UF

КОМЕТА

Категориясы: Ғарыш


КОМЕТА (грек. kometes) - құйрықты жұлдыз, дәл мағынасы ұзыншашты - аспанда оқта-текте тұманданған объект түрінде байқалып, жұлдыздарға қатысты орын ауыстыратын және әдетте центрінде қылаң түйіртпегі (ядросы) бар, Күн жүйесіндегі аспан денесі. Ірі кометаның Күнге қарама-қарсы жаққа шұбатылған бір не бірнеше жарқыраған құйрықтары болады. Ертеде кометаны жер атмосферасының құрамына енетін дене деп түсінген. Т. Браге жарық кометаның (1577) параллаксын анықтап, Комета да Ай, планеталар тәрізді аспан шырағы деп дәлелдеген. Тартылыс заңы ашылғаннан кейін Кометаның орбитасын анықтау тәсілі жетіліп (Э. Галлей т. б.), олардың физткалық табиғаты, әсіресе ішкі құрылысы зерттеле басталды (Ф. Бессель, Ф. А. Бредихин). Бредихин комета формаларының механикалық теориясын жасады. 1910 жылдан кометаны зерттеуде фотографиялық және спектроскопиялық бақылау тәсілдері қолданыла бастады.

Үлкен жарық кометаның көкте оқыс пайда болуы ырымшыл адамдарға күшті әсер еткен. «Құйрықты жұлдыз» көрінсе «сұмдық-сұмдық» дейді екен, ақсақалдар жиылып қой сойғызып жейді екен» деген сөз де осыған байланысты шыққан. Қазақ арасында кометаның көрінуін жұтпен сабақтас деп санаған. Ал 1811-1812 жылғы жарық кометаның көрінуін Россияда Наполеонның баса көктеп кіруімен байланыстырған.

Күн жүйесіндегі кометалардың саны орасан көп: кейбір мәліметтер бойынша олар жүздеген миллиардқа жетеді. Бірақ комета Күн мен Жерге жақын келгенде (перигелийден өткенде) ғана байқалады. Орта есеппен соңғы кездерде жылына 9 комета бақыланады.

Халықаралық келісім бойынша комета перигелийден өткен жылымен, өту ретін білдіретін рим цифрымен және оны алғаш бақылаушының атымен белгіленеді. Планетаға жақын өту салдарынан комета орбитасы күрт өзгереді, мыс., 1942 ж. фин астрономы Л. Отерма ашқан комета 1963 жылға шейін Марс пен Юпитер орбиталары арасында қозғалып жүрді де, Юпитерге жақындағаннан кейін ол Юпитер мен Сатурн арасындағы жаңа орбитаға ауысты. Күннен қашықтаған сайын кометаның жалтырауы тез кемиді. Көптеген периодты кометалардың жалтырауы ғасырлар бойы біртіндеп нашарлайды, бұл жағдай жарқырайтын заттың қоры сарқылғандықтан деп түсіндіріледі. Комета басы ядро бөліп шығаратын газ бен тозаңнан түзіледі. Ірі комета басының диаметрі миллиондаған км-те жетеді. Үздіксіз спектрдегі комета басының түсі мен поляризациясы, тозаң бөлшектердің мөлшері 0,25-5 мкм-те шамалас екенін көрсетеді.

Кометаның физикалық-химиялық табиғатын тікелей зерттеу мақсатымен, қазіргі кезде оларға космостың зонд жіберу мәселесі талқыланып жатыр. Теория, бақылау және эксперимент нәтижелері бойынша кометаның ғұмыры, Күнді жүздеген не мыңдаған рет айналудан өріге созыла алмайды. Бұл - космогониялық тұрғыдан өте аз ғана уақыт.

Осыдан комета санын толықтырып отыратын қор (көз) бар болу керек деген қорытынды шығады. Совет астрономы С. К. Всехсвятский ұсынған болжам бойынша комета ірі планеталардағы және олардың серіктеріндегі өте қуатты вулкан кезінде бөлініп шыққан заттардан түзіледі. Екінші бір болжам бойынша көрінетін жаңа кометаның көзі - Орттағы кометалық бұлт. Дегенмен кометаның пайда болуы туралы сенімді теория әзірге жоқ. Эволюңиясының соңында комета не түгел ыдырап метеорлық денелер ұйіріне айналады, не газ шығару қабілетінен айрылып жұлдыз тәрізді денеге айналады.

Әдеб.: Бредихин Ф. А. О хвостах комет. -М.-Л., 1934: Добровольский О. В. Кометы. -М., 1966.

  Жарияланған-2019-05-04 16:54:07     Қаралды-12493

Мәлімет сізге көмек берді ма

Хан отбасы мүшелерінің ұшуының өз ережелері бар

...

Сол уақыттарда қарапайым адамдар сияқты жалпыға бірдей ұшу ережелерін сақтау тиіс еді, оған қоса хан отбасының өз ережелері бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАДАМ-НОХУТ

...

Бұл - алма және өрік пюресін қайнатып, крахмалға құлпынай формалы етіп салынған және бадамның ұсақтап туралған массасына аунатып алынған тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТТІК МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫ

...

Астана қаласындағы ғылыми және мәдени-ағарту мекемелерінің бірі - Президенттік мәдениет орталығы. Орталық 2000 жылы 27 қазанда ашылды. Ол жұртшылықты Қазақстан халықтарының тарихи-мәдени жәдігерлік мұраларымен, сондай-ақ дүниежүзілік мәдениет және өнер жа

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭСТАМП ДЕГЕН НЕ?

...

Суретшінің картинасы тек бір ғана дана күйінде сақталатын түп-нұсқа болып есептеледі. Эстамп та сондай түпнұсқа.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАЗДЫГҮНІ ШҰБАР, АЛ ҚЫСҚА ҚАРАЙ АППАҚ

...

Аңдардың бірі жауынан ағаш қуысына, екіншісі қар астына, үшінші біреулері індеріне жасырынып құтылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »