ҚАНТ АЛЫНАТЫН АҒАШТЫ БІЛЕСІҢДЕР МЕ?
Категориясы: Өсімдікті
Біздің түсінігімізше қант - қант қызылшасынан немесе қант қамысынан алынатыны белгілі. Ал, ағаштан қант жасалатыны бізге онша таныс емес. Ол қандай ағаш, қайда өседі, қант қалай алынады және т.б.? Ғалымдар үйеңкінің 150-ден астам түрі бар деп есептейді. Солардың ішінде қант уйеңкісі деген түрі Солтүстік Американың шығыс бөлігінде өседі. Үйеңкілердің ішіндегі ең биігі (биіктігі 40 м). Бұл үйіңкінің жапырағы канадалықтардың ұлттық рәмізі (символы) болып саналады. Ол сол елдің туында, спортшыларының киімдерінде бейнеленген. Қант үйеңкісі (клен сахарный) ең алғаш Американы мекендейтін байырғы тұрғын халықтар (аборигендер) мен Америкаға қоныстана бастаған ақ нәсілдерге қант көзі болған Қант үйеңкісінен қант, сыра, сироп (жеміс суы) алу өндірсі Канадада XIX ғасырда дамыды. Үйеңкінің діңінде шырын ақпан-наурыз айларында өте қарқынды қозғалады. Қант үйеңкісінің діңінің жуандығы 1,5 метрге жетеді. Бір ағаштан ағызып алынған шырыннан 2-4 кг дейін қант жасайды. Шырынның құрамында 20%-ға дейін қант болады. Шырынды темірденжасалған шелекке немесе күбіге ағызып алады. Алынған шырынды қайнатып қант дайындайды. Канада мен Америка Құрама Штатында үйеңкі шырынынан жылына шамамен 4000 тонна қант дайындайды.
Жарияланған-2015-12-08 12:36:41 Қаралды-4963
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ (1846 -1945)

«XX ғасырдың Гомері» атанған жыр алыбы Жамбыл 1846 жылы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Жасында арнайы мектептен білім ала алмаған. Бірақ көңілі зерек, көкірегі ояу дарынды бала білім дариясынан терең сусындап өскен.
МИНЕРАЛДАР

Минералдар Жер бетіндегі немесе жердің қойнауындағы әр түрлі геологиялық процестерге байланысты пайда болады және олар тау жыныстарын, кентастар мен метеориттерді, т.б. кұрайды. Минералдар, негізінен, қатты болып келеді.
ЖЕМІС-ЖИДЕК ЖӘНЕ ЖҮЗІМ ВИТАМИНДЕР КӨЗІ

Витаминдер - биологиялық жағынан өте сіңімді болатын, адамдар мен жануарлар организмдерінің тіршілігі үшін өте қажетті заттар. Қазіргі уақытта 40-тан астам витамин түрлері белгілі.