UF

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ АЙМАҚТЫҚ-ӘКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ

Категориясы: Тарих


 

Казақ хандығының аймақтық-әкімшілік құрылымының негізі жүздер болып табылады. Жүздер тайпалық-рулық бірлестіктерден тұрды. Қазақ халқы, негізінен, XV-XVI ғасырларда қалыптасқан Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүзден құралды.

Ұлы, Орта және Кіші жүздерге Қазақстанды ертеден мекендеген туыстас бірнеше тайпалар кірді. Бұл тайпалардың әрқайсысының тарихы әріден басталады. Әрбір тайпаның, әр рудың өз ұраны, таңбасы болды. Жүзге тек төре (Шыңгыс хан ұрпақтары), қожа (тегі арабтық), төлеңгіт (хан-сұлтандардың қызметшілері, нөкерлері) және кейбір топтар (мысалы, сунақ) кірген жоқ.

Жүздік құрылым Қазақ хандығы кезінде сыртқы жаулардан қорғануға оңтайлы болды. Хан жарлығы, түрлі шешімдер жүзге, одан тайпаларға, одан руларга тез арада жеткізілді. Әсіресе, жоңғарлардың шапқыншылығы кезінде жүздік бөлініс халықтың топтасуына, бірігуіне көп мүмкіндік берді. Әрбір жүз өздеріне тиесілі әскер шығарып, бүкіл ел басқыншыларға қарсы жұмыла көтерілді.

XVIII ғасырдың басында әрбір жүзді жекелеген хандар басқарды. Қазіргі таңда тайпалық одақтардың алғашқы кездегі мәні жойылған. Елдің бірлігі бұзылады деп қазақ жүзге, руға еш уақытта бөлінбеді. Өзара араздасуды, ру, тайпа арасындағы қырқысуларды данагөй ақсақалдар шешті. XX ғасырдағы ұлт-азаттық көтерілістер, ашаршылық I, II Дүниежүзілік соғыстар зардабының салдарынан қазақ жүздерінің кейбір рулары бастапқыда орналасқан жерлерінен қол үзіп қалды.

Халық арасында үш жүзге байланысты мынадай мақал тараған:

«Ұлы жүзге таяқ беріп, малға қой,

Орта жүзге қалам беріп, дауға қой,

Кіші жүзге найза беріп, жауға қой».

Бүгінгі таңда Ұлы жүз, Орта жүз бен Кіші жүз өкілдері әлемге тек біртұтас қазақ ұлты ретінде ғана танымал.

 

Ұлы жүз

Ұлы жүз - Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы Жетісу аймағын мекендеген рулар мен тайпалар одағы. Ел аузындағы «Ұлы жүз - үйсін» деген аталы сөз Ұлы жүз тайпаларының ерте замандардағы Үйсін мемлекетінен іргесі ажырамай өмір кешкенін айғақтайды. Орта ғасырларда Ұлы жүз халқы Батыс Түрік кағандығының, кейінірек Моғолстан мемлекетінің құрамына кірген. XV ғасырдың 60-жылдары Жетісу жерінде Қазақ хандығы негізінің қалануы Ұлы жүздің қалыптасуын жеделдетті. Сөйтіп, XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басында Ұлы жүздің қалыптасуы аяқталды.

Ұлы жүзге жалайыр, қаңлы, албан, суан, дулат, шапырашты, сарыүйсін, сіргелі, ысты, ошақты, шанышқылы, қатаған тайпалары кіреді. Ұлы жүз қазақтары, негізінен, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында шоғырланған. Олар суармалы егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысты.

Орта жүз

Орта жүз - Қазақстанның шығыс, солтүстік, орталык және оңтүстік аймақтарын мекендеген рулар мен тайпалар одағы. Қазақ хандығы мен қазақ халқының өзегін құраған Орта жүзде адам саны мол, қонысы кең болған. Халық арасында «Орта жүз - арғын», «Арғын - аға баласы» деген сөздер бар. Бұлай дейтіні - Қазақ хандығы тұсында арғындар Орта жүз ру-тайпаларының арасында зор беделге ие болса керек.

Орта жүзге арғын, найман, қыпшақ, керей, уақ, қоңырат тайпалары кіреді. Қазақ хандығы тұсында Орта жүз Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс, оңтүстік (Сырдария өзенінің орта ағысы) өңірлерінде қоныстанып, мал шаруашылығымен шұғылданды.

Орта жүз рулары Сырдария, Қызылқұм, Қаратау, Мойынқүм өңірлері, Балқаш көлінің солтүстігінде қыстаған. Жазда Тобыл, Есіл, Нұра, Торғай, Ертіс, Сарысу өзендері салаларының алқабында, Орталық Қазақстанның кең байтақ далаларында көшіп-қонып жүрген. Кейбір деректер Ұлы жүз бен Орта жүздің табиғи шекараларының бірі болып Шу өзені белгіленгенін көрсетеді.

Кіші жүз

Кіші жүз - Қазақстанның батыс аймағын мекендеген рулар мен тайпалар одағы. Шежіре бойынша, Кіші жүз рулары әлімұлы, байұлы, жетіру тайпаларынан тарайды. Қазақ халқы қалыптасқанға дейін Батыс Қазақстан өңірінде маңғыт немесе ноғайлы тайпалар одағы өмір сүрген болатын. Оның құрылуына ішкі және сыртқы дұшпандардан корғану мақсаты әсер етті. Ноғай ордасынан бөлінген қазақ тайпаларының және алшын одағының негізінде Кіші жүз бірлестігі қалыптасты. Соған байланысты Кіші жүз казақтары ел арасында «Кіші жүз - алшын» атанған. Шежіре деректері бойынша, оның кұрамына 12 ата байұлы (адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, масқар, таз, есентемір, ысық, қызылқұрт, шеркеш), 6 ата әлімұлы (қаракесек, қарасақал, төртқара, кете, шөмекей, шекті) мен 7 тайпадан құралған жетіру (тама, табын, кердері, керейт, жағалбайлы, телеу, рамадан) кіреді.

Кіші жүз тайпалары мал шаруашылығымен айналысқан. Олар қазіргі Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай облыстарының жерлерін мекендеген.

  Жарияланған-2015-11-13 15:21:32     Қаралды-5729

Мәлімет сізге көмек берді ма

СУТ ЖУРЕК АУРУЫНАН ҚОРҒАЙДЫ

...

Бала кезінде сүт өнімдерін үзбей қолданған адамдар жүрек талмасымен ауырмайды екен.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШОКОЛАД КӘМПИТТЕР

...

Кастрюльге сүт құйылып, қант, какао қосылады, сөйтіп қоюланғанша қайнатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚМИЯ, УТАСПА ШӨП

...

Ол да биіктігі 40 сантиметрге дейін жететін, сабағы түзу, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЯДРОЛЫҚ ҚАРУ

...

Ядролық қару - уран мен плутонийдің бірқатар изотоптарының ауыр ядроларды бөлуімен болатын тізбекті реакция кезінде немесе сутегі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҢҒЫСТАУ

...

Байлық тұнған түбек атанған ғажап өңір Маңғыстау Қазакстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ол «мың қыстау» сөзінен шыққан. Картадан қарағанда әйел адамның сүлбасы көз алдыңа елестейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМБАҚТЫ БЕНГАЛИЯ

...

Бенгал (хинди тілінде Бангал, бенгал тілінде - Бангла) - Үндістандағы Ганг өзенінің төменгі бойымен Ганг және Брахмапутра атырауында орналасқан тарихи аймақ.

ТОЛЫҒЫРАҚ »