UF

БОКС ТАРИХЫНАН

Категориясы: Спорт


Жұдырықтасу адам қоғамының тарихында және ертедегі олимпиада бағдарламасында - панкратион деген атпен белгілі болған спорт. Олимпиада тарихында алғашқы чемпиондардың бірі болған ұлы математик Пифагор деген тарихи дерек бар.

Бокс өнерінің кемелденуі ағылшын цирк әнерінің маманы Джеймс Драутон деген адамның есімімен байланысты. Ол, 1743 жылы бокс заңының кодексін жазып шығады, осы кезеңнен бастап алғашқы бокс академиясы мен мектептері пайда болған.

1865 жылы «Маркиз Куинсбери ережесі» - деген арнайы еңбек пайда болып, онда қазіргі бокс спорты ережесінің ірге тасы қаланды.

Ағылшын драматургі Бернард Шоу - «бокс» - ол-ақыл өнер, шапшандық, ширақтық, тек қара дөрекі күш емес, - деп жазыпты.

1904 жылдан бастап, бокс олмпиадалық спорт түріне айналды. Ол 1925 жылдан бастап европалық біріншілікке кірсе, 1974 жылдан дүниежүзілік біріншілік өтетін болды, ол 1979 жылдан бастап жасөспірімдер арасында дүниежүзілік чемпионат өтіп келеді. Қазіргі кезенде халықаралық бокс федерациясының (АИБА) 156 мүшесі бар.

Бокс спортымен айналысушылар 1860 жылға дейін қолғапсыз жұдырықтасса, қолғап кию осы жылдан басталған. Ең соңғы қолғапсыз жұдырықтасудан чемпион болған спортшы - Джон Салливан, ол қолғап киіп жекпе-жекке шығып, алғашқы дүниежүзінің де чемпионы болды.

Россия тарихында бокс өнерінің дамуы орыс офицері М.Кистердің есімімен байланысты. Ол ұйымдастырған бокс үйірмесі «Кистер алаңы» деп аталынды. Алғашқы боксшылардың жарыс алаңына шығуы 1895 жылы бастау алады.

Россия тарихындағы халықаралық жарыс 1898 жылдан басталып, ол Петербург қаласында ағылшьш боксшысы Л. Мади мен орыс спортшысы Г. Майер арасында өтелді. Алғашқы рет 1913 жылы өткен Россия біріншілігіне сегіз боксшы қатынасса, 1916 жылы - 23 адам қатынасқан.

Кеңес боксшылары қатынасқан алғашқы олимпиада 1952 жыл еді.

Кәсиби бокс өнері - дүние жүзінде ең кең тараған спорт түрі десек қателеспейміз, - оның бастауы XIX ғасырдан басталады.

Осындай өте қайғылы өткен боксшылар жарысы американың Нью-Орлеан қаласында 1893 жылы Эвди Буэн мен Джексон Берки арасында өткізді. Бұл кездесуде қарыс 7 сағат 19 минутқа жалғасып, 10 раунттан тұрған, нәтиже тең аяқталып, жеңімпаздар анықталмаған. Қазіргі кәсіби боксшылардың жекпе-жегі 12 раундқа жалғасады.

Қазіргі бокс өнерінің қас шеберлері Кубалықтар деп есептелінеді. Олардың дүние жүзіндегі беделдерінің көтерілуі 1972 жылғы Мюнхен олимпиадасынан басталады. Бокс мамандарының тұжырымдауынша боксшылар жақсы меңгерген 6 ғана соққы түрі, 20 әр түрлі қорғану тәсілі бар, бірақ рингте шыққан әрбір боксшы бір жекпе-жектің өзінде ғана бір-біріне 250 соққы беріп үлгереді екен.

Қазіргі көсіпқой боксшылар ішіндегі ең табыстысы Тайсон. Ол 1994 жылы абақтыдан шығып, тек екі жылда ғана жұдырықтың күшімен 40 млиллион доллар табыс тауыпты.

Кәсіпқой бокс біздің республикамызда да 1994 жылы, сәуір айында Ақмолада өткен Қазақ елінің тұңғыш біріншілігі. Мұнда ринг төріне бірінші кәсіпқой боксшылар - 57 кг дейінгі Алматылық Есболат Нұрманов пен Қарағандылық Талғат Түсіпов.

Кездесу нәтижесінде Талғат Түсіпов республика өмірінде алғашқы кәсіпқой боксшілер ішінде бірінші чемпиондық тәжді басына киді. Қазіргі кәсіпқойлар арасындағы ең тәжірибелі боксшы Т. Түсіпов, ол - бұған дейін кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионы Ю. Арабчаковты және Кубалық Э. Карионды ойсырата жеңген майталман.

Қазақстанның құрама командассы әлем кубогы үшін жарысқа 1994 жылы алғаш рет қатынасып, бұл жарыста командалық 4 орынды иемденді, алда Германия, Тайланд және Куба мемлекеттері бар. Бұл – 30-дан астам мемлекеттер арасынан суырылып шығуы.

Қазақ боксының тарихында әлем кубогын 1981 жылы Серік Қонақбаев алған екен.

  Жарияланған-2019-06-24 16:20:05     Қаралды-2613

Мәлімет сізге көмек берді ма

ӨЗБЕК ХАНДЫҒЫ - КӨШПЕЛІ МЕМЛЕКЕТ

...

Өзбек хандығы 15 ғасырдың 20-60 жылдарында Қазақстан жерінде өмір сүрген феодалдық мемлекет.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛМА САМБУГЫ

...

Жуылып, ортасындағы өзегі алынған алмалар аздаған су қосылып пісіріледі де үккішпен үгіледі. Алманың ортасына және үккішпен үгілгеннен кейін қалған сығындының үстіне су құйылып

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚЫЗЫЛ ІРІМШІК – КӨШПЕЛІЛЕРДІҢ ТАҒАМДАРЫНЫҢ БІРІ

...

Сүттен жасалатын тағамдардың ішінде жасалуы оңай, тамақтық қуаты мол, берекелі, ұзаққа сақталатын тамақтың бірі - ірімшік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕГІ ЕҢ БИІК ГҮЛ ҚАНДАЙ?

...

Биіктігі бойынша гүлдер арасындағы чемпион титандық аморфофалл

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРЕКШЕ НЫСАНДЫ АРАЛДАР

...

Біз айналадағы әлемге қарап, кейбір өзімізге таңғаларлықпен байқалатын нысандарды таныс бейнелерге ұқсастыруға келетін болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЛАМПЫР - ГЕМОРОЙМЕН КҮРЕС

...

Түрлі түсті қалампыр – шөп тектес өсімдік. Оның жапырақтары өсіп шыққан жерлерінде бунақтары болады, сабақтары жұмыр, түзу өседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »