UF

Дарвин ілімінің негізгі қағидалары. Дарвинизмнің маңызы

 

Дарвин еңбектері. Дарвин саяхаттан кейін 20 жыл бойы эволюциялық теория жасау жолында талмай еңбек етіп, оны «Табиғи сұрыпталу жолы мен түрлердің шығуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы өскен тұқымдардың сақталып қалуы» (1859) деген еңбегінде жариялады. Дарвин бұдан кейінгі шығармаларында негізгі проблемаларды - түрлердің шығу тегін жан-жақты дамытып, тереңдете түсті. Ол орасан көп нақтылы материалдар негізінде, «Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі» деген кітабында үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктер сорттары эволюциясының заңдылықтарын түсіндіріп берді.

Сурет - Галапагос құнақтары. Тұмсық пішініндегі айырмашылықтар

 

Дарвин адамның жануарлардан шыққандығын түсіндіру үшін «Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу» деген еңбегінде эволюциялық теорияны қолданды. Эволюциялық теорияның жеке мәселелері егжей-тегжейлі талданған ботаника, зоология және геология бойынша жасалған еңбектер Дарвинге тиесі.

Дарвин ілімінің негізгі қағидалары. Дарвиннің негізгі еңбегі ол эволюциялық қозғаушы күшті ашты. Дарвин бейімделгіштіктің пайда болуы мен салыстырмальі сипатын табиғаттан тыс күштердің қатысынсыз-ақ, тек табиғи заңдардың ғана әрекет етуімен материалистік тұрғыда түсіндірді. Дарвин ілімі түрлердің тұрақтылығы мен олардың құдай жаратқандығы туралы метафизикалық түсініктердің түбіріне балта шапты. Сонда жабайы табиғаттағы түрлердің жануарлар мен тұқымдары және мәдени өсімдіктер сорттарының эволюциялық қозғаушы күші қандай болмақ?

Тұқымдар мен сорттардың эволюциялың қозғаушы күштері - ол тұқым қуалайтын өзгергіштік және адамның қолдан сұрыптауы. Дарвин жануарлардың әртүрлі тұқымдары мен мәдени өсімдіктердің сорттарын адам қолдан сұрыптау процесінде жасағанын дәлелдеп берді. Адам міндетті түрде тұқым қуалайтын, қайткенде де өз көңіліне ұнаған өзгерістері бар особьтарды ұрпақтан ұрпаққа сұрыптай, басқа особьтарды көбейтуге қатыстырмай, тұқымға қалдырып отырды, осының нәтижесінде белгілері мен қасиеттері адам көңіліне ұнаған жаңа тұқымдар мен сорттар алынды.

Табиғатта дәл осыған ұқсас процесс бола ма, жоқ па? Организмдер геометриялық прогреспен көбейеді, алайда жыныстық жағынан жетілгенге дейін өмір сүретіндері өте аз. Особьтардың едәуір бөлігі соңынан мүлде ұрпақ қалдырмай өледі немесе өте аз мөлшерде ұрпақ қалдырады. Бір түрдің, сондай-ақ әртүрлер особьтарының арасында тіршілік үийн күрес туындап отырады, Дарвин оны организмдердің өзара, сол сияқты олардың айналадағы орта жағдайларымен арасындағы күрделі де көптүрлі қарым-қатынасы деп түсінді. Мұнда ол «тек бір особьтың ғана тіршілігін емес, сондай-ақ оның ұрпақпен өзін қамтамасыз ету жетістіктерін де» ескереді.

Табиғи сұрыпталу тіршілік үшін күрестің салдары болып табылады. Дарвин «қолайлы жеке айырмашылықтар мен өзгерістердің сақталып, зияндыларының өзгеріп, жойылып отыруын» осы термин арқылы білдірді.

Тұқым қуалайтын өзгергіштік негізінде жүретін тіршілік үшін күрес пен табиғи сұрыпталу. Дарвиннің пікірі бойынша органиқалық дүние эволюциясының негізгі қозғаушы күштері (факторлары) болып табылады.

Ұрпақтан ұрпаққа созылатын қатардағы тұқым қуалайтын жеке ауытқулар, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу нақтылы тіршілік жағдайларына барған сайын бейімделгіштік бағытында түрлерді өзгеріске ұшыратады. Организмдердің бейімделгіштігі қашанда салыстырмалы сипатта болады.

Жерде мекендейтін түрлердің көптүрлілігі табиғи сұрыпталудың тағы бір нәтижесі болып табылады.

Дарвинизмнің биологияны дамытуға тигізген ықпалы. Биология ғылымының барлық салалары дарвинизм негізінде қайта кұрылды. Палеонтология - органикалық дүниенің даму жолдарын; жүйелеу ғылымы - жүйеленген топтардың туыстық байланысы мен шығу тегін; эмбриология - эволюция процесінде организмдердің жеке даму сатысындағы ортақтықты анықтауды; адам және жануарлар физиологиясы - олардың тіршілік әрекеттерін салыстырып, арасындағы туыстық байланыстарды айқындауды таба бастады.

XX ғасырдың басында табиғи сұрыпталу эксперименттік жолмен басталып, генетика, экология өте жылдам өрістей түсті. Россияда Дарвин идеясы алдыңғы қатарлы интеллигенттерден қолдау тапты. Жоғары оқу орындарында профессорлардың келісімпаз бөлігі зоология және ботаника пәндерін дарвинизм рухында қайта құрды. Журналдарда Дарвин ілімі баяндалған мақалалар шыға бастады. 1864 ж. «Түрлердің шығу тегі» ең алғаш орыс тілінде жарық көрді.

Дарвинизм негізінде биологиялық ғылымды дамытуда біздің отандық ғалымдардың ролі зор болды. Орыс және дүние жүзі ғылымының көрнекті кемеңгері болған ағайынды В.О. және А. О. Ковалевскийлер, К. А. Тимирязев, И. И. Мечников, И. П. Павлов, Н. И. Вавилов, А. Н. Северцов, И. И. Шмальгаузен, В.С. Четвериков, тағы басқа көптеген ғалымдар өз зерттеулеріне Дарвин идеясын негіз етті.

Әдебиет: Жалпы биология. Алматы, 1991. -Б.14-15.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-11-03 13:41:00     Қаралды-3457

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »