UF

КӨКӨНІС ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ АУЫСПАЛЫ ЕГІСТІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚҰРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

1. Ауыспалы егістің маңызы.

2. Ауыспалы егісте көкөніс дақылдарын алмастырып отырудың ғылыми негіздері.

3. Ауыспалы егістерді енгізу мен игеру реті.

 

1. Ауыспалы егістің маңызы.

Ауыл шаруашылық дақылдарының ғылыми негізде орын алмасуы топырақтағы қоректік заттарды және тыңайтқыштарды тиімді пайдалануға, топырақтың физикалық қасиеттерін жақсартуға, топырақты су және жел эрозиясынан қорғауға, арамшөптердің, зиянкес жәндіктер мен өсімдік ауруларының тарауына жол бермеуге тікелей әсер етеді.

2. Ауыспалы егісте көкөніс дақылдарын алмастырып отырудың ғылыми негіздері.

Көкөніс дақылдарын атмастыру себептерін 4 топқа бөліп қарауға болады. Олар:

1) өсімдіктердің қоректенуіне байланысты болып келетін химиялық себептер тобы;

2) өсімдіктердің топырақтың физикалық қасиеттеріне әсері;

3) дақылдар алмастыруыңың биологиялык себептері;

4) ауыспалы егісті қолданудың экономикалық негіздері.

Дақылдар алмасуының бірінші топ себептеріне әр түрлі көкөніс өсімдіктердің топырақтан алатын қоректік заттарының бірдей болмайтыны жатады. Мысалы, қырыққабат 425 кг, асхана қызылшасы - 336, қызанақ 263 кг қоректік заттарды керек етеді. Міне осы сияқты жағдай топырақта сіңімді қоректік заттардың қоры азаймас үшін әр түрлі дақылдарды алмастырып егуге, яғни ауыспалы егісті қолдануға мәжбүрлейді. Дақылдардың топырақтан алатын қоректік элементтердің сандық көрсеткішінен басқа олардың арақатынасы да түрліше болып келеді. Қант қызылшасы картоппен салыстырғанда азотты екі есе, калийді 3 есеге дейін артық сіңіреді. Бұның нәтижесінде ең алдымен осы элементтердің топырақтағы мөлшері азаяды. Бұл тапшылықтың орнын не тыңайтқыштар беру арқылы толтыру немесе аталған дақылдарды бұл қоректік элементтерді аз сіңіретін басқа дақылдармен алмастыру керек, яғни тағы да ауыспалы егісті қолдану қажеттілігі туындайды. Ауыспалы егістерді қолданудың тағы бір себебі дақылдардың қоректік заттарды сіңіретін тамырының әр түрлі тереңдікте болуы (жайылуы). Қияр сияқты тамыры терең таралмайтын дақылдарды бір танапта өсіре бергенде, топырақтың осы жоғарғы қабатындағы сіңімді қоректі заттарын мөлшері азая береді, нәтижесінде алынатын өнімнің деңгейі төмендейді. Егер қиярды тамыры терең жайылатын дақылмен алмастырсақ, топырақтағы қоректік заттар қорын тиімді пайдаланамыз, бұл да ауыспалы егіске оралуымызды қажет етеді (тамыр алмастыру).

Ауыспалы егісті қолданудың тағы бір себебі - әр түрлі дақылдардың топырақтан алған қоректік заттарын кері қайтару қабілеті бірдей болмауында. Қант қызылшасын өсіргенде топырақтан алынған заттардың дені көң түріңде топырақка қайта оралады (мысалы қызылшадан алынатын қанттың кұрамында топырақтан алынған бірде-бір элемент жоқ). Сондықтан бұл сияқты дақылдарды өзара алмастырып егіп отыру тиімді болатыны сөзсіз. Дақылдарды алмастырып егудің осы топ себептеріне бұршақ тұкымдас дақылдардың тамырында селбесу (симбиоз) түрінде өмір сүретін түйнек бактерияларының іс-әрекетін жатқызуға болады.

Дақылдардың ауыспалы егісте белгілі кезекпен ауысуы танапта аурулар мен зиянкестердің дамуына жол бермейді. Бір дақыл өзінің бұрынғы өскен орнына, осы өсімдікті зақымдамайтын зиянкестері мен ауру қоздырғыштары жойылғаннан, 2-3 жылдан соң кері оралады. Туыстас дақылдар, айтайық қызанақ пен картоп бірінен кейін екіншісі орналаспауы керек.

Көкөніс дақылдарының көңге деген талабы әр түрлі: қырыққабат пен қияр тыңайтқыш енгізгенде өнімділігін айтарлықтай көтереді, ал пияз көң енгізілсе ұзақ уақыт піспейді және нашар сақталады. Сәбіздің тамыр жемісі көңнің әсерінен тарамданады, сапасын жоғалтады және нашар сақталады. Оның есесіне сәбіз бен пияз көңнің келесі жылғы әсерін жақсы пайдаланады. Көңнен кейінгі екінші жылы жақсы өнімділікті картоп пен қызанақ көрсете алады. Сондықтан, қырыққабат пен қиярға енгізілген көңнің әсерін толық пайдалану үшін олардан кейін қызанақты, картопты, тамыржемістілерді, пиязды орналастыру керек.

Ауыспалы егісте дақылдардың дұрыс алмасуы арамшөптердің жойылуына жағдай жасайды. Тамыр жүйелері әр түрлі бойлайтын дақылдарды алмастырып егу топырақтың өңдеу және одан төменгі қабатының қоректік заттарының қорын қалпына келтіруге ықпал жасайды.

3. Ауыспалы егістерді енгізу мен игеру реті.

Көкөніс үлескісін бір аумақта (алаңда) орналастырған жөн. Бұл өндірісті тиімді ұйымдастыруға, күтіп-баптау жұмыстарын бір уақытта, біркелкі жүргізуге, механизмдердің пайдасыз қимылын азайтуға мүмкіншілік береді.

Жағдайларына қарай шаруашылықтарда бір немесе бірнеше ауыспалы егіс енгізілуі мүмкін. Үлкен үлескілерде 7-9 танапты ауыспалы егістер, кішілерінде 3-4 танаптылары енгізіледі. Ауыспалы егіс танаптарының көлемі 20-30 га, бірақ, 7-8 га кем болмауы керек, кішкентай танаптарда механизм күшін қолдану қиынға түседі. Танаптардың пішіні төрт бұрышты, ұзынша болса, тракторлардың жұмысы үшін қолайлы болады.

 

Ауыспалы егістің мынадай тәсілдері бар:

 

             4 танапты                                                                5 танапты

 

  1. Қырыққабат + көң                                                 1. Қырыққабат + көң
  2. Қызанақ және картоп                                            2. Қызанақ, бұрыш + баклажан
  3. Қияр және қырыққабат + көң                               3. Қияр және қырыққабат + көң
  4. Тамыржемістілер және пияз                                 4. Тамыржемістілер және пияз

                                                                                          5. Картоп

                

     6 танапты                                                                7 танапты

 

1.   Қырыққабат + көң                                                    1. Қырыққабат + көң

  1. Қызанақ                                                                2. Тамыржемістілер және пияз
  2. Қияр + көң                                                            3. Қияр + көң
  3. Тамыржемістілер және пияз                               4. Қырыққабат

5.   Қырыққабат + көң                                                     5. Картоп

6.   Картоп                                                                       6. Қияр

                                                                                          7. Қызанақ

 

Көкөніс егістіктерінде арамшөптермен күресу үшін агротехникалық тәсілдерден басқа ауыспалы егісте бір немесе екі таза сүрі жер танабын енгізу керек. Ластану күші болса уақытша шара ретінде екі танапты – сүрі жер – көкөністер ауыспалы егісі қолданылады. Сидерат дақылдарды жыртып араластыру топыраққа 15-20 т көң шашқанға тең. Сонымен бірге танап арамшөптерден тазартады, аурулардың жалпылай таралуы тежеледі, топырақтың қосымша сорлануы болмайды.

Төменде сүрі жер танабы бар ауыспалы егіс тәсілі көрсетілген:

          

                  5 танапты                                                                6 танапты

1. Қара сүрі жер                                                        1. Қара сүрі жер

2. Тамыржемістілер және пияз                               2. Тамыржемістілер және пияз

3. Қияр + көң                                                            3.  Қырыққабат + көң  

4. Қызанақ, картоп                                                   4.  Қызанақ

5. Қырыққабат + көң                                                5.  Қияр + көң

                                                                                  6.  Қырыққабат + көң

Көкөніс ауыспалы егісіне көпжылдық шөптерді кірістіру, көпжылдық шөптердің тұқымын өсірумен айналысатын шаруашылықтар болмаса, экономикалық жағынан тиімді емес.

Шөп танапты ауыспалы егістің тәсілі төмендегідей:

9. танапты

 

1. Беде – қылтықсыз арпабас қос-                              5. Қызанақ

             пасының егістігіне сұлы себіледі                               6. Қияр + көң

2. Беде – қылтықсыз арпабас қоспасы                       7. Тамыржемістілер және пияз

          3. Беде – қылтықсыз арпабас қоспасы                       8. Картоп

           4. Қырыққабат + көң                                                    9.  Қияр + көң

Кейінгі кездерде қала маңындағы шаруашылықтарда көкөніс жем-шөптік ауыспалы егістерде қайтамала дақыл ретінде сұлы, арпа, жаздық рапс, қышабас егістері қолдау табады.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-02-10 13:20:48     Қаралды-595

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »