UF

ҚАЗАҚСТАНДА МЕКЕНДЕЙТІН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР. ЖОРҒАЛАУШЫЛАРДЫ ҚОРҒАУ

Қазақстан жерінен жорғалаушылар класына жататын жануарлардың екі тобын: тасбақалар отряды мен қабыршақтылар отрядына жататын жануарлар өкілін кездестіре аламыз. Республикамыз бен бұрынғы ҚСРО-да құстұмсықбастылар және крокодилдер отрядына жататын жануарлар мүлде тіршілік етпейді. Сондықтан республикамызда мекендейтін кейбір жорғалаушылардың тіршілік ерекшеліктері мен әрекетіне біраз тоқталып өтейік.

Тасбақалар отряды. Жорғалаушылардың бұл отрядына тиісті екі өкілі жоғарыда біраз баяндалды, олар: батпақшыл тасбақа мен далалық тасбақа.

Тасбақаның жалпайған денесін үстіңгі және астыңғы жағынан қақпақ тәрізді екі қалқан қаптайды: үстіңгі қалқаны - дөңес, ал астыңғы қалқаны тегіс болып келеді. Екі қалқан бірімен-бірі қаптал жағынан сіңір арқылы байланысып, мүйіз текті сауыт түзеді. Қалқандардың алдыңғы және артқы аралықтарында кең саңылау болады; алдыңғы саңылаудан тасбақаның басы мен алдыңғы аяқтары, ал артқы саңылаудан - құйрығы мен артқы аяқтары сыртқа шығады. Тасбақа әлдеқандай бірдемеден секем алса, аяқтары мен басын дереу сауыттың ішіне жасыра қояды. Тасбақаның бұл қылығын өздерің «Аяғы бар, басы бар, арқалаған тасы бар» деп жұмбақтайсыңдар. Тасбақаның мойын және құйрық омыртқалары еркін қимылдайды, ал қалған бөлігі сауыттың ішкі жағына, үстіңгі қалқанға тұтасып кетеді, тек қана бұғанасы мен жауырыны бос болады. Шалқасынан түскен тасбақаның аяғынан тік тұруы өте қиын. Тасбақада тіс жоқ, алайда жақсүйектің үстін қаптаған мүйізденген өткір қыр тістен кем түспейді.

Қазақстанда тасбақалардың тұщысуда және құрлықта мекендейтін түрлері бар. Солардың бірі - батпақшыл тасбақа. Оның сауытының ұзындығы 10-17, кейде 20 сантиметрге дейін жетеді. Суда тіршілік ететіндіктен, бұлардың аяқтарында жүзу жарғақтары болады. Батпақшыл тасбақа судан онша ұзап кетпейді, қауіп төнген кезде дереу суға шолп беріп, су түбін қазып, көміледі. Ол құрлықтан қырқаяқ, жылбысқа, шегіртке, қоңыз және т. б. бунақденелілерді ауласа, суда шаянтәрізділер, былқылдақденелілер, итшабақтар, кейде балықтарды да қорегіне жаратады. Батпақшыл тасбақалар сондай-ақ балдырлармен де, су өсімдіктерімен де қоректенеді. Тасбақаның аналығы бір жазда әр жолы 5-10 жұмыртқадан үш рет жұмыртқалайды (мамыр, маусым, шілде айларында). Жұмыртқа салу үшін аналық тасбақа жағаға шығып, тереңдігі 10 см шұңқырға жұмыртқалайды да, соңынан көмеді. Жұмыртқа шұңқырда көмулі қалпымен 2-3 ай жатады, жас тасбақалар сарыуыз қапшығындағы қормен қоректеніп, келесі көктемге дейін жер астында болады. Батпақшыл тасбақаның жұмыртқасы мен еті жеуге жарамды деп есептеледі.

Сауытының ұзындығы 16-19, кейде 28 сантиметрге дейін жететін құрлық тасбақасы - далалық тасбақа немесе ортаазиялық тасбақа деп аталады. Күндіз белсенді тіршілік етіп, кейде ауылшаруашылық дақылдарға: бидай, мақта, қарбыз және басқаларға құнығатын далалық тасбақалар жазда да ұйқыға кетеді, бұл кезде олар тереңдігі 1 м ін қазып, сонда паналайды. Жазғы ұйқысы қысқа жалғасатын да кездер болады, ондайда інін 2 метрге дейін тереңдетіп қазады. Көктемде - наурыз айында ұйқысынан оянып, көбеюге кіріседі. Жаз айларында (сәуір - маусым) екі рет 2-5 жұмыртқадан салып, 80-110 күнде жас тасбақалар шығады, олар қысты топырақ астында өткізіп, келесі көктемде ғана жер бетіне көтеріледі. Жас тасбақалар он жылда ғана жыныстық жағынан толысады.

Әрине Қазақстанда тіршілік ететін тасбақалар үлкендігі жағынан Галапагос аралында мекендейтін піл тасбақадай бола алмайды, піл тасбақаның сауытының ұзындығы 110 см, биіктігі 60 см, ал салмағы 100, кейде 400 килограмға дейін жетеді. Демек, тасбақалардың да алыптары болады.

Қабыршақтылар отряды. Оңтүстік Қазақстанда мекендейтін құлақты батбаттың тіршіліп кейбір әдебиеттерде жұмырбас кесіртке аталып жүрген атаудың жаңсақтығын дәлелдей түседі. Бұл негізінен шағылды құмда тіршілік етіп, тереңдігі бір метрге дейін жететін ің қазып алады. Батбаттар жазда қорек іздеп, іннен ұзақ шығып кетеді. Олар түнде өздері жеткен межеде құмға көміліп, түнеп шығады. Кесіртке құмға көмілерде бауырын құмға төсеп жата қалады да, денесін екі бүйіріне алма-кезек теңселткен кезде астындағы сусымалы құм жан-жағына ығысып, тереңдей-тереңдей, кесірткенің денесін көміп қалады. Сөйтіп алдымен денесі, соңынан басы қүміс көмілген кесірткені қызықтап қарап тұрып: «бат, бат, тағы да бата түс» деген игі тілекте тұрғанда кесірткенің лезде құмға батып, жоқ болып кеткеніне еріксіз таң қаласың. Сәлден соң кесіртке басын көтерген кезде құмның жайлап сусуынан қалған жұқа қабаттан бастың сілемі байқалады. Танаудан шыққан демнің екпінімен және қабақтарын жиі-жиі қағу арқылы мұрны мен көзін құмнан аршиды да маңайда қауіп байқалмаса, қорегін іздеуге кіріседі: құмнан суырылып шығады. Өзіне әлі де қауіп төнгенін байқаса, батбат аяқтарын тарбита, денесін ширықтырып, аузын кең ашады да қорқынышты күйге енеді. Бұл кезде ауыздың сілемейлі қабықшасы, езуі қанға толып, қып-қызыл болады. Мұнымен қоймай, бат-бат қауіп төндірушіге қарай шапшып, тіпті тістеп алады. Кесірткенің екі езуіндегі тісшелер, көмкере күлтеленген тері қатпары құлақ тәрізденіп көрінеді, сондықтан да ол «құлақты батбат» деп аталады. Құлақты батбат құмырсқалармен және қоңыздармен, баларалармен қоректенеді, кейде ұсақ кесірткелерді де жейді. Жаз бойы екі рет (мамыр - маусым және маусым - шілде айларында) 2-6-дан жұмыртқа тауып, құмға көмеді. Шілде айының соңында құлақты батбаттың ұрпақтары көріне бастайды, жас батбаттар екі жылдан соң көбеюге кіріседі.

Қазақстанның оңтүстік өңірінде (Қызылкұм мен Сырдарияның оң жағалауында) ең ірі кесіртке - келес (кейде кесел деп аталады) өте сирек кездеседі. Оның денесінің түсі күм түстес коңырқай және онда ірі-ірі көлденең қарақошқыл жолақтары болады, соған байланысты оны Сыр бойында алабажақ кесіртке деп те атайды. Оның денесінің ұзындығы 150-160 см, ал салмағы 3,5-4 кг. Ол өте сирек кездесетіндіктен, ХТҚО-ның Қызыл кітабына да тіркелген.

Жорғалаушыларды қорғау. Адамдардың жорғалаушылар мекендейтін орындарды бүлдіруі немесе әр түрлі мақсаттарға пайдалануы нәтижесінде олардың одан әрі тіршілік етуіне зор қауіп төнуде. Сондықтан ең алдымен таралу шегі шектеулі жорғалаушыларды болашақ ұрпаққа сақтап қалу үшін орынсыз шығынға ұшыратпай, мекендеген ортасын ұлттық тынымбақтарға, қорықтарға және қорықшаларға айналдыру басты мақсат болып табылады. Бұл жорғалаушылардың тіршілік әрекетімен тереңірек танысуға да, сөйтіп олардың пайда-зиянын түсіну арқылы қорғауға да мол мүмкіндік береді.

Қазақ халқы жорғалаушыларды ежелден-ақ қастерлеп, қорғай білген. Әсіресе улылығына қарамастан, жыланды аман сақтаудың әдістерін ойластырған. Халқымыз жыланды тура атамай, «түйме» деп, үйге жылан кіре қалса, өлтірмей, ақ құйып шығарып салатын. “Жылы-жылы сөйлесең - жылан інінен шығады” демекші, халқымыздың табиғатқа деген тамаша ілтипаты мен жануарларды қорғай білу дәстүрін жоғалтып алмай, жалғастыратын болайық - жасампаз жас достар! Жылан халқымыздың жыл санауында 6-жылды иеленген.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-02-21 12:26:06     Қаралды-639

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ІНЖУ-МАРЖАННЫҢ МӨЛШЕРІ ҚАНДАЙ?

...

Соңғы уақытқа дейін әлемдегі ең үлкен інжу 1934 жылы Оңтүстік Қытай теңізінде Филиппиннің Палаван аралында салмағы 300 кг-нан асатын меруерт табылған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР ҚАЛАЙ ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ?

...

Жер шарының әртүрлі жерлерінде климат айтарлықтай ерекшеленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕГИПЕТТЕ ПИРАМИДАЛАР ҚАЛАЙ САЛЫНДЫ?

...

Мысырдағы Гиза қаласындағы пирамидалар бес мың жыл бойы әлемде бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ЕҢ КІШІ?

...

Ватикан - ең кішкентай мемлекет, дәлірек айтсақ, қала-мемлекет.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУДА ҚАЙ ҚАЛА ТҰР?

...

Италияның солтүстігіндегі Венеция қаласы суда орналасқан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРАЛ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Сіз оны солтүстік жарты шарда іздеуіңіз керек, аралды екі мұхит - Атлант және Арктика жуады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОЛУМБ АМЕРИКАНЫ ҚАШАН АШТЫ?

...

Американың ашылған ресми күні 1492 жылдың 12 қазаны.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МЕМЛЕКЕТ ҚАТЕЛІКПЕН АТАЛДЫ?

...

Кариб теңізінде Пуэрто-Риконың үлкен аралы орналасқан...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ МАТЕРИКА ЕҢ КІШКЕНТАЙ?

...

Австралия - жер бетіндегі ең кішкентай материк.

ТОЛЫҒЫРАҚ »