КӨКӨНІС ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ТЫҢАЙТҚЫШ БЕРУ ЖҮЙЕСІ
1. Көкөніс шаруашылығында қолданатын тыңайтқыштар түрлері.
Минералды тыңайтқыштар.
Аммиак селитрасы. 34-45% азот бар. Ақ немесс сәл ақ-сары түсті кристалды ұнтақ, суда жақсы ериді. Дымқыл тартқыш тез байланады. Ауадағы ылғалды тез қабылдайтындық-тан оны құрғақ қоймада, су өткізбейтін ыдыста сақтаған жөн (түйірішіктелінгені азырақ кесектенеді). Негізгі тыңайтқыш ретінде көктемде және үстеп қоректендіруге жазда пайдаланады. Бұл тыңайтқышты күзде енгізуге болмайды, себебі топырақтың төменгі қабаттарына шайылып кетуі мүмкін. Селитраны суперфосфатпен араластыруға болмайды.
Аммоний сульфаты - құрамында 20% азот бар, ақ немесе сұр түсті, кристалды ұнтақ. Ауадан ылғалды шамалы сіңіреді кесектелінбейді және жақсы себеленеді. Суда жақсы ериді, топыраққа сіңгіш келеді, бірақ топырақта жылжуы шамалы және шайылмайды, әкті топырақтарда қолданған дұрыс.
Мочевина немесе карбамид немесе несеп нәрі - кристалды ақ ұнтақ немесе түйіршікті, құрамында 46% азот бар, суда тез ериді. Мочевинаны топырақ қабатына енгізгенде оны топыраққа араластыру керек, әйтпесе оның азоты газға айналып кетеді. Мочевинаны кезкелген уақытта барлық топырақтарға сіңіруге болады. Топыраққа сіңірілген мочевина суда тез еріп, көмір қышқылды аммонийге айналады. Бұл процесс әсіресе қарашірігі және ылғалы мол топырақта тез жүреді.
Суперфосфат - құрамында 14-20% Р2О5 бар, сұр немесе ақшыл сұр түсті ұнтақ. Дымқылданғанда сусымалы келеді. Ұнтақ күйіндегі суперфосфатты топырақ күшті сіңіреді, және өсімдік нашар сіңіретін күйге көшеді. Түйірлі суперфосфат жеңіл шашылады, топырақпен аса араласа қоймайды және өсімдік жеңіл сіңіреді.'
Қос суперфосфат - кұрамында 42-48% Р2О5 бар, сұр түсті түйіршікті тыңайтқыш. Құрамында бос фосфор қышқылы болмағандықтан көкөніс дақылдарына жай суперфосфатқа қарағанда жоғары мөлшерде енгізуге болады.
Преципитат - құрамында 25-40% шамасында суда орташа еритін фосфор бар, ақ немесе ақшыл сүр түсті, ылғал тартпайтын, байланбайтын ұнтақ. Әлсіз қышқылда ериді және өсімдіктер жеңіл сіңіреді. Бос қышқылы жоқ, әг мол.
Хлорлы калий - құрамында 50-60% К2О және 30-40% С2 бар, қызыл түсті, ұсақ түйіршікті тыңайтқыш. Дымқылдануы шамалы, бірақ дұрыс сақталмаса тұтасып қатып қалады.
Хлорлы калийді көптеген дақылдарға әр мезгілде қолдануға болады, бірақ кейбір дақылдарға, айталық қиярға, қызанаққа, картопқа, қант қызылшасына қолдануға болмайды, себебі олар хлордан зиян шегеді.
Калий тұзы - құрамында: 30-40% К2О және 35-55% натрий бар. Хлорлы калийге қарағанда бағалығы біршама төмендеу тыңайтқыш.
Күкірт қышқылды калий - құрамында 45-52% К2О бар және өсімдік үшін зиянды хлоры жоқ, ұсак кристалды, ақ түсті ұнтақ, тұтасып қалмайды, жақсы себеленеді. Өнімділікті арттыра отырып, бұл тыңайтқыш жемістің сапасын көтереді.
Аммониланған суперфосфат. Күрделі фосфорлы-азотты тыңайткыш. Құрамында 14-15% фосфор және 1,5-2% азот бар. Түйіршіктелініп шығарылады, тұтасып қалмайды, жақсы себеленеді.
Нитрофос - күрделі азотты-фосфорлы тыңайтқыш. Құрамында 24% азот және 14% фосфор бар. Ылғал тартқыш түйіршік.
Нитрофоска - құрама тыңайтқыш. Нитрофосканың әр түрлі түрінің құрамында 13-тен 17% дейін азот, 11-ден - 30% дейің фосфор және 15-тен 26% дейін калий бар.
Аммофос. Күрделі фосфорлы-азотты тыңайтқыш. Құрамында 12% кем емес азот пен 38-40% фосфор бар. Түйіршіктелініп шығарылады.
Растворин. Құрама тыңайтқыш. Бұның төрт маркасын шығарады. 18% азот, 6 - фосфор, 18 - калий; 20 - азот, 5 - фосфор, 10 - калий; 10 - азот, 5 - фосфор, 20 - калий; 6 - магний, 20 - азот, 16 - фосфор, 10 - калий және микроэлементтер (марганец), темір, мыс, бор, молибден, кобальт, мырыш). Соңғы марканы жақсы деп санайды, себебі толық тыңайтқыш болып саналады және хлоры жоқ. Растворинды жылыжайларда үстеп қоректендіруге қолданады.
Бактериялы тыңайтқыштар.
Нитрагин - түйнек бактерияларының бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырында өсіп көбейуіне және олардың атмосфера азотын биологиялық айналымға қосуына мүмкіншілік жасайтын түйнек бактериялар тобы. Әдетте сұйық күйде дайындалады, әр дақыл үшін өзінің нитрагины бар. Тұқымды себер алдында көлеңкеде, бір шөлмектегі нитрагинді 2000 мл суға езеді де, оны ұсақ тұқымдардың 10 кг, ірі тұқымдардың 20 кг бүркеді, сосын тұқыммен мұқият араластырады. Тұқымды қалқан астында өңдейді, себебі күн сәулесі түйнек бактерияларын жойып жібереді.
Азотобактерин - құрамында азот бактериясы болады. Оны бұршақ тұқымдастардан басқа дақылдардың азоттық қорегін жаксартуға қолданады. Өзін бейтарап, фосформен жақсы қамтамасыз етілген, механикалық құрамы орташа топырақтарда жақсы көрсете алады. Қартоп пен көкөніс үшін ерекше пайдалы, әсіресе суармалы жерде. Бір шөлмегі (0,5 л) тұқымның гектарлық мөлшерін өңдеуге жеткілікті.
Фосфорбактерин - құрамында топырақтағы фосфордың органикалық қосылыстарын ыдыратып, ондағы фосфорды өсімдік сіңіре алатындай деңгейге келтіретін ерекше бактериялары бар тыңайтқыш. Органикалық заттары мол топырақтарда өте тиімді. Тұқымның бір гектарға себілетін мөлшеріне тыңайтқыштың 50 мл жұмсайды. Бір гектар жерге отырғызылатын картоп түйнегіне 150 мл тыңайтқыш қолданылады.
АМБ. Бактериялы тыңайтқыш - құрамындағы микроорганизмдер (анаэробты және аэробты) топырақтың, органикалық заттарын минералдандырып, өсімдіктің сіңіруіне жеңіл қоректік заттарға айналдырады. Топырақтың құнарлылығын арттырудағы рөлі өте зор. Негізінен қышқыл топырақтарға енгізіледі. Бір гектарға 250 кг препарат енгізіледі. Осы мөлшерді топырақтың 4 есе бөлігімен араластырып шашады, топыраққа тез сініреді.
Органикалық тыңайтқыштар.
Көң. Құрамында өсімдікке қажет қоректік заттардың бәрі бар, оның ішінде микроэлементтерде. Қай элементтің болуы, болмауы малдың түріне, жемшөптің сапасына, төсенішіне және көңді сақтау тәсіліне байланысты. Дұрысы, шала шіріген көңді пайдалану. Көңнің ыдырауы баяу, ауасыз өтуі керек. Үлкен ертепелерде, тығыздалынған, дымқылданған күйде сақталады. Көң сақтаудың аэробты және анаэробты тәсілдері бар. Аэробты тәсілде көң сақтау кезінде тез ыдырап-шіриді, азот көп шығындалады (40%). Сондықтан бұл тәсіл сирек қолданылады. Көбінесе көң сақтаудың анаэробты тәсілі қолданыс тапқан.
Көңнің аса жақсы қасиеті - құрамындағы қоректік заттарды өсімдіктер бірте-бірте пайдалануы: бірінші жылы өсімдіктер тек 25% азотты, 40% фосфор қышқылын және 60% ка-лий тотығын пайдаланады. Сондықтан көңнің әсері 3-4 жылға жалғасады. Көңнің тиімділігі оны минералдық тыңайтқыштармен бірге енгізгенде арта түседі.
Құс саңғырығы. Өсімдіктерге тез әсер ететін, құрамында көптеген қоректік заттары бар, аса бағалы органикалық тыңайтқыш. Оның құрамында 1,6% азот, 1,6 фосфор, 0,9 калий, 1,5% кальций бар. Құрғақ үгітілген күйінде қолданылады. Сонымен бірге арнаулы ерітінді дайындайды. Былай қолдану үшін бір тәулік бұрын саңғырықты бөшкеге орталап салып сумен толтырады да, бетін жабады. Енгізер алдында жақсылап араластырады және сумен 10-12 есе сұйылтады. Құс саңғырығын құрғақ күйінде азырақ топырақпен араластырып сақтайды.
Қи садырасы. Азотты, калийлы тыңайтқыш ретінде тез әсер етеді. Қи садырасын дайындау үшін бөшкенің 1/3 бөлігіне көң салады және ыдырау (ашу) жүруі үшін су құяды. Екі тәулік өткен соң садыраны сумен 4-5 есе сұйылтады.
Күл. Калийлі-фосфорлы бағалы тыңайтқыш. Сонымен.бірге басқа да қоректік заттар, оның ішінде микроэлементтер де бар, азот болмайды. Күлді сортаң топырақтан басқа топырақтарда қолдануға болады. Жабық жерде сақтайды.
Фекалий. Азоты көңмен салыстырғанда 2 есе көп. Топырақ - фекалий қорда түрінде қолданылады. Қордалануы 1-2 жылға созылуы керек.
Шөгінді (сапропель органикалық лай). Бұл тұщы көлдердің лайы. Құрамында органикалық заттар, ақтас, азот, калий және микроэлементтер болады. Топыраққа енгізер алдында оны желдетіп (күн қақтырып) алу керек. Еңбек шығынын кеміту үшін минералды және органикалық тыңайтқыштарды араластырып бірге енгізген дұрыс болады.
2. Көкөніс шаруашылығының тыңайтқаштарға қатынасы.
Көкөніс дақылдарының тыңайтқыш жүйесі танаптық дақылдарынікінен күрделілеу. Көкөніс дақылдарының сорғыш тамыр жүйесі кішкентай. Мәселен, пияз тамырының жалпы ұзындығы 50-100 м, ал бетегенің, жима тарғақтың тамыр жүйесі 20 км жетеді. Қоректік заттарды көптеп шығаруы және көкөніс дақылдарының тамыр жуйесінің әлсіз сору күші тыңайтқыштың мол көлемін қажет етеді.
3. Тыңайтқыш қолдану мерзімдері және әдістері.
Көкөніс дақылдарына ауыспалы егісте тыңайтқыш қолдану жүйесі негізгі енгізуден, себу немесе отырғызу кезінде енгізуден және үстеп қоректендіруден тұрады.
Тыңайтқышты қолдану (енгізу) мерзімінің үлкен маңызы бар. Қажет емес уақытында енгізілген тыңайтқыш пайдасыз ғана емес, сонымен бірге зиянды да. Айтайық, көңнің қоректік заттарын өсімдіктің тамырлары тікелей сіңіре алмайды. Топырақтағы микроорганизмдер көңнің бір бөлігін минералдандырып, сіңімді түрге келтіру үшін ең кемі 2 ай қажет. Міне, сондықтан көңді және қарашірікті күзде сүдігер жыртқан кезде енгізеді. Көңнің минералдануы күзде басталып, ерте көктемде жалғасады. Сонда өсімдіктер жаздың басында көңнің қоректік затын пайдалана бастайды.
Суперфосфат сумен шайылмайды топырақта енгізген жерінде қалады. Сондықтан, оны тамырдың негізгі бөлігінің таралу аймағына, тереңірек сіңіру керек. Суперфосфаттың негізгі бөлігі (70-80%) көңмен қосып сүдігер жыртқан кезде және кішкене бөлігін жазда - үстеп қоректендіргенде енгізеді. Жазда үстеп қоректендіру жемістің пісуін жеделдетеді және олар-дың сапасын жақсартады.
Азотты тыңайтқыштар өте тез әсер етеді және топырақтан оңай шайылады, әсіресе аммиак селитрасы. Оларды ең дұрысы көктемде және жазда, тіпті топырақ бетіне шашуға да болады немесе культивациялау кезінде енгізуге болады. Олар өсімдіктің жасыл массасының артуын қамтамасыз етеді, ол өз кезегімен қоректік заттардың көптеп жиналуына және өнімнің жоғары болуына себепкер болады. Бірақ азотпен артығымен қоректендіру өсімдіктің тым сорайып өсуіне әкелсе, жеміс байлануын және оның пісуін тежейді, өсу-даму кезеңін ұзартады.
Органикалық және минералды тыңайтқыштарды бірге қолдану жоғары нәтиже береді. Мұндайда өсімдіктер алдымен тез әсер ететін минералды тыңайтқыштарды пайдаланады, со-дан кейін - ыдырауына қарай - көңді.
Көшетті отырғызған кезде қарашірік пен минералды тыңайтқыштардың 100-300 г қоспасын топырақпен араластырып әр ұяға салады. 1 тонна қарашірікке 10 кг суперфосфат, 8 кг аммиак селитрасын, сосын егер топырақ калиймен жеткіліксіз қамтамасыз етілсе - 3 кг калий тұзын қосады.
Тұқымды сепкенде түйіршіктелінген минералды тыңайтқыштар қолданылады. Оларды құрғақ тұқымдармен араластырып себеді. Түйіршіктелінген тыңайтқыштар өсімдіктің тамыр жүйесінің дамуына кері әсер етпейді, топыраққа бірден сіңірілмейді және ұзақ уақыт өсімдіктерге қорек көзі бола алады.
Ұнтақты тыңайтқыштарды тұқымдармен араластыруға болмайды, себебі олар тұқымның өнгіштігін төмендетуі мүмкін. Себу жұмысын арнаулы ерекше тұқым шүмектері бар құрама тұқым сепкіштермен себеді: тұқымдарды және тыңайтқыштарды жеке-жеке, оларды топырақ қабатымен бөліп (2-4 см) себеді.
Тыңайтқышты негізгі және тұқыммен бірге немесе себер алдындағы өңдеумен бірге енгізуден баска өсімдіктің өсу-даму кезеңінде үстеп қоректендіру арқылы да қолдануға болады. Бірақ үстеп қоректендіру негізгі тыңайтқышты алмастыра алмайды - ол оны тек толықтырады, өсімдікті қосымша қоректік заттармен қамтамасыз етеді, әсіресе тіршілігінің екінші бөлігінде, өнімді қалыптастыруға қоректік зат көп мөлшерде қажет болған кезде. Үстеп қоректендіруге қажет тыңайтқыштың құрамы және мөлшері өсімдіктің түрі мен жасына, сондай-ақ топыраққа байланысты және ол жекелеген көкөніс дақылдарының агротехникасын қарастырғанда сипатталады.
4. Минералды қоректердің диагностикасы.
Азот жетіспеген жағдайда өсімдіктің өсуі тежеледі, жапырағының түсі солғынданып, кейде тіпті сарғайып, түсіп қалады. Азот жетіспесе жемістері қажетті мөлшерге жете алмай, кеш піседі, реңі кірмейді. Азот артық болса да жаман. Ондайда бұтақ сабақтарының өсуі нашарлайды, сүрегі жетілмейді, сөйтіп қысқы суыққа төзімділігі төмендейді.
Фосфор жетіспеген жағдайда сабақтары мен жапырақтарының өсуі әлсірейді, жапырақтарда қою көк және қызыл дақтар пайда болады. Фосфордың едәуір мөлшері жапырақта, содан соң жеміс салатын бұтақтарында, жемістер мен жидектерде болады.
Калий жетіспеген жағдайда фотосинтез процестері әлсіреп, көмірсу мөлшері күрт кемиді, олардың жапырақтан бөлінуі кідіреді. Ағашты калиймен дұрыс қамтамасыз еткенде оның суыққа төзімділігі артатындығы анықталды.
Магний жетіспесе бұтақ-сабақтардың өсуі салдарынан хлорофилл бұзылып, жапырақтар шұбарланады. Мұлде жетіспесе, жапырақ уақытынан бұрын түседі.
Күкірт топырақта күкірттің жетіспеуі сирек кездесетін жағдай.
Кремний - өсімдікке көп мөлшерде жиналып, ұлпалардың қаттылығын қамтамасыз етеді. Кремний қышқылы фосфор қышқылына ұқсас болғандықтан фосфор пайдалануды жақсартады.
Натрий де калий секілді протоплазмаға байланысты ион түрінде кездеседі. Ол жасауша тургорының сақталуына мүмкіндік береді деп есептелінеді.
Хлор - өсімдік сабақ-бұтақтарының және тамырларының өсуі үшін қажет. Фотосинтез процесінде оттегі бөлу кезінде хлор белгілі бір роль атқарады деген болжам бар.
Темір жетіспесе өсмдіктің сабақ-бұтақтарының өсуі тежеледі, жапырақтар хлорозға (жапырақтар ақшыл сары немесе тіпті ақ түске енеді) шалдығады.
Бор жетіспесе өсімдіктің өсуі кідіреді, өткізу жүйесі бұзылып, тамырлардың өсуі әлсірейді. Алма мен алмұрт бор жетіспеген кезде қоңыр тартып, жемістің ішкі ұлпалары өзгереді, өрік жемісінің еті күңгірт тартып, таңқурай бұтақтарының үшы құраған соң төменгі жағында бірнеше бұтақшалары пайда болады.
Мыс жетіспесе ең әуелі бұтақтың қабығы шайырланып, жарылған бұдырмаққа айналады да, ең соңында бұтақтың өзі қурап қалады.
Мырыш жетіспесе өсімдіктің физиологиялық ауруы, майда жапырақ немесе розетка ауруы туындайды. Бұл ауруға шалдыққан өсімдік бұтағының ұшында бір-біріне иін тіресе шыққан майда жапырақтар шоғыры пайда болады.
Марганец жетіспесе төменгі, ескі жапырақтарда хлороз ауруы байқалады, бірақ анағұрлым жас, үстіңгі жапырақтары көгеріп тұра береді.
Молибден - заттардың азотты және сулы ертіндісіне қатысып, амин қышқылдары, белоктар, хлорофилл, витаминдер тағы басқа органикалық заттар синтезінің жылдамдығын арттырады.
Осы айтылған макро және микроэлементтердің барлығын көкөніс өсімдіктері топырақтан, негізінен минералды қосылыстар түрінде алады. Бұл жерде топырақ жағдайларының маңызы өте зор.
5. Тыңайтқыштар мөлшерін анықтау.
Тыңайтқыштың енгізу мөлшерін есептегенде, оның қоректік заттарын өсімдіктер толық пайдалана алмайтынын ескеру керек. Өсімдіктер азоттың 50-70%, фосфордың 20-45%, калийдің 40-70% сіңіреді.
Құрғақ тыңайтқыштармен суару алдында КРН-4,2, 8МО, КРСЖ-2,8А, КОР-4,2, КРН-8,4 қоректендіргіш - культиваторлармен үстеп қоректендіреді.
Тыңайтқыш ерітінділерін немесе аммиак суын енгізу ушін: ГАН-8 машинасын немесе ПРЖ-1,7 үстеп қоректендіргіш қондырғысын қолданады. Ең жаксы тиімділік сұйық қоректік-заттарды суландыру суымен бергенде болады. Ол үшін жаңбырлатқышқа тыңайтқышы бар арнаулы бөшке қойылады.
Тыңайтқыштың енгізу мөлшерін анықтағанда көкөніс дақылдарының қоректік заттарға қажеттілігін, соңғылардың топырақта өсімдіктерге сіңімді формада барлығын, жоспарланған өнімділікті ескереді.
Жарияланған-2022-02-10 13:23:51 Қаралды-906
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина