UF

ЖАСАНДЫ СҮТ ӨЛГЕН АДАМНЫҢ ДЕНЕСІН ШІРІТПЕЙДІ

Категориясы: Денсаулық


Өкінішке қарай, ауылда тұрып, сиыр ұстамасаң, осы күні дүкен сөрелерінен табиғи сүт сатып алу қиын. Рас, сүттің түр-түрі бар. Сол қаптаған сүттің қайсысы шын сүт, қайсысы жасанды сут екенін біле бермейміз. Қытайдан ұнтақ түрінде келетін кейбір сүт өнімдері жүз пайыз жасанды, оның адам ағзасына зияндығы сұмдық. Табиғи сүт ұзағанда 3-4 күннен соң ашып кететінін білеміз. Ал біз тетрапакеттердегі сүтті сатып алып, оның бүлінбейтіндігіне, айлар, жылдар бойы ашымайғындығына қуанбасақ, ренжімейміз. Мұның сыры мынау: сүттің бір тоннасына химиялық күшті калий сорбатының үш граммын қоса, ол мұздатқыш камераларды қолданбай-ақ бір жыл бойы сақталады. Химикаттардың үлкен мөлшерінің адамның денсаулығы, қоғам үшін қандай әсер ететіні ақша билеген заманда ешкімді ойландырмайды. Оған сүттің дәмдік сапасын қосыңыз, сүтті табиғи қалпына келтіру үшін ароматизаторлар, қоюлатқыштар, бояулар және т.б. консерванттар, антибиотиктер қосылады. Металдық қоспалармен өңделеді. Мұндай қорапта көп сақталған сүт өнімдері адам ағзасына өте қауіпті азыққа айналып кетуі мүмкін дейді мамандар. Ал ғалымдар болса мынадай таңғаларлық деректер жариялады. Бұдан отыз жыл бұрын жерленген адам мүрделері сол күйінде бұзылмай сақталған. Дәл бір жеті бұрын дүниеден озған адамдар сияқты.

Өлген адамның денесі үш-төрт жылдың ішінде шіріп, тек қу сүйегі ғана қалуы керек қой. Ал мәйіттер отыз жыл бойы сол қалпында сақталған дейді ғалымдар бұл жағдайды зерттей келе, денелердің       бұзылмай сақталуына жеген тамақтарынын құрамындағы консерванттардың тікелей қатысы бар екенін анықтаған. Консерванттар сол кездің өзінде газдалған ішімдіктерде, тәтті тағамдар мен сусындардың және Фаст Фуд өнімдерінің құрамында көп болған, өмір бойы ағзаға жинақталған консерванттар адам өлгеннен кейін дененің бұзылмай сақталуына әсер ететін көрінеді. Сонда уланған ағзаны кара жер де қабылдай қоймайтын болғаны ғой. Бұл - «Біз сендерді топырақтан жараттық, өлген соң қайтадан топыраққа айналдырамыз» деген Жаратушы заңына қарама-қайшы келеді. Мұның бәрі адамзаттың о баста Пайғамбар таңдаған сүттің орнына шарапты таңдап, өзегінен алыстап, табиғи қалпынан ауытқып бара жатқанын аңдатады.

Сүттің адамзат ағзасына пайдасы туралы айтқан ғұламалар көп-ақ. Жиырмасыншы ғасырдың әйдік көріпкел сәуегейі болгарлық Ванга әжейді бүгінгі экологиялық ауытқудың әсерінен біз тұтынып жүрген тағамдардың сапасы аз толғандырған жоқ. Басқаны айтпай-ақ тіпті малдың сүтінің өзі келешек бір замандарда уға айналатынын айтып бір шошытқаны бар. Табиғат ананы ретсіз ластаудың әсері осындай орны толмас өкінішке апаруы да ғажап емес. Осындай күрделі мәселелерді шешуде біздің отандық ғалымдар да аз айтып жүрген жоқ. Ұлттық тағамдардың халықтың денсаулығына тигізер пайдасы жайында елді толғандырып жүрген сұрақтарға берген бір жауабында Қазак Тағамтану академиясының президенті, РМҒА және ҚР ҰҒА академигі Төрегелді Шарманұлы Шарманов «Мөлдір бұлақ» журналы оқырмандарының сауалына жауабында былай дейді:

«Ұлттық рухани саулығын сақтау үшін ана тілің қандай қажет болса, ұлтты тән саулығын сақтау үшін ұлттық тағамды тұтыну соншама кажет!» - дей келе ғалым ағамыз әр халықтың өзінің ұлттық тағамының шығу тарихын толғайды. Мәселен, жапондықтар шетелге шыққанда, неге өзінің тағамдарын, оны даярлайтын аспаздарын бірге алып жүреді дейді. Ал жапондыктарды артта қалған халық деп ешкім де айта алмас. Эскимостардың ағзасында қант, өсімдік майларын бөлшектейтін фермент атымен жоқ екен. Африкандықтардың, лаостықтардың сүт ішпейтін себебі - олардың ағзасы сүтті қабылдамайды. Егер сол ұлттық дәстүріне жат тағамдарды жесе, дереу ауруға шалдығатын көрінеді. Сонымен, ұлттық тағам дегеніміз - сол ұлттың қоршаған ортаға бейімделуінің негізгі жолы және ол ғасырлар бойы қалыптасқан. Бейнелеп айтсақ, сол ұлт өзі жаралған топырақтан пайда болған тағамдарды қажетіне жарата білген. Сол топырақтан өскен шөпке семірген малдың сутін ішіп, етін жейміз ғой.

Қазақтың ұлттық тағамдары халықты суықтыруға және емдік жолға пайдалануға аса қажет. Мәселен, Қазақ Тағамтану институты ғалымдары қымыз бен шубаттың, бие сүті мен түйе сүтінің асқазан ауруларын емдеуге өте пайдалы екенін дәлелдеген. Семіздікті емдеуге жылқы етін қолданудың нәтижесінде авторлық куәлік алған. Ал енді жылқы етінің майы өзінің құрамы жағынан да атеросклерозға, рактың кейбір түрлеріне қарсы қолданатын ем есебінде дауа дейді ғалымдар.

  Жарияланған-2016-08-22 15:29:05     Қаралды-3653

Мәлімет сізге көмек берді ма

«АЙ» ҚУЫРМАСЫ

...

Дайындалған қамыр 0,8 сантиметр қалыңдықта жайылады да жұмыртқаның сары уызы жағылып, жұқа стаканның қырымен дөңгелектеп,

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТІКЕН ЖИДЕДЕН (ТОШАЛА) НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?

...

Тошала шілде-тамызда піседі. Тошаланы тұқымымен, өркен кесінділермен, өркенді сулатып топыраққа тигізіп, шетін ылғал топырақпен көміп қою жолымен көбейтіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАРЫС

...

Барыс - биік тауда мекендейтін ерекше сымбатты жыртқыш аң. Ол өте айлакер, күшті әрі шапшаң. Жемін биік тасты жерден, кейде кұз арасынан аңдып отырып, 15 метрге дейінгі биіктіктен секіріп, аса ептілікпен ұстай алады. Ұсак жануарлар мен кұстардан басқа, ке

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШОКОЛАДТАЛҒАН ҚАРА АЛХОРЫ (қараөрік)

...

Қара алхоры жылы суға жақсылап жуылып, қант шырынына жібітіледі де, елекке салып суы сорғытылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАРА АЛХОРЫ САМБУГЫ

...

Әбден жуылған қара алхорының үстіне салқын су қуйылып, бір-екі сағат қойылады да сол суға салынған күйінде бұқтырылып, қайнатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АТЫ КӨСЕМ АТЫМЕН АТАЛҒАН АҒАШ

...

Қылқан жапырақтылардың ішінде бұл ағаштың қалың өскен орманы 1769 ж. Тынық мұхит жағалауынан табылған секвоя ағашы. Сүрегі қызыл болғандықтан екінші аты - қызыл ағаш, бұл атау осы күнге дейін аталып келеді. «Секвоя» деп Солтүстік Америкадағы үнді тайпалар

ТОЛЫҒЫРАҚ »