UF

ЖОРҒАЛАУШЫЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІ. СҰР КЕСІРТКЕ

Жорғалаушылар - тек құрлықта ғана алғаш тіршілік еткен нағыз омыртқалы жануарлардың тұңғыш класы. Бұл класқа жататын жануарлардың аяқтары қысқа немесе аяғы болмағандықтан, бауырын жерге тигізіп, жорғалап немесе ирелеңдеп жүреді, сондықтан класс жорғалаушылар класы деп аталады.

Жорғалаушылардың терісінде без болмайды, сондықтан мүйізді қабыршақпен қапталып, үнемі құрғақ болады. Өкпесі арқылы тыныс алады, жүрегі үш бөлікті (крокодилдерде - төрт бөлікті). Зәршығару мүшесі - бүйрек. Іштей ұрықтанады, жұмыртқа арқылы көбейеді, кейбірі тірідей ұрпақ өрбітеді.

Қазіргі кезде жорғалаушылардың 8000-нан астам түрі бар, олардың 150-ге тарта түрі бұрыңғы ҚСРО-да, 50-ге тарта түрі Қазақстанда мекендейді. Сирек кездесетіндіктен, жорғалаушылардың 150-ге тарта түрі мен түр өзгерістері ХТҚО-ның, 37 түрі бұрыңғы ҚСРО-ның, ал 10 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына 1996 жылы тіркелген.

Тіршілік және сыртқы құрылысы. Қазақстанның солтүстігінде кең таралған жорғалаушылардың бірі - сұр кесіртке. Бұл - тұрқы 15-20 сантиметрден аспайтын, күн көзі жақсы қыздыратын ашық далалы, орманды, таулы жерлерде жиі кездесетін ширақ хайуанат. Ол жемін күндіз аулайды, қоңыз, шегіртке, т. б. бунақденелілердің дернәсілдерімен, өрмекшілермен және басқа жәндіктермен қоректенеді. Күннің ыстығынан, түнде және жауынан қорғану кезінде басқа жануарлардың інін пайдаланумен бірге өзі де ін қазып, соған жасырынады.

Сұр кесірткенің жұмыр денесі майда жұқа қабыршақтармен қапталғандықтан, денедегі ылғал жақсы сақталып, сыртқы әрекеттерден аз жарақаттанады. Кесірткенің сүйір тұмсықты басы денеге жуан мойын арқылы жалғасады, басында екі көзі, танау тесігі және дабыл жарғағы болады. Кесіртке бес саусақты қысқа аяқтарымен бауырын жерге тигізе өте шапшаң жорғалайды.

Қаңқасы. Сұр кесірткенің омыртқа жотасы бес бөліктен құралған, олар мойын омыртқа, арқа омыртқа, бел омыртқа, сегізкөз және құйрық омыртқалары деп аталады. Мойын омыртқаларының құрылысы кесірткенің басын жақсы қимылдатуға мүмкіндік береді, арқа және бел омыртқаларына қабырғалар жалғасады. Арқа омыртқаның алдыңғы жағындағы бес жұп қабырға жақсы жетіліп, екінші ұштары шеміршек арқылы төссүйекке жалғасады да кесірткеде кеуде қуысы пайда болады. Сегізкөзді құрайтын екі омыртқаға жамбастың сербек сүйектері жалғасады. Кесіртке денесіндегі басқа сүйектер бақаның қаңқасына ұқсас болады.

Бұлшықеттері. Сұр кесірткенің құрлықта тіршілік етуіне байланысты көп қимылдайтын мүшелерінің (мойын, құрсақ, кеуде) бұлшықеттері жақсы дамыған. Әсіресе тыныс алған кезде кеуде қуысын кеңейтіп, тарылтатын қабырғааралық еттер күшті жетілген.

Қоректенуі. Сұр кесіртке таңертең күн біраз көтеріліп, жерге қызуын түсіре салысымен өзінің қорегін аулауға інінен сыртқа шығады. Жорғалап бара жатқан қоңызды немесе өсімдік сабағында отырған шегірткені көре салысымен олардың қимылын қадағалап біраз жатады да кенеттен атылып, қорегін бас салады. Асқорыту жүйесі бақаның асқорыту жүйесі тәрізді. Ұстаған қорегін тістерімен қармап, сілекей безінен бөлінетін сұйықтықпен шылайды да тұтасымен жұтады.

Тыныс алуы. Сұр кесіртке өмір бойы өкпесі арқылы тыныс алады. Тынысалу жүйесі едәуір күрделі. Көмекейден қабырғасы қабыспайтын кеңірдек басталады да екі ауатамырға тармақталады. Ауатамырлар іші қатпарланған қапшық тәрізді өкпеге жалғасады. Кесіртке кеудесін кеңейтіп-тарылтуы арқылы тыныс алады.

Қан айналымы. Сұр кесірткенің, жалпы жорғалаушылардың қанайналымы қосмекенділердің қанайналымына ұқсас, айырмашылығы - үш бөлікті жүректің қарыншасында жартылай перде болады, ал крокодилдің жүрегі төрт бөліктен құралады.

Зәр шығаруы. Зәршығару мүшесі - жамбас аралығында орналасатын екі бүйрек. Бүйректен несепағар шығады да қуыққа жалғасады, қуық клоакаға ашылады. Жылан мен крокодилде қуық болмайды.

Сұр кесіртке денесінде зат алмасуы өте баяу жүреді, сондықтан оған айналадағы ортаның температурасы күшті әсер етеді, яғни ауа райы жылы болса, белсенді әрекет етіп, салқын ауа райында қимыл әрекеті баяулап қалады. Бұл жорғалаушылардың қосмекенді жануарлар тәрізді салқынқанды екенін дәлелдейді.

Жүйке жүйесі және сезім мүшелері. Сұр кесірткенің жалпы жүйке жүйесі қосмекенділерге ұқсас болғанмен, алдыңғы миының ми сыңарларында қыртыс пайда болуы және мишығының үлкендігімен олардан едәуір ерекшеленеді.

Сұр кесірткенің көзін ылғалдап, ластанудан қорғайтын жыпылықтағыш жарғақ - үшінші қабақ болады. Ал жыланның үшінші қабағы бүкіл көзді қаптап, жұқа қабықшаға айналады.

Кесірткенің есту мүшесі - ортаңғы және ішкі құлақтан тұрады. Сұр кесіртке затты ұшы айыр, жіңішке және ұзын тілімен сипап сезеді. Оның иіс және дәм сезу мүшелері де бар.

Кесірткенің жұлынында орналасқан орталық жүйкенің қорғаныш әрекеті - өздігінен құйрығын үзу (автотомия) ерекше құбылыс болып табылады. Бұлшықеттердің кенеттен жиырылуы арқылы омыртқалар аралығынан құйрық үзілгенде қан ақпайды. Мерзімді уақытта құйрық қайтадан қалпына келеді. Жоғалған бөліктің қайтадан қалпына келуі регенерация деп аталады.

Кобеюі. Аталықтың аталықбезі мен аналықбезі дене қуысында омыртқа жотасының екі жағында жатады. Аталық кесіртке спермотозоидтарым аналық кесірткенің клоакасына жібереді де, жұмыртқа аналық ағзаның ішінде ұрықтанады. Ұрықтанудың бұл тәсілі іштей ұрықтану деп аталады. Бұл - құрлықта тіршілік ететін жануарларға тән қасиет.

Күйттеу кезеңінде кесірткелер екі-екіден жүреді. Аналық кесіртке мамыр-маусым айларында ұзындығы 1,5 сантиметрдей, терімен қапталған, ұрықтанған жұмыртқа (6-16) туады. Жұмыртқаларды әдейі қазған таяз шұңқырларда немесе өзі паналаған жерге қалдырып кетеді. Шілде айының соңына таман ересек дараларынан мөлшерінің кішілігімен ғана ерекшеленетін жас кесірткелер пайда болады.

Бассүйек

Сұр кесіткенің сыртқы көрінісі және қаңқасы

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-02-21 14:30:32     Қаралды-710

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »