UF

ЖҮЗІМДІ ОТЫРҒЫЗҒАННАН КЕЙІНГІ КҮТІП-БАПТАУ

 

1. Отырғызғаннан кейінгі күтіп-баптаудың міндеті.

2. Топырақты ұстау жүйесі.

3. Жүзімдікті суару.

4. Тыңайтқыштарды енгізу.

5. Жүзімдерді аурулардан қорғау.

6. Жүзімнің бұталарын қалыптастыру.

 

1. Отырғызғаннан кейінгі күтіп-баптаудың міндеті.

Жүзімдіктегі жас көшеттерін күтудің негізгі міндеттері: жақсы өніп кетуін (100%) қамтамасыз ету; тездетіп жеміс салуға көшіру, жыл сайын өсуін қамтамасыз ету және тамыр жүйесінің тереңдеуіне жағдайлар жасау т.б. Өз уақытында қолданылған жоғары агротехника, жас жүзімдіктердің ертерек жеміс салуын қамтамасыз етеді.

2. Топырақты ұстау жүйесі.

Қазақстан жағдайында, әсіресе мамандандырылған жүзім шаруашылықтарында, бақта топырақты ұстаудың бірнеше жүйелері белгілі:

Қара сүрі жер - ылғалы жеткіліксіз аймақтардағы бақ топырағын ұстаудың ең кең тараған жүйесі. Бұл жүйеге топырақты тұрақты тұрде жырту, ерте көктемде тырмалау, немесе аударып қопсыту және жеміс ағаштарының вегетациясы кезінде бірнеше рет қопсыту жатады. Топырақты сүдігірлеп жырту көбіне күзде жүргізіледі және де тамыр жүйесінің жайылу тереңдігіне байланысты әр түрлі тереңдікте жыртылады.

Сурі-сидератты жүйе - сүрі жердің бетіне жаздық немесе қыстық сидерат себумен кезектестіру. Сидераттар дегеніміз - органикалық тыңайтқыш ретінде көк күйінде топыраққа араластырып жырту үшін өсірілетін өсімдіктер. Мұндай өсімдіктер тез, әрі қалың өсуге жырту сәтіне дейін мол көк массасын құрауға, бал араларын қызықтыруға, негізгі қоректік заттарды топырақ ерітіндісінде шоғырландыруға, топырақ эрозиясына кедергі жасауға, оның құрылымы мен құнарлылығын жақсартуға тиіс. Бірақ себілген шөптің барынша өсу кезеңі жүзім дақылдың, сондай-ақ өсуімен сәйкес келмеуі тиіс, өйткені олар бір-бірін өсірмейді, қоректік заттарға ортақтастықты арттырады.

Сидераттар ретінде пайдаланылатын шөптерді жазда, жүзіе дақылдарының өсу процессі аяқталғанда және күзде, жемістері жиналғаннан кейін себеді. Күзде себілген сидераттар, келесі жылдың көктемінде, ал жазда себілсе - онда күзде жыртылады.

Сидераттар ретінде бұршақ тұқымдастары және басқа бір жылдық өсімдіктер (сиыржоңышқа-сүлы қоспасы, көк бүршақ т.б.) пайдаланылады. Гектарынан алынған 200-300 ц көк масса өнімділігі гектарына 15-20 т көң енгізгенмен тең. Оларды жыртылғаннан кейін оңай ыдырайтың массасы әбден көбейген кезеңде шөптер гүл жармай тұрып, ылғалды топыраққа араластырып жыртады.

Жабындау - топырақ бетіне органикалық материалдардан, арнайы қағаздан немесе синтетикалық пленкадан қорғаныш қабатын жасап, топырақты күту жүйесі. Топырақты жабындағанда оны сабанның, пішеннің, ағаш үгіндісінің, көңнің, тағы басқалардың қалың қабатымен (8-12 см) жабады.

Жабындауды Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында - ерте көктемде, алғашқы өңдеуден соң, ал Қазақстанның солтүстігінде тамыр жүйесін жылылау үшін - күзде жүргізеді. Күзде жабынауды тұрақты аяздарға дейін аяқтау қажет. Жабын топырақты нығыздалудан, құрғаудан, эрозиядан, қатты қызудан, тоңазудан сақтайды, арам шөптердің өсуіне кедергі болады, пайдалы микроорганизмдер қызметінің және қоректік режимнің қызметін жақсаруына әсер етеді. Топырақты көпжылдық өңдеудің қажеті болмайды.

3. Жүзімдікті суару.

Жүзім дақылы суды, әсіресе, көктемде мол қажет етеді, бұл кезде жапырақ жарады, сабақтары өсіп тамыр жүйелері жетіледі. Гүлдей бастағанда (яғни, мамырдың аяғына дейін) жүзім сабақтарының бір жылда өсетін мөлшерінің 60%-ы дамиды. Гүлдеу кезінде жүзім суды көп талап етпейді; түйнек байлай бастағанда қайтадан суды мол қажет етеді, пісе бастағанда, жидектері шырын жинағанда (әдетте, шілде-тамыз айының бірінші жартысында) судан қалдырмау керек. Піскен уақытта суды тағы да қажет етпейді. Вегетацияның соңында жүзім жапырақтары сарғаяды. Жүзімдікті суғарудың өзінің белгілі мерзімдері болады.

Суғарудың ең тиімді режимі болып атмосферадан түсетін жауын-шашын мөлшері болып табылады, ал суғару мөлшері оған қосымша, өнімді жоғары мөлшерде алу үшін пайдаланылады. Суғару мерзімін белгілегеннен кейін тек климат ерекшеліктерін ғана емес, топырақты және агротехниканы және сорттардың мүмкіндігін, өсімдіктің тұрысын да есепке алу керек. Негізгі көрсеткіш болып өсімдіктің сыртқы көрінісі және топырақ ылғалдылығы болады. Вегетациялық кезеңнің бірінші жартысында ылғал жеткіліксіз болса сабақтардың ұштарынан және жоғарғы жапырақтардың түсінен байқалады. Егер, сабақтың жоғарғы басы түзіленіп, жоғарғы жапырақтардың қатпарлары жазылып, түсі қоңырқай болса, бұл жағдай топырақ ылғалдығының өсімдікке жетіспеушілігін көрсетеді.

Вегетациялық кезеңнің бірінші жартысында жүзімнің сабақтары өсуін тоқтатса, онда топырақтағы ылғалдылықтың төмен болғаны соншалық өсімдік өзінің жапырақтарында органикалық заттарды жасай да алмайды, бұның нәтижесінде өсу баяулайды. Сондықтан, қолайлы түрде суғару режимін пайдалану, жекелеген ғана сабақтардың өсуін тоқтатуы кезінен кешіктірмей жүргізілуі тиіс. Вегетациялық кезеңнің екінші жартысында жүзімнің суды қажет ететіндігін жапырақтарының түсінен байқауға болады: шөлдеп тұрған жүзімнің жапырақтарының түсі жасыл-қоңыр болады, ең төменгі сабақтағы жапырақтары сарғайып және жиектері құрай бастайды. Өсімдіктің сыртқы жағдайын байқаумен қатар, топырақ ылғалдылығына да көңіл аудару қажет. Топырақ ылғалдылығын ай сайын бір рет тексеріп отыру керек.

Ылғал қуатын арттыратын суарулар. Бұл суаруларды топырақтың тамыр қоректенетін қабаттарындағы сіңірілген ылғал қорын сақтап тұру үшін және жүзімнің қыстап шығу жағдайын жақсарту мақсатында жасайды. Ылғандандырудың нәтижесінде топырақтың жылу өткізгіштігі жоғарылайды, жылу, топырақтың төменгі қабаттарынан жоғарыға жылдам көтеріледі, төменгі температураның өсерін жеңе біледі. Тәжірибелік мәліметтерге қарағанда қысы қатал болған (1953-1954 жж.) ақпан айында топырақтың 40 см қабатында жүзімдікте, күзде ылғал жинаған жерлерде -30С болды, ал суарылмаған үчаскелерде -6,70С болды, яғни, бұл жерде жүзімнің белсенді тамырларының барлығы үсіп кеткен. Ылғалмен қуаттандыратын суғарулар, жүзімдіктегі ылғал қорын еркін сулардың көмегімен толтырады, бұл жағдай басқа дақылдардың күз-қыс айларында пайдаланылмай қалған суларының есебінен жасалады. Бұл суғарудың нормасы ылғалдандыру тереңдігіне қарай есептеледі. 1,5 м 500 ден 1500 м3/га-ға жетеді. Есептеу нормаларын шаруашылықтарда топырақ түрлеріне, түскен ылғал мөлшеріне және қолданылған агротехникаға қарап есептейді. Құрғақшылық болған жылдары осындай бір суарудың өзі әдетте, жүзімнің гүлдеп болуына дейін ғана жетеді. Сондықтан, құрғақшылық жылдары міндетті түрде вегетациялық суғаруды жүргізу керек.

Вегетациялық суарулар. Оңтүстік Қазақстанның климаттық жағдайына сәйкес вегетациялық суғарудың мерзімдері келесідей болады: орташа кеш пісетін «Ркацители» сорты үшін ылғал сиымдылығы төмен топырақтарда, қосымша шілде және тамыз айларында жүргізіледі. Кейде өте кеш пісетін сорттар үшін қыркүйек айының басында үшінші вегетациялық суғаруды жүргізеді. Сонымен, вегетациялық суғарулар, әдетте жеміс байлаған кезде жүргізіледі. Жүзімнің асханалық және десерттік сорттарына ерекше көңіл бөлу керек. Бұндай сорттардың көпшілігі, кеш суғарудың нәтижесінде өздерінің тәттілігін төмендетеді, сырты жарылып кетеді және жидектері шіриді, келесі өнімге бүршіктерінде қор жиналмайды және сабақтарының жетілуі әлсірейді. Егер, вегетацияның бірінші жартасында ылғалдың түсуі 12-15 мм болса, жаздағы суғару мерзімі 5-7 күнге кейінге шегеріледі. Егер, жаздың екінші жартысы жауынды болса (40-60 мм ылғал түссе) онда суғармауға да болады.

Вегетациялық суғарулардың нәтижесінде топырақ ылғалдылығы 75-100 см-ге дейін жетеді. Суғару нормасын анықтағанда топырақтың суғаруға дейінгі ылғалдылығы да ескеріледі. Бұл норма, әдетте 600-800 м2/га аралығында ауытқып тұрады.

Суару техникасы. Жүзімдіктерде атыздың бойымен инфильтрациялап, яғни, жіңішке арықпен атыздан суғару кеңінен таралған, бұл бұтақ қатарларынан 50 см қашықтықта жасалады. Кезектегі суғарудың алдында жүзімдіктің қатарларының арасына атыз жүргізіледі, оның тереңдігі 15-25 см және жалпақтығы 30-40 см болады. Екі метрлік қатар аралықтарына әдетте екі атыз жүргізіледі, ал қатар аралықтары 2,5-3 м болса 3 атыз жүргізеді. Атыз ұзындықтары, топырақтың механикалық құрамы жеңіл болса 100 метр, орташа болса 100-200 м жетеді. Егер, егістік жер ойпаңдау болса атызды тұйық етіп жасайды ұзындығын 100 м, тереңдігін 25 см етеді. Сғаратын атыздарды жасау үшін ілініп тұратын шабықтағыштарды ДТ-20, Т-50ВМ тракторларымен агрегатты қолданады. Су шайып кетпеу үшін және суды автоматты түрде біркелкі етіп тарату мақсатында полиэтиленнен жасалған иілгіш суғаратын шлангілер пайдаланылады, шланглерді брезенттен де және басқа да су өткізбейтін материалдардан жасайды, оларды жинап алуға және жүзімдікті суғарғанда механикалық жолмен жайып тастауға ыңғайлы болатындай етіп жасайды. Бұл шлангілерге тесік жасалады, сол тесік арқылы су, суғарылатын атыздарға түседі. Жүзімді орап қойған аймақтарда су жалпақ әрі терең атыздармен өтеді, олар бұтақтарды орап қойғаннан кейін қатар аралықтарында пайда болған атыздар. Еңіс жерлерге орналасқан жүзімдіктерге әрбір 5-10 метрден соң параллельді түрде көлденең орлар жасалады. Олардың тереңдігі 30-35 см болады. Көлбеу баурайлардағы атыз аралықтары 12-15 метрге ұзартылады. Жүзім өсурудің шеберлері қатар аралықтарына әрбір 10 м сайын көлденең топырақты иіндер жасап тастайды, оның биіктігі 25-35 см болады, оны шахматтық ретпен орналастырады. Жүзім бұтақтарының суғару кезінде жеміс байлаған сабақтарының саны артады: 80-100 мың сабаққа дейін болады 1 гектарда, 50-60 мыңның орнында, бұл жағдай құрғақшылық жағдайда өскен жүзімде байқалады. Бұл жағдайда суарудың пайдалы екендігі көрініп тұр және жүзім де мол өнім береді. Жасалған жоспарға сәйкес суару кезінде топыраққа негізгі тыңайтқыштар да ендіріледі.

Суарған жағдайдағы ең қауіпті нәрсе ол жүзімде қара шіркейдің пайда болуы. Сондықтан вегетациялық кезеңнің алдында міндетті түрде профилактикалық шараларды жүргізу керек және жүзім сабақтарын шіркейге қарсы сұйықтықпен өңдеу керек.

4. Тыңайтқыштарды енгізу.

Бақ бір орнында ондаған жылдар бойы өсіріледі. Сондықтан да топырақ дайындау кезінде ағаш тамыры жататын қабатты тыңайтқыштармен қамтамасыз ету жағын да ойластыру қажет. Жүзімдік отырғызар алдында фосфор және калий секілді жай қозғалатын минералды заттар қорын терең енгізіп алу, өсімдікті көптеген жылдар бойына қоректік элементтермен қамтамасыз етеді.

Жүзімдікті алғашқы салу алдында топыраққа жеткілікті көң шашуға көңіл аудару керек. Ол үшін гектарына 40-60 т көң және 150-200 кг мөлшерінде фосфор мен калий беріліп терең жыртылады. Екпе көшетті отырғызғанда әрбір шұңқырға 5-10 кг кара шірікпен 200-300 г суперфосфат салады. Сол себепті жас жүзімдікке 2-3 жыл бойы тыңайтқыш қолданбайды. Жеміс салу кезінде жүзімге толық минералдық тыңайтқыш беру керек. Мұнда гектарына N60P60K120 (қара қоңыр топырақ) және N120-150 Р50-60К60-90 (боз топырақ) пайдалану мол өнім жинауды қамтамасыз етеді. Минералдық тыңайтқыштарды ерте көктемде, жүзім бүршік атпастан бұрын қатар аралығына 30-35 см тереңдікке енгізу керек. Жүзімдікті микро- тыңайтқыштармен үстеп қоректендіру ұсынылады. Ол үшін мырыш сульфатының 0,1%-тік ерітіндісімен гүлдеу аддында және жүзім пісер алдында бүркеді (1 гектарға 400 л ерітінді). Жеміс-жидек дақылдарына қолданылатын тыңайтқыш мөлшеріне топырақ және өсімдік құрамындағы қоректік заттардың деңгейіне сәйкес түзету енгізген дұрыс.

5. Жүзімдерді аурулардан қорғау.

Өсімдіктер аурулары - әртүрлі себептердің-ауру қоздырғыштарының және ортаның қолайсыз жағдайларының әсерінен өсімдікте өтетін процестер функциялардың бұзылуында (фотосинтез, тыныс алу, пластикалық және бойлық заттардың синтезі, су тогы, қоректік заттар), организм құрылысы пайда болады және өсімдіктердің мезгілсіз жойылуын немесе оның жекелеген мүшелерінің зақымдануын тудырады.

Өсімдік ауруларының үш негізгі түрі бар: саңырауқұлақ, бактериялық және вирустық. 1) саңырауқұлақ аурулары. Саңырауқұлақ аурулары көп және көптеген кең таралған, мысалы, ұн шығы мен тот. Жіпшелер – таса нәзік жіп тәрізді бездер - барлық жерде еніп, шын мәнісінде таңғалдырады сабағы, жапырақтары, бұтақтар саңырауқұлақпен жұқтырған өсімдіктер. Ауру бір өсімдіктен басқа микроскопиялық дауларға беріледі, олар өсімдіктер бетінде дамиды, кейде тіліктер мен жарықтар арқылы ішке енеді. Жіпшелердің спорасы өсіп келе жатқанда, зауыт тез түседі. Кейбір саңырауқұлақ аурулары өсімдіктердің кең спектрі үшін қауіпті, басқалары тек бір немесе бірнеше түрлерін зақымдайды.

2) бактериялық аурулар. Ауру тудыратын бактериялар-микроскопиялық бір жасушалы организмдер. Олар өсімдіктің ішінде дамиды, оған зиян келтіреді. Бұл аурулар саңырауқұлақ қарағанда бақылау қиын. Бактериялық инфекциялардың қақпалары жаралар, егу кесінділері, сабақтардағы табиғи жарықтар және жапырақтардың зақымдануы болуы мүмкін. Бактерияларға ылғал қажет, сондықтан олар шикі ауа райында, әсіресе жылы болғанда қауіпті.

3) вирустық аурулар бұрын ауру өсімдікте болған ұсақ жәндіктер — тасымалдаушылардың көмегімен өсімдіктердің шырынына жиі түседі. Егер зауыт жұқтырған болса, вирус жойылады. Біте вирусты инфекциялардың негізгі тасымалдаушысы болып табылады, сондықтан өсімдіктерді инсектицидпен үнемі өңдеу өте маңызды. Вирустар өсімдіктерді сирек өлтіреді, себебі бұл жағдайда вирустардың өздері иесі жоқ болар еді. Алайда, олар зақымдаған өсімдіктер өмірлік күшін жоғалтады, әлсіз болады.

Өсімдік қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына және өсірудегі қателерге байланысты ауырады. Дамуында мұндай ауытқулар физиологиялық ретінде белгілі. Барлық осы бұзылулар айқын белгілермен сипатталады және әрқайсысын емдеу үшін белгілі бір шаралар қажет.

Септориоз. Septoria тектес саңырауқұлақтарды зақымдайтын ауру. Жапырақтарда сарғыш жиегі бар Қою қоңыр немесе қою сұр дақтар немесе ұсақ қызыл немесе қызыл-сары дақтар пайда болады. Содан кейін дақтар ортасында - саңырауқұлақтың жеміс беру мүшелері пайда болады, олар тіпті жапырақтарда теріс температурасында созылуы мүмкін және ауру көктемде тарала бастайды.

Тат. Мысалы, Phragmidium немесе Puccinia тектес саңырауқұлақтар тудыратын ауру. Жапырақтың жоғарғы бетінде қызғылт-қоңыр бұрыштар пайда болады, ал жапырақтың артқы жағында сопақша немесе дөңгелек пішінді пустулалар көрінеді. Бірте-бірте дақтар жолақтарға айналады, жапырақтары сарғады және түседі.

Фузариоз немесе трахеомикоз. Fusarium тектес саңырауқұлақтар тудыратын кең таралған және қауіпті ауру. Өсімдіктер кез келген жаста зақымданады. Саңырауқұлақ топырақта орналасқан және өсімдікке топырақ пен жаралар арқылы енеді. Жас өсімдіктерде ауру тамыр мен тамыр мойынының шіруі түрінде көрінеді. Бұл жерлерде маталар бұрылады,сабақ жұқа болады, жапырақтары сары. Өсімдіктердің ұштары көп ұзамай барлық өсімдікке өтеді. Ауру негізінен ошақпен таралады. Инфекция топырақ арқылы таралады. Әлсіз өсімдіктер ауруға күшті бейім. Ауру жіті түрде де (өсімдік 5-7 күннен кейін өледі), сондай-ақ созылмалы түрде де (аптамен созылады) өтуі мүмкін. Саңырауқұлақтармен бөлінетін уыттар өткізуші ыдыстар бойынша беріледі, сондықтан зақымданған өсімдіктен қалемшелерді кесетін болса, онда сабақ кесіндісінде қан тамырлары жүйесінің қою сұр немесе қоңыр сақинасын көруге болады.

Шірік. Өсімдік ұлпаларының жұмсаруы мен өлуі байқалады, содан кейін зақымдану орнында көбінесе жағымсыз иісі бар жартылай жапырақты шірік масса пайда болады. Ет шырынды жапырақтары мен сабақтары бар өсімдіктер, сондай-ақ жүзім. Бактериялық шірік тамырынан және жапырақтары мен түстен басталуы мүмкін. Әдетте, құрамы жағдайларының өрескел бұзылуының себебі - артық суару, әсіресе салқын ұстау, азотты тыңайтқыштарды артық енгізу кезінде.

Теңбіл ауру нысаны бойынша әртүрлі дақтармен және жолақтармен, жапырақтардағы ақ немесе сарғыш, гүлдерде ашық немесе қара дақтармен сипатталады, бұл хлоропласттардың ыдырауынан туындаған. Теңбіл әдетте қандай да бір сурет бар - концентрациялы шеңберлер, сақиналар немесе жолақтар қандай да бір тәртіппен немесе өрнекте орналасқан. Сонымен қатар, теңбіл жиі жапырақтың пішінін өзгертеді – әжімділігі пайда болады.

Жапырақтардың құртуы-жапырақтарда 1-2 мм өлшемдегі көптеген ұсақ дақтар пайда болатын вирустық ауру. Жапырақтары нәзік, бұйра болады, гүлдер пішінін өзгертеді. Ауру сұр-ақ немесе ашық-сары дақтар мен сызықтардың пайда болуы мүмкін.

Күрес шаралары, алдын алу.

Жүзімдіктерді аурулардан қорғауда алдын алу іс-шаралары шешуші мәнге ие: жүзім өсімдіктеріне өсуі мен дамуы үшін ең жақсы жағдай жасау, тұрақты сорттарды өсіру, ұтымды көшет шаруашылығы, көшеттерді химиялық дәрілеу, бүрку, тозаңдандыру және вегетациялайтын өсімдіктерді басқа да химиялық өңдеу. Ауру өсімдіктерді емдеу да маңызды мәнге ие, мысалы, хлорозды өсімдіктерді сауықтыру, термиялық зарарсыздандыру, кейбір вирустармен жұқтырған көшеттерді және егу материалдарын қыздыру. Өсімдіктер ауруларын қоздырғыштардың бір елден екіншісіне енуін ескерту үшін карантиндік іс-шаралар қолданылады. Өсімдіктер карантині - ауыл шаруашылығы дақылдарының қауіпті зиянкестерінің, аурулары мен арамшөптерінің енуі мен таралуының алдын алуға мүмкіндік беретін мемлекеттік іс-шаралар кешені. Елдің өсімдік ресурстарын қорғауға бағытталған.

Аурулармен күресу өте қиын. Қандай да бір аурудың алғашқы белгілері кезінде зақымдалған жапырақтар мен қашуларды алып тастау, өсімдіктерге күтім жасауды жақсарту, олардың өсуі мен дамуы үшін оңтайлы жағдай жасау қажет. Осылайша өсімдіктердің иммунитеті артады. Өсімдіктердің тұрақтылығын арттыру үшін арнайы препараттармен бірнеше бүрку жасауға болады.

Жапырақтарда жұмсақ қоңыр немесе қара дақтар пайда болған кезде зақымданған бөліктерді дереу алып тастау, кесіктерді өңдеу және ауру өсімдіктерді оқшаулау қажет.

Саңырауқұлақтардың - паразиттердің дамуымен күресу үшін, бұл өсімдіктер өмірін құтқару үшін қажет болғанда, арнайы фунгицидтермен өңдеу қолданылады. Әрбір ауру үшін препаратты таңдау жақсы, бірақ көптеген фунгицидтер бар («Акробат», «Байлетон», «Дитан М-45», «Имбатт», «Каратан 350 ЛЦ», «Купроксат», «Мистик», «Ратамил», «Тиморекс», «Флуат»). Химиялық препараттарды қолдану кезінде нұсқауларды ұстану және сақтық шараларын сақтау керек.

6. Жүзімнің бұталарын қалыптастыру.

Жүзімнің бұталарын қалыптастыруға екінші жылы кіріседі. Екінші жылдың күзінде жүзімдіктерде тік аспа орнатылады. Аспа орнату үшін диаметрі 1,5-3 мм мырышталған сым және ағаш немесе темір-бетон бағаналар қолданылады. Жүзім қыста көмілетін болғандықтан, жергілікті табиғи жағдайларға барынша сай келетін жүзім түбі сидамсыз, көп ашалы ңүс қауырсынды пішінді бұталар өсіріледі. Бұл пішін жүзім түбінің қуатты болуына және топырақтың құнарын барынша толық пайдалануға мүмкіндік береді, жүзім түбі икемді, ашалары жерге еркін сиятын болады, мұның өзі жүзімді жақсылап көму үшін қажетті шарт болып табылады. Бұл пішін бойынша қалыптастырылған жүзім түбінде өзінің өсу қуатына қарай 4-8 аша болады. Егер жүзімдік жақсы күтілсе, жүзім түптерін қалыптастыру алғашқы 2-3 жыл ішінде аяқталуы мүмкін. Төрт ашалы құс қауырсынды пішінді жүзім бұтасын өсіру төмендегідей жолмен жүргізіледі. Жүзімдікте отырғызылған көшеттердің жер бетіндегі бөлігі 2 бұтақтан құралған және бұл бүтақтардың әрқайсысында 2 бүршіктен қалдырылған болса, онда бірінші жылы 4 бұтақ өсіп шығады. Келесі жылы көктемде қырыққан кезінде жүзім түбінің ортасынан шыққан екі бұтақ 50 см, ал ішкі екі бұтақ 40 см қысқартылады, бұлар ашаларды қалыптастыруға арналған. Бұл ашаларда ең жоғарғы 2- бүршік қалдырылады да, ал төменгі бүршіктер қырқылып тасталады. Жүзімнің өсу кезеңінде әр ашадан қалдырылған 2-3 бүршіктен бұтақтар өсіп шығады. Жүзім отырғызылғаннан кейінгі үшінші жылы көктемгі қырқу кезінде әр ашадан екі-екіден бұтақ қалдырылады, сонымен бірге сыртқы бқтақ болып шығуға тиісті төменгі бұтақ ауысу бұтақшасы болу үшін қысқанылады, ал жоғарғы ішкі бұтақ жеміс буыны болу үшін ұзын қырқылады. Әрбір ашадан жеміс буыны қалыптастырылады, сөйтіп үшінші жылы жүзім өнім салу кезеңіне толық енеді. Кейінгі жылдары әбден қалыптасқан жүзім түбін кескенде өнім салып біткен жеміс бұтақшалары қырқылып тасталады және ауысу бұтақшаларына өскен бұтақтардан жеміс буыны қалыптастырылады. Қалыптастырылған жүзім түбінде мынадай бөліктер болады:

1) Сидам - жүзім түбінің жер бетінен бастап алғашқы бұтақтарға дейінгі төменгі бөлігі;

2) Аша - сидамнан жоғары кететін негізгі бүтақ;

3) Мүйізше - ашалардан шығатын қысқартылған көпжылдық және екіжылдық бұтақ, олардан жеміс буыны шығады;

4) Жеміс буыны - жеміс бұтақшасы мен ауысу бұтақшасынан құралады.

Жеміс бұтақшасы - екіжылдық бұтаққа өсетін және бүршіктері бар ұзын қырқылған сабақ. Ауысу бұтақшасы - екіжылдық немесе көпжылдық бұтақтарға өсетін қысқа қырқылған сабақ, бұларға жаңа жеміс буыны қалыптасуына және келесі жылы өнім беруге арналған бұтақтар өседі. Ашалардың, мүйізшелердің және жеміс сабақтарының саны мен олардың орналасу тәртібі жүзім түбінің пішінін белгілейді.

Жүзімді кескен кезде мынадай ережелер сақталады:

1) Кесілген жердің барлығы біркелкі, тегіс болуы тиіс.

2) Жеке бұтақтарды қырыққанда, олар түбінен қырқылады. Жүзім түбінің көпжылдық бөліктері айырларынан немесе өзінен бұрын шыққан көрі бұтақтарға қабысқан жерінен қырқылады.

3) Әрбір көпжылдық бұтақта немесе ашаның ұшында мүйізшелер болуы тиіс. Өйткені бұл мүйізшелерге жеміс буыны қалыптасады.

4) Жеміс буынында ауысу бұтақшасы әр уақытта жүзім түбінің орталығының сырт жағында және жеміс бұтақшасының төменгі бөлігінде болуға тиіс.

5) Жеміс бұтақшасы мүйізше үстінде ауысу бұтақшасына қарсы жақта орналасуы тиіс.

Аша мен мүйізшенің екінші жағын жарақаттап алмау үшін олар үнемі бір жағынан кесіледі. Бұл сонымен бірге қоректік заттардың жүзім түбін бойлай кедергісіз қозғалуы үшін маңызды шара болып табылады.

Жаздың екінші жартысында бұтақтар жетіле бастайды. Бұтақтардың жақсы жетілуін қамтамасыз ету үшін олардың өсуін тоқтату қажет. Ол үшін тамыз айында бұтақтар шырпылады. Шырпу кезінде негізгі бұтақтар мен өгей бұтақтардағы өсіп жетілмеген жапырақтар мен бұтақтардың ұштары қырқылып тасталады. Осы мақсатпен тамыздан бастап жүзімді суару да тоқтатылады. Күзде, қыркүйек айының аяғында жүзім түптері қалыңдығы 20-30 см топырақпен көміледі.

Бірінші жылы жүзім бұталары қатараралықтардағы топырақты соқамен аударып жырту арқылы көміледі. Жүзім бұталары екінші жылы күзде жүзім сабақтарын орналастырушы аспалы машинамен көміледі. Жүзімнен мол өнім алу үшін жүзім түптерін ашудың мерзімін дүрыс белгілеудің зор маңызы бар. Егер жүзім түптері белгіленген мерзімнен ерте ашылса, бөртіп қалған бүршіктер, сондай-ақ жаңа өсіп келе жатқан жас өркендер аязға үсіп кетуі мүмкін, ал жүзім түптері кеш ашылса, жер астында жатып бүршіктер мен жас өркендер шіріп кетуі мүмкін. Жүзім түптерін ашудың ең жақсы мерзімі — сок жүру кезеңі болып табылады.

Жүзім түптерін сок жүру басталған кезде ашуға кірісіп, бүршіктердің бөртуі басталғанға дейін аяқтау қажет. Жүзім түптерін ашқанда сабақтардың сынуына және жаралануына жол бермеу керек. Көктемде жүзім түптері ашылғанға дейін аспалар жөнделеді. Аспаларды жөндөу кезіндө қисайған бағаналар түзетіледі, түптері босаған бағаналардың түптері нығайтылады, жазда және күзде босап қалған темір сымдар қайта керіледі.

Жүзім түптері ашылып, бұтақтар қырқылып болған соң, жүзімнің көпжылдық бөліктері аспаның темір сымдарына байланады, мұны құрғаң асып байлау деп атайды. Бүршіктердің өсуі, жидектердің ішінде қант пен қышқылдардың тиісті мөлшерде болуы, бұтақтардың бірқалыпты өсуі жүзім сабақтарының аспада дұрыс орналасуына байланысты. Егер бұтақтар тік өсетін болса, қуатты бұтақтар жоғары қарай өседі де, ал төменгі бүршіктер нашар өседі. Егер жүзім сабағы көлбей 450 бұрыш жасап орнатылса, онда бұтақтар кәдімгідей бірқалыпты өседі. Жүзім сабағының көлбей өсуі бұтақтардың бірқалыпты жақсы өсуін қамтамасыз етеді.

Егер жеміс бұтақшалары көлбей өссе, онда бүршіктер барынша бірқалыпты қоректенеді және бұтақтар да бірқалыпты өседі, сондай-ақ жапырақтар жарықпен жақсы қамтамасыз етіледі, жүзім барынша біркелкі піседі, жеміс шоқтары да үлкен болады.

Жүзім сабақтарын орналастыру және аспаларға асып байлау жүзім түбін қалыптастыруға сәйкес жүргізілуі тиіс. Егер жүзім түбі сидамсыз, көп ашалы құс қауырсынды болып келсе, көпжылдық бұтақтар мен жеміс бұтақшалары аспаның төменгі екі қатар сымына асылып байланады, аша мен ауысу бұтақшасы төменгі сымға, ал жеміс бүтақшалары жоғарғы сымға асылады.

Жүзім сабақтарын шыққан өнімнің салмағын көтере алатындай берік материалмен байлау қажет. Мұндай материал ретінде жөке, кендір жіп пайдаланылады. Өсу кезеңі ішінде жүзім сабағы жуандайтын болғандықтан сабақты аспаға байлаған жіптер қиып кетпеуі үшін босаңдау етіп байлау керек.

Жүзімнің бұталарын жатқызып көмуді механикаландыру кезінде ПРВН-2,5 А соқасымен жүзімнің сабақтарын орналастырушы ПРВН-39000 құралы қолданылады. Жүзімнің бұталарын ашу үшін икемделген құрал ПРВН-74000 қолданылады.

Жүзімдіктерде қырұу жұмыстары мынадай мақсаттарды орындау үшін жүргізіледі:

1. Жүзім бұталарының өнімділігін арттыру;

2. Жүзімнің бұталарын күту, қатараралықтардағы топырақты өңдеу және суыққа, аурулар мен зиянкестерге қарсы күресу шараларына ыңғайлы, әрі тиімді болуын көздеу;

3. Жүзімнің бұталарын қысқы зақымданудан қорғауды жеңілдету;

4. Жүзімдікте орындалатын жұмыстарды механикаландыруға жағдай жасау.

Жүзімді қырқу кезінде әрбір бұтада бүршіктердің қажетті санын қалдыру өте маңызды. Жүзімнің жыл сайын беретін өнімінің көлемі мен оның сапасы, жүзім бұталарының өсу қуаты мен тіршілігінің үзақтығы әр бұтада бүршіктердің қажетті санын қалдыруға тікелей байланысты болады.

Жүзім өсіретін шаруашылыңтарда жүргізілген тәжірибелер анықтағандай Түркістан облысында 1 гектардан 400 центнерге дейін өнім алу үшін 1 бұтада қалдырылатын бұршіктердің қажетті мөлшері «Нимранг», «Тайфи розовый», «Баян ширей» сорттары үшін 180-200 бұршік, ал «Тербаш» сорты үшін 150-160 бұршік. Әр бұтаға берілетін жүктеменің негізгі көрсеткіштеріне мыналар кіреді: жақсы қалыптасып жетілген өркендердің саны, олардың өнім салғыштығы және аспалардың өн бойында еркін орналасу мүмкіндігі.

Жүзімдіктердің өнімділігін арттыру үшін толыққанды өнім беретін өркендердің жеткілікті санын өсірудің маңызы үлкен.

Сарыағаш ауданына қарасты «Қонысбаев» жүзім өсіретін шаруашылығында жүргізілген тәжірибе көрсеткендей, жүзімнен сапасы жақсы әрі жоғары өнім алу үшін 1 бұтада қалдырылатан өркендердің қолайлы саны «Тербаш» сорттары үшін 30-35, ал «Ркацители» сорты үшін - 35-40 өркен және әр сабақта қалдырылатын бұршіктердің қолайлы саны - «Тербаш», «Ркацители» сорттары үшін 5-6. Әр бұтада жоғарыда көрсетілгендей, өркендер мен бұршіктер қалдырылғанда, 1 гектардан алынатын өнім «Тербаш» сортынан 190-244 ц, «Ркацители» сортынан 139-175 ц болатыны анықталды.

Жүзім өсіретін шаруашылыңтардың көпжылдық төжірибесіне қарағанда, Мырзашөл аймағында агротехникалық шаралармен бірге бұршіктердің қолайлы санын қалдыру арқылы (техникалық сорттар үшін 150-200, ал асханалық сорттар үшін - 250-270) әр гектардан 165 ц өнім алуға қол жеткізілді. «Октябрьский», «Тайфи розовый», «Баян ширей» сорттары жоғары өнім берді (255-307 ц/га).

Жүзім сабақтарын жазда көктей кесуге (жасыл отау) артық бұтақтарды кесу (сындыру), шырпу, өгей бұтақтарды және бұтақтардың ұшын қырқу жатады.

Бұл операция құрғақ кесуді толықтыра түседі, жүзім түбін қалыптастырады және бұтақтардың шамадан тыс жиіленіп, көлеңке астында қалуын жояды.

Кесу (сындыру) жұмысын бұтақтардың ұзындығы 4-7 см-ге жеткенде және гүл шоғырлары айқын көрінген кезде жүргізу қажет. Басы артық бұтақтарды кескенде (сындырғанда), ең алдымен жүзім түбінің жер астындағы бөлігінен өсіп шыққан бұтақтар жойылады.

Жүзімнің жас бұталарында сидам, ашалар және жеміс буындарын қалыптастыру үшін тамырдан өсіп шыққан бұтақтардың ішінен 2-3 бұтақ қалдырылады да, басқалары кесіледі. Сонан соң жүзімнің діңі мен ашаларына шыққан өнім салмайтын бұтақтар қырқылады.

Өнім салып тұрған жүзімдіктерде жүзім түбінің өскеніне екі жыл болған бұтақтарына бір-бірден екі, ал кейде үш бұтақ өсетін жағдай да жиі кездеседі, бұл бұтақтардан да бір-бірден қалдырылады. Артық бұтақтарды кесу (сындыру) алғашқы үш жылда жыл сайын 2-3 реттен жүргізіледі.

Жоғарғы өркендердің ұшын қырқу кезінде жасыл бұтақтардың ұштары 4-6 см қысқартылады. Жеміс бұтақшаларына өскен жасыл бұтақтардың ұштары ғана қырқылады. Сонымен бірге негізгі бұтақтар да және негізгі бұтақтарға өскен өгей бұтақтар да қысқартылады.

Ауысу бұтақшаларына өскен бұтақтар қысқартылмайды. Бұтақтардың ұштарын қысқарту гүлдеу кезеңінің алдында жүргізіледі. Бұл жұмысты жүргізгенде қысқартылған бұтақтар өсуін уақытша тоқтатады, гүл шоғырларының қоректенуі жақсарады, гүлдердің жақсы тозаңдануына, түиіндердің төгілуінің азаюына және жидектердің ұсақтап кетуін азайтуға қол жеткізіледі.

Өгей бұтақтарды қырқу Қазақстанның жүзім өсіретін аймақтарында негізгі жасыл бұтақтардың көктемде суықтан үсуі, сондай-ақ жүзім сабақтары мен гүлдерінің қысқы және көктемгі суықтан үсуі жиі болып тұратындықтан, өгей бұтақтардың бәрін бірдей кесіп тастауға немесе тұқылдауға болмайды. Қыс кезінде көптеген бүршіктердің үсіп кетуіне байланысты жүзім түптерінде бұтақтар аз болады, сондықтан құрғақ кесу кезінде жеміс бұтақшасында 2-3 өгей бұтақты қалдыру арқылы жүзім түптеріндегі бұтақты көбейту қажет. Бұл қалдырылған өгей бұтақтар жүзім түбінде қосымша бұтақтардың болуын ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен бірге негізгі бұтақтардағы бүршіктердің жарылуының басталуын кешеуілдетеді. Өйткені мұндай жағдайда тамырдан келетін қоректік заттар өгей бұтақтардағы бүршіктерге бөлінеді, сөйтіп негізгі бұтақтардың бүршіктері өсуін уақытша кешеуілдетеді. Осының арқасында кейде көктемде болатын суықтан сақталады.

Жүзім түбінде өгей бұтақтар шығу үшін жасыл бұтақтарды жазда шырпу қажет. Бұл операцияны істегенде қаулап өсіп келе жатқан бұтаңтардың ұшы 15-20 см қысқартылады. Бұл бұтақтарға шыққан өгей бұтақтарды шырпу ұзындығы 5-7 см-ге жеткен кезде арада бір бұтақтан қалдырып жекелеу арқылы жүргізу қажет, ал барлық басқа бұтақтарға өскен өгей бұтақтар толық қырқылады. Түркістан облысында негізгі бұтақтар көктемде суыққа шалдығып үсіген кезде, өгей бұтақтарды сол жылғы өнімнің орнын толтыру үшін пайдалануға болады. Ол үшін қойын гүлдер жаңа өсіп келе жатқан кезде оларды қоректендіруді қамтамасыз етерліктей және өнім салатын өгей бұтақтар өсетіндей етіп, жүзім гүлдеуден 10-18 күн бұрын негізгі бұтақтардың ұштары қырқылады. Мұндай жағдайда бұтақтарды тұңылдау жүзімді үстеп қоректендірумен және суарумен ұштастырылуы тиіс.

Жүзімнің бұтақтарын шырпу бұтақтарды шырпығанда олардың өсуі тоқталады, осының нәтижесінде жүзімнің сабақтарында пластикалық заттар жинақталып көбейеді, сөйтіп жүзімнің сабақтарының жетілуіне қолайлы жағдай жасалады. Сондыңтан дұрыс және дер кезінде жүргізілген шырпу жүзім сабақтарының қысқы суыққа төзімділігін арттырады.

Жасыл бұтақтарды шырпыған кезде жасыл бұтақтардың ұштары 25-30 см қысқартылады.

Бұтақтарды шырпу мерзімі ауа райына және сортқа байланысты. Егер ауа райы салқын және жауын-шашын мол болса, сондай-аң жүзім түптері өсіп келе жатса, онда бұтақтар кеш шырпылады. Жауын-шашын аз, жазы ыстық және жүзім түптері нашар өссе, онда ерте шырпылады.

Шапшаң өсетін сорттардың бұтақтарын шырпу өсуі ұзаққа созылатын сорттардан гөрі ерте жүргізіледі.

Бұтақтарды шырпуға бұтақтардың өсуі әбден баяулаған кезде және бұтақтардың төменгі жағы жетіле бастап, ал түп жағы қоңырқай тарта бастаған кезде кірісу керек.

Бұтақтарды шырпу мерзімі Түркістан облысында тамыз айының бірінші онкүндігіне тура келеді.

Жасыл бұтақтарды асып байлау бұтақтарды сынудан сақтау үшін және бұтақтарға жарық тегіс түсу үшін жасыл бұтақтар жаз бойына 2-3 рет аспаға асылып байланады. Бұтақтардың ұзындығы 30-40 см-ге жетісімен ол бұақтар аспаның үшінші қатарындағы сымына алғашқы рет асып байланады.

Бұтақтар аспаның келесі қатарына жеткен кезде төртінші немесе ішінара үшінші қатардағы сымдарға екінші және үшінші рет асылып байланады. Бұтақтар жуандаған кезде оларды байлаған жіп қиып кетпеу үшін босаңдау қазық баулап байлайды. Бұтақтарды асып байлағанда да жүзім сабақтарын құрғақ асып байлау кезінде пайдаланылатын материал қолданылады.

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-02-10 13:45:51     Қаралды-1198

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »