UF

АШЫҚ ЖЕРЛЕР МЕН СУ МАҢЫНДА МЕКЕНДЕЙТІН ҚҰСТАР

 

Құстардың бұл тобы шөл және шөлейтті жерлер мен батпақтышалшықты су маңында жиі кездеседі. Жазық жерде жасырынар сая жоқ, сондықтан онда тіршілік ететін құстардың мойны ұзын, жіліншігі мығым болып келеді. Ал су маңында және батпақты жерлерде мекендейтін құстардың сирақтары ұзын және қоректенуіне байланысты тұмсық құрылыстары түрліше болады.

 
Ашық жерлер мен су маңында мекендейтін құстар

Дуадақтар отряды. Шөл, шөлейт далада мекендейтін құстардың бірі – дуадақ. Дуадақтар отрядында 24 түр бар, солардың үшеуі бұрынғы ҚСРО-да және біздің республикамызда мекендейді, үшеуі де: дуадақ, жиекдуадақ және безгелдек бұрыңғы ҚСРО-ның және Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелді.

Дуадақ - өте ірі құс, денесінің мөлшері қаздан да үлкен, жерден ауыр көтеріліп ұшады, бірақ едәуір ұшқыр. Жем талғамайды: өсімдіктермен де, кесіртке, кемірушілермен де қоректенеді. Дуадақ жемін жүгіріп жүріп аулайды, өте жақсы жүреі індіктен «жорға дуадақ» деп те атайды, құйымшақ безі және мамық қауырсындары болмағандықтан, қауырсындары құрғақ та үрпиіңкі келеді. Дуадақтардың аяғында алға бағытталған үш саусағы болады, олар шөлге өте төзімді. Дуадақ - жыл құсы, республикамызға ақпан айынан бастап ұшып келеді де қазанда қайтып үлгереді.

Жиекдуадақ Қазақстанның оңтүстік жартысындағы шөл және шөлейт далада мекендейді. Тіршілік әрекеті дуадаққа ұқсас. Дуадақтан ерекшелігі - денесі кішірек және мойнында қара жолақтың болуы. Құмды жерлердің жиегін ала көп кездесетіндіктен, бұл құс жиекдуадак, деп аталған. Ал «джекдуадақ» және «жекдуадақ» деген сөздер осы «»жиекдуадақ» деген атаудың мәнін түсінбегендіктен, сөздің бұрмалануынан пайда болған.

Дуадақтардың ең кішкене түрі - безгелдек, оның денесінің мөлшері тауықтай. Ол өте шапшаң жүгіріп, лезде көзден таса болатындықтан, безгелдек деп аталады. Оны Қазақстанның батыс аймақтарынан сирек те болса кездестіруге болады. Басқа дуадақтәрізділер сияқты бұл да өте сақ құс. Дуадақтәрізділер - жыл құстары.

Түйеқұстәрізділер отряды. Африканың ормансыз құрғақ даласында мекендейтін қыртөссіз, ұша алмайтын алып құс түйеқұс деп аталады. Оның биіктігі 2,5 метрден астам, салмағы 136 килограмға дейін тартады. Бұлар тұрақты жұп құрмайды. Құмнан шұңқырлаған ұяға бірнеше аналық әрқайсысының салмағы 2 килограмға дейін жететін, ұзындығы 15 см бірнеше жұмыртқа салып, жұмыртқаларды түнде аталығы, күндіз аналығы басады. Түйеқұстар өте жақсы жүгіреді, оның аяғында алға қарай бағытталған екі саусағы бар. Түйеқұстар өсімдіктекті жеммен, сондай-ақ ұсақ омыртқалы жануарлармен қоректенеді.

Басқа отрядтағы құстарға жатқанмен де түйеқұстарға ете ұқсас, қыртөссіз, Бразилияның және Аргентинаның далалы аймақтарында мекендейтін нанду да ірі құс. Нандудың алға қарай бағытталған 3 саусағы болады, жұмыртқаны аталығы басып, балапандарға да аталығы қамқорлық жасайды. Өте сирек кездесетіндіктен, нанду ХТҚО Қызыл кітабына тіркелді.

Тырнатәрізділер отряды. Тырнатәрізділер негізінен алғанда батпақты жерлерді мекендейді (тырна, қара тырна, қызылсирақ тырна). Қазақстанға сәуір айында ұшып келіп, қазан айының басына таман ұшып кететін ақбас тырна шөл және шөлейт, далалы аймақтарда мекендейді, ал ұясын бұлақ, шағын өзен маңына салады.

Ақбас тырна - жыл құсы. Олар жылы жақтан ұшып келісімен күйттеу ойнағын жасайды - «билейді». Бұл үшін құстар ұя салатын алаңқайға жиналып, шеңбер түзеді де бірнеше ақбас тырналар ортаға шығып «билейді», биші тырналар біраздан соң шеңберге шығып, оларды шеңбердегі тырналар алмастырады. Ақбас тырна ұясын далаға немесе егістікке салады, ұясы онша күрделі болмайды: жерді біраз шұңқырлап, үстіне құрғақ сабан немесе ағаштың бұтағын төсейді де 2-3 жұмыртқасын салады. Бұлар - ширақ балапанды құстар, сирек кездесетіндіктен бұрынғы ҚСРО-ның және Қазақстан Қызыл кітабына тіркелді. Ақбас тырналар өсімдіктекті жеммен және бунақденелілермен қоректенеді.

Ашық жерлерде мекендейтін құстардың түрі өте көп: торғайтәрізділерден - жорғаторғай, қараторғай, бозторғай, шақшақай, тағанақ; қырғауыл тұқымдастардан - бөдене, дала шілі; жыртқыш құстардан - бөктергі, құладын, қарақұс, жыланжегіш қыран; жапалақтәрізділерден - байғыз тәрізді құстарды атауға болады.

Су маңында мекендейтін құстар. Жақсы жүзе алғанымен де сүңіп алмайтын және қорегін құрлықтан табатын шағалалардың түрі - роликті шағала - бунақденелермен қоректенетін, су маңынан табылатын құстардың бірі. Бұл - ХТҚО, бұрыңғы ҚСРО-ның және Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелді, жойылып кету қаупі бар құс. Тырнатәрізділер отрядына жататын көнмаңдай, сутартар, тартар, татреңтәрізділерге жататын тарғақ, қызғыш, алтынжон татрең тәрізді құстардың мекені су жағасы болып табылады. Сирек кездесетін құстар ретінде бұрынғы ҚСРО-ның және Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген қоқиқаздың тіршілігі еріксіз назар аударады.

Қоқиқаз - Қазақстанда Теңіз көлінде мекендейтін ерекше құрылысты құс. Қоқиқаздың денесі қаздан ірі, салмағы 3-4 кг тартады. Ол суы тұзды көл мен теңіз жағасына тақау, лайсаң, таяз суды мекендейді. Қоқиқаздың мойны аққудың мойнындай ұзын, сирағы ұзын, тұмсығы дәл ортасынан әдейі опырғандай бүкіш болып келеді. Оның жемін тауып жеуі де қызық: басын суға батырып, төбесін судың түбіне тигізу арқылы үстіңгі тұмсық бөлігімен су түбіндегі тұнбаны қопарыстырып, ондағы ұсақ шаянтәрізділерді, былқылдақденелілерді және бунақдененің дернәсілдерін аузына толтырған судан сүзінді етіп қалдырады. Қоқиқаздар мамыр айында ұя жасауға кіріседі. Ұя жасауға су түбіндегі тұнба мен ғанышты пайдаланады. Биіктігі 30 сантиметрден асатын бағана тәрізді ұясының түпкі жағы жалпақтау, үстіңгі жағы қушықтау болып келеді. Ұяда 2-3 жұмыртқа болады, оны құстың аталығы мен аналығы кезектесіп басады. Қоқиқаз - жыл құсы, қазан айында жылы жаққа қарай қайтады.

Сукоймалар маңы мен батпақты жерлерден ак және қара дегелектерді де кездестіруге болады. Ақ дегелек ХТҚО-ның және Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелді.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-02-22 16:42:12     Қаралды-778

ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »