UF

ТІКЕН ЖИДЕДЕН (ТОШАЛА) НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?

Категориясы: Тағам


Тошала шілде-тамызда піседі. Тошаланы тұқымымен, өркен кесінділермен, өркенді сулатып топыраққа тигізіп, шетін ылғал топырақпен көміп қою жолымен көбейтіледі. Тошала жемісінде қант, лимон және алма қышқылдары, темір тотығы, илік заты, пектин және витаминдер көп болады. С витаминінің көптігі жағынан қарлығаннан, бүлдіргеннен кейінгі орынды алады. Тошала жидегіндегі С витамині алма, шие жемістеріндегіден көп болады. Ал склерозға қарсы пайдаланатын Р витаминдері қарлыған жемісіндегіден молырақ. Тошала жидегінде темір алхоры, шие, алма және таңқурай жемістеріндегіден көп. Тошаланың дәмі қышқылтым тәтті болады. Оны шикілей де, пісіріп те тамаққа пайдаланады. Үй жағдайында тошаладан тосап, джем, желе, мармелад, компот, сусын жасалады, шырыны алынады.

Тошаладан компот жасау. Жидектерді таңдап алып, жуып, қайнап жатқан суға 3-5 минут салып қояды. Одан кейін суыту үшін ыссы судан алып, суық суға батырады, суын сорғызып банкаларға салады да, үстіне ыссы сиропты құяды (сиропты дайындау үшін 1 литр суға 300-350 грамм қант салып қайнатады). Банкалардың қақпағын бастырып, 0,5 л банканы 8 мин, литрлікті 10 минут стерилизациялайды. Стерилизациялап болғаннан кейін қақпағын жақсылап жауып, суытады.

Тікен жидек жемісінде қант (глюкоза және фруктоза), органикалық қышқылдар (алма және шарап қышқылдары), илік заттар және С, В1, В2, Е витаминдері және 8,8% май бар. Майында 200 кг каротин болады. Тікен жиде майы хош иісті және өте бағалы болып табылады. Оны медицинада дезинтерия, тері туберкулезін, ревматизмді, көз ауруын, отқа, күнге күюден пайда болған жараны, басқа да ұзақ уақыт жазылмай жүрген жарақатты, мұрынның, тамақтың, сілекей қабаты ауруларын емдеуге қолданады.

Үй жағдайында тікен жидеден тосап, джем, желе, әр түрлі сусын дайындалады. Шырын алынады.

Тікен жиденің шырынын алу. Толық піскен жидектерді жинап алып, жуып, езеді де, оған аздап су қосып, 40° температурада қыздырады (1 кг миуаға 200 г су қосады) және преске салады. Шыққан шырынды шөлмектерге кұйып пастеризациялайды.

Тікен жидені қантта сақтау әдісі. Тікен жиде жидектерін жуып, эмальды кастрюльге салып, оның үстіне құмшекер (1 кг жидекке 1 кг құмшекер) салады да араластырады. Сонда жидектердің бірқатары езіледі. Сосын банкаларға 4/5 бөлігіне келтіріп салып, үстіне құмшекер салады. Банкалардың аузын пергамент қағазымен жауып, шпагатпен байлайды. Осы күйінде жидек қыстай сақталады.

Тікен жидеден компот жасау. Жидектерді тазалап, бұзылғандарын алып тастап, жуып, тордың үстіне салып, суын ағызады. Содан кейін оны банкаларға салып үстіне қантты сироп құяды. Банкалардың аузын қақпақпен бастырады да, 20-30 минут стерилизациялайды, сонан соң аузын ауа кірмейтіндей егіп жабады.

Тікен жидеден сусын жасау. Жидектерді тазалап алып жуады. Егер тікен жиде суықта тұрып, қатқан болса, оны ерітіп алып жуады. 1 кг жидектен 3 л шырын алынады, оның құрамындағы қышқыл 1,68% және қант 3,85% болады. Қышқыл мен қантты азайту үшін оған қайнаған су (1 л шырынға 1 л қайнаған су) қосады. Сонан соң оны ашытуға қояды. Ашығаннан кейін, сусынды шөлмектерге құяды да аузын тығындап салқын жерде сақтайды.

  Жарияланған-2016-04-12 17:50:13     Қаралды-8289

Мәлімет сізге көмек берді ма

ТЕЛЕФОНДЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

«Телефон» атауы гректің «tele» (алыс) және «телефон» (дыбыс) сөздерінен шыққан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЛАҚАЙ НЕГЕ КҮЙДІРЕДІ?

...

Туралған пияздан басқа бірде-бір өсімдік балалардың көз касын дәл осындай көлдеткен емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚ-БАЛ КЕКСІ

...

Бал қантпен, жұмыртқамен, ұнмен араластырылып, төртке бөлінген грек жаңғағының дәндері және мейіз қосылады. Бұл масса алдын-ала май жағылып, дайындалған кекс формасына салынып пісіріледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛТЫН ҚАЙ ЖЕРДЕ КӨП?

...

Мұндай сұрақтың жауабы күтпеген болып көрінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЛИМОН ДОМАЛАҚТАРЫ

...

Ет тартатын машинкадан қуырма мен тазартылған жаңғақ жеке-жеке өткізіледі. Ет тартатын машина табылмаса оқтаумен ұнтақтауға да болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛ ҚОСЫЛҒАН ІРІМШІК

...

Шикі жұмыртқаның сары уызы, қант, ұнтақталған жаңғақ дәні және бал қосылып үгіледі. Осы қоспа ерітілген сарымайға салынып көпіргенше араластырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »