МАЛБАҒАР МЕҢДІҚҰЛОВ
Категориясы: Адамдар
Малбағар Меңдіқұлов (1909-1986) - қазақ халқынан шыққан тұңғыш архитектура профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, Алматы қаласының тұңғыш бас архитекторы. Ол Орынборда дүниеге келген. Ташкенттегі Ортаазиялық индустриалды институттың архитектура факультетін бітіріп, сонда еңбек жолын бастаған. 1941 жылы Ташкент қаласының бас архитекторы қызметін атқарған. Навои даңғылын және Ташкент каналын салған. Малбағар Меңдіқұлов - Алматы қаласындағы «Неке сарайы», Ж. Жабаевтың, М.Әуезовтың ескерткіштері мен тағы басқа ғимараттардың авторы. Қазақ архитектурасын өркендету, зерттеу саласында 70-тен астам ғылыми еңбек, 4 монография, Казак архитектурасының тарихы» деген екі томдық кітап жазған.
Жарияланған-2015-11-24 15:41:32 Қаралды-2892
КАРАМЕЛЬ МАССАСЫ ЖАҒЫЛҒАН ІНЖІР ЖӘНЕ АЛХОРЫ

Інжірден жасалып, ішіне грек жаңғағы толтырылған, сыртына карамель массасы жағылған тағам - карамель массасы жағылған інжір деп аталады.
БЕКТАУ АТА ҮҢГІРІ

Бектау ата үңгірінің кірер аузы едәуір кең. Оншақты қадам басқан соң үңгір іші кеңіп сала береді. Үңгірдің ұзындығы 60-70 қадам, биіктігі 5-10 метр болғандай, Солтүстік Балхаш жанында орналасқан.
ЖҰМЫРТҚА МЕН СҮТТЕН ЖАСАЛҒАН СІЛІКПЕ

Қантқа қосып араластырылған жұмыртқаның сары уызы қайнатылған жылы сүтпен бірте-бірте ерітіліп, ыстың суға қойылады да, ұдайы араластырыла отырып, аздап қоюландырылады.