СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
Категориясы: Тарих
Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның қиыр солтүстігінде орналасқан. Облыс 1936 жылы 29 шілдеде құрылды. 1997 жылы кұрамына Көкшетау облысы қосылып, 1999 жылы оның үш ауданы мен Көкшетау қаласы Ақмола облысына берілді. Солтүстік Қазақстан облысының құрамында 13 әкімшілік аудан, 5 қала, 2 кент бар. Орталығы - Петропавл қаласы.
Облыстың аумағын Есіл өзенінің орталық бөлігі, Аққанбұрлық және Иманбұрлық өзендері, Шағалалы өзенінің төменгі ағысы, Ащықарасу, Ащысу өзендері, сондай-ақ Сілеті өзенінің төменгі ағысы басып өтеді. Шаруашылық үшін Есілдің маңызы ерекше. Солтүстік Қазақстан облысы - көлдерге өте бай облыстардың бірі. Ең ірі көлдері: Толыбай, Үлкен Қарақамыс, Тоқты, Қақ, Ақсуат, Үлыкөл, Тораңғыл, Үлкен Қоскөл, Саумалкөл, Шағалалытеңіз, Қалыбек, Теке, Көксеңгірсор, Сілетітеңіз, т.б.
Өнеркәсіптің басты саласы машина жасау болып табылады. Екінші орынды тамақ өнеркәсібі алады. Өнімнің қалған түрлеріне жеңіл өнеркәсіп, электр энергетикасы, т.б. салалар жатады. Ірі өнеркәсіп орындарына Петропавл вагон және локомотив депосы, шағын литражды қозғауыштар зауыты, Петропавл прокат (қақтау) жабдықтары мен бөлшектері зауыттары жатады. Тамақ өнеркәсібі саласында Петропавл ет комбинатының, сүт-май зауыты, ұн тарту зауыттарының маңызы зор. Олар сапасы жоғары өнімдерін шет елдерге шығарады.
Жарияланған-2015-11-16 17:12:05 Қаралды-4237
ҚЫСТА ШЫРША ҚЫЛҚАНЫ НЕЛІКТЕН ЖАСЫЛ БОЛАДЫ?

Күздігүні барлық ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп қалады да, шыршалардын қылқандары жасыл күйінде түспей тұра береді?
СУ - ӘЛЕМДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕНІҢ БІРІ

Су туралы көп жазылып та, айтылып та жүр. Қазіргі су проблемасы аса өзекті мәселенің бірі.
ЖОРҒА ЖАРЫС

Жорға жарыс - қазақтармен қатар туысқан Орта Азия халықтарының арасында да кең тараған ұлттық спорт ойыны.
ЖАЛАҢТӨС БАҺАДҮР

Жалаңтөс Сейітқұлұлы (1576 - 1656 жж.) - қазақтың әйгілі батыры, аса көрнекті қолбасшы, Самарқандтың аталығы (әмірі). Туған жері - Сырдарияның төменгі ағысы. Шыққан тегі - Кіші жүздің төртқара руынан. Жалаңтөс баһадүрдің арғы атасы Ораз кезінде Әмір Темір