СҮҢГУІР ҚАЙЫҚТЫҢ ІШІНДЕ НЕ БАР?
Категориясы: Өнертабысты
Суға кез келген әйнек сынығын тастап көр - ол су түбіне шым батып жоғалады. Ал енді аузы тығындалған бос бөтелкені тасташы - ол да әйнек, бірақ жайбарақат қалқып жүре береді. Егер осы бөтелкеге су жартылай құйылса, ол жартылай шөгеді. Керемет пе? Мұнда ешқандай кереметтік жоқ. Гәп көзге көрінбейтін ауада. Ол жеп-жеңіл, тіпті бәрінен жеңіл. Бөтелкеге су кіргенде, ондағы ауа азаяды, оны су ығыстырып шығарады. Демек, бөтелке ауырлай түседі. Су бөтелкедегі ауаны түгел ығыстырып, лық толса, ол да манағы әйнек сынығынша батады да кетеді.
Осылай бүкіл кеме атаулының, соның ішінде сүңгуір қайықтың да, суға батпайтыны - ауаның арқасы.
Қайықтың ішкі қабырғалары - олар болаттан жасалған, зілдей ауыр, ал сыртқы қабырғалары ше - олар да болаттан, бірақ жеңілдеу. Сыртқы және ішкі қабырғалар арасында не бар?
Су асты кемесінің капитанына не керек болса, сонымен толтырылады: су керек деп бұйыра ма - сумен, ауа керек деп бұйырса - ауамен.
Теңізге сүңгу керек пе: «Крандарды ашыңдар!» - деп команда береді капитан. Тыстағы су ауаны ысылдата ығыстырып, екі қабырғаның арасындағы бос қуысты толтыра бастайды. Қайық бірден ауыр тартып, тереңге сүңги жөнеледі. Ол тіпті теңіз табанына барып, мүлдем жатып та ала алады. Жоғарыға қалқып шығу керек пе - әлгі қуысты ауамен толтыруға бұйрық беріледі. Қайық ішінде ауа қоры әрқашан бар. Қатты қысыммен айдалған ауа суды борттың сыртына қуып тастайды да, кеме жеңілдеп, теңіз бетіне көтеріледі.
Қайық теңіз түбіне шөккенде, су бетінде перискобы ғана қылтиып тұрады. Перископ - сүңгуір қайықтың көзі. Оның ұзын түтігіне үңілсең, су бетінде не болын жатқаңын түгел көресің. Егер қайық тереңірек сүңгіп, перископ теңіз бетіне жете алмайтындай болса, онда су асты құлақтары жәрдемдеседі. Радио сүңгуір қайықтың құлағы. Олар радиомаяк сигналдарын шалғайдан қағып алып, кеменің дұрыс бағдар ұстауына көмектеседі, штабтан бұйрықтар жеткізеді.
Сонымен қатар сүңгуір қайыққа шу тұтарлар көмектеседі. Олар су астындагы дыбыс атаулыны әте сақ естиді.
Ғылыми кемеге - нағыз су асты лабораториясы. Ондағы қызметкерлер ішінде тек теңізшілер ғана емес, ғалымдар да бар, олар тұңғиық тереңдікте суды, теңіз түбін, су асты ағыстарын зерттейді, теңіз мақлұқтары тіршілігін бақылайды. Кают-компанияның бүкіл қабырғасы - өте зор теледидар экраны іспетті. Бірақ бұл ешқандай да экран емес, кең де биік иллюминатор немесе қарапайым тілмен айтсақ - терезе.
Қалың әйнектің аржағында прожектор сәулесіне шағылысып, өзгеше бөтен балықтар жалт-жұлт етеді. Қайыққа көздері бадырая қарасып, - мынау тағы не құбыжық! - дегендей, қанаттарын жалқау қимылдатып, өз жөніне тартып барады.
Енді иллюминатордан қорқынышты екі сегізаяқ, іле-шала кашалот сығалады. Олар дәл сол арада бір-біріне тап берісті де, нағыз қанды қырғын басталды.
Жарияланған-2016-09-16 15:18:37 Қаралды-5916
ОРМАН – БІЗДІҢ БАЙЛЫҒЫМЫЗ!
«Ағаш ексек біз, не еккеніміз?» деген жолдармен басталатын өлеңі бар. Бұл сұрауға әрбір маман әрқалай жауап берер еді.
КОСМОНАВТҚА СКАФАНДР НЕГЕ ҚАЖЕТ?
Мінеки, ғарыш кеме ұшатын жерге автобус келіп тоқтайды. Одан түсіп жатқан ғарышкерді бірден танисың: кигендері – скафандр, ғарышқа ұшуға лайықталған арнаулы киім.
ЖЕР АТМОСФЕРАСЫНЫҢ САЛМАҒЫ ҚАНША?
Біздің Жер планетасы газ қабатымен - атмосферамен қоршалған.
ШАШ КҮТІМІ
Әдемі жылтыраған шаш әйелдің сәнін келтіріп қана қоймайды, оның денінің сау екендігінің де куәсі.
ЖАНУАРЛАРҒА ҚҰЙРЫҚ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?
Құйрықсыз ит пен мысықты елестету қиын. Неліктен жануарларға құйрық керек?