ҮСТІРТТІҢ ТАС МҮСІНДЕРІ
Категориясы: Табиғат
Еліміздің батыс бөлігіндегі Маңғыстау облысы аумағында орналасқан көтеріңкі, жазық келген Үстірт және оның кемерлерінің пішіндері адам қызығарлықтай. Дүние жүзінде теңдесі жоқ қыраттар мен кемерлер мыңдаған жылдар бойы жел мен судың әсеріне ұшырап, адам танымастай өзгерген. Сырттай қарағанда олар шебер өрнектелген беймәлім ғаламат құрылысқа ұқсайды. Мұнда пышақ кескендей тік, биіктігі 200 метр-дей болатын құлама жартастар, төбелері тақтайдай тегіс немесе конус пішіндес мұнара тәрізді төбешіктер, көне геологиялық дәуірлер куәсі-ақ, көк, қызғылт қабаттардан тұратын, үстінде біздей сүйір қондырғылары бар ұлутас «қамалдар» көп. Сондай-ақ Үстіртте ғажайып қақпалар, үңгірлер, диаметрі 5 метрге жететін домалақ тас шарлар алаңдары жеткілікті.
Үстіртте тау жыныстарының суда еруі салдарынан пайда болған үңгірлер көп кездеседі. Бұл Үстірттің тас мүсіндерінің жеке атаулары бар. Мысалы, түрлі-түсті жоталар мен шыңдарды «Ақар-шақар таулар» дейді. Одан басқа Б.Залееский атты поляк суретшісі салған (1865 жылы) атакты «Монах» тас мүсіні, «Тас шоқы», «Молда тас», «Ақмыштау», «Арыстан», «Ақсары ұлутас», т.б. тас мүсіндері белгілі.
Жарияланған-2015-11-25 21:11:42 Қаралды-5746
ЖАҢҒАҚ ҚОСЫП КЕПТІРІЛГЕН ШАБДАЛ

Шабдал тазаланып, үстіңгі жағынан дөңгелектеліп ойып алынады да қабығы мен сүйегі алып тасталады. Шабдал мен ойып алынған кесегі күннің көзіне немесе пешке қойып кептіріледі.
ҚАПШАҒАЙ ТАҢБАЛЫ ТАСЫ

Қапшағай таңбалы тасы - Алматы каласынан солтүстікке қарай 100 км жердегі Іле арнасының жарқабағындағы суреттер мен жазулар. Қапшағай жазу-таңбалары біздің заманымыздан бұрынғы II ғасыр мен біздің заманымыздың XIII ғасырлары аралығында ойып салынған.
ҚЫЗЫЛ ІРІМШІК – КӨШПЕЛІЛЕРДІҢ ТАҒАМДАРЫНЫҢ БІРІ

Сүттен жасалатын тағамдардың ішінде жасалуы оңай, тамақтық қуаты мол, берекелі, ұзаққа сақталатын тамақтың бірі - ірімшік.
ЕЖЕЛДЕН УАҚЫТ ҚАЛАЙ АНЫҚТАҒАН?

Бағзы замандарда қазіргідей сағаттар болмаған ғой. Бірақ уақытты біліп отыру адамдар үшін міндетті түрде қажет еді.
АПТАДАҒЫ КҮНДЕРДІҢ ТАРИХИ ҚАЛЫПТАСҚАН АТАУЛАРЫ

Қазіргі күн аттары төмендегі ретімен қолданылады; дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.