UF

ТІРІ АҒЗАЛАРДЫҢ МЕКЕН ЕТУ ОРТАСЫ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР

 

Жер бетіндегі адамның қолынан туындамаған барлық нәрселер: климат, өсімдіктер мен жануарлар әлемі табиғат деп аталатыны сендерге «Табиғаттану» пәнінен белгілі. Сондай-ақ табиғаттағы тірі ағзалардың айналасындағылар сол ағзалардың мекен ету ортасы болып табылады.

Мекен ету ортасының жағдайлары біркелкі емес: олардың бірі ағзаға жағымды әсерін тигізіп, тіршілік етуіне, дамуына, көбеюіне септігін тигізсе, екіншісінің ағзаға жағымсыз әсер етуі мүмкін. Осы жағдайлардың барлығы да экологиялық жағдайлар деп аталады.

Экологиялық жағдайлар; өлі табиғаттың (климатқа, топыраққа, суға байланысты) жағдайлары; тірі табиғат (тіршілік атаулыға байланысты) жағдайлары және адамның іс-әрекетіне байланысты (антропогенді) жағдайлары деп бөлінеді.

Табиғи бірлестік құратын өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі жоғарыда сөз болған жағдайлардың маңызына тоқталайық.

Өлі табиғаттың экологиялық жағдайлары. Климатқа байланысты жағдайлардан температура, ылғалдық және жарықтың негізгі экологиялық мәні зор. Тірі ағзалардың қарқынды зат алмасуы, географиялық таралуы көбінесе температуралық жағдайларға тәуелді. Күн қуатының бөлігі болып табылатын жарық әсерінен жасыл өсімдіктерде фотосинтез жүзеге асып, органикалық зат түзіледі. Тірі ағзалардың тәуліктік ырғағын да жарық реттейді.

Топырақтың қасиеттеріне байланысты (құрылымы, тастылығы, құрамында газ, су, органикалық және минералды заттардың болуы) жағдайларда тірі ағзалардың көптеген тобына маңызды әсер етеді. Үнемі немесе мезгіл-мезгіл топырақта мекендейтін тірі ағзалардың тіршілік әрекеті тікелей топырақтағы жағдайларға тәуелді болады.

Тірі ағзалар үшін судың маңызы зор. Тірі ағзалардың денесі негізінен судан құралады. Мәселен, өсімдік құрамындағы судың мөлшері 40-98%, жануарлар денесінде 35-83 процентке дейін жетеді. Сусыз зат алмасу әрекеті жүрмейді. Табиғатта су үш күйде: бу түрінде (ылғалдылық), сұйық күйінде (жаңбыр) және қатты күйде (қар, мұз) кездеседі және оның өсімдіктер мен жануарлар үшін маңызы зор.

Шөл және шөлейт аймақтағы өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіне әсер ететін экологиялық жағдайларға тоқталып көрейік. Ондай аймақтан ылғалда өсетін өсімдіктер кездеспейді, сондықтан қайың, тал, жоңышқа және тышқанбұршақтардың орнына сораң, жусан, құм шағылдарынан ақ сексеуіл, жүзген тәрізді өсімдіктерді жиі көруге болады. Жануарлардан қосаяқ, құлақты кірпі, әсіресе әр түрлі кесірткелер мен тасбақалар көбірек көзге түседі. Мұндағы елеулі жағдайлар мардымсыз ылғалдылық, қуаңшылық, жоғары температура болып табылады.

Тірі табиғаттың экологиялық жағдайлары. Тіршілік иелерінің - бактериялар, өсімдіктер, жануарлардың біріне-бірі әсер етуі арқылы жүзеге асатын жағдайлар тобы тірі табиғаттың жағдайлары болып табылады. Мұнда тірі ағзалардың өзі емес, тірі ағзалар арасындағы өзара қатынас, бір ағзаның екіншісіне тікелей әсер етуі негізгі жағдай болып табылады. Бұл өзара қатынас бірлесіп мекен ету, қоректену және көбею негізінде пайда болады.

Ғаламшарда тіршілік ететін тірі ағзалардың барлығы қоректену әдісі бойынша екі топқа бөлінеді: бейорганикалық заттан өзі органикалық зат түзетін тірі ағзалар және органикалық даяр затпен қоректенетін тірі ағзалар. Жасыл өсімдіктердің тіршілік етуі үшін бейорганикалық заттардан органикалық зат түзуі қажетті жағдай болып табылады, ал бактериялар, саңырауқұлақтар, жануарлар тек дайын органикалық заттармен ғана қоректеніп, тіршілігін жалғастыра алады.

Мұндайда қоректік байланыстың көптеген тірі ағзаларға жағымсыз әсер етуі де мұмкін. Мәселен жыртқыш жануарлар өсімдікқоректі жануарларды, сондай-ақ қорек талғамайтын жануарлар  мен өте үсақ немесе әлсіз жыртқыштарды көп мөлшерде жойып жібереді. Сонымен жыртқыштык - түрлердің тіршілік әрекетіне айтарлықтай нұсқан келтіретін шектеуші жағдай. Тірі ағзалардың тіршілікке қабілеттілігіне паразиттік жағдайдың әсері күшті, өйткені паразиттер (бактериялар, паразит саңырауқұлақтар) солардың есебінен тіршілік етеді.

Бұл мысалдар табиғаттағы тірі ағзалардың тығыз байланысты тіршілік етіп, біріне-бірінің өзара әсер етуіне толық дәлел бола алады.

Адамның іс-әрекетіне байланысты жағдайлар. Қазіргі жағдайларда адамның айналадағы ортаға және тікелей тірі ағзаларға тигізетін іс-әрекеті барған сайын жағымсыз ықпал етуде. Олар табиғи табыскөзді, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар әлемін қисапсыз пайдаланудан олардың қорын түгесітіп қоймай, мекен ету ортасына теріс ықпал етті - айналадағы орта ластанып, бүлінді. Егер ежелгі адамдар өсімдіктер мен жануарларды тек қоректенуге, баспана жасауға ғана пайдаланған болса, іс-әрекеті күрделенген сайын олардың айналадағы ортаға әсері үсті-үстіне күшейе түсті. Адам отты пайдалана бастағанда теріс ықпал күшіне енді. Адамда еңбек құралдары пайда бола бастап, отты абайсыз пайдаланған кезде қисапсыз орман алқабы өртке ұшырады. Аңшылық құралдарды қолдануда өсімдіктер мен жануарлар бұрынғыдан да көбірек қажетіне жұмсалады. Әсіресе техника пайда болған шақта адамның іс-әрекеті табиғи бірлестікке зиянын бұрынғыдан да көбірек тигізді. Зауыттар, фабрикалар, автомобильдер, су және әуе тасымал құралдары ауа қабаты мен сулы ортаны ластағандықтан, ағзалардың көпшілігі онда тіршілік ете алмай қалады.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-02-17 16:44:15     Қаралды-738

ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »