UF

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҰЛЫ АШУЛАР – 15-17 ғасырларда европалық саяхатшылар жасаған аса ірі географиялық ашулар жөніндегі шартты термин. Экспедициялар ұйымдастыруға алғаш Европа елдерінде товарлы өндірістің дамуы, асыл металдардың азаюы, осыған байланысты алтын мен күміс, піл сүйегін, қымбат аң терілері мен морждың қанжар тістерін іздеп табу үмітімен жаңа жер іздеу, Европадан Үндістанға, Шығыс Азияға жаңа сауда жолдарын іздеу басты себеп болды. Географиялықұлыашулар ғылым мен техникадағы жаңа жетістіктердің: мұхитта жүзу үшін өте берік желкенді кемелер жасаудың, компас пен теңіз карталарын т. б. жетілдірудің нәтижесінде мүмкіндігі туды. Жердің шар тәрізділігі туралы идеяның біржолата қалыптасуы, Шығыс халықтарының географиялық білім және теңіз саяхаты саласындағы табыстары да зор роль атқарды.

1488 жылға дейін португал теңіз саяхатшылары (Д. Кан, Б. Диаш т. б.) Африканың батыс және оңтүстік жағалауларын түгел зерттеді. X. Колумб1492-1494 жылдар Багам, Үлкен және Кіші Антиль аралдарын ашты (1492 жылы Америка ашылды). 1497-1499 жылдар Васко да Гама (араб теңізшілерінің көмегімен) Батыс Европадан Оңтүстік Африканы айналып өтіп, Үндістанға баратын теңіз жолын ашты. X. Колумб, А. Охеда, А. Веспуччи т. б. испан, португал теңіз саяхатшылары 1498-1502 жылдары Оңтүстік Американың бүкіл солтүстік жағалауын және оның шығыс (бразилиялық) жағасын 25° оңтүстік ендікке дейін және Орталық Америкадағы Кариб теңізінің жағасын ашты. 1513-1525 жылдар испандықтар Панама мойнағы арқылы өтіп, Тынық мұхитқа шықты (В. Нуньес де Бальбоа), Ла-Плата шығанағын, Флорида, Юкатан түбектерін, Мексика шығанағының жағалауын ашты (X. Понсе де Леон, Ф. Кордова, X. Грихальва т. б.), Мексика мен Орталық Американы жаулап алды (Э. Кортес т. б.), Оңтүстік Американың Атлант мұхиты жақ жағасын түгел зерттеді. Ф. Магеллан және оның серіктері 1519-1522 жылдар Жер шарын тұңғыш рет айналып шықты (Американың оңтүстік шетіндегі, кейін Магелланның есімі берілген бұғаз арқылы). 1526-1552 жылдар испандықтар Ф. Писарро, Д. Альмагро, П. Вальдивия, Г. Кесада, Ф. Орельяна т. б. Оңтүстік Американың Тынық мұхит жағалауын (10° солтүстік ендіқтен 40°-оңтүстік ендікке дейін), Андыны, Ориноко, Амазонка, Парана, Парагвай өзендерін ашты. Француз теңіз саяхатшылары Дж. Веррацано (1524), Ж. Картье (1534-1535) Солтүстік Американың шығыс жағасын және Әулие Лаврентий өзенін, ал испан саяхатшылары Э. Сото мен Ф. Коронадо (1540-1542) Аппалач пен Сеңгір тауларының оңтүстігін, Колорадо мен Миссисипи өзендерінің төменгі ағысының алаптарын ашты.

Ермактың Батыс Сібір жорығынан (1581-1584) және Таз өзенінің жағасынан Мангазея қаласының іргесін қалағаннан (1601) кейін орыс жиһанкездері Енисей мен Лена өзендерінің алабын ашты, одан соң бүкіл Солтүстік Азиядан өтіп, Охота теңізіне дейін жетті (И. Москвитин, 1639); 17 ғасырдың ортасында олар Сібірдің барлық үлы өзендерінің және Амурдың бойымен (К. Курочкин, И. Перфильев, И. Ребров, М. Стадухин, В. Поярков, Е. Хабаров т. б.) жүріп өтті, ал орыс теңіз саяхатшылары Азияның бүкіл солтүстік жағалауын айналып шығып, Ямал, Таймыр, Чукот түбектерін ашты. Солтүстік Мұзды мұхиттан Тынық мұхитқа (Беринг бұғазы арқылы) шығып, Азия мен Американың еш жерде түйіспейтіндігін дәлелдеді (Ф. Попов - С. Дежнев экспедициясы). Голландық теңіз саяхатшысы В. Баренц 1594 жылыЖаңа Жердің, 1596 жылы Шпицбергеннің батыс жағаларын айналып шықты. Ағылшындар (М. Фробишер, Дж. Дейвис, Г. Гудзон, У. Баффин т. б.) 1576-1631 жылдар Грендландияның батыс жағалауын, Баффин Жері мен Лабрадор түбегін айналып шығып, Гудзон шығанағының шағалауын ашты. 1609-1648 жылдар француздар (С. Шамплен т. б.) Солтүстік Америкадағы Аппалачтың солтүстігін, бес Ұлы көлдерді ашты. Испандық Л. Торрес 1606 жылы Жаңа Гвинеяның оңтүстік жағасын айналып шығып, Торрес бұғазын ашты, голландықтар (В. Янсзон, А. Тасман т. б.) 1606-1644 жылдар Австралияның солтүстік, батыс және оңтүстік жағаларын, Тасмания мен Жаңа Зеландияны ашты.

Географиялық ұлы ашулар дүние жузілік тарихи маңызы бар оқиғалар болды. Материктердің (Американың солтүстік, солтүстік-батыс және Австралияның шығыс жағасынан басқа жерлерінің) шегі анықталды, Американың, Африканың, Австралияның ішкі аудандарын қоспағанда, жер бетінің үлкен бөлігі зерттелді. Географиялық ұлы ашулар ботаника, зоология, этнография т. б. ғылымдар үшін көп деректер берді. Бұл ашылулардың нәтижесінде европалықтар кейіннен Европада кең тараған кейбір ауыл шаруашылық дақылдарымен (картоп, маис, томат, темекі) танысты.

Әдеб.: Қазақ совет энциклопедиясы. -Т.1. -Алматы, 1975. -289-290 с.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2021-08-09 13:41:43     Қаралды-1268

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »