СОЛТҮСТІК МҰЗДЫ МҰХИТ
Категориясы: Табиғат
СОЛТҮСТІК МҰЗДЫ МҰХИТ - Жер шарындағы ең кіші мұхит (Дүние жүзілік мұхит ауданының 2,8%-і). Ауданы 13,1 млн. км2, аумағы 17 млн. км3. Евразия және Солтүстік Америка арасында орналасқан. Дейвис, Дат, Фарер-Исланд, Фарер-Шетленд бұғаздары арқылы Атлант мұхитымен, Беринг бұғазы арқылы Тынық мұхитпен жалғасқан. Физика-географиялық ерекшеліктеріне және геологиялық құрылысына қарай негізгі 3 бөлікке бөлінеді: Солтүстік Европалық алап (Гренландия, Норвегия, Баренц және Ақ теңіздер), материктік қайраңға таяу жатқан теңіздер (Кара, Лаптевтер, Шығыс Сібір, Чукот, Бофорт, Баффин теңіздері және Гудзон шығанағы), Арктикалық алап - мұхиттың орталық терең бөлігі. Ірі аралдары мен архипелагтары: Гренландия, Исландия, Канаданың Арктикалық архипелагы, Шпицберген, Франц-Иосиф Жері, Жаңа Жер, Солтүстік Жер, Жаңасібір аралдары. Аралдарының жалпы ауданы 4 млн. км2.
Түбінің рельефінде кең материктік қайраң (1200-1300 м-ге дейін), су асты жоталарымен Гаккель (ең саяз бөлігі 400 м), Ломоносов (954 м), Менделеев (1500 м) бөлінген тік материктік беткейлер және терең шұңғымалар [Нансен (5449 м), Амундсен (4321 м) Макаров (3940 м), Канада (3838 м)] ажыратылады. Климаты арктикалық. Ауаның орташа температурасы қаңтарда Атлант мұхиты мен Солтүстік Европа алабының шегінде - 2°, -4° С-тан - 32°С-қа дейін, Арктикалық алапта -40°С; шілдеде Арктикалық алапта 0°, -1° С, теңізде 4°, -6°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 75-300 мм. Қыста мұхит айдынының 9/10 бөлігін көп жылдық мұз (орташа қалыңдығы 3 м-дей) басады. Жарты тәуліктік толысуының биіктігі 1 м, ең биік жерінде (Баренц теңізінде) 6,1 м. Ағыс жылдамдығы 2,0-5,0 м/сек-тан 10,0-20,0 м/сек-қа дейін. Өсімдік және жануар дүниесі арктикалық және атланттық түрлерден қалыптасқан. Фитопланктонның (негізінен диатомды балдырлар) 67 түрі кездеседі. Мұхит түбін фукус, ламинария, алярия т. б. алып жатыр. Зоопланктонның 300 түрі бар. Балықтардың солтүстік атлант түрлері (май шабақ, треска, пикша) және кит, морж, ит балық, ақ аю тіршілік етеді. Солтүстік Европа алабындағы теңіздерден, Баффин теңізінен балық және аң ауланады. Солтүстік Мұзды мұхитың транспорттық маңызы күшеюде (Солтустік теңіз жолы, Солтустік-Батыс теңіз өткелі). Маңызды теңіз порттары - Мурманск (Баренц теңізі), Кандалакша, Беломорск, Архангельск (Ақ теңіз), Диксон (Кара теңізі), Тикси (Лаптевтер теңізі), Певек (Шығыс Сібір теңізі), Тромсё және Тронхейм (Норвегия теңізі), Черчилл (Гудзон шығанағы).
Әдеб.: Советская Арктика. Моря и острова Северного Ледовитого океана. М., 1970; Короткевич Е. С. Полярные пустыни. Л., 1972.
Жарияланған-2020-10-14 12:04:02 Қаралды-26015
ТҮРІК ШЕЖІРЕСІ

«Түрік шежіресі» - Хиуа ханы әрі тарихшы Әбілғазы Баһадүр ханның шығармасы. ІІІығарма 9 тараудан және алғы сөзден тұрады. Шығарманы Әбілғазы бастап (1663), баласы Ануша аяқтаған (1665). Шежіреде түркі-моңғол тайпалары, Шыңғыс хан мен оның әулеттерінің, Әб
КІЛЕГЕЙ ҚОСЫЛҒАМ КҮРІШ

Күріш күрмегінен тазарты лып, жуылады. Сөйтіп әуелі суға салып шала, содан соң сүт қосып, әбден пісіріледі.
ЖАНР

Суретшілер әр қилы шығармалар тудырады. Біреуі табиғатты, екіншісі адамды бейнелесе, үшіншісі күнде көріп жүрғен қарапайым заттарды кескіндейді. Міне, шығармаларды сол нені бейнелегеніне қаран, жанрға бөлетін болған.
ШЕГІРШІН – ПОДАГРАНЫ ЕМДЕУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Шегіршін ылғалды шабындықтарда, орманның шеттерінде, сайларда, өзен жағасында, бұталардың арасында өседі.
СҰҢҚАР

Қазақтың кәнігі құсбегілері сұңқардың өзін бірнеше түрге бөліп, түр-түсіне, мінез-бітіміне орай саралай білген. Мәселен, ак сұңқар, ақ бас сұңқар деп атайтын болған. Сол атауларына орай, сұңқардың сырт түсі әр түрлі болып келгенімен, тұлға-бітімінде, міне