша  батыс Украина Кавказ арқылы, Каспий көлі, Орталық Азиямен Монғолияға осы порт арқылы қатынайтын болады. Бұл дегеніміз болашақта өзен, көлдерімізде туристердің демалатын орындарының  көбейетіндігі және осы порт арқылы алыс-жақын мемлекеттердің тікелей байланысы Қазахстан экономикасын өсіреді.

Туристік су саяхатынының ерекшеліктері.

Транспорттық құқықтық белгілері бойынша  бүкіл су транспорты теңіздік және ішкі деп екіге бөлінеді.

         Теңіздік транспортпен жолаушыларды багаждармен жүктерді халықаралық, алыс және каботажды тасымалдау орындалады. Каботажды теңіз қатынасында тасымалдаулар бір теңіз бассейініне жататын РФ-ның порты аралығы ресей жағалауларын бойлай жүзеге асырылады. Алысқа тасымалдаулар ресей порты арасында кемелердің ашық теңізде болғанда орындалады. Халықтық теңіз тасымалы РФ-ң тек арасының кесіп өтумен жасалады.

Құқықтық базаларды дамыту және халықаралық Женева конференциясында теңіз құқығы бойынша 4 конвенция қабылданды, онда ашық теңіз, аймақтық теңіз және оған тиіп тұрған аймақ, контингенттік рельеф және ашық теңіздің тірі су ресурсын сақтау туралы. БҰҰ қамқорлығымен халықаралық құқық бойынша үш конференция өткізілді.

         Су көлігі –  бұл халықты тасудың ежелден келе жатқан түрі болып табылады. Көптеген ғасырлар бойы жаңа жерлерді ашу, соғыс және сауда бағытында пайдаланылып келеді. Бұрынғы кезде параходпен жаңалық ашып жүретін болса, ал қазіргі кезде онымен жолаушыларды таситын болған, бірақ өткен ғасырдың 60 жылдарынан бастап туризм қарқынды дамыды, жолаушылар таситын судалар тұрақты жұмысын бастағаннан кейін  туристік круизді суда қайта жабдықталынды.

Халықаралық теңіз транспорттын регламенттеуде теңіз саласында негізгі халықаралық теңіз ұйымы және жолаушыларды теңізбен тасымалдаудың халық ассоцияциясы ретінде бөлуге болады.

         Халықаралық теңіз ұйымы 1948 ж наурызда Женевада ұйымдастырылған. Ұйымның құрылу мақсаты:

Теңізде жүзу:

  • қауіпсіздігі және тиімді кеме қатынасы салығын стандартты жасау мен қабылдау;
  • халықаралық сауда кеме қатынасы салалық бірлестік механизмін қамтамасыз ету;
  • теңіз үсті ластануын бақылау;
  • ұлттық кеме қатынасын дамыту мақсатында халықаралық сауда саласын дискриминациялауды жою және шектеу қою;
  • халықаралық конференцияларды өткізу және кеме қатынасы саласындағы халықаралық конвенцияны талдау.

Теңіз порттары және судналарды көп пайдаланбастан  капиталды жөндеу мен тез арада жаңартып тұруды қажет етеді, сонымен  қатар оның шығыны да көп болады, сол себептен бұлардың жолдамасы да қымбатқа түседі. Су транспортының басқа да кемшілігі жылдамдығы аз және су круизінде теңіз ауруына, клаустрофобия ауруына шалдыққан кейбір туристтерге судың географиялық жағдайының қолданысы және де судың кеңістігінің шектеулі болғандығы біраз қиыншылықтар туындатады. Соған қарамастан, түрлі мақсаттардағы мүмкіншіліктерді бере алатын (іскерлік, оқулық, фестивальдық, және басқа да демалыстарда) жолаушылар таситын көлемі ерекше «жүзетін отель» басқа жерлерге баруда өте қолайлы. Су саяхатында туристік экскурсиялық мейрамдарды ұйымдастыру үшін теңіздік және өзендік судаларды жалға алады. Туристік экскурсияларда  туристтерге барлық жағдайларын, қызметін қамтамассыз етіп, параходта жүрудің кестесін туристтермен бірлесіп жасайды. Маршрутта, яғни экскурсияларда саяхатшы, тарихшы, этнограф, архитектор және т.б. қызықты адамдармен кездесулер болып, олармен әңгімелесіз. Барлық жағынан комфортталған теңіздік және өзендік судаларда саяхат жасау, сіздің жақсы демалуыңызға себепші болады.

         Су саяхатының бағдарламасы ерекше  жоспармен өтіледі, өйткені сіз өзіңіздің маршрутыңызда басқа да мемлекеттің, облыстың, республиканың аумағымен жүріп өтуіңіз мүмкін, сол кезде сізге соларды таныстыру үшін ерекше жоспар қамтамассыз етілген. Жергілікті эксксурсиялардың арасын байланыстырушы бөлім – жолдағы экскурсиялық бағдарлама.

Бүкіл әлем транспорттық саяхатқа үлкен ден қойып отыр. Өйткені милиондаған адамдардың өмірі осы транспорт арқылы. Қазіргі транспорттың қай саласы болмасын жаңа технологияларды қолданып жүріс-тұрысты ыңғайластыруда. Бүкіл әлемде адамдардың әлеуметтік жағдайының көтерілуіне байланысты туристік саяхаттарда көбейіп келеді.

         Судалардың жеткілікті мөлшері және жауапты инфрақұрылымы болмағандығынан Қазақстанда су   саяхаты әлі толық дамымаған, ал бар болғанда да жақсы ұйымдастырылмаған. Басты бірден бір кінә су проттардың жоқтығы. Порттар бұл жүктер мен жолаушыларды тасуда қауіпсіздігін қамтамассыз ету үшін арналған жағадағы  белгілі бір зона немесе аймақ. Порттық зона мыналарға мыналарға қатысты: кемені арқанмен байлап қоятын және қауіпсіз зона,  ол жолаушыларды вокзал ретінде күтеді және  лайықты қызмет етеді, (байланыс, милиция, кеден, медпункт, және т.б.) тазалық жасайтын бөлім, жанармай қоймасы, зона судаларды жөндейтін және олардың бұзылған жағдайда жөндейтін шеберлер қоймасы сонымен қатар зонада жүктер мен багаждар сақталады.

         Порттардың классификациялануы. Құрылысына қарай: олар табиғи болып қарастырылады, яғни оларға табиғи жағдайларда қолданылатын және адамдардың көмегімен құрастырылған порттарды айтамыз, демек олар жасанды болады. Орналасуына қарай: теңіздің жағасында, өзендердің жағасында және көлдердің жағасында орналасқан деп бөлінеді. Арналғанына тағайындалғанына байланысты; әскери, саудаға, жолаушыларға, спорттық. Ал тәртібіне қарай: қарапайым немесе ерекше, баж салығын    жинау және кедендік тәртіптен басталуына деп қарастырылады. Тәніне қарай: мемлекеттік немесе жекеменшіктік болып келеді.

 

Теңіздегі және өзендегі круиз.

 Қазақстанда су көлігін қолданатын туризм әлі дамымаған. Ол гидрографиялық жүйенің нашар болуымен түсіндіріледі. Бірақ Республика адамдарының көпшілігі жыл сайын басқа елдердің теңіз және өзен туристік саяхаттарына қатысады.

Адамдарды су бойынша тасымалдау, көлік құралдарын пайдаланып саяхаттаудың ең ежелгі түрі. Ең алғашында олар плоттармен, қайықтармен жасалды. Қылыми техникалық прогресстің дамуы ірі теплоходтардың пайда болуына әкелді. Қызмет көрсету сферасына қазіргі су көлігі: теңіздік жіне өзендік болып бөлінеді. Су кемелері теңіз көлігіне қатысты, халықаралық, ұзақ және каботажды тасымалдауды іске асырады. Халықаралық теңіз байланысы деп- жолаушыны, жүкті мемлекеттің шекарасынан шығару және алып келуді айтады. Ұзақ тасымалдауларға: бір мемлекеттің порттары арасындағы рейстері жатады. Каботажды рейстер: теңіз порттары арсында жағалауды бойлай жүргізіледі. Өзен флотының кемелері, жолаушылар мен жүкті тасымалдау мемлекеттің территорисы ішінде орналасқан су жолдары арқылы жүргізіледі. Ішкі су жолдарына: өзендер, көлдер, су қоймалар, каналдар, шлюздар жатады.

20 ғасырдың аяғында круизді индустрия туристік бизнестің тез дамушы секторына айналды. Круиз дегеніміз- су көлік түрінде саяхаттау. Оған арлдарға жағалау экскурсиялары, порт-қалалардың көрікті жерлерін көру, теңіз және өзен лайнерлерінде әртүрлі көңіл-көтерулер кіреді.

Әлемде круизді компаниялардың саны көп: грециялық, итальяндық, испан, американ, дат, т.б. Круиздік бизнес сферасындағы ірі тасымалдаушыларға: «Carnival Cruise Lines», «Celebrate Cruises»,  «Royal Carribbean International», «Princess Cruisess», «Costa Cruisess», т.б. жатады. Круиздік компаниялар және олардың флоты қызмет көрсету деңгейіне байланысты, категорияларға бөлінеді. Ең жоғарғы категориясы 6* бар лайнерлер («seaborn», «Radisson Seven Seas Cruisess», «Silversea Cruisess») жатады. Осы комапниялардың кемелері минимум 200-250 жолаушыға есептелген. Осы компаниялардың клиенттері болып өте бай адамдар табылады. 1 күн үшін-1000 $./9/

         Жақын және алыс жерлерге саяхаттауда мұхит, теңіз, көл және өзендермен өту ежелгі уақыттан бері ыңғайлы жол болып табылады. Параходтардың, желкенді флот пен судалардың пайда болуы суда тасымалдау құралдарының жұмысын оңайлата түсті. Қазіргі уақытта суда тасымалдау демалушы туристердің үлкен сұранысына ие болып отырған круиз секторы жақсы дамыған. Теңіздегі круиздің дамуы 1960 жылдан бастау алады. 1980 жылдан бері круиздік бизнеспен 15 ірі компаниялар алға шықты, бұлар: KARNIVAL GROUP (22 параход), ROYAL CARIBBEAN LINE (22 суда), PRINCESS, HOLLAND AMERIKA LINE және т.б. 1995 жылға қарай «жүзетін қонақ үйлер» индустриясы сиымдылығы 150572 орындық 220 ірі пассажирлік лайнерді жасауды ойластырды. Круиздерді ұйымдастырушы судалар жұлдызбен классификацияланады, 1-6 жұлдызға дейін және топтарға бөлінеді:

  • стандарт (2-4 жұлдызды);
  • премиум (5-5+ жұлдызды);
  • люкс.

Круиз маршруттары бағасы бойынша 4 категорияға бөлінеді:

  • экономикалық (күніне 75-150$);
  • классикалық (күніне 100-200$);
  • премиум круиздер (150-400$);
  • круиз люкс (1000$).

Cу транспортымен тасымалдау:

  • круиз және теңізде тасымалдау;
  • өзен саяхаттары және өзендегі круиздер;
  • яхталармен, паромдармен, қайықтармен саяхаттау;
  • теңіз және өзен экскурсиялары;

Су туристік саяхаттары төмендегідей артықшылықтарды қосады:

  • комфорттың жоғары деңгейі;
  • көптеген тарифтердің болуы;
  • толығымен демалу мүмкіндігі.

Теңіз круиз мекемелері, көпшілік туризмге қызмет көрсетуге арналған, көп палубты гиганттық кемелер болып табылады. Олардың сиымдылығы 1700-2600 жолаушыға дейін. Орташа тоннаж 75000-100000 тоннаға дейін құрайды.

Ерекше комфорттылығымен «Royal Carribbean International» және  «Celebrate Cruises» компаниялардың лайнерлері ерекшелінеді. «Royal Carribbean International» круиздік флоты 3 классты кемелерден құралған: radiance, vision, Voyager.

Radiance кемелердің интерьері жайлы атмосферамен ерекшеленеді.

Vision классты кемелердің алтауы да ерекше жекелігімен ерекшелінеді.

Voyager класының кемелері басқа круиздік кемелермен салыстырған үлкен мөлшерімен, техникалық жаңалықтармен жабдықталуымен рекшелінеді.

Әлемдегі ең үлкен және қымбат круизді лайнер болып, 17 палубты «Voyager of the Seas» кемесі табылады. Ол «Royal Carribbean International» компаниясының кемесі. 1999 жылы суға түсірілген. Жолаушылық сиымдылық: 2200 жолаушы және 1180 экипаж мүшесі. Орташа жылдамдығы-сағатына 50 шақырым. Ұзындығы 311м.  Ұзынынан, 47 м. енінен, биіктігі 70 м., тереңдігі 9 м. Осы лайнердің ерекшелігі болып, оның бортында: мұз айдыны, променад көшенің бар болуы табылады. Кемеде: ресторандар, барлар, дискотекалар, 3 ярусты театр, түңгі клубтар, казино, кітапхана, кинотеатр, бассейндер, су горкасы, сауналар, спорттық мекемелер, сұлулық салоны, т.б. бар.

Теңіз круиздіңк лайнерлердің каюталарды өзінің ауданы, интерьері, т.б. бойынша әртүрлі болып келеді. Каютаның бағасы: көлеміне, ұйықтау орнының санына жәнеолардың орналасуына, палубаның биіктігіне, т.б. байланысты. Ішкі каюталар арзан болып саналады. Круиздік кемелерде каюталардың  классификациясы әртүрлі: люкс классты каюталар, ішкі каюталар, терезесі бар каюталар, т.б.

Круиздік компаниялар круиздерге қызмет көрсету шараларының шеңберін үнемі кеңейтеді. Мысалға «Royal Carribbean International» өзінің лайнерлерінде жас жұбайлар үшін «бал айын», әртүрлі юбилейлерді өткізуді ұйымдастырады.

Круизді кемелердің бортында жанұяның демалуы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Кемеде няня қызметі, балалар үшін клубтар, әртүрлі көңіл көтеру бағдармалары бар.

Әртүрлі круизді лайнер бортындағы саяхат «Барлығы қосылған» жүйесі бойынша ұйымдастырылады. Осы жүйе бойынша: тамақтануға, спорттық құрал-жабдықтармен пайдалануға, көңіл-көтеру бағдарламасына, орналасуға таралады. Круиздердің ең бір артықшылығы болып, олардың визалық болмауы табылады. Халықаралық теңіз заңында «капитандық виза» деген ұғым бар. Осы ұғым бойынша жолаушылар өздерінің паспорттрын капитанда сақтайды және әртүрлі мемлекеттерде болуы 48-72 сағаттан аспауы керек. Круиздің ең бір үлкен кемшілігі  олардың бағасының жоғары болуы. Бірақ осында да клиентке қызмет көрсету жағдайын таңдау мүмкіншілігі бар. Қазіргі кезде круиздердің келесі бағалық классификациясы қабылданған: экономикалық (адам басына 75-150 $), классикалық (100-200 $), премиум (150-400$), люкс (700-1000$), эксклюзивті (1000 $ жоғары). Теңіз круиздерінің негізгі аудандары болып Карриб бассейні және Жерорта теңізі бассейні табылады. Кариб теңізінің бассейніның артықшылығы болып, осындағы круиздерді жыл бойы өткізуге болады. Кариб теңіз бассейнінің маршруттарымен саяхат кезінде туристер бірнеше мемлекетті көріп өтуге және олардың көрікті жерлерімен танысуға, пляжда демалуға, әйгілі жанартаулар және сарқырамаларды, т.б. болады. Круиздердің осы аудандағы созылуы 3 күннен 2 аптаға дейін жүргізіледі: Батыс карибтер, Шығыс Карибтер, Оңтүстік Карибтер, Шығыс-Батыс Карибтер, Барлық Карибтер.

 

 

 

 

Қорытынды

Қазақстанда су саяхаттары толық түрде ұйымдастырылмаған. Оның себебі кемелердің жеткілікті санының және инфрақұрылымның болмауы. Бірақ, туристерді су көлігімен тасымалдау перспективалары бар. Европалық реконструкция және даму банкі су көлігін дамыту  үшін, су порттарын реконструкциялау үшін, Республикаға ұзақ мерзімді несие бөлді.   

Халықаралық тасымалдауларда Қазақстанда су транспортының алатын үлесі аз. Жалғыз «Ақтаудың теңз сауда порты» - Ақтау мен Баутино теңз порттарының базасында құрылған республикалық мемлекеттік кәсіпорын, Республиканы Иран және Завкавказиямен байланыстырды, ал Ресейдің өзендері мен канал тораптары арқылы Байық теңізі және қалған әлеммен байланыстырды. Порт негізінен сауда жүк кемелеріне қызмет көрсетеді, сондықтан туристерге біздің порт-да сервистік қызмет көрсету туралы айту әзірге ерте. Бірақ куриздерді ұйымдастыру тәжірибесі кәсіптік туризм дәуірінде болды. Оның үстіне, қазақстандықтар басқа мемлекет операторлары ұсынған теңіз куриздарына қатысты.

Туристерді су транспортымен тасымалдау болашағы өте зор. Су транспортын реконструкциялауға және дамытуға Республикамызға Европалық банк үлкен мерзімге кредит бөлді. Су әлемін зерттеуші Роттердам орталығы - Актауда су портын дамытуға арналған жоба әзірледі. Халықаралық Трасека коридорының транспорты –Ұлы Жібек жолы аналогы бойынша  батыс Украина Кавказ арқылы, Каспий көлі, Орталық Азиямен Монғолияға осы порт арқылы қатынайтын болады. Бұл дегеніміз болашақта өзен, көлдерімізде туристердің демалатын орындарының  көбейетіндігі және осы порт арқылы алыс-жақын мемлекеттердің тікелей байланысы Қазахстан экономикасын өсіреді.

Бүгінгі таңда туристердің біздің елімізге ерекше қызығушылық танытып отыр. Мәдениетінің бірегейлігі, табиғи қазбасының байлығы, іскерлік белсенділігінің өсуі, сондай-ақ спорттық және хикаялы туризм секілді демалыстың белсенді түрлерімен шұғылдану мүмкіншіліктері Қазақстанның артықшылықтарын бірден көзге көрсетеді.

Қазақстанның туризмін дамытуға қатысты министрліктің алдында тұрған бірінші кезектегі шаралардың бірі Қапшағай көлінің жағасында халықаралық туристік орталықтарын құру, Каспий теңізінде жағажай және круиздік туризмді дамыту және Ақмола облысының Щучинск-Бурабай курорттық аймағында туристік орталықтарын құру болып табылады.Каспийдегі круиздік сапарларды дамыту - еліміздің туристік индустриясындағы ең тартымды бағыттардың бірі. Мұндай сапарлар Каспий жағалауындағы елдердің мәдениет және өнер, туристік және іскерлік алмасу салаларындағы ынтымақтастықтарын дамыта түсуге кең мүмкіндік ашады.

         Бәсекеге қабілетті туристік индустриясын құруға бағытталған өзара жасалып жатқан қарқынды жұмыстар біздің елімізді Орталық Азия өңірінің туризм орталығына айналдыратындығына ешқандай күмән жоқ.

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. Ердаулетов С.Р. География туризма.- Алматы, 2000.
  2. Тынчерова З.В., Ягофаров Г.ф. Основы планирования туристской деятельности.- Алматы,
  3. Транспорт Республики Казахстан. Статистический сборник / под 2003.
  4. Осипова О.Я. транспортное обслуживание туристов.- М., 2004.редакцией А. Смаилова/ Агенство Республики Казахстан по статистике.- Алматы,2002.

   5. Қазақстан”, Ұлттық энциклопедия, 1-том, - Алматы: “Қазақ энциклопедиясының” Бас редакциясы, 1998

  1.          6. Аверьянов Е.К. Реклама туристских маршрутов и услуг.- М., ЦРИБ «Турист», 1987
  2. Авчинкин Д.В. Международные перевозки.- Минск, 1999.
  3. Биржаков М.Б., Никифоров В.И. Индустрия туризма: перевозки.- СПб., 2001.
  4. Буравлев Ю.В., Павлова Е.И. Безопасность жизнедеятельности на транспорте.- М., 1999.
  5. Волкова Л.П. Организация перевозок на воздушном транспорте.- М., 1998г.

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-02-11 19:46:14     Қаралды-9671

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »