БҮЙДАШ ХАН
Категориясы: Тарих
Таһир қайтыс болғаннан кейін хан тағына Бұйдаш отырады. Бұйдаш - Жәнібек ханның Әдік деген ұлының баласы, Таһирдің туған інісі.
Бұйдаш ханның билігі тек Жетісу жеріне ғана жүрген. Өйткені Таһир ханның кезінде- ақ Қазақ хандығының әлсіреуі күшейіп, қазақ жерінде бірнеше хандар пайда бола бастаған. Бұйдаш - Жетісу жеріндегі қазақ хандарының бірі. Ол аз ғана (1533-1534) хандық құрды. Оның қол астында 20-30 мыңдай ғана әскер болды.
Бұйдаш ханмен байланысты осы кездегі екі оқиға тарихтан орын алды. Біріншісі - оның қырғыздарды моғолдардан қорғауы. Бұл былай болған екен. Бірде көрші елдегі моғол ханының бір ұлы көп әскерімен келіп, қырғыздарды қырып, көптеген малын олжалап кетеді. Мұны естіген Бұйдаш хан қазақтар мен қырғыздардан әскер жиып, жау әскерін талқандайды.
Екіншісі - Сайрам қаласы түбіндегі жау әскерімен соғысы. Бұл соғыста Бұйдаш хан бастаған қазақ әскері жеңіліске ұшырайды. Шайқас алдында қатты шаңды дауыл болып, қазақтарға қарсы соғады. Осыны жау әскері пайдаланып, жеңіске жетеді. Бұл соғыста Бұйдаш ханмен бірге Жәнібек ханның баласы Әдік сұлтанның бес ұлынан тараған 24 сұлтан өледі. Жау әскері қазақтың оңтүстігіндегі бірнеше қалаларын басып алады.
Жарияланған-2015-11-13 16:06:52 Қаралды-3296
БАЛ ҚОСЫЛҒАН ІРІМШІК
850 грамм ірімшік пен 125 грамм бал жақсылап араластырылып, шай дастарқанына қойылады.
ШЕҢГЕЛ – ГЕМОРРОЙДЫ ЕМДЕГЕНДЕ ПАЙДАЛАНАДЫ
Гүл жапырақшалары гүл тостағаншасының қалақшаларынан ұзынырақ. Оңай ашылатын буылтық кауашақта екі тұқым бар.
ЖЕТІСУ
Жетісу - тарихи-географиялық аймақ. Солтүстігінде Балқаш көлімен, шығысында Жетісу (Жоңғар) Алатауымен, оңтүстік және оңтүстік-батысында Тянь-Шань жоталарымен шектеседі. Ал батысы Бетпақдалаға ұласады.
ЖҮГЕРІ ҮЛПЕГІНЕН ЖАСАЛҒАН КҮЛШЕ (коржик)
Қант, жұмыртқа, қаймақ араластырылып, оған жуылған мейіз, жүгері үлпегі және сода қосылады да, 1 минут бойы тағы араластырылып, қамыр иленеді.
ЖАҢҒАҚ ДӘНІ САЛЫНҒАН ҚУЫРМА
Өсімдік майынан, қанттан, жаңғақтан, ұннан және цедра мен жарты лимонның шырыны қосылып қамыр иленеді.
ӘЛІШЕР НАУАИ
Әлішер Науаи - өзбек халқының ұлы ақыны, ойшылы, мемлекеттік қайраткері. Әкесі өлгеннен кейін 12 жасар Науаиды Бабыр өз тәрбиесіне алған.