UF

КОЛЛИ (ШОТЛАНД ОВЧАРКАСЫ)

Категориясы: Жануарлар


Ертеден келе жатқан бақташы ит тұқымы. Отаны - Шотландияның табиғаты қатал таулы аудандары.

Колли алғаш рет 1860 жылы Бирмингемдегі көрмеге әкелінді. 1885 жылы Англияда колли клубы ашылды, ал 1891 жылы осы тұқымның алғашқы стандарты бекітілді. Ұзаққа созылған селекция жұмыстары коллиді мәдени заводтың ит тұқымына айналдырды. Колли өте жуас. Түрлі үйрету жаттығуларына тез дағдыланады. Олар әсіресе бақташылыңқа оңай үйренеді. Соған бар жан-тәнін салады.

Американың ит үйретушісі Рудд Ватервакс экраннан Лесси деген итті көрсеткеннен кейін колли бұрынғыдан да танымал бола түсті. Бақташы ит ретінде колли Канадада, Жаңа Зеландияда, әсіресе Австралияда кең тараған.

Колли жұмысқа төзімді, ешқашан одан жалықпайды.

Бұл ит тұқымы Совет Одағында 1952 жылдан бастап, Қиыр Шығыста теңбіл бұғы бағатын бақташы ит ретінде пайдаланылып келеді. Содан соң 1960 жылдары Қазақстанға әкелініп, қой бағуға үйретілді.

Коллиге күтім көп керек. Асты да талғап ішеді. Оның ұзын да қалың жүніне ошаған жабысса тазарту дегеніңіз бір қиямет. Әйтседе бақташы ит ретінде маңызы зор. Қойды да, қозыны да жақсы бағады.

Колли мен неміс овчаркасының жақсы қасиеттерін бойына сіңірген, олардың кемшіліктерін дарытпаған жақсы ит шығаруға болады. Ол - осы екеуінің бірінші буданы. Будандастыру үшін коллидің төбетін, неміс овчаркасының қаншығын іріктеу қажет. Будандардың ірілігі жөнінен неміс овчаркасынан айырмашылығы жоқ. Жүні де енесінің жүніндей қысқа, бірақ әкесінің жүніндей өте қалың болады. Басы жіңішкелеу, құлағы тік тұрады. Түсі көбіне ашық сары, қарақуқыл және сұрала болады. Сүйегі жеңіл. Будандар жуас, қой қаппайды. Тез үйреніп, тез дағдыланады. Ал будандарды бір-бірімен будандастырудың қажеті шамалы. Өйткені олардың жұмысқа деген қабілеті нашар. Егер коллидің қаншығын неміс овчаркасының төбетімен шағылыстырса одан алынған будандар өте болбыр болып шығады. Көбіне жүні ұзын болады. Бірақ колли секілді күтімді көп қажет етпейді.

Колли - биіктігі ортадан жоғары ит. Дене құрылысының типі бойынша ширақ, бірақ ашаң. Жеңіл қозғалып, тез жүреді. Жүні ұзын, батыл, жақсы естиді, сақ. Сүйегі мықты, бірақ ірі емес, бұлшық еті мықты да құрғақ. Терісінде қатпар болмайды.

Төбетінің шоқтығынан биіктігі 65-69 см, қаншығының бұл көрсеткіші 60-64 см болады. Егер тобетінің шоқтығынан биіктігі 63 сантиметрден кем болып, 72 сантиметрден асып кетсе, қаншығының бұл көрсеткіші тиісінше 58 және 66 см болса кемістік деп табылады. Кеудесі ұзыншалау келеді.

Жыныстық типі анық байқалады. Төбеті ірі, жүпі ұзын, шоқтығы көтеріңкі, кеудесі кең, басы үлкен болады. Қаншығы бұған қарағанда майдалау келеді.

Ұзын жүні тік тұрады. Кейбір тұстарында толқынданып жатады. Сондай-ақ құлағының түбінде «қыл», самайында «самай шаш», мойын мен шоқтығында «жал», ал артқы аяғының сыртында «қыл» болады. Сауырының жүні анағұрлым қатты, ал бөксесінің артқы жиектеріндегі үлпілдеген ұзын жүні «шортик» секілденіп тұрады. Құйрығына түгел ұзын да қалың жүн өскен. Самайын, маңдайын, тұмсығын алдыңғы аяғы мен артқы жіліншіктерін жүн жауып жатады. Түбіті қалың, түсі ала келеді. Түсі қара, сары немесе көкшіл иттің кеудесі, мойны, аяғы мен құйрығының ұшы ақ болады. Басының кейбір тұстарында ақшыл дақ болуы да мүмкін.

Басы сына тәрізді ұзын, жіңішке. Басының үстіңгі және бүйір сызықтары түзу дерлік. Тұмсық маңдайға қарай бірте-бірте ұласады. Онысы онша байқала бермейді. Қас үстіндегі доғасы мен жағы, сондай-ақ шүйде дөңесі де онша көзге ұрмайды. Маңдайы жазық, басы төбе сүйектен тұмсық ұшына қарай бірте-бірте жіңішкере береді. Енді қара, жіңішке. Тұмсығының ұшы қандай түсті ит болса да қара келеді.

Құлағы үш бұрышты, кішкентай, төрттен үш бөлігі немесе тұбінен есептегенде төрттен екі бөлігі тікейеді. Ұшы төмен түсіп, құлақ қуысын жабады. Жоғары біткен, өте жақсы қозғалады. Қалыпты жағдайда кейін қайырып алады, ал сақтанған жағдайда ілгері қаратады.

Тік тұратын құлақ, салбыраған құлақ және т. б. орналасқан құлақ иттің кемістігі болып есептелінеді.

Көзі онша үлкен болмайды. Формасы жағынан бадам секілді. Қиғаш біткен, қоюлау қызыл түсті. Қасы - жіңішке, жиектері қара-қоңыр.

Тісі - ірі, ақ, бір-біріне тығыз орныққан. Қайшы тәрізді тістеседі. Күрек тістері бір сызық бойына орналасқан.

Мойны жіңішке, жоғары біткен, ұзын. Ұзындығы жөнінен басының ұзындығынан кем емес. Кеудесі кең де терең, сондай-ақ ұзын. Формасы бойынша тартылған садақ секілді. Көкірегінің төменгі қыры садақсүйекпен қатар тұрады. Іші тартыңқы. Шоқтығы жақсы жетілген, биік. Арқасы мықты, түзу, айтарлықтай кең. Белі қысқа, едәуір кең, аздап дөңестеу. Сауыры да айтарлықтай кең, ұзыншалау, салыңқы. Қылыш секілді құйрығы тірсегіне түседі. Қалыпты жағдайда темен түсіп тұрады да, қауіптенген сәтте арқа қырынан асыра тікейтіп алады.

Алдыңғы аяқтарының садақсүйекке дейінгі ұзындығы шоқтығынан есептегенде биіктігінің жартысынан асады. Алдыңғы сандары түзу, бір-біріне қатарлас. Алдыңғы жіліншіктері онша ұзып емес.

Артқы аяқтары артынан қарағанда түзу және қатарлас. Бөксесінің бұлшық еттері жақсы жетілген. Сирақтары қысқа. Тірсек буыны ашаң, білеуленіп білініп тұрады. Жамбас дөңесінен түсетін сызық артқы жіліншіктің алдыңғы қырынан немесе одан сәл ілгері түсуге тиіс.

Табандары сопақ, башпайлары тығыз тұтасқан. Артқы табандары алдыңғы табандарынан кішкептай және домалақтау, башпайларының арасы ашықтау келеді.

Тез қозғалып, жеңіл жүреді. Қадамдары алшақ, алдыңғы аяқтары едәуір көтеріңкі болады. Коллидің өзіне тән жүріс мәнері - желе жорту.

  Жарияланған-2019-06-17 17:24:36     Қаралды-1563

Мәлімет сізге көмек берді ма

АЛТАЙ АЙМАҒЫ

...

Алтай аймағы, негізінен, Шығыс Қазақстан облысы аумағын алып жатыр. Жер бедерінің басым бөлігі таулы-қыратты келеді. Оның солтүстік-шығыс шекарасы Алтай тауларының Көксу, Қатын, Көкжота, оңтүстігі — Сауыр-Тарбағатай, Сарымсақты, Нарын, Күршім, батысы Қалб

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰРҒАҚ ЖЕМІСТЕР МЕН ЖАҢҒАҚТАН ЖАСАЛҒАН ДОМАЛАҚТАР

...

Тазартылып, қуырылған грек жаңғағы, жуылған жүзім (сүйегінен ажыратылған) және курага ет тартқыштың тар көзді пышағынан екі рет өткізіліп, мұқият араластырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛЫҚТАР ҚАЛАЙ КӨРЕДІ?

...

Балықтар табиғаты бойынша алыстан көрмейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕРГЕНДІК НЕМЕСЕ НЫСАНА КӨЗДЕУ

...

Бізге мәлім болғандай оқ ататын мылтық XIV ғасырдан пайда болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АВАРИЯНЫ ТУҒЫЗАТЫН КАНДАЙ СЕБЕПТЕР БАР ЖӘНЕ ОНЫ ЖОЮ?

...

Авария (апат) — өндірістік процестің бұзылуын туғызатын, машинаның, агрегаттың істен шығуы немесе адамдардың өмі рі мен денсаулығына қауіп төнуіне байланысты тоқтатылуы. Ірі өндірістік апаттарында өнеркәсіп орындарында, транспортта немесе басқа да халық ш

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛШАДАН ЖАСАЛҒАН КӘМПИТ (пастила)

...

Алша жемістері піскенше қайнатылып, қабығы мен дәндерінен тазалау үшін електен өткізіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »