UF

Органикалық дүние эволюциясының негізгі бағыттары

 

Тірі табиғат төменгі сатыдан жоғары сатыдағы формаларға, қарапайымдардан күрделілерге қарай прогрессивті сипатта дамыды. Мұнымен қатар түрлер нақтылы тіршілік жағдайларына бейімделіп, соған қарай бағытталды. Мысалы, тоқылдақтың кұрылысы мен мінез-қылығы ағаш қабықтарының астынан бунақденелілерді алып жруге бейімделеді. Тасбақа, жылан, көртышқандар да әртүрлі тіршілік жағдайларға қарай бейімделеді.

Органикалық дүниенің тарихи дамуын түсіну үшін эволюцияның негізгі бағыттарын анықтап алу қажет. Эволюция бағыттарының проблемаларын жасауға көрнекті совет ғалымдары А. Н. Северцев, И. И. Шмальгаузен едәуір үлес косты. Олар эволюция негізгі бағыттарының ароморфоз, идиоадаптация және дегенерациядан құралатынын анықтап берді.

Ароморфоз дегеніміз дене құрылымын жалпы дамытуға жеткізіп, тіршілік әрекетінің қарқынын арттыратын, бірак, тіршілік жағдайларының шұғыл шектелуіне тек бір жақты ғана бейімделе салмайтын эволюциялық өзгерістер болып саналады.

Ароморфоз тіршілік үшін күресте едәуір артықшылық жасап, жаңа мекен ортасына көшуге мүмкіндік туғызады, популяцияларда, өсімталдықтың артып, өлім санының кемуіне жәрдемдеседі. Өсімталдык жоғары болғанда популяцияларда особьтар саны артып, ареалы кеңейеді, жаңа популяциялар түзіліп, жаңа түрлер тезірек қалыптасады, яғни биологиялық прогресс жүреді. Мәселен, ежелгі қосмекенділер құрылысы балыққа қарағанда күрделеніп, биологиялық прогресс жасады.

Идиоадаптация. Идиоадаптация дегеніміз мекен ету ортасының белгілі бір жағдайларына бейімделуді (жеке бейімделулер) қамтамасыз ететін аздаған эволюциялық өзгерістер болып саналады. Идиоадаптацияда ароморфоздағыдай құрылымның негізгі ерекшеліктері тұтас өзгермейді, организм кұрылымның жалпы деңгейі көтеріліп, тіршілік әрекеттерінің қаркындылығы күшеймейді. Мысалы, кейбір қосмекенділер куаңшылық және ыстық кезеңдерде тұқым қуалайтын өзгергіштіктер негізінде тіршілік үшін күрес пен табиғи сұрыпталу процесінде белгілі және шектеулі мекен ету орындарына - батпақты жерлер мен ми батпаққа жеке бейімделе алады. Мұнда қосмекенділер кұрылымы деңгейінде ешқандай күрделілену кұбылысы байқалған жоқ. Қазіргі қосмекенділер - бақалар, тритондар таяз сулар мен өте ылғалды жердегі тіршілік жағдайларына жаксы бейімделген.

Су түбінде мекендеуге бейімделген балықтар - камбала, скат тұқымдастардың су түбіндегі тіршілікке бейімделуі (денесінің жалпайып, реңінің су түбіндегі грунт түсіне сай болуы) идиоадаптацияға нақтылы мысал болып саналады.

Қорғаныш реңі жануарлардың құрылым өзгерістеріне қарамастан тіршілік жағдайларға бейімделуге мысал болады.

Сурет - Идиоадаптация мысалдары

 

Өсімдіктерде гүлдің жел және бунақденелілер арқылы айқас тозаңдануына, жемістер мен тұқымдардың таралуына, жапырақтардың аз булануына бейімделуі - идиоадаптация мысалы.

Әдетте түр, туыс, тұқымдас тәрізді ұсақ жіктеу топтары эволюция процесінде идиоадаптация жолымен пайда болады. Сондай-ақ - идиоадаптация түр санының артып, ареалының кеңеюі, түртүзілістің тездеуі, яғни биологиялык прогресс.

Жалпы дегенерация. Дегенерация дегеніміз дене құрылымын қарапайымдандыруға жеткізетін эволюциялық өзгерістер болып саналады. Олар әдетте өзінің биологиялық мәнінен айрылған бірқатар мүшелердің жойылуы арқылы жүреді.

Дегенерация көбінесе отырықшы немесе паразиттік тіршілік етуге көшумен байланысты болады. Дене құрылымы әдетте арнайы тіршілік жағдайларына түрлі-түрлі бейімделулердің пайда болуы арқылы қарапайымданады. Шошқа цепенінде, жалпақ таспа құртта және басқа - адамда паразиттік ететін құрттарда ішек болмайды, нерв жүйесі нашар дамыған, өздігінен жылжуға мүлде дәрменсіз десе де болады. Бұл жәндіктердің дене құрылымы қарапайымдануымен бірге сорғыштары мен ілмешектері болады, солардың жәрдемімен өз иесі ішегінің қабырғасына жабысып алады. Сондай-ақ олардың көбею мүшелері де күшті дамыған және олар түрдің сақталып, оның сан мөлшерінің артуына себепші болатын өсімталдығымен ерекшеленеді.

Беде, құлмақ және басқа өсімдіктерде паразиттік ететін тозғанақтың ең негізгі мүшесі - жапырақтары жоқ, ал тамыр орнына сабақтарында сорғыштар түзіліп, ол иемденген өсімдігінен сол сорғыштары арқылы қоректік затты сорып алады. Демек, жалпы дегенерация түрдің өркендеуіне кедергі жасамайды. Таспа кұрттар мысалынан көргеніміздей, дене құрылымы едәуір қарапайым көптеген паразиттер тобы қаулап, өсе береді. Демек, дегенерация да биологиялық прогреске жеткізеді.

Сонымен биологиялық прогреске жетудің үш әдісі бар, олар: ароморфоз, идиоадаптация, дегенерация.

Қазіргі кездегі түрлердің көпшілігі биологиялық прогресс жолымен дамиды. Бұдан жүз жыл бұрын орқоян солтүстікке Ленинград - Қазанға дейін, шығыста - Орал өзеніне дейінтаралды; Қазіргі уақытта оны солтүстікте - Орталық Қарелиядан және шығыста - Омскіге дейінгі аймақтан кездестіреміз. Осы кезде оның 20 шақты түр тармақтары бар. Қөпшілігі өсімдік, жануар және адам паразиттері болып табылатын немесе нематодтар (жұмыр құрттар) бұл күнде бүкіл топырақ, теңіз, мұхит және тұщысу суқоймаларын жайлап алған.

Сурет - Ароморфоз, идиоадаптация және дегенерациялар арақатынастарының схемасы (А. Н. Северцов бойынша).

 

Табиғатта биологиялык прогреске қарама-қарсы биологиялық регресс те байқалады. Оның ерекшеліктері, особьтар саны, ареалдың таралуы, түр, популяция санының кемуімен сипатталады. Ол көбінесе түрлердің өліп бітуіне апарып соғады.

Ежелгі қосмекенділердің толып жатқан тармақтарынан қосмекенділер мен жорғалаушылардың қазіргі кездегі кластарын түзе алғандары ғана сақталып қалды. Ежелгі папоротник-тәрізділер, т. б. өсімдіктер мен жануарлар жойылып кетті.

Биологиялық прогресс пен биологиялық регрестің адам пайда болғаннан кейінгі себептері адамның эволюция барысында қалыптасқан тірі организмдер мен айналадағы орта байланысын бұза отырып, Жер ландшафындағы өзгерістерге байланысты болды.

Адамның іс-әрекеті өзіне жиі зиянын тигізетін бір түрлердің биологиялық прогресіне, сондай-ақ өзіне қажетті және пайдалы екінші түрлердің биологиялық регресіне қуатты фактор болып табылады. Улы химикаттарға төтеп беретін көптеген бунақденелілер түрлерінің, дәріге қарсы төзетін ауру тудырғыш микробтардың, сарқынды суларда қаулап өскен көкжасыл балдырлардың пайда болуын еске түсіріп көріңдер. Осылардың барлығы - адам іс-әрекетінің кінәсі. Адам егін егігі, ағаш тіккенде табиғатты айпап-жайпап, аумақты аймақтағы сан алуан жабайы популяциялардың біразын қолдан алмастыра отырып, жойып жібереді.

Адамның аяусыз жоюынан көптеген түрлер биологиялық регреске ұшырайды. Биологиялық регресс қашанда түрлердің өліп біту қаупін тудырады. Міне сондықтан да тибиғатты алдын-ала қорғау шаралары да ескеріледі. Адам шаруашылық іс-әрекеті мен медицинада биологиялық прогресс пен биологиялық регресті ескеруі қажет.

Эволюциялық түрлі-түрлі жолдардың арақатынасы. Ірі жүйелеу топтарының (мысалы, типтерді және кластардың) эволюциялық жолдары өте күрделі. Филогенез процесінде эволюцияның бір жолы екіншісімен алмасып отырады.

Тірі организмдердің әртүрлі топтарындағы эволюцияда идиоадаптацияға қарағанда ароморфоз әлде қайда сирек өтеді ол органикалық дүниенің дамуында жаңа кезең болып есептеледі.

Жаңа, құрылымы аса күрделі топтар ароморфоз жолымен пайда болып, жаңа мекен ету ортасына (мысалы, жануарлардың құрлыққа шығуы) жиі ауысып отырады. Бұдан әрі эволюция идиоадаптация жолымен, кейде дегенерациямен жалғаса берді.

Ароморфоздың әрқайсысы идиоадаптацпяға жаңа мүмкіндіктер ашып береді, ол дене құрылымын толықтырмай-ақ организмдердің ортадан түрлі-түрлі мекен ету орындарын басып алу мүмкіндігімен камтамасыз етеді.

Әдебиет: Жалпы биология. Алматы, 1991. -Б.14-15.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-11-03 14:35:21     Қаралды-2220

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »