АРАБ ЖАЗУЬІ - дүние жүзіне латын жазуыная кейін ең көп тараған жазу. Біздің заманымыздың 4 ғасырдың шамасында Арабияда арамей жазуы негізінде жасалып, 7-8 ғасырларда араб жорықтары нәтижесінде мұсылман дінімен бірге көп елге жайылған. Араб жазуы оңнан солға қарай жазылады. Араб алфавитінде 28 әріп бар. Олардың әрқайсысы сөздің басында, ортасында, аяғында немесе жеке келуіне байланысты (алиф, даль, заль, ра, за, уау-дан басқалары) 4 түрлі жазылады. Араб жазуында дауыссыз дыбыстарды ғана белгілейтін әріптер бар. Дауысты дыбыстар сол әріптердің астына, үстіне әр түрлі диакритик белгілер қою арқылы беріледі (диакритик белгілер Құранда, сөздікте, өлеңде, әліппеде міндетті түрде қойылады). Тек қана үш өріп (алиф, уау, йа) дауысты дыбыстардың орнына қолданылады. Әрбір өріп белгілі бір санды да білдіреді. Арабтар ислам дінін қабылдағаннан кейін (б. з. 7 ғ.) Араб жазуының негізгі 2 түрі (куфи, насхи) пайда болды. Куфи (Евфрат бойындағы Куфа қаласының атынан шыққан) - әшекейлі жазу, әуелде Құран үшін міндетті деп саналған. Мемлекеттік мәні бар жазбалар да куфимен жазылған. Насхи (нәсхи) көбінесе әдеби және ғылыми текстерді папирус т. б. жұмсақ материалдарға жазу үшін пайдаланылған. Араб жазуы барлық араб елдерінде, Иран, Ауғанстан, Пакистан, Қытай (Шыңжаң), Малайя, Индонезияда және Африкадағы кейбір мемлекеттерде қолданылады. Латын алфавитіне көшкенге дейін СССР-дегі қазақ, азербайжан, өзбек, түрікмен, тәжік, татар, башқұрт т. б. халықтар да Араб жазуын пайдаланған. Дүние жүзіндегі халықтың 10%-тейі Араб жазуы қолданады.
Әдеб.: Юшманов Н. В. Строй арабского языка. -Л., 1938; Ковалев А. А., Шарбатов Г. Ш. Учебник арабского языка. 2 изд., 1960; Крачковский И. Ю. Над арабскими рукописями. 4 изд., М., 1965; Халидов Б. З., Учебник арабского языка. -Таш., 1965.
Жарияланған-2021-07-01 17:04:34 Қаралды-830
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Стандарттау және сертификаттау
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- шет тілі
- Ауыл шаруашылық
- Медицина