UF

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘЛІМІ ЖӘНЕ СУАРМАЛЫ ЕГІНШІЛІГІНДЕ ҰСЫНЫЛАТЫН ҚЫСҚА РОТАЦИЯЛЫҚ АУЫСПАЛЫ ЕГІСТЕР

 

1. Ауыспалы егістерді құрудың принциптері.

2. Тәлімі жерлердегі ауыспалы егістер.

3. Суармалы жерлердегі ауыспалы егістер.

 

1. Ауыспалы егістерді құрудың принциптері.

Ауыл шаруашылығы дақылдарынан тұрақты түрде жоғары, сапалы және арзан өнім алу, топырақтың құнарлылығын әрдайым арттырып отыру үшін өндірілетін ауыспалы егістерді жасағанда төменгі принциптерді (қағидаларды) ұстанған жөн.

  1.  Бейімделу принципі. Бұл принцип екі мәселеге негізделеді: біріншісі - ауыспалы егісте өсірілетін дақылдардың жергілікті топырақ-климаттық жағдайына үйлесімділігі, яғни олардың осы жерде жоғары өнім бере алатыңдығы, екіншісі - нақтылы шаруашылық жағдайында алдын ала болжау арқылы жасалған егіс көлемінің кұрылымына сәйкестігі.
  2.  Биологиялық және шаруашылык-экономикалык пайдалылық принципі. Бұл қағида бойынша ауыспалы егісте дақылдардың күздік немесе жаздық түрін, таза немесе екпе парды колдану, көп жылдық шөптерді таза түрінде немесе араластырып егу, бүркеме дақылдарды қолдану, тыс танапты, аралық, сидералды дақылдарды қолдану-қолданбау және басқа мәселелер жатады.
  3. Ұрық алмастыру принципі. Бұл жерде ауыспалы егісте өздерінің биологиялық және өсіру технологиясымен оқшауланатын дақылдарды жылда алмастырып отыруды жоспарлап, керекті ұйғарымға келу жұмыстары қаралады.
  4.  Мерзімдік принципі. Ауыспалы егістегі дақылдарды қайталап себу мерзімін сақтау жұмыстары кіреді. Бұл мезгіл әр түрлі болатыны белгілі, тек оны жергілікті жердің жағдайларына байланыстырып, аймақтық ғылыми-зерттеу мекемелерінің ұсыныстарын пайдалана отырып жасау қажет.
  5.  Үйлесімдік принципі. Негізгі дақылдар үшін пайдаланылатын алғы егістерді және қайталап себу мүмкіндігін анықтау. Бір тұқымдастыққа жататын дақылдарды бірінен кейін бірін орналастыруға болмайтындығын ұстану туралы қағида.
  1. Егістікті пайдалану принципі. Бұл жерде ауыспалы егістерге аралық дақылдарды енгізіп, егістік жердің пайдалану коэффициентін көбейту мәселелері.
  2. Мамандандыру принципі. Шаруашылықтың мамандану бағытына сәйкес ауыспалы егісті аз ғана дақылдармен шектеу.

Ауыспалы егістерді ендіргенде техниканы тиімді пайдалану, еңбекті дұрыс ұйымдастыру мәселелерін ұмытпау керек.

2. Тәлімі жерлердегі ауыспалы егістер.

Тәлімі егіншілік дегеніміз - құрғақшылық суармалы өңірде қысқы және ерте көктемдегі ылғалды пайдаланып, егісті суғарусыз өсіру. Тәлімі жерлер негізінен Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Солтүстік, Батыс Тянь-Шанның тау етектерінде және оларға жалғасып жатқан шөлейт жазықтықта орналасқан.

Бұл аймаққа тән жауын-шашын режимінің басты ерекшелігі - оның басым мөлшерінің жылдың қысы мен көктеміне, ал аз болатын кезеңі жаз айларына сай келетіні.

Ылғалмен қамтамасыз етілу дәрежесіне және топырақ түрлеріне сәйкес тәлімі жерлер мынадай топтарға бөлінеді: өте қуаң тәлімі жер (жылдық жауын-шашынның мөлшері 220-250 мм ден 280-300 мм дейін болады; топырағы әр түрлі бозтопырақ, сұртопырақ); жартылай қуаң тәлімі жер (260-300 мм ден 330-400 мм-ге дейін, топырағы - ашық қара қоңыр); қуаң тәлімі жер (330-400 мм ден 400-600 мм дейін, одан да артық; топырағы - күңгірт қара қоңыр).

Тәлімі жерлердегі егін шаруашылық аумақтың ең алдымен климатына байланысты өзіне тән ерекшеліктерімен оқшауланады. Әсіресе өте қуаң тәлімі жерлерде өсірілетін дақылдарға қойылатың танапқа сәйкес, олардың түрі көп болмайды. Астық дақылдарынан бұл аймаққа көбірек бейімделген болып күздік бидай, жаздық арпаны айтуға болады. Өйткені, өсіп-даму ерекшелігіне байланысты ерте көктемгі ылғалды тиімді пайдалана алады және жаздың ортасына қарай болатын топырақ пен ауа қуаңшылығына дейін пісіп-жетіліп үлгіреді.

Көп жылдық шөптерден аймақтың қатаң жағдайына төзімділері - жоңышқа, эспарцет, еркекшөп.

Отамалы дақылдардан ылғалы көбірек аудандарда жүгері, қуаң жерлерде құмайды (қонақ жүгеріні) атауға болады.

Тәлімі жерлерде астықтан және басқа дақылдардан жоғары өнім алуда ауыспалы егістердің рөлі өте зор. Олардың негізгі буыны, жетекші алғы дақылы пар болып есептеледі. Күздік және жаздық дәнді дақылдар үшін ауыспалы егісте ең қолайлы орын болып қара таза пар саналады. Мұндай парда сүдігермен салыстырғанда ылғалдың мөлшері 1,5 есе, нитраттар отамалы дақылдарға қарағанда 2 есе көп болады, арамшөбі алмастырмай себілген күздік бидайға қарағанда 5-7 есе кем болады. Қазақстанның тәлімі жерлерінде арамшөптің көптеген түрлері кездеседі. Оның ішінде ең көп таралғандары: қурай, алабұта, қызылқұйрық, одан кейін - жұмыршақ, таран, сиыржоңышқа; көп жылдық арамшөптерден - жатаған бидайық, қарашағыр, кәдімгі шырмауық, укекіре, жантақ кездеседі.

Өте қуаң тәлімі жерлерде жауатын жауын-шашынның деңгейі, топырақ ылғалының мөлшеріне қарай мынадай дәнді - парлы ауыспалы егістерді ұсынуға болады:

  1. Таза пар.
  2. Күздік бидай
  3. Арпа

4. Арпа

  1. Таза пар.
  2. Күздік бидай.
  3. Арпа

Қажет болған жағдайда көрсетілген ауыспалы егістердің нобайына қосымша бір танапқа көпжылдық шөптерді егуге болады, яғни тыс танап әдісін қолдануға болады.

Жартылай қуаң төлімі жерлерде дақылдардың түрлері көбейе бастайды. Сондықтан дәнді-парлы ауыспалы егістермен қатар дәнді-парлы-отамалы ауыспалы егістерді қолдануға болады. Мысалы:

  1. Таза пар
  2. Күздік бидай
  3. Жаздық бидай
  1. Отамалы дақыл
  2. Күздік немесе жаздық бидай

Жауын-шашынның мөлшері жоғары болып келетін қуаң тәлімі жерлердегі қолданылатын ауыспалы егістерде негізгі дакылдардың үлес салмағы жоғары болып келеді, алатын өнімнің деңгейі де артық болады.

3. Суармалы жерлердегі ауыспалы егістер.

Егін шаруашылығының өнімділігін арттыруда - суғарудың маңызы өте зор. Өнімнің өсуімен қатар суғару суын, тыңайтқыштарды пайдалану коэффициентінің артатыны, техника тиімді пайдаланатындығы белгілі болды. Суғару басқа факторларды (қоректік заттар, жылу т.б.) толық пайдалануға мүмкіншілік туғызады. Сондықтан суармалы жерлерде күріш, қоза (мақта), қант қызылшасы, темекі, күздік бидай, жүгері, дәнді-бұршақты, көкөніс дақылдары, картоп, тағы басқа жоғары өнімді ауыл шаруашылығы дақылдары өсіріледі. Ауыспалы егістерде сапалы биік өнім беретін, топырақтың кұнарлылығын арттыратын жоңышқа дақылы кең түрде пайдаланылады.

Қызылорда, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өте бағалы дәнді дақыл куріш өсіріледі. Бұл дақылдың биологиясы мен технологиясына сәйкес өсіп-даму кезінде атызда су қабаты болуы қажет. Осыған байланысты топырақта аэрация төмендеп тотығу процестері әлсірейді, қайта қалпына келу процестері күшейеді. Оның салдарынан топырақта күкірт сутегі, темірдің шала тотығы және басқа күрішке зиянды анаэробты микроорганизмдердің іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болатын заттардың мөлшері артады, нәтижесінде күріш сиреп, өнімі төмендейді. Екінші себеп - егістегі арамшөптердің саны мен түрлерінің тез көбеюі. Күрішті басқа дақылдармен алмастырып отырудың тағы бір себебі, оны өсіру барысында атыздағы топырақ бетінің тегістігі бұзылып, су деңгейінің біркелкілігі болмайды, ал ол өнімге тікелей әсер етеді.

Күріштің ең жақсы алғы егісі болып жоңышқа саналады. Ол 2-3 жыл танапты алып жатқанда, топырақты 200 ден - 280 ц/га дейін тамыр қалдықтарымен байытады, 250-260 кг/га азот жинайды.

Егін шаруашылығының өнімділігін арттыруда - суғарудың маңызы өте зор. Көп жылдық зерттеулердің нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарын суармалы жерлерде ауыспалы егіс құрамында өсіргенде олардын өнімділігінің елеулі түрде жоғарылайтындығы дәлелденген.

Жоңышқаны көбіне ерте жиналатын дәнді дақылдармен (күздік, жаздық бидай, арпа) бүркемелі әдіспен себеді. Үлгі ретінде мына ауыспалы егісті келтірейік:

1 Ерте пісетін дәнді дақылдар + жоңышқа

         1 Жаздық бидай+ жоңышқа

2-3 Жоңышқа

         2 Жоңышқа

4-5 Күріш

         3-4 Күріш

6 Мелиоративтік танап

         5 Жаздык бидай+түйежоңышқа

7-8 Күріш

         6 Түйежоңышқа

 

         7-8 Күріш

 

Мақта ауыспалы егістері

1 Үйбидайық, көкбалаусаға арналған судан

1 Бүркеме дакыл+жоңышка

Шөбі, жүгері, дәнді дақылдар+жоңышқа

2-3 Жоңышқа

2-3 Жонышка

4-6 Қоза (мақта)

4-7 Қоза (мақта)

7 Жүгері+қызылша

8 Күздік дәнді дақыл+сүрлемдік жүгері

8-9 Қоза

9-10 Мақта

 

 

 

Көкөніс ауыспалы егістері

1 Қырыкқабат

1 Дәнді дақыл + жоңышка

1 Дәнді дақыл + жоңышка

2 Алқа тұқымдасы (кызанак, бұрыш, баялды)

2 Жоңышқа

2, 3 Жоңышка

3 Қияр

3 Жоңышқа

4 Қызанақ

4 Қырыққабат

4 Бақша дақылдары

5 Қияр

5 Картоп

5 Қызанақ

6 Қырыққабат

6 Бұршақ тұқымдас (малазықтык)

6 Қияр, кәді, баклажан

7 Қызанақ

7 Тамыржемістілер, пияз

7 Қызанақ

8 Пияз және тамыржемістілер

 

1 Қияр

1 Дәнді дақылдар

2 Кеш пісетін қырыққабат

2 Кеш пісетін қырықкабат

3 Бұршақ тұқымдастары (малазықтық)

3 Картоп

4 Алкалар тұқымдасы

4 Қияр

5 Тамыржемістілер, жуа

5 Картоп

 

6 Тыс танап (көп жылдық шөпт)

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-02-10 13:27:30     Қаралды-593

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »