САБУНИ АЛУАСЫ
Категориясы: Тағам
Бұл сап-сары болғанша созылған, ұнмен және құйрық майымен араластырылған карамель массасы. Түрі үш бұрышты немесе төрт бұрышты болады. Түсі - ақшыл сұрғылт. Сахарозасы 70 проценттен кем болмайды. Майының мөлшері - кемінде 8 проценттей. Ылғалдылығы 5-6 процент. Бір килограмында кемінде 25 данасы болады.
Он килограмм алуа жасау үшін 7,3 килограмм қант (құмшекер) 1,9 килограмм бірінші сортты ұн, 0,9 килограмм құйрық майы жұмсалады.
Жарияланған-2016-02-29 13:58:06 Қаралды-1416
ЖАҢҒАҚ ЖӘНЕ ЖҮЗІМ ҚОСЫЛҒАН КЕКС

Сарымай қант ұлпасымен қосып шайқалып, бірінен соң бірі: жұмыртқа сары уызы, сүт, ірі-ірі жаңғақ дәндері, жүзім, ванилин қосылады. Бұл кезде қоспа ұдайы араластырылып отырады.
БЕРЕН САУЫТ

Берен - мата, теріге темір тақташаларды шегелеп, қатарлап бекіте отырып жасалатын сауыт. Үлкен темір тақташалардан жасалып, иілуге онша келмейтіндіктен бұл сауыт кеудеше тәрізді етегі қысқа, жеңсіз етіп жасалады.
ТҰТ АҒАШЫНЫҢ ПАЙДАСЫ

Тұт ағашының жидегін жеуге болады. Жапырағында, қабығында илік заты көп. Жидегінің құрамында қант көп болады, жеуге келеді.
ШЕГІРШІН – ПОДАГРАНЫ ЕМДЕУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Шегіршін ылғалды шабындықтарда, орманның шеттерінде, сайларда, өзен жағасында, бұталардың арасында өседі.
ВАНИЛЬДІ ШЕКЕР-ПЕНДЕР

Құмшекер мен сірнеден шырын дайындалады да, 135-145 градусқа дейін қайнатылады. Дайын карамель массасын арнаулы столда 80-90 градусқа дейін салқындатып, аз-аздап ванилин қосылады. Содан соң илеп, машинамен не қолмен ақ жібектей болғанша тартылады, оның ше