UF

ЖЫРТҚЫШ СҮТҚОРЕКТІЛЕР

 

Жануартекті азықты көбірек пайдаланатып сүіқоректілер тобы жыртқыштар деп аталады. Жыртқыш сүтқоректілердің күректістері ұсақ, иттістері әрі үлкен, әрі үшкір болады. Олардың көпшілігінің азу тістерінің алдыңғы жағында басқаларынан ерекше үлкен тіс - жыртқыш тісі болады. Жыртқыштар өздері жәукемдейтін жануардың етін осы жыртқыш тісіне салып жұлмалайды, сондықтан да бұл тіс жыртқыш тіс деп аталады.

Жыртқыш сүтқоректілер негізінен құрлықта өмір сүреді 112 алайда қарасусар, кәмшат - тұщы суқоймаларда, ал сукәмшат теңізде тіршілік етеді. Бұлардың көпшілігі бағалы үлбірі үшін ауланады. Өте сирек кездесетін 36 түрі және 20 түр тармақтары ХТҚО-ның, 9 түрі және 15 түр тармақтары бұрынғы ҚСРО-ның 13 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелді.

Қазіргі уақытта жыртқыш сүтқоректілердің 235-ке жуық түрі бар деп есептеледі. Олардың 43 түрі бұрынғы ҚСРО-да, 25 түрі біздің республикамызда мекендейді. Жыртқыш сүтқоректілер отряды 7 тұқымдасқа бөлінеді, солардың ішінде қасқыр, аю, сусар және мысық тұқымдастардың кейбір өкілдерімен танысып өтеміз.

Қасқыр тұқымдастар - нағыз жыртқыш жануарлар, олар жемін соңынан қуып жүріп немесе тасада жасырынып аулайды. Жануарлармен қоректенетіндіктен, иттісі мен жыртқыш тістері өте күшті дамыған. Бұлар - өте иісшіл. Қазіргі уақытта қасқыр тұқымдастардың 35 түрі тіршілік етеді, олардың 8 түрі бұрыңғы ҚСРО-да, 6 түрі біздің республикамызда мекендейді. Асыранды иттен бастап, қасқыр, түлкі, қарсақ, шибөрі қасқыр тұқымдас жануарлар болып табылады. Бұлардың терісі өте бағалы. Халықтың «қасқыр қарызын терісімен төлейді» деуі содан болар. «Қасқырдың аузы жесе де - қан, жемесе де - қан» демекші, жұрт қасқыр туралы тек айналасын айпап-жайпайтын жойқын күш ретінде пікір ұсынуға әуес. Ал қасқырлар көп жағдайда ауырған, әлсіз жануарларды жеп, табиғи сұрыпталу жасайды. Олар құтыру ауруының жұқтырушысы болып табылады, ондай кезде адамға шабуыл жасауы да мүмкін. Сондықтан қасқырдың, иттің қабуынан сақтану керек. Қасқырлар тіршілігінде жұп құрып, қаншығы 4-6 бөлтірік туады да арлапы оларды қорегін аулауға баулиды.

Қасқыр тұқымдастардың 12 түрі өте сирек кездесетіндіктен, ХТҚО-ның Қызыл кітабына тіркелді, бұлардың ішінде қызыл қасқыр да бар. Қызыл қасқыр сонымен қатар бұрынғы ҚСРО-ның және Қазақстанның Қызыл кітабына да тіркелді.

Жыртқыш сүтқоректілер

 

Аю тұқымдастар - ақ аюдан басқасы қысқы ұйқыға жататын ірі денелі, қорек талғамайтын жыртқыш жануарлар. Ақ аюдың негізгі қорегі - итбалық. Солтүстік Мұзды мұхиттың су бетінде қалқитын мұздары мен жағалауында мекендейді. Ол желтоқсан - қаңтар айында 1-3 қонжық туады, қонжықтары әлсіз, соқыр болады, оларды енесі 4-5 ай емізеді. Қоңыр аю орманды аймақты мекендейді. Оның түр тармағы ақтырнақты аю Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелді. Бұлар әсіресе өсімдіктекті азықпен қоректенеді. Қара аю (кейде ақтөс деп те аталады) ұсақ омыртқалы жануарларды, бунақденелілерді, әсіресе өсімдіктекті азықтарды жейді. Бұлар артқы аяғына тік тұрып, ағаштарға да жақсы өрмелейді. Сирек кездесетіндіктен, ХТҚО және бұрынғы ҚСРО-ның Қызыл кітабына тіркелді. Басқа аюлармен салыстырғанда мұның дене мөлшері кішірек болады.

Сусар тұқымдастар - 80-ге тарта түрлерден құралған, дене мөлшері кішкене немесе орташа болып келетін жыртқыш сүтқоректілер. Бұлардың көпшілігі құрлықта, кейбіреулері орманда және суда тіршілік етеді. Сусар тұқымдастардың ең кішкенесі - аққалақ, оның дене тұрқы 11-26 сантиметрден аспайды, ең ірісі - сукәмшат, оның дене тұрқы 100-150 см болады. Күзен, құну, балқы, кәмшат, сусар, бұлғын тәрізді аңдардың барлығы сусар тұқымдастарға жатады. Балқы Африкада, Оңтүстік Түрікменияда мекендейді, ол ұсақ омыртқалы жануарлармен қатар балды да сүйсіне жейді, ал борсық көбінесе өсімдіктекті азықты қорегіне пайдаланады. Сусар тұқымдастардың бұрынғы ҚСРО-да 18 түрі, республикамызда 10 түрі мекендейді, сирек кездесетіндіктен, сусар тұқымдастардың 6 түрі, 1 түр тармағы ХТҚО-ның, 1 түрі, 6 түр тармағы бұрынғы ҚСРО-ның және 5 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелді. Сусар туыстастардың аналь тесігінің маңында өткір иіс шығаратын безі болады. Ал сусар тұқымдастардағы борсық қана қысқы ұйқыға жатады. Кәмшат өзен суын жағаласа, сукәмшат теңіз суында тіршілік етеді. Сукәмшат көзі ашық, сүт тісі бар бір ғана бала туады. Сусар тұқымдастардың басым бөлігінің үлбірі өте бағалы болып саналады.

Мысық тұқымдастар - қорегін аңдып отырып аулайтын нағыз жыртқыш сүтқоректілер. Жер жүзіндегі жануарлардың бұл тобында 36 түр бар, олардың 12 түрі бұрыңғы ҚСРО-ның, 8 түрі Қазақстанда мекендейді. Мысық тұқымдастардың ең көп түрі мысық туыстастарға жатады. Олар: асыранды және жабайы мысықтар, сілеусіндер, қарақалдар, таушерлер. Ал арыстан, барыс, жолбарыс және сомбарыстар барыс туыстас сүтқоректі жыртқыштар болып есептеледі. Мысықтұқымдастарға жататын қабылан және ілбіс жеке-жеке туыстастар ретінде карастырылады. Жалпы мысық тұқымдастардың ішінде қабыланның тырнақтары жиналмай, сыртына шығып тұрады. Қабыланның аяқтары сида, ол - өте жүйрік аң, сондықтан оны ертеректе ит тәрізді қолға үйретіп, аң аулауға пайдаланған. Республикамызда қабылан сирек те болса Үстірт және Маңғыстау аймағынан кездеседі және Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелді.

Мысық тұқымдастарға жататын ілбіс - қатал жағдайларға төтеп беріп, биік таулы аймақта мекендейтін, тұяқты сүтқоректілермен қоректенетін жыртқыш аң. Жоңғар, Іле, Күнгей және Талас, Алтай, Сауыр, Тарбағатай тауларында анда-санда кездесетіндіктен, ол республикамыздың ХТҚО және бұрынғы ҚСРО-ның Қызыл кітабына тіркелді. Оның аналығы - таутан, ұрпағы - алан деп аталады. Қабылан және басқа мысық тұқымдастардың барлығының тырнағы жай жүрген кезде жиналады. Мысық тұқымдастар кезі сокыр – 1-7 күшік туады. Бұлардың сирек кездесетін 14 түрі, 11 түр тармағы ХТҚО-ның, 5 түрі мен 6 түр тармағы бұрыңғы ҚСРО-ның және 6 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелді.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-02-21 15:11:06     Қаралды-1720

ҚҰСТАРҒА ҚАУЫРСЫН НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Құстар жылыну және ұшу үшін қауырсындарды қажет етеді...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТТЕР НЕ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

...

Магниттерді қолданудың жүздеген әдістері бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Қарапайым тілмен айтқанда, магнит темірді тарта алатын дене.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КРАН НЕ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

...

Кран (мұнара краны деп атау дұрысырақ болар еді) қазіргі кез келген құрылыс...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАГНИТ ӨРІСІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Магнит өрісі – магниттің айналасындағы аймақ, оның шегінде магниттің сыртқы заттарға әсері сезіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРАЛАР ҚАНШАЛЫҚТЫ ПАЙДАЛЫ?

...

Аралардың адамдарды тамақтандырудағы негізгі үлесі олардың өндіретін балында емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ІНЖУ-МАРЖАННЫҢ МӨЛШЕРІ ҚАНДАЙ?

...

Соңғы уақытқа дейін әлемдегі ең үлкен інжу 1934 жылы Оңтүстік Қытай теңізінде Филиппиннің Палаван аралында салмағы 300 кг-нан асатын меруерт табылған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР ҚАЛАЙ ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ?

...

Жер шарының әртүрлі жерлерінде климат айтарлықтай ерекшеленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕГИПЕТТЕ ПИРАМИДАЛАР ҚАЛАЙ САЛЫНДЫ?

...

Мысырдағы Гиза қаласындағы пирамидалар бес мың жыл бойы әлемде бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »