ҚҰСТАР САЙРАЙДЫ!
Категориясы: Табиғат
Құстардың әні — жұмыстары. Көктемде әз үйіне оралған соң, кішкентай әнші бірден бар даусымен: «Мен мұндамын! Ұшып келіп жер иемдендім. Осы жерден шыбын-шіркей аулап, балапан өсіремін. Бұл жерге ешкім аяғын аттап баспасын! Баса қалса, сазайын тартады!» - деп жар салады.
Құстар өз әнімен иелігіндегі жердің көзге көріне бермейтін, бірақ естіліп тұратын шекарасын белгілейді. Егер жақын жерден өз туыстасының әні естіле қалса, жер иесі қауырсындарын тікірейтіп, тұра ұмтылады. Сөйтіп, қуып шығады. Ал басқа құстарға тіпті екі адым жақын келіп, қоныстанып жатса да, жақ ашпайды. Өйткені басқа құстардың жейтін жемі де, ұя салатын материалдары да бөлекше ғой. Ендеше, ондай құстармен жанжалдасып қайтсін?
Құстардың әні басқа да міндеттер атқарады. Құстың қоразы үй салуға қолайлы орын тапқаннан кейін балапан басып шығаратын мекиен іздеп: «Мен мұндамын. Ұя салатын тамаша орын таптым. Жем дегенің көлкөсір. Тез мұнда жет. Бірігіп ұя салайық, балапан өсірейік», - дегендей сызылта әнге басады.
Мекиен болса, бір әннен соң бір әнге құлақ түре береді. Бір кезде ішіндегі ең әдемі ән естілген жаққа қарай ұша жөнеледі.
Әрбір құстың өз әні болады. Ал қарғалар көктемде қатты қарқылдамайды. Үндері жұмсарып, дауыстарын бірін-бірі еркелеткісі келгендей нәзік шығаруға тырысады. Бірақ онысы бола бермейді.
Ал тоқылдақ сайрай алмайды. Тұмсығымен жиі-жиі кепкен ағашты соққылай береді.
Тауқұдыреттердің тұмсығы қаншама үлкен болғанымен, дауыстары әлсіз келеді. Сайрай да алмайды. Бар болғаны «чеке-чеке-чеке», - дей береді. Сол да ән болып па? Бірақ тауқұдырет даусым жаман екен деп қиналмайды, ән салуға құйрығын пайдаланады. Орман көгіне ұшып шығып, қанатын жиып, құйрығын жайып жіберіп, төмен қарай зуылдайды. Қарсы алдынан аңқылдап соққан жел құйрық қауырсындарының арасынан өтіп, қозының маңырағанындай дыбыс шығарады. Кейде жұрттың тауқұдыретті орман қозысы деп атайтыны да сондықтан.
Дегелектер де сайрауға жоқ. Есесіне тұмсықтарын сақылдатады. Басқа ешқандай құс өйте алмайды!
Ал құрлар, орман қораздары өз көркін, ерлігін мақтан еткендей мекиен құрлардың алдында ысылдайды. Ысылы ішіне ауа толтырылған допқа ине сұғып алғандай соншама қатты естіледі. Ысылдап-ысылдап алады да секіріп билей бастайды. Билеп жүріп: «Ур-гур-гур» деген дыбыс шығарады. Құрдың осындай әнін естігенде, бір жерде қазан қайнап жатыр ма деп те қаласың. Құрлардың бұл әні - қарсыластарын шайқасқа шақырғаны.
Көктем аяқталғанда құстар жұптасып үлгереді де, әндері жайына қалады. Ұяларында шырылдап шақалақтары жатқанда ән салуға мұршалары келе ме? Жем тауып, балапандарын асыраулары керек. Оның үстіне ән салып тұрса, ұяларының қай жерде екенін жыртқыштар біліп қояды ғой. Рас, құстардың үні жаздыгүні саябырламайды. Бірақ көктемдегідей сызылта ән салмай, жай ғана шырылдап шықылықтайды. Бұл - олардың бір-бірімен әдеттегі тілдескені.
Жарияланған-2016-09-16 17:07:11 Қаралды-8525
СҮТТЕН ЖАСАЛАТЫН ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР

Төрт түлік малды тіршілік-тынысына тірек еткен көшпелілер кәдуелгі сүттен небір тамаша тағамның түріп жасай білген.
АРША - ӨСІМДІКТІҢ ДӘРІЛІК ҚАСИЕТТЕРІ

Арша – биіктігі 4 метрге жуық, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Бұталары сұлап та жатады, кейде түзу өседі.
ЖЕМІС ЧУРЧХЕЛАСЫ

Бұл - аршылған грек жаңғағынан жасалып, жеміс-мармелад қабатымен қапталатын тағам. Түтікшелердің диаметрі 35-40 мм, ұзындығы – 250-260 мм.
ВЕНЕЦИЯ - КӨПІРЛЕР ҚАЛАСЫ

Италияның солтүстік-шығысындағы қала, Адриат теңізінің жағасында, Венеция облысы мен Венеция провинциясының әкімшілік орталығы.
ЖАН-ЖАНУАРЛАРҒА ҚҰЙРЫҚ НЕГЕ КЕРЕК?

Жаздыгүні жылқылар мен сиырларға, ал Африкада антилопалар мен зебрлерге маса, шыбын, бөгелек, сона дегендер жабылады-ай кеп.
«КИТАБ-И ТАУАРИХ-И ПАДИША ХАН-И»

«Китаб-и тауарих-и падиша хан-и» - Сейфи Челебидің 1582 жылы түркі тілінде жазған шығармасы. Шығарма Қытай, Тибет, Қашқар, Мәуереннахр, Үндістан, Қазақ хандығы билеушілері туралы жазылған 9 тараудан тұрады.