UF

КӨКӨНІС ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ҚОРЕКТЕНУ АЛАҢЫ

 

1. Көкөніс дақылдарының қоректену алаңы.

Қоректену аумағының көлеміне – топырақ бетіндегі бір өсімдіктің орналасуы жатады. Олардың аумағы жер бетіндегі өсімдіктердің өсу күшін, дақылдардың биологиялық, морфологиялық ерекшеліктері мен сорттарына байланысты болады (1750 см2 – қызынақ, 2000-3500-4000 см2 – аққауданды қырыққабат).

2. Себу және отырғызу тәсілдері.

Өсімдіктерді топырақ бетіне орналастыруды егу үлгісі деп атайды. Олар өсімдіктің қоректену алаңымен қамтамасыз етіп және сан қатараралық егудің ені мен қатардағы өсімдік арасындағы қашықтықтардың есепке алуын тағайындайды.

Көкөніс дақылдарын шашып, қатарлап, таспалап, шаршылап және шаршы-ұялап себеді немесе отырғызады.

Шашып сепкенде тұқымдар танап бетінде ретсіз, біркелкі орналаспайды. Бұл тәсілде өсімдікті механикалық жолмен күтіп-баптау мүмкін емес, сондықтан ашық жерде оны қолданбайды. Оны кейде қорғаулы жерде көшет өсіруде қолданады.

Қатарлап себу (отырғызу) - өсімдіктердің қатарларын бір-бірінен бірдей қашықтықта орналастыратын тұқым сепкіштермен немесе отырғызғыштармен атқарылады. Қатарлардың кашықтығы - 45-70 см. Қоректену алаңының азырак болуын тілейтін өсімдіктердің қатараралықтарын кішірек қылады және керісінше. Дәл белгіленген тұқым мөлшерін себе алатын тұқым сепкіштер (СОПГ-4,8, ССТ-8А т. б.) кұрастырылғаннан кейін тұқымды нүктелі қатарлап себудің мүмкіншілігі туды. Мұндай тәсілде бір қатардағы тұқымдар бір-бірінен белгіленген қашыктықта орналасады. Нүктелеп себу тәсілінде тұқымнан әжептәуір үнем жасалынады.

Көкөніс дакылдарын қорғаулы жерде катарлап қол тұқым сепкіштермен сепкенде катаралықтардың ең кіші (аз) қашықтығы 6 см болады. Одан да тар қатараралықтарды қолмен көп қатарлы пленкалы таңбалауышпен (маркер) жүргізеді. Мұндайда себеленген тұқымдар қарықтардың түбіне түседі де, оларды кейін топырақпен жабады.

Суыртнақтап себу тәсілін кішірек қоректену алыңын қажет ететін дақылдарға - сәбіз, пияз, ақ сүттіген, саумалдық, қырыққабат көшеттерін, қызанақ, бұрыш, баклажанға қолданады. Егістік жерді бірнеше қатардан кейін, қатараралықтарды өңдеген кезде трактор және тіркеме машиналардың доңғалақтары жүретін, кең жолақ (бос жер) қалдыра отырып дақыл егеді.

Суыртпақтап себу тек, арамшөптен таза танаптарда және селективі әсері бар гербицидтер қолданылатын дақылдарда тиімді. Суыртпақтағы қатарлардың саны, топырақтың құнарлылығына және арамшөппен ластануына байланысты. Құнарлылығы жоғары және арамшөбі аз танаптарда қатарлардың саны көбірек болуы мүмкін. Солтүстік Қазақстанда топырақтың арамшөппен ластануының жоғарлылығынан бір суыртпакқа екі катар ғана себіледі. Бұл тәсілмен себу тәсімі: 20x50 см; 50x90; 32x76; 8x62 см.

Шаршы-ұялап сепкенде өсімдіктерді тікелей және көлденең өтетін қатарлардың қиылысына орналастырады. Егер осылай орналастырылғанда ұяға бір дән себілсе немесе бір өсімдік отырғызылса ондай егісті шаршылап себу, ал 2-3 және одан да көп тұқым себілсе немесе өсімдік отырғызылса онда шаршы ұялап себу деп атайды. Өсімдіктерді шаршы-ұялап орналастыру қатараралықты өңдеуді тік және көлденең екі бағытта жүргізуге мүмкіншілік береді. Бұл тәсіл өздерінің қалыпты дамуы үшін көбінесе үлкен қоректік аумақ қажет ететін бақшалық дақылдарды өсіргенде қолданылады.

3. Себуді механизациялау.

Көкөніс дақылдарын себу үшін келесі сепкіштерді қолданылады.

СОН-2,8А - көкөніс дақылдарын қатарлап және жолақтап себуге арналған сепкіштер, қатараралықтары 45, 60, 70, 90, 50+20, 90+50 см. «Беларусь», ДТ-20, Т-25 және Т-25А тракторларына агрегатталынады, алынатын ені 2,4; 2,7; 2,8 м, өнімділігі - 1,6-1,8 га 1 сағат таза жұмыс бойынша.

СКОСШ-2,8 - СОН-2,8А сепкішіне сәйкес, бірақ онда тыңайтқыш себетін аппараттары бар, тыңайтқыштарды тұқыммен бірге суыртпақың түбіне енгізеді. Сепкіш Т-16М шассиыне артылады. Өнімділігі 1,7-2 га сағат таза жұмыс бойынша.

СКОН-4,2 - СОН-2,8А-нан айырмашылығы себу мен бірге тыңайтқыш енгізеді, суармалы алқаптарда суару суыртпақтарын істей алады. Алынатын ені 2,7; 4,6 және 4,2 м, өнімділігі 2,5 га/с таза жұмыс бойынша. «Беларусь», Т-40 және Т-40А тракторларымен агрегатталынады.

СО-4,2 - көкөніс дақылдарын қатарлап және жолақтап себуге арналған сепкіштер, қатараралықтары 45, 60, 70, 62+8, 90+50, 120+60 см тегіс жерлерде, жүйектерде және суыртпақтарда тұқымды себу мен бірге тыңайтқыш енгізеді. Алынатын ені 2,7; 3,6 және 4,2 м, өнімділігі 3 га/с таза жұмыс бойынша, ЮМЗ-6Л, МТЗ-50/52, МП-80/82 тракторларымен агрегатталынады.

ГС-1,4 – көкөніс дақылдарын артық ылғалдырылған аумақтарда жүйектерде өсіргенде қолданылады. Себуді келесі үлгілермен жүргізеді 90+50, 76+32+32, 76+5+27+5+27 см. Агрегаттың алатын ені 1,4 м, өнімділігі 0,7 га/с таза жұмыс бойынша. «Беларусь» тракторымен агрегатталынады.

СЛН-8А – пияз-көшетті отырғызуға арналған сепкіш. Қатараралықтары 45, 50+20, 55+15 см тегіс жерлерде және жүйектерде 65+25+25+25 см. Алынатын ені 2,1-2,8 м, отырғызу үлгісіне байланысты, өнімділігі 1,2-2,2 га/с таза жұмыс бойынша. «Беларусь», Т-40 және Т-40А тракторларымен агрегатталынады.

СБН-3 және СБУ-2-4М – бақша дақылдардың тұқымын себуге арналған сепкіштер. Біріншісін көбінесе тегіс алқаптарда тәлімі жерлерде немесе жаңбырлатып суарғанда қолданылады, екіншісін – суармалы жерлерде суыртпақтап суарғанда. Бақша дақылдардың тұқымын себуге тағыда әр түрлі астық және жүгері себетін сепкіштерді қолдануға болады.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-02-10 13:22:24     Қаралды-489

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »